Issn 1607-2782 Республикалық


ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ПЕДАГОГТЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#9918
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 
ЖАҢА ТҰРПАТТЫ ПЕДАГОГТЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
 
ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
 
 
Л.А.БУЛАВИН,
 физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық 
Ғылым Академиясы, Украина,  
Б.Ж.АБДИКАРИМОВ, физика
-математика ғылымдарының докторы, доцент 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,  
Қазақстан Республикасы 
 
Аңдатпа
 
Мақалада  автордың  пікірінше,  педагогтың  инновациялық  әлеуеті  –  бұл  педагогтың 
кәсіби  әрекетін  жетілдіруге  дайындығын  көрсететін  тұлғаның  кәсіби,  әлеуметтік-мәдени 
және  шығармашылық  сипаттамаларының  жиынтығы  және  осы  дайындықты  қамтамасыз 
ететін ішкі құралдар мен әдістердің болуы. 
Инновациялық  әлеуетті  дамытудың  қозғаушы  күші  –  мотивация.  Педагогтың 
инновациялық  әрекетінің    қоғамдық  мотиві  бар,  бірақ  ол   жеке  ішкі  және  процессуалды-
мазмұндық мотивтер негізінде туындайды. 
Сонымен қатар, мақалада автор педагогтың инновациялық  әлеуеті табысты дамитын 
болады,  деп  қорытындылайды,  егер:  жаңартудың  алғышарттары  мен  қарама-
қайшылықтары    ашылса  және  саналы  түрде  ұғынылса;  білім  берудің  инновациялық 
технологиялары    базалық  педагогикалық  құндылық  және  тәжірибе    болса;  жүйелі  және 
тиімді  түрде  біліктілікті  арттыру  жүзеге  асырылса;  педагог  қызметкерлердің 
инновациялық  функциялары  айқындалса  және  жүзеге  асырылса;  жұмыс  берушілермен 
әлеуметтік  әріптестік  механизмі  құрылса;  педагогтардың  инновациялық  әлеуетін 
дамытудың шарттары айқындалса және жасалса. 
Сол  себептен  мақалада  көрсетілген  инновациялық  әрекетке  бетбұрыс  жасауға 
итермелейтін  басты  себеп  -  қатаң  бәсекелестік.  Инновациялық  әрекет  педагогтың 
инновациялық әлеуетіне  байланысты. Тұлғаның  инновациялық әлеуетін төмендегі негізгі 
параметрлермен байланыстырады: 
-
 
жаңа түсініктер мен идеяларды жинақтау және өндіру шығармашылық қабілеті, ең 
бастысы – оларды практикалық формада  жобалау және модельдеу; 
-
 
тұлғаның жаңа нәрсеге  ашықтығы; 
-
 
мәдени-эстетикалық дамығандық және білімділік; 
-
 
өз  әрекетін  жетілдіруге  дайындық,  бұл  дайындықты  қамтамасыз  ететін  ішкі 
құралдар мен әдістердің болуы; 
-
 
дамыған инновациялық сана. 
Кілт сөздер: Педагогтың инновациялық әлеуеті, мотивация, дамыту шарттары, жаңа 
идея, инновациялық сана.  
 
Аннотация
 
В статье автор подчеркивает, что инновационный потенциал педагога – это система 
профессиональных,  социально-культурных  и  творческих  особенностей  личности  самого 
педагога,  способствующая  непрерывному  совершенствованию  его    профессиональной 
подготовки. 
Движущей  силой  развития  инновационного  потенциала  является  мотивация. 
Инновационную  деятельность  педагога  предполагает  общественный  тип  мотивации, 
который,  однако,  возникает  на  основе  развития  индивидуальных  внутренних  и 
процессуально-содержательных  мотивов.  Автор  считает,  что  инновационный  потенциал 

116 
 
педагога будет  успешно развиваться, если: будут раскрыты предпосылки и противоречия 
процесса модернизации образования;образовательные инновационные  технологии станут 
базовой    педагогической  ценностью  образования  и  практики;  повышение  квалификации 
педагога  будет  идти  системно  и  эффективно;  инновационные  функции  педагога  будут 
научно  обоснованы  и  внедрены  в  практику;  будет  создан    механизм  социального 
партнерства 
с 
работодателями; 
будут 
научно-обоснованы 
условия 
развития 
инновационного потенциала педагога. 
С  этой  целью  автор  констатирует,  что  инновационная  деятельность  педагога 
непосредственно  связана  с  его  инновационным  потенциалом.  В  статье  особо 
представлены  параметры  и  критерии  развития  инновационного  потенциала  педагога 
новой  формации,  к  числу  которых  автор  относит  следующие,  как:  способность  
генерировать  новые  идеи;  способность  моделировать  и  проектировать  идеи;  открытость 
личности  педагога  к  новым  идеям,  новшествам;  культурно-эстетическая  развитость  и 
образованность 
личности; 
способность 
самореализации 
и 
знание 
внутренних 
потребностей  и  средств,  методов  обучения  и  самообучения;  развитое    инновационное 
сознание. 
Ключевые  слова:  Инновационный  потенциал  педагога,  мотивация,  условия 
развития, новые идеи, инновационные сознания.  
 
