Issn 1607-2782 Республикалық



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата27.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#10576
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
ISSN 1607-2782
 
 
Республикалық 
 
ғылыми
-
әдістемелік 
 
журнал
 
Республиканский 
 
научно
-
методический
 
журнал
 
 
 
 
 
Қорқыт
 
Ата
 
атындағы
 
Қызылорда
 
мемлекетт
i
к
 
университет
i
н
i
ң
 
______________________________________________________________________________________ 
 
1999 жылғы наурыздан
 
бастап шығады
 
№ 
1 (40) 2013 
______________________________________________________________________________________ 
 
ХАБАРШЫСЫ 
 
 
 
 
 
Бас редактор
 

БИСЕНОВ
 
Қ.А.,
 
техника
 
ғылымдарының 
       
  
докторы, профессор
 
 
 
Бас
 
редактордың 
орынбасары
 

ШАЛБОЛОВА Ү.Ж.

экономика 
 
  
ғылымдарының
 
докторы,  профессор
 
 
 
Жауапты редактор
 

ОМАРОВ Қ.Ә.

география ғылымдарының 
 
  
кандидаты, профессор
 
 
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ

 
Аруова Л.Б.
 
Баканов Ғ.Б.
 
Досжанов М.Ж.
 
Ибадуллаева С.Ж. 
 
Кәрібозұлы Б.
 
Қарлыханов
 
Т.Қ.
 
Қожақұлы
 
Ө.
 
Қошқаров
 
С.И.
 
Майгелдиева Ш.М.
 
Сәдуақасұлы Ж.
 
Сәтбай Т.Я.
 
Сейсенов Б.
 
Тоқтамысов Ә.М.
 
Үдербаев
 
С.С.
 
Шомантаев А.Ә.
 
 

техника ғылымдарының
 
докторы, профессор 
 

физика
-
математика
 
ғылымдарының докторы, профессор 
 

техника ғылымдарының
 
докторы, профессор 
 

биология
 
ғылымдарының докторы, профессор
 

филология ғылымдарының докторы, профессор
 

техника ғылымдарының
 
докторы, профессор
 

тарих ғылымдарының докторы, профессор
 

техника ғылымдарының
 
докторы, профессор
 

педагогика ғылымдарының
 
докторы, профессор
 

филология ғылымдарының
 
докторы, профессор
 

тарих ғылымдарының
 
докторы, доцент
 

философия ғылымдарының докторы, профессор
 

ауыл
 
шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент
 

техника ғылымдарының докторы, профессор
 

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
 
Майгелдиева Ж.М. 
 

филология ғылымдарының
 
кандидаты, доцент
 
Убайдуллаева Г.
 

филология ғылымдарының
 
кандидаты
 
 
 
 


 
 
ОҚЫРМАНҒА!
 
Құрметті
 
оқырман қауым!
 
Қорқыт
 
Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінің 
Хабаршысы 
-  «
ҚМУ  Хабаршысы»  1999  жылғы  наурыздан  бастап,  жылына 
екі  рет  шығады.  Хабаршы  ғалымдардың  жүргізген  зерттеулерінің  маңызды 
тақырыптарын  қамтитын  мақалалары  мен  материалдары  көпшілікке 
танымал  беделді  ғылыми  басылым.  Оның  беттерінде  елімізді  үдемелі 
индустриалдық

инноваңиялық  дамытудың  өзекті  ғылыми  мәселелері, 
халықаралық  деңгейде  бәсекеге  қабілетті  мамандар  даярлау  тәжірибесі 
мен  болашағы  талқыланып,  білім  беру,  ғылым  мен  өндіріс  салаларын 
интеграңиялаудың озық үлгілері жарық көреді. Сонымен қатар, үздіксіз білім 
беру  жүйесіндегі  жаңа  технологиялар  мен  оқу
-
әдістемелік  жұмыстар  әрі 
руханият,  мәдениет,  спорт  және  өнер  саласындағы  ізденістер  жарияланып 
отырады.  Журналда  еліміздің,  алыс  және  жақын  шетел  ғалымдарының 
еңбектері,  университет  базасында  откен  ғылыми  конференңиялардың 
материалдары,  танымдық,  тәлім
-
тәрбиелік  мақалалар,  жастардың  ғылыми 
шығармашылығы,  оқу  орнымыздың  тыныс
-
тіршілігі  туралы  ақпараттар  мен 
жаңалықтар көпшілік назарына ұсынылады.
 
«
ҚМУ  Хабаршысы»  ғылыми  журналы  профессор
-
оқытушыларға, 
мұғалімдерге,  ғылыми  қызметкерлерге,  жас  ғалымдар  мен  студенттерге, 
сондай
-
ақ  Қазақстанның  білім  беру  мен  ғылым  саласындағы  жетістіктері 
және жаңалықтарымен танысқысы келетін зиялы қауымға арналған.
 
Құрметті
 
қауым,  Сіздерді  журналдың  белсенді  авторы  және  оқырманы 
болуға шақырамыз!
 
Редакция алқасы
 
 
 
 


 
ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
 
 
ӘОЖ 372.881.1: 809. 434.2 
 
ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕР
 
 
 К.С. ҚАМЗАЕВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Қазақ  тіл  білімінде  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  синтаксистің  нысаны 
сөз  тіркесі  және  сөйлем  болса,  соның  ішінде  сөйлемнің  орны  қай  жағынан  болса  да  ең 
елеулі  орын  алады  деп  айтуымызға  болады.  Тіл  –  қарым-қатынас  жасаудың  құралы  да, 
сөйлем  -  сол  қарым-қатынас  жасауда  кісінің  ойын  айтудың  негізгі  формасы.  Кісінің  ойы 
әр  алуан,  әрқилы  болғандықтан,  соларды  айту  үшін  жұмсалатын  сөйлемдер,  олардың 
құрамы да түрлі-түрлі болады [1, 106-107 бб.].   
Сөйлем  синтаксистік  конструкциялардың  ішкі  құрылымдық  ережесі  негізінде 
ұйымдасқан  коммуникативті  бірлік  ретінде  адам  ойын  бейнелейді.
 
Грамматикалық 
бірліктер арқылы өмірдің нақты көрінісі бейнеленетін сөйлемде, олардың лингвистикалық 
сипаттамасы  тұрғысынан  келгенде  зерттеушілер  арасында    сөйлемнің  лингвистикалық 
құрылымы төңірегінде түрлі көзқарастар қалыптасқан. 
Тіл біліміндегі сөйлем туралы, оның түрлері жөніндегі түрлі көзқарастарға қарағанда, 
олар  бір-біріне  қарама-қарсы  болып  келеді,  енді  бір  пікірлер  бірін-бірі  толықтырып, 
жинақтау сипатына ие.  
Сөйлем,  оның  ережелері  туралы  пікірлер  өте  көп.  Сөйлемге  берілген  анықтамалар 
мен олардың  белгілерін  атауда  тіл  білімінде  мына  белгілер  анықталған:  предикативтілік, 
модальділік, коммуникативтілік, интонациялық.  
Профессор  М.  Балақаев  сөйлемге  мынандай  анықтама  берді:  «Предикаттық  қатынас 
негізінде  біршама  аяқталған  ойды  білдіретін  тиянақты  сөздер  тізбегін  сөйлем  дейміз»  – 
дейді  [1,  16  б.].  Бұл  анықтамадан  предикаттық  қатынас  арқылы  сөйлем  бастауыш, 
баяндауыш  негіз  болатынын  басты  өлшем  болу  керек.  Лингвистикалық  әдебиеттерде 
баяндауыш  қызметін  етістік  сөз  табы  атқарады  деген  көзқарас  басым  болып,  есім 
сөздердің баяндауыштық қызметі ұзақ жылдар бойы назардан тыс қалып келді. Дегенмен 
барлық  ситаксистік  еңбектерде  сөйлемнің  түрлеріне  қатысты,  баяндауыштың  жасалуына 
қатысты есім сөздер туралы айтылып отырды.   
Қазақ тілінде сөйлемдердің зерттелуі ХІХ ғасырдан басталды деп айтуға болады.  
1839  жылы  Қазан  қаласында  басылып  шыққан  А.К.  Казамбектің  «Грамматика 
турецко-татарского языка» деген еңбегінде синтаксис мәселесін «Общее словосочетание» 
(ІІІ  бөлімі)  түрінде  ат  беріп  қарастырған.  Негізгі  тарауларда  сөздердің  байланысы 
(словосочетание), есім мен етістік сөздердің (не формаларының) синтаксистік қызметі сөз 
болады.  Автор  «Словосочетаниені»  немесе  синтаксисті  логиканың  этимологиясымен 
байланысу (тіркесу) тәсілі деп түсінеді. Демек, «Словосочетаниенің» грамматикалық және 
логикалық тұрғыдан қаралатынын ескертеді» [2, 393 б.].   
Ал сөйлем туралы «Кіріспеде» мынадай  қысқаша түсінік берілген: «… предложение 
или суждение о предмете посредством сочетания нескольких слов» [2, 394 б.]. Сөйлем мен 
байымдау  (суждение)  бір-біріне  тепе-тең  болып  алынады.  Сонымен  бірге,  сөйлемнің 
бастауыш  пен  баяндауыштан  құралатыны,  баяндауыштың  бастауышқа  байланысты 
мағына  білдіретіні  аталып  кетеді.  Сондай-ақ  осы  еңбекте  бастауыш  пен  баяндауыштың 
қандай сөздермен жасалатыны және қандай типті болатыны көрсетілген. 
Баяндауыштың  дара  түрі  туралы  былай  дейді:  «Несоставным  могут  быть:  1.  Имена 
существительные,  как  собственные,  так  нарицательные,  собирательные  и  отвлеченные, 


 
определяющие  или  объясняющие  подлежащего…  2.  Имя  прилагательное,  прямо 
определяющее  качество  или  состояние  подлежащего.  3.  Местоимения  личные  и 
притяжательные...  4.  Имена  числительные…  5.  Неопределенное  наклонение  всякого 
глагола… 6. Наречие вообще» [2, 415-416 бб.].  
Баяндауыш  аталған  сөз  таптарынан  болады  деп,  бірақ  сол  сөз  таптарының  кейбір 
мағыналық,  морфологиялық  өзгешеліктері  ескертілмейді.  Ал,  етістік  тұлғаларынан 
болатын баяндауыш туралы айтылмаған.  
Профессор  Қазамбектің  осы  еңбегі  қазақ  тіліне  тікелей  қатысты  болмаса  да,  түркі 
тілдерін зерттеуде ерекше орын алады.  
Қазақ  тілін  зерттеуде,  оның  ішінде  грамматиканың  ең  күрделі  саласының  бірі 
синтаксис саласын зерттеген  ғалым, профессор П.М. Мелиоранский болды.  Ғалым  өзінің 
«Краткая грамматика казах-киргизского языка» деген еңбегінде  қазақ тілінің синтаксисін 
зерттеп, көбінесе жай сөйлемге, ал құрмалас сөйлемге азырақ тоқталады.   
Профессор П.М. Мелиоранскийдің «Синтаксисінде» сөйлем құрылысы, бас мүшелер 
жайында  былай  айтылған:  «При  плавной,  спокойной  речи  простые  предложения  состоят 
по  крайней  мере  из  двух  членов:  подлежащего  и  сказуемого;  как  подлежащее,  так  и 
именное сказуемое стоят в именительном падеже, и подлежащее стоит обыкновенно перед 
сказуемым.  Сказуемым  могут  быть  имена  и  глаголы.  Если  сказуемое  выражено 
посредством  имени  (а  равно  именной  глагольной  формы),  то  для  показания  связи между 
ним  и  подлежащим  употребляются  при  1-м  и  2-м  лице  обоих  чисел  предикативные 
местоименные аффиксы, а при третьем лице обоих чисел частица «-ды», «-ді» и т.д. Эти 
аффиксы, а особенно частица «-ды», «-ді», иногда опускаются. 
Примечание.  Если  при  именном  подлежащем  сказуемое  выражено  именем 
прилагательным,  то  при  нем  обыкновенно  повторяется  имя,  служащее  подлежащим. 
Например, «Твоя лошадь хороша» по-киргизски будет «Сенің атың жақсы ат» [3, 1-2 бб.].  
Бұл  еңбекте  жай  сөйлемнің  құрылысы,  жұмсалу  ерекшеліктері,  бастауыш  пен 
баяндауыштардың  морфологиялық,  синтаксистік  тұлғалары  тар  көлемде  болса  да 
анықталмаған.    
 Cөйлем түрлері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеу А.Байтұрсынұлы 
есімімен  де  байланысты.  1925  жылы  Қызылорда  қаласында  басылып  шыққан  «Тіл-
құралдары»  (үш  кітап)  оқу  орындарының  оқулығы  есебінде  жұмсалған  елеулі  еңбек 
болды.  Онда  грамматикалық  атаулар  мен  дыбыс,  буын,  сөз,  сөйлем,  құрылыстары 
жайында  жүйелі  түрде  мағлұматтар  берілген.  Синтаксиске  қатысты  бастапқы  мағлұмат 
үшінші  «Тіл-құралында»  баяндалады  [4,  6  б.].  А.Байтұрсынұлы  еңбегінде  жалаң, 
жайылма,  болымды,  болымсыз,  толымды,  толымсыз,  сұраулы,  лепті,  тілекті,  жай  сөйлем 
және құрмалас сөйлем түрлерін бөліп қарастырады. Автор сөйлемдердің түрін жеке бөліп 
қарастырғанымен,  етістікті,  есімді  сөйлем  түрлері  туралы  пікір  қозғамайды.  Алайда 
автордың  бұл  еңбегінде  сөйлем  түрлерін  ажырату  барысында  мынадай  есімді  сөйлемдер 
кездеседі:  
-Болымды сөйлем: Бурыл атта бұғау бар, оны да кесер егеу бар.    
-Болымсыз  сөйлем: Байлық  мұрат емес, жоқтық  ұят емес  деген сөйлемде  мұрат 
емес, ұят емес зат есімдері мен болымсыз етістік арқылы жасалған құрама баяндауыштар 
сөйлемді тиянақтап тұр.  
-Толымды сөйлем: Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек.  
-Жалаң сөйлем: Ет жасық. Қымыз-сусын. Аспан ашық.  
-Жайылма сөйлем: Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. 
Бұл  сөйлемдердегі  баяндауыштары  жапырақ,  шүберек,  сусын,  балада,  далада  –  зат 
есімнен, ашық, қымбат – сын есім сөз таптарынан жасалған есімді сөйлемдер.  
-Лепті сөйлем: Уф, алла! Тамаша қарағанға нұрың қандай!  


 
А. Байтұрсынов жай сөйлемге мынандай анықтама береді: «Сұраусыз, лепсіз, тілексіз 
айтылған сөйлемдердің бәрі жай сөйлем деліп аталады» - деп «Өзің қойған зекетші, біздің  
елде  Жүзбай  бар.  Жаңа  мұның  жолдасы  қара  тамыр  Дадан  бар.  Еріп  жүрген  соңында 
қырық-отыздай  адам  бар»-деген мысалдар арқылы көрсетеді. Бұл мысалдардан көбінесе 
баяндауышы  «бар»  сөзі  арқылы  жасалып  отырғанын  көреміз,  тек  бір  ғана  сөйлем:  «Ат 
ерінді келеді, ер мұрынды келеді» - деп етістікті баяндауыш түрін берген. Автор:  
«Сөйлемдер  арасында  екі  түрлі  жақындық  болады.  Бірі  –  ішкі,  бірі  –  тысқы.  Ішкі 
жақындық  -  мағана  жүзіндегі  жақындық.  Мағына  жақындығынан  басқа  жақындық  жоқ 
сөйлемдер  іргелес деліп, мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөйлемдер 
құрмалас
 деліп аталады» - дейді. Автордың іргелес сөйлемдерінде де есімді сөйлемдерді 
кездестіреміз, мысалы: «Күн ашық. Тоғайлар шат. Ың-жың орман. Сыбағама қоңыр қаз. 
Үлесіме  үш  үйрек.  Осы  сөйлемдердің  баяндауыштары  ашық,  шат  сын  есімді,  орман, 
жалпы есімді, қоңыр қаз, үш үйрек күрделі есімді баяндауыштар арқылы берілген [4, 296-
302 бб.]. 
Салалас  құрмаластың:  жиылыңқы,  қайырыңқы,  айырыңқы,  сұйылыңқы,  қойылыңқы 
деп  бес  түрге  бөліп  көрсетеді.  А.  Байтұрсынұлының  салалас  құрмаластың  сұйылыңқы 
қиысу  түріне  берген  мысалында  да:  «Сабыр  түбі  сары  алтын,  сарғайған  жетер 
мұратқа, асыққан қалар ұятқа не болмаса Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес
еңкейгенге еңкей, атаңнан қалған құл емес».  
Сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді  басыңқы  және  бағыныңқы  мүшенің  атауымен 
аталатындығын  көрсетеді:  бастауыш  бағыныңқы,  анықтауыш  бағыныңқы,  толықтауыш 
бағыныңқы, 
мезгіл 
пысықтауышының 
бағыныңқысы, 
мекен 
пысықтауышының 
бағыныңқысы, 
сын 
пысықтