Кілт сөздер:
идеология, Алашорда, егемен, парасат, рух, роман, жанр, сын,
реалист, трагедия.
Аннотация
Миржакып Дулати видный политический и общественный деятель начала ХХ века,
внесший весомый вклад в борьбу за независимость казахского народа, один из
организаторов формирования Алашординской идеологии.
Общественно-политическая деятельность М.Дулати была тесно связана с такими
видными казахскими идеологами как А. Бокейханов, А.Байтурсынов, Ж.Аймауытов.
Неизмерим его вклад в культурно-просветительскую деятельность с целью привлечения
молодежи в общественную деятельность, развития ее самосознания. Миржакып, критикуя
политику тогдашнего правительства, начал публиковать статьи, очерки, стихи,
посвященные правам независимости казахского народа, права казахских крестьян,
кочевого народа на владение своей землей, водными ресурсами. Его первая статья «Наша
цель», критикующая политику правительства, опубликована в 1907 году в газете «Серке».
И в заключении труды, общественная деятельность Миржакыпа Дулати это -
ценности, являющиеся образцом для подрастающего поколения. Без сомнения, будущие
поколения, которые будут стоять у браздов правления независимостью, изучая
произведения М. Дулати будут формировать свое сознание, укреплять свою веру в
будущее.
Ключевое слово: идеология, Алашорда, суверенность, рассудительность, роман,
жанр, критика, реалист, трагедия.
Annotation
Mirzhakyp Dulatyli prominent political and public figure of the early twentieth century,
who made a significant contribution to the struggle for independence of the Kazakh people, one
of the organizers of formation Alashordinskoy ideology.
Political activity M.Dulatov was closely associated with such prominent Kazakh ideology
as A. Bokeyhanov, A.Baytursynov, Zh.Aymauytov.
104
Immeasurable contribution to its cultural and educational activities in order to attract young
people in social activities, development of its identity. Mirzhakyp, criticizing the policy of the
then government, began to publish articles, essays, poems dedicated to the rights of the
independence of the Kazakh people, the rights of Kazakh farmers, nomadic people to own their
land, water resources. His first article "Our goal," criticizing government policy, published in
1907 in the newspaper "Serke."
At the conclusion of the works, social activities Mirzhakyp Dulati is - values, which are a
model for the younger generation.
Without a doubt, the future generations who will stand at the reins of independence,
studying the works of M. Dulati will shape their minds, strengthen their faith in the future.
Key words: ideology, Alasorda, sovereignty, prudence, novel, genre criticism, a realist, a
tragedy.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуына әлем әдебиетіндегі классикалық үрдістер
жетістіктерін дарытқан хакім Абай және оның дәстүрін ұстанған көрнекті қаламгерлер,
әдебиет алыптары: Шәкәрім Құдай бердиев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев,
Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс
Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин
шығармашылығы дәстүрі тәуелсіздік жылдарындағы әдеби даму желісіндегі бағдарлы
ықпалын жоғалтқан жоқ. Аталған әдебиет алыптарының ұстаздық шығармашылық
өнгесін дамыта жалғастырған ХХ ғасырдың 60-80-жылдарындағы қазақ сөз өнерінің жаңа
толқын өкілдері де әдеби тек түрлері (эпос, лирика, драма) жанрларының классикалық
үрдістерін өзіндік өрнектерімен дамытты [1, 32-б].
Міржақып Дулатұлы ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ зиялыларымен бірлесіп қазақ
халқының азаттығы үшін күрескен, ұлттық баспасөзіміздің ұйытқысы болған ірі саяси
тұлға, көрнекті қоғам қайраткері, Алаш идеологиясын қалыптастырушылардың бірі.
М.Дулатұлының қоғамдық-саяси қызметі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтармен тығыз байланысты. Қазақтың зиялы қауым өкілдері
сол қоғамның ең өзекті мәселесі отарлық езгіге қарсы ұлттың санасын оятып, оны
қалыптастыру жолында өздерінің шығармашылық қызметтерімен де, қоғамдық-саяси
қызметтерімен де алға шығып, қалың қазақ халқын соңдарына ілестіре білді. Қазақ
халқының бойындағы ұлттық рухты, сана-сезімді ояту мақсатында, халықтың көзін ашу
жолында аянбай күресті. Осы мақсатта «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттері арқылы
орасан зор жұмыстар атқарды. Жастарды қоғам ісіне тартуда, олардың ой-санасының
жетілуіне
қажетті
мәдени-ағарту
саласында
жүргізген
қызметтері
ұшан-теңіз.
Міржақып сол кезеңдегі үкіметтің жүргізіп отырған саясатын шенеп, қазақ елінің
егемендігі, ел болып жерге, суға иелік ету мәселесі, қазақ шаруаларының мұң-мұқтажы,
қоныс аударушылар жайлы газет бетіне мақала, сын, әңгіме, өлеңдер жариялай бастайды.
Оның алғашқы үкімет саясатын сынай жазған мақаласы «біздің мақсатымыз» деген атпен
1907 жылы «Серке» газетінде басылып шығады.
Ал 1909 жылы Петербургте Міржақып Дулатұлы қазақ халқының көзін ашуға
талпынып «Оян, қазақ!» деген кітабын жариялайды.
Дәл сол жылы қазақ халқының өз тілінде, оның болашақтағы бүкіл
интеллектуальдық қабілетінің жаршысындай, көркемдік ойлау мүмкіндіктерінің алғашқы
қарлығашындай болып «Оян, қазақ!» өлең кітабының баспа жүзінде жарық көруі – біздің
рухани, мәдени өміріміздің болашағы үшін тарихи оқиға болып еді.
Шөліркеген адамның таңдайын жібіткен бір жұтым сусынның қадірі қандай болса,
туған халқымыздың рухани өміріндегі бұл жинақтың да маңызы дәл сондай болды.
Сондықтан алдыңғы екеуі сияқты «Оян, қазақ!» та қолдан қолға, ауыздан ауызға тарап, аз
уақыттың ішінде ақынның атақ-даңқын өте алыс қияндарға алып кетті.
Ақын «Оян қазақта» патша өкіметінің қазақтардың малға жайлы шұрайлы жерлерін
тартып алып, ата-баба бейітін бұзып, халықты қалай болса солай тартқылап, не тіліне, не
105
діліне, не жеріне иелік етуге мүмкіндік бермей, әбден езіп, жаншығаны Міржақыптың
жүрегіне ауыр тиеді. Осы өлеңі арқылы халықтың ауыр тұрмысын ойлап, сынға алып
жазады.
«Оян, қазақ!» кітабы патша үкіметіне ұнамағандықтан М.Дулатұлы қамауға
алынады.
1913 жылы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлылардың белсенділігімен
«Қазақ» атты бейресми газет шығарыла бастайды. Бұл газетте негізінен қазақ халқының
қоғамдық мүдделерін көксеген жер, оқу-ағарту, ұлт, дін сияқты маңызды мақалалар
жарияланды. Сөйтіп «Қазақ» газеті қазақ зиялыларының басын біріктірді. «Қазақ» газеті
арқылы «Алаш» партиясын дайындауда да елеулі жұмыстар атқарды. Қазақтың ұлт
интеллигенттерінің алғашқы қадамы, қазақты біріктірудегі, көзін ашудағы, сана-сезімін
оятудағы жұмыстар тікелей осы газет арқылы іске аса бастады. «Алаш» автономиясы мен
Алашорда үкіметін құруда Міржақып Дулатұлы көп еңбек сіңірді.
Сонымен қатар М.Дулатұлы – әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан
қаламгер. «Оян қазақ!» кітабынан бөлек, екінші өлең кітабы 1913 жылы Орынборда
«Азамат» деген атпен жарыққа шығады.
«Азамат» атты екінші өлең жинағы көлем жағынан шағын. «Оян, қазақтағы» анық
үгіт, нақыл-насихат, тәптіштеп ұғындыру сарыны енді сыршыл сезімге, терең ойға қарай
көбірек ойысып, шынайы поэзиялық өріске қарай бет алғаны байқалады. «Таза бұлақ»,
«Шағым», «Мұң», «Арманым», «Сырым», «Қажыған көңіл», «Қиял», «Таң» сияқты
өлеңдері нәзік лирикаға толы. Осы тақырыптардың көркімдік шешімі де көңілге қонымды,
автордың ақындық мәдениеті же өте жоғары.
«Азамат» жинағына негізінен нәзік лиризм тән. Мұнда ақын адамның ішкі сезім-
толғаныстарын, табиғаттың әсемдігін айшықты бедерлеуге ден қойған. «Мұң», «Сырым»,
«Арманым» өлеңдерінің осылай аталуларында да үлкен мән жатыр. Бұл өлеңдердің
лирикалық кейіпкері – ел еркіндігін аңсаған, сол үшін ғұмырын арнаған күрескер жан.
Ақын өзінің өмірлік мұратына әрдайым адал. Қай өлеңінде де ол жай ғана жеке
бастың мүддесін күйттеп, сезім жетегіне ілесіп кете бермейді. Азаматтық ар үні,
әлеуметтік әуен басым түсіп жатады.
Міржақыптың үшінші өлеңдер жинағы – «Терме» 1915 жылы шыққан. Кітапта
ағартушылық сарындағы бірсыпыра өлеңдерімен («Шәкірт») қатар «Оян, қазақ!»
рухындағы туындылар да баршылық. Солардың ең елеулісі – «Елім-ай» өлеңі. Өлең, мәңгі
ұмытылмас халық трагедиясының ескерткіші, әйгілі «Елім-айды» еске түсіреді.
«Елім-ай!» сөзінің шумақ сайын қайталанып келуі жайдан-жай емес. Ол сөздің
кімге арналғанын ғана білдірмейді, ең бастысы, ақынның реніші мен мұңының салмағын,
оның соншалықты айыптай тұра, айнымай сүйері де, басын иері де – елі екенін аңғару.
1916-1918 жылдар М.Дулатұлының өмір белесінде қиын, сындарлы кезең екені
белгілі. Алайда бұл жылдарда жазылған өлеңдерінен де («Алашқа», «Жаңа тілек», «Қайда
едің?») ақынның шарқ ұрып «шындықтың ауылын» (Сұлтанмахмұт) іздегені, халық
тілегінен бір сәт те ауытқымағандығы айқын танылады. Ол:
Алыстан алаш десе, аттанамын,
Қазақты қазақ десе, мақтанамын.
Болғанда әкем – қазақ, шешем-қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын? –
деп өзінің ұлтжандылығын, қандай жағдайда да оның игілігі үшін күреске – «суға түсіп,
отқа жануға» даяр екенін мақтанышпен мәлімдеуімен өтті.
Осы айтылған үш кітапта да ақын өлеңдерінің басты тақырыбы – ел, жер тағдыры
болды. Кітаптың негізгі мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған
өлеңдерден тұрады. Сол себепті де автор көп қудаланып, қуғынға ұшыраған.
М.Дулатұлы жырлары – халықты елдікке үндеудің, ұлттық намысқа шақырып, ұлт
азаттығын аңсаған өлеңдер.
106
Міржақып Дулатұлының төл әдебиет тарихындағы ерекше еңбегінің бірі – оның
қазақ романының бастауышы болуы, әдебиетіміз үшін жаңа жанрдың негізін қалауы.
М.Дулатұлының қазақ әдебиетінде роман жанрын дүниеге келтірген құнды
шығармасы – «Бақытсыз Жамал». Бұл роман бірінші рет 1910 жылы Қазан қаласында
басылып шығады, екінші рет 1914 жылы, үшінші рет 1991 жылы қазақ оқырмандарымен
қайта қауышады.
«Бақытсыз Жамал» романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да
көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындылығымен өзінен кейінгі қазақ
прозасының өркендеуіне үлкен жол ашты.
«Бақытсыз Жамал» шығармасы сол кезеңдегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге
арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы
жағдай туралы баяндады.
«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет-
ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір
сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ
даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. ... Жайлауға жаңа
көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз
сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-
бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар... Осылайша жайбарақат
жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр
басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты «ләббай,
тақсыр» деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып
Дулатов осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын,
адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен,
ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр
ұқтырады. ...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып,
дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби
романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан
ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа
да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді.
Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, парасат үшеуі бір-біріне сай келіп, Жамал сол
елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста
болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен
бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге
де «Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар» деген лақап жайыла бастады. Көркіне
ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз
шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып,
құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді.
Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали
деген жігітпен танысып, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға
ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау
басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан
Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір
боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда
оқиға желісі - суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы
қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен
Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы ұмтылысы осы
арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатов бұл оқиғаны кездейсоқ
болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы
әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі,
жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады.
107
Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге
мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-
ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатовтың романдағы Жамал бейнесін
сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол
замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай
жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген, жазған хаттарынан бұл қасиет айқын
аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың
әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр - ескі психологияның адамдары. Оларға
адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, «Бақытсыз
Жамал» романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем
бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының
өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.
Сонымен қатар, «Бақытсыз Жамал» романы қазақ әдебиетінде осы тақырыпта
өзінен кейін пайда болған «Қалыңмал», «Шұғаның белгісі», «Қамар сұлу» сияқты
бірталай сүйекті шығармаларға ізашар болып, жол салғандығымен бағалы екенін айрықша
атап өткен жөн.
Шығарманың орыс, қазақ әдеби сынынан кезінде-ақ жаңа жанрдың төл басы, үздік
көркем, реалистік туынды ретінде жоғары бағасын алғандығы мәлім.
Міржақып Дулатұлы 1925-28 жылдары Қызылорда қаласы астана болып тұрған
кезде Селиверстов 17-үйде тұрған. Осы жерде өзінің көптеген әдеби туындыларын өмірге
әкелген. М.Дулатұлының отбасында қазақтың сол заманының белгілі зиялылар тобы,
небір майталман ақын-жазушылары мен жезтаңдай әншілері қонақта болып, осы үйден
дәм татып, мәжіліс құрған. Атап айтсақ, Нәзипа Құлжанова, Ілияс Байменов, Әліби
Жангелдин, Серке Қожамқұлов, Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Мағжан
Жұмабаев, Әлкей Марғұлан, Смағұл Садуақасов, Қошке Кемеңгеров, Әлібек, Әуелбек
Қоңыратбаевтар және т.б. М.Дулатұлының қызы Гүлнар апай өзінің естелік кітабында:
«Біздің үйде болған кісілерді сағынышпен есіме түсіріп, көз алдымнан өткізіп, тізімін
жазып шыққанымда, есімде қалғандары ұзын саны – 114-тен астам екен», -деп
сағынышпен сол жаймашуақ кезеңдерді еске алады [2, 172-б.]. М.Дулатұлы осылардың
әрқайсысына көмек қолын ұсынып, қазақ ұлтының дамуына, әдебиеті мен мәдениетінің
өркендеуіне мол үлес қосқан.
Қорыта айтқанда, Міржақып Дулатұлының еңбектері, сол қоғамдағы атқарған сан-
салалы қызметтері өскелең ұрпаққа үлгі боларлық құнды дүниелер. Тәуелсіздігіміздің
тізгінін ұстайтын болашақ жастарымыз М.Дулатұлының шығармаларын оқи отырып,
өздерінің таным-түйсігін қалыптасырады, болашаққа деген сенімін нығайта түседі.
Әдебиеттер:
1.
Елім деп соққан ұлы жүрек. «Ұлы Тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық серия. –
Алматы, 2002. -365б.
«Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық серия:
60х90; ISBN 978-601-
7174-51-4: 2000 дана.
2.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна Ltd, 2010. –
109б. : 60х90; ISBN 5-947-23-21-5: 1000 дана.
3.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы:
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №3(35) 2012.= Вестник Кызылординского
государственного университета им. Коркыт Ата: Республиканский научно-методический
журнал №3(35) 2012 / Бас ред. Бисенов Қ.А.- Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ,
2014.- 32б.: 60х84. (ҚР Білім және ғылым мин-гі) - ISSN 1607-2782: 500 дана..
4.
Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар
мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б.,Сужикова А. – Алматы: Алматы
кітап, 2009. – 135б. ISBN 978-511-230-1: 20000 дана.
108
UDК: 801(091):82(091):001.8
MODERN REVEW TO SCIENTIFIC AND THEORETICAL
BASIS OF THE KAZAKH TEXTUAL CRITICISM
HULIYA KASAOGLU the professor of philological faculty of Gazi university,
Republic of Turkey
G.ZH.UBAIDULLAYEVA, Candidate of Philology PhD, associated professor
R.А.DOSMAKHANOVA,
Candidate of Philology PhD, professor
F.A.OSPANOVA, Candidate of Philology PhD, associated professor
Korkyt Ata Kyzylorda State University, the Republic of Kazakhstan
Annotation
The article deals with the history of development and the becoming of textual criticism in
Kazakh philology. The article identifies the scientific and theoretical problems of the Kazakh
textual criticism, goal and tasks of lingua textual criticism as a separate part of textual studies.
There was made a thorough comparative analysis, beginning with textual criticism of oral folk
creation, ancient Turkic written monuments to modern Kazakh literature. The article also
considers the issues of modern textual criticism as an important field of philological science.
Types of text: original, manuscripts, text variants, cutting, draft, clean copy, insert and etc., as
well as the reasons of their appearance, among them the article deals with the search for author’s
version. Together with innovation technological development the article also considers the
necessity to study such issues as author's version, canonical text, author’s position. The article
also discusses the modern studies in the field of textual criticism and substantiates the necessity
of textbooks on modern Kazakh textual criticism.
Key words: Textual criticism, lingvotekstologiya, manuscript, option, initial text.
Аңдатпа
Мақалада текстология ғылымының қазақ филологиясындағы қалыптасу және даму
тарихы сөз болады. Текстологияның практикалық жұмыстары мен теориялық мәселелерін
баяндаған ғылыми мақалаларға сипаттама беріле келіп, қазақ текстологиясының ғылыми-
теориялық мәселелері қарастырылған. Текстологиялық зерттеулердің жеке саласы
ретіндегі лингвотекстологияның мақсаты мен міндеттері анықталған. Зерттеуге алынған
мәтіннің қай дәуір әдебиетіне жататынына орай, текстолог маманның алға қояр міндеттері
де ерекшеліктерге толы болатыны, авторлық нұсқаны дәлелдеуде қолданылатын әдіс-
тәсілдерің алуан түрлілігі айтылады. Текстология саласында зерттеу жүргізетін
маманның білімдарлығы, жан-жақтылығы, әсіресе тіл тарихынан мол хабадар болуы
керектігі баса назарға алынатынын ескертеді. Текстологиялық зерттеулер жүргізілмес
бұрын орындалуы тиіс алғышарттардың болатыны жайында да мағлұмат беріледі.
Мақалада халық ауыз әдебиетінің текстологиясынан бастап, көне түркі жазба
ескерткіштері мен қазіргі қазақ әдебиеті шығармаларының нұсқаларына терең талдау
жасалған. Сондай-ақ мақалада филологияның өзекті маңызды саласы ретіндегі
текстологияның қазіргі мәселелері де қарастырылады. Мәтіннің түрлері: түпнұсқа,
қолжазбалар, мәтін варианттары, көшірме, факсимелие, қиынды, қате жазба, таза жазба,
қосынды тағы басқаларының пайда болу жолдары сөз болады. Олардың ішінен авторлық
нұсқаны табу сияқты күрделі мәселеленің оң шешімін табуына байланысты өзінің
орынды пікірлерін ұсынады. Мақалада жаңа инновациялық технологиялық дамумен қатар
авторлық нұсқа, сыни мәтін, аторлық позиция деген сияқты мәселелерді зерттеу қажеттігі
де баса айтылады. Сонымен қатар мақалада тектсология аясындағы қазіргі зерттеулерге
сипаттау беріліп, қазіргі қазақ текстологиясының оқулығын жазу қажеттігі негізделеді.
Кілт сөздер:
Текстология, лингвотекстология, қолжазба, нұсқа, сыни мәтін.
109
Аннотация
Достарыңызбен бөлісу: |