Annotation 
The author stresses that the innovative potential of the teacher is a system of professional, 
social  and  cultural  and  artistic  features of  the  personality  of  the  teacher,  promoting  continuous 
improvement  of  its  training.  The  driving  force  for  development  of  innovative  capacity  is 
motivation. Innovation of the teacher assumes public type of motivation, which, however, occurs 
through the development of individual domestic procedural and substantive motives. The author 
believes  that  innovative  potential  teacher  will  flourish  if    disclosed  assumptions  and 
contradictions of the modernization process of education are developed; educational technology 
innovation will become the basic pedagogical value of  education and practice; improvement of 
the  qualifications  of  the  teacher  will  be  carried  out  systematically  and  effectively;  innovative 
features  of  the  teacher  will  be  scientifically  justified  and  implemented  in  practice;  social 
partnership mechanism will be established with employers; the innovative capacity of the teacher 
will bejustified in the terms of scientific development. The author notes that innovative activity 
of  the  teacher  is  directly  linked  to  its  innovative  potential.  Particularly  in  the  article  author  
shows the parameters and criteria  for the development of the innovative capacity of the teacher 
of the new formation,  the following  is consideredas well: the ability to generate new ideas; the 
ability to simulate and design ideas;  a teacher's openness to new ideas, innovation; cultural and 
aesthetic development and education of the person; the ability of self-expression and knowledge 
of domestic needs and means, methods of teaching and self-learning; development of  innovative 
consciousness. 
Key words: innovative potential of the teacher, motivation, development conditions, new 
ideas, innovative  consciousness 
 
Қазіргі  саясат  білім  беруді  қоғам  дамуының  маңызды  көздеріне  жатқызады.  Кез 
келген дамыған мемлекеттің ұлттық табысының 40%- дан 70%-ға дейінгі өсімі білім және 
ғылым  арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Сондықтан  қазіргі  жағдайда  білім  берудің  тиімділігі 
мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін міндеттерді шешу басым бағыт болып 
табылады.  Бұл  мақсаттарды  жүзеге  асыру  үшін  біздің  мемлекетімізге  жаңа  тұрпатты 
педагогтарды даярлау қажет. 
Білім  беруді  реформалау  жағдайында  инновациялық  үдеріс  бұқаралық  сипат  алуда.   
Сана  мен  ойлаудың  демократиялық    процестері  негізінде  болып  жатқан  әлеуметтік  және 
экономикалық бағдарлардың өзгеруі жоғары білім беру жүйесінің нарықтық қатынастарға 
бейімделуі үшін педагогтың инновациялық әлеуетін қалыптастыруды талап етеді. 

117 
 
Педагогтың  инновациялық  әлеуеті  –  бұл  педагогтың  кәсіби  әрекетін  жетілдіруге 
дайындығын  көрсететін  тұлғаның  кәсіби,  әлеуметтік-мәдени  және  шығармашылық 
сипаттамаларының  жиынтығы  және  осы  дайындықты  қамтамасыз  ететін  ішкі  құралдар 
мен  әдістердің  болуы.  Бұл  –  өзінің  қызығушылықтары мен  түсініктерін  дамыту  тілектері 
мен  мүмкіндіктері,  туындаған  мәселелердің  өзіндік  дәстүрлі  емес  жолдарын  іздеу,    білім 
беру  жүйесінде  орын  алып  отырған  дәстүрлі  емес  қатынасты  қабылдау  және  оны 
шығармашылықпен 
жүзеге 
асыру, 
инновациялық 
идеяларды, 
жобалар 
мен 
технологияларды жүзеге асыру, өзін зерттеуші және құрастырушы ретінде көрсету. 
Білім 
беру 
жүйесінің 
инновациялық 
әлеуетін 
дамыту 
қажеттігі 
соңғы 
онжылдықтардағы  бірқатар  бағыттармен  байланысты:  білімдер  мен    технологиялар 
нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі; жоғары оқу орындарының алдынғы қатарлы ғылым 
мен  білім  берудің  орталығы  ғана  емес,  сонымен  қатар,  ғылыми-техникалық  әрекеттің 
және  т.б.  нәтижелерін  коммерциализациялауға  бағытталған  инновациялық  әрекеттің 
маңызды субъектілері ретінде жаңа рөлін түсіну. 
Инновациялық  әлеуетті  дамытудың  қозғаушы  күші  –  мотивация.  Педагогтың 
инновациялық  әрекетінің    қоғамдық  мотиві  бар,  бірақ  ол   жеке  ішкі  және  процессуалды-
мазмұндық  мотивтер  негізінде  туындайды.  Педагог  кадрлардың  инновациялық  әлеуетін 
дамыту  педагогтардың  ішкі  мүмкіндіктерін  ашуға  ықпал  ететін  олармен  өзара  әрекеттің 
формаларын  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады.  Жоғары  педагогикалық  білім  беруді 
жаңарту міндеттері педагогтың инновациялық әлеуетін  қалыптастыру және жүзеге асыру 
үшін  жағдайлар  жасауды  көздейді.  Педагогтың  инновациялық    әлеуеті  табысты  дамитын 
болады,  егер:  жаңартудың  алғышарттары  мен  қарама-қайшылықтары    ашылса  және 
саналы  түрде  ұғынылса;  білім  берудің  инновациялық  технологиялары    базалық 
педагогикалық  құндылық  және  тәжірибе    болса;  жүйелі  және  тиімді  түрде  біліктілікті 
арттыру  жүзеге  асырылса;  педагог  қызметкерлердің  инновациялық  функциялары 
айқындалса және жүзеге асырылса; жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестік механизмі 
құрылса;  педагогтардың  инновациялық  әлеуетін  дамытудың  шарттары  айқындалса  және 
жасалса. 
Жоғары  кәсіби  білім  берудегі  инновациялық  стратегияның  мәні  маман  даярлаудан 
тұлға қалыптастыруға саналы түрде өтуде, адамға техникалық прогресті қамтамасыз етуші 
құрал ретінде  қараудан бас тартуда. Философ-гуманистердің көзқарастарына  қайта оралу 
қажет: адам — прогресстің мақсаты, барлық құндылықтардың өлшемі; адамның борышы, 
парызы, ал оның сипаты— қабілеттерді, инновациялық әлеуетті жан-жақты дамыту. 
ХХІ  ғасырда  білім  мен  ғылым  саласында  болып  жатқан  өзгерістер  болашақ 
мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер  қойып отыр. Осыған орай, 
бүгінгі  әлеуметтік  білім  беру  кеңістігіне  сай  білім  алу,  жалпы  ғаламдық  танымды, 
ойлауды  дамыту,  өзінше  ғылыми  тұжырым  жасауға,  олардың  қажетіне  қарай  ғылым 
жетістігін  сұрыптауға,  студенттің  өзінің  іс  әрекетінің  субъектісі  болуына  мүмкіндік 
туғызу  -  көкейкесті  мәселе.  Өйткені,  тек  жоғары  білімді  маман  ғана  қоғам  мен 
экономиканың,  әлеуметтік  және  мәдени  өркендеудің    көшбасшысы  бола  алады.  Жоғары 
білім беру – болашақ кәсіби маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, оны 
жеке тұлға ретінде қалыптастырады. 
Жоғары  мектептегі  білім  берудің  басты  мақсаты  -  алдыңғы  қатарлы  жастар 
тәрбиелеу,    адамзаттың  мәдени  және  өнегелік    деңгейі  мен  оның  ой-өрісін  арттыру, 
жоғары  білімді  маман  иелерін  дайындау.  Білім  саясатының  өзекті  мәселелері  -  кәсіптік 
даярлаудың  сапасын  жақсарту,  біліммен  қамтамасыз  етудің  ғылыми-әдістемелік  жүйесін 
түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық 
ғылымдарды  ұйымдастыруды  қайта  құру,  ондағы  алдыңғы  қатарлы  оқу-тәрбие 
тәжірибелері  мен  қазіргі  қоғамның  сұраныстарының  алшақтығын  жою,  білімдегі 
жаңашылдықты  саралау,  білімді  жетілдіру  үдерісіндегі  үздіксіздікті  қамтамасыз  етуде 
оның рөлін арттыру. 

118 
 
Қазақстан  Республикасындағы    қоғамдық  өзгерістердің  ауқымдылығы,  күрделілігі  
білім  беру  саласына  оның  ішінде  жоғары  оқу  орындарында  білім  беру  стратегияларына 
өзгерістер  енгізуді  талап  етеді.  Әр  түрлі  болжамдардың  сан  алуандығына  қарамастан, 
қазіргі  білім  беру  жүйесін  дамыту  үдерісінде  жаңа  оқыту  үлгілеріне,  мазмұнына, 
технологияларына,  түрлері  мен  әдістеріне  қатысты  шығармашылық  ізденістердің 
қарқындылығымен  ерекшеленетінін  мойындауға  болады.  Мұндай  даму  қоғамды 
ақпараттандыру технологиясын қарқынды дамыту аясында жүзеге асырылып отыр. 
Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық 
құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  тұлғаны  қалыптастыруға, 
дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  беру  және  оның  шығармашылық, 
рухани  және  тәни  күш  қуатын  жетілдіру,  жеке  тұлғаның  жан-жақты  дамуына  жағдай 
жасау  міндеті  көзделгенін  ескерсек,  болашақ  мамандарды  жаңашылдыққа  даярлауымыз 
керек [1]. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  арнаған 
жолдауында,  Қазақстандағы  жоғары  оқу  орындарының  міндеті  -  әлемдік  стандартқа  сай 
білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажеттігін 
атап көрсете отырып,    «әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс мүмкіндіктермен жоғары 
білім алуына кепілдік беруіміз қажет», - деген болатын [2]. 
Жоғары  оқу  орындарының  инновациялық  іс-әрекетіндегі  қолданбалы  тәжірибенің 
көп  түрлілігі  Қазақстандағы  әлеуметтік-экономикалық  ерекшеліктерді  ескере  отырып, 
жаңа  бағыт-бағдарды  айқындауды,  теориялық  тұрғыдан  ұғынуды,  жалпылауды  және 
сараптауды  қажетсінеді.  Мұндай  өзгерістер  жоғары  мектептегі  инновациялық  білім  беру 
үдерістерін  басқаруға  қатысты  педагогикалық  теория  мен  практикаға  деген  көзқарастың 
жаңа сипатта қалыптасуын талап етеді. 
Инновациялық  әрекетке  бетбұрыс  жасауға  итермелейтін  басты  себеп  -  қатаң 
бәсекелестік.  Инновациялық  әрекет  педагогтың  инновациялық  әлеуетіне  байланысты. 
Тұлғаның инновациялық әлеуетін төмендегі негізгі параметрлермен байланыстырады: 
-
 
жаңа түсініктер мен идеяларды жинақтау және өндіру шығармашылық қабілеті, ең 
бастысы – оларды практикалық формада  жобалау және модельдеу; 
-
 
тұлғаның жаңа нәрсеге  ашықтығы; 
-
 
мәдени-эстетикалық дамығандық және білімділік; 
-
 
өз  әрекетін  жетілдіруге  дайындық,  бұл  дайындықты  қамтамасыз  ететін  ішкі 
құралдар мен әдістердің болуы; 
-
 
дамыған инновациялық сана. 
Инновациялық  әрекетке    дайындық  педагогтың  инновациялық  позициясын 
қалыптастыратын  ішкі  күш  болып  табылады.  Құрылымы  жағынан  ол  тұлғаның  түрлі 
сапаларын, қасиеттерін, білімдері мен біліктерін қамтиды. Кәсіби дайындықтың маңызды 
компоненттерінің  бірі  -  инновациялық  әрекет  педагогтың  тиімді  әрекетінің,  оның 
мүмкіндіктерінің  барынша  жүзеге  асуының,  шығармашылық  әлеуетінің  жан-жақты 
ашылуының алғышарты. 
Педагогтың  инновациялық  әрекетке  дайындығы  төмендегі  көрсеткіштер  бойынша 
анықталады: 
1)  өзінің  жеке  педагогикалық  тәжірибесінде  педагогикалық  инновацияларды  ендіру 
қажеттігін түсіну; 
2)  жаңа  педагогикалық  технологиялар  жайлы хабардар  болуы,  жұмыстың  жаңашыл 
әдістемелерін меңгеруі; 
3) 
жеке 
шығармашылық 
тапсырмалар, 
әдістемелер 
құруға 
бағдарлану, 
эксперименттік әрекетке бейім болуы; 
4)  инновациялық  әрекеттің  мазмұнымен  және  оны  ұйымдастырумен    байланысты 
қиындықтарды жеңуге дайын болуы; 
5)  педагогикалық  инновацияларды  зерделеудің  және  жаңаларын  жасаудың 
практикалық дағдыларын меңгеру. 

119 
 
Қазіргі  таңда  жоғары  оқу  орнында  инновациялық  өзгерістер  аталған    бағыттар 
бойынша  жүріп  жатыр.    Қорқыт  Ата  атындағы  мемлекеттік  университетінде  педагог 
кадрларды  даярлау  1937  жылдан  бері  жүргізіліп  келеді.  Университеттің  қазіргі  заман 
талабына  сай  келетін  материалдық-техникалық  және  оқу-әдістемелік  базасы,  жеткілікті 
ғылыми әлеуеті, қазіргі ақпараттық технологиялармен жабдықталған ғылыми-техникалық 
кітапханасы  бар.    Университетте  педагогтарды  даярлау  18  бакалавриат,  11  магистратура 
және  3  PhD  докторантура  мамандықтары  бойынша  жүзеге  асырылады.  2013  жылдан 
бастап  Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университеті  мен  «Назарбаев 
Зияткерлік  мектептері»  Педагогикалық  шеберлік  Орталығы  деңгейлік  бағдарламалар 
бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағытында тренерлерді оқыту жұмысы 
жүргізілді.  Бүгінде  университеттің  педагогикалық  мамандықтар  бойынша  дәріс  беретін 
оқытушылары «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы ұйымдастырған курстардан 
өтті,  Ұлыбританияда,  Испанияда,  Германияда  біліктіліктерін  арттырып,  халықаралық 
деңгейдегі сертификат алған оқытушылар да бар.  Педагогикалық мамандықтар бойынша  
25 бітіруші түлек Педагогикалық шеберлік орталығында білім алды. 
2012-2013 оқу жылынан бастап  университетімізде оқу үдерісіне көптілді білім беру 
бағдарламасы  ендірілуде.  Көптілді  білім  беру  бағдарламасына  сәйкес  5  педагогикалық 
мамандық  бойынша  студенттер  фундаменталды  ғана  емес,  сонымен  қатар  әдістемелік 
пәндерді  де  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерінде  оқиды.  «Шетел  тілі:екі  шетел  тілі» 
мамандығы  бойынша  екінші  шетел  тілі  ретінде  кәріс,  қытай  және  араб  тілдерін  оқып 
үйренетін оқу топтары құрылды. 
2012-2013  оқу  жылынан  бастап    университетімізде  педагогикалық  мамандықтар 
бойынша оқитын  студенттер  үшін  шетелдік  ғалымдардың  дәріс  оқуы  тәжірибеге  енгізіле 
бастады.  Бұл  студенттер  үшін  педагогика  ғылымы  саласы  бойынша  ғылыми  ақпарат 
алмасуға мүмкіндік тудырып отыр. 
Педагогикалық  мамандықтар  бойынша  элективті  пәндер  каталогы  жұмыс 
берушілердің 
ұсыныстары 
негізінде 
анықталып, 
академиялық 
Кеңесте 
талқыланады.Университетте 
студенттердің 
кәсіби 
құзыреттілігін 
қалыптастыру 
мақсатында    «Акмеология,  тұлғаның  жеке  және  әлеуметтік  жетістіктерінің  негіздері», 
«Өлкетану»,  «Конструктивті  оқыту  әдістемесі»,  «Инклюзивті  білім  беру  негіздері», 
«Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» курстары енгізілген. 
Студент болашақ маман ретінде жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болуы үшін 
негізгі қатынастар: 
1.  Бүгінгі  таңда    педагогтың  инновациялық  әлеуетін  дамыту  мен  қалыптастыру   
бойынша  қатынастардың  бірі  –  оқыту  үдерісінде  инновацияларды  белсенді  түрде 
пайдалану.    Инновациялар,  біріншіден,  педагогтың  жұмыс  істеу  әдістерін,  оқытушы  мен 
студенттің  өзара  қатынасын,  екіншіден,  педагогтың  ойлауын  өзгертетіндіктен, 
оқытушылардың  ғана  емес,  студенттердің  де  практикалық  іс-әрекетінің  философиясына 
айналады. Инновациялық мәдениетті меңгерген педагог  қана оған студентті тарта алады. 
Осыған орай жоғары оқу орындарында инновациялық білім беру ортасын құру қажет. 
2.Оқытудың  конструктивті  теорияларына  негізделген  жаңа  технологияларды  тиімді 
еңдіру 
жаңа 
тұрпатты 
педагог-бітірушіден 
оқыту 
үдерісінде 
ақпараттық-
коммуникациялық  технологияларды  кеңінен  қолдануды  талап  етеді.  Сондықтан, 
Интернет, интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы  оқу бағдарламаларын қамтамасыз ете 
алатын педагог даярлау көкейтесті мәселе болып табылады. Біздің ойымызша, жоғары оқу 
орындарында  инновациялық  білім  беру  ортасын  тиімді  дамытуда  студенттерді  табысты 
болуға  дайындай  алатын  инновациялық  мұғалім  маңызды  рөл  атқарады.    Егер  бүгінгі 
студент - ертеңгі педагогты  белгілі бір әрекет барысында тұлғаның жеке және әлеуметтік 
жетістіктерінің  негіздерін,  акмеологиялық  даму  принциптері  мен  көшбасшылық 
сапаларды қалыптастыру алғышарттарын табыс психологиясының мәнін түсінуге үйретсе, 
онда жаңа тұрпатты педагогты дайындау тиімді және нәтижелі жүреді. 

120 
 
3.Жоғары  оқу  орындарында  көптілді  білім    беру  бағдарламасын  жүзеге  асыру  үш 
немесе бірнеше тілді қатар меңгеру негізінде көптілді тұлғаны қалыптастыруға  мүмкіндік 
береді. Үш немесе одан да көп тілді білу педагогқа өмірдің барлық жағдаяттарында қажет 
болатын коммуникативті құзыреттілікті дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді. 
Сонымен,  кәсіби  жоғары  білім  беруді  дамытудың    стратегиясы  мен  тактикасын 
қалыптастыру инновациялық әлеуетті  есепке ала отырып және соның негізінде  құрылуы 
тиіс. 
 
Әдебиеттер: 
1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.
 
– 16 б.: 22 см; ISBN 5-9184-3256-1: 2000 дана.
   
 
2.Қазақстан  Республикасының  білім  туралы  заңы.  -  Астана,  2007.  –  45  б.:
 
22  см.;  
ISBN 5-7272-3241-0; 5000 дана.    
3.Назарбаев  Н.Ә.  "Қазақстан-2030".  Барлық  қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі, 
қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы.  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  –  Алматы:  Жеті 
жарғы, 1997. – 56 б.:
 
21 см.; ISBN 975-2231-4012-8: 10000 дана.    
 
 
 
 
УДК   371. 123 : 371. 14     
 
СЕМЬ СТУПЕНЕК ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА
 
 
Н.Н.КОЗЛОВА
,   
школа – лицей № 3, г. Кызылорда, Республика Казахстан 
 
Аннотация
 
Система 
образования 
нашей 
страны 
на 
сегодняшний 
день  - 
это 
усовершенствованная 
система, 
позволяющая 
учителю 
по-новому 
подойти 
к   учебному   процессу,   использовать  новые  подходы  и  методы  в  обучении.  Для  этого 
проводятся  курсы  различного  уровня  для  учителей.  После  прохождения   обучения, 
важно   свои   теоретические  знания   перенести  на  практику,  согласно  новой 
конструктивистской 
теории. 
Чтобы 
достигнуть 
цели 
урока, 
необходимо 
продумать каждый шаг в проведении своих уроков   музыки,  где основу составляют семь 
Модулей, как семь ступенек к достижению цели урока. 
В  данной  статье  освещаются  особенности  проведения  таких   уроков  по  новой 
технологии,  по  программе  Кембриджского  Университета,  как  новой  концепции 
образования нашей страны,  в процессе обучения  на уроках музыки. Определены  важные 
аспекты    интеграции  Семи  Модулей  программы  в  учебный  процесс,  их  значение  на 
каждом  проводимом  уроке.  Определены  принципы  обучения    по  данным  Модулям    на 
уроках, 
их 
взаимосвязь  
и  
результативность. 
Приведены 
примеры  
из 
опыта   применения  нового  Модульного  обучения на уроках, анализ каждого Модуля,   а 
так  же   достижения   после  интеграции  их   в  процессе  проведения  уроков.   Определено 
значение данной новой технологии в развитии   образовательной системы. 
Интеграция  Семи  Модулей  программы  в  учебный  процесс,  ключевые  идеи  и 
содержание  Программы,  которые   направлены  на  достижение  казахстанскими  учителями 
соответствующего качественного уровня, принесут положительный результат. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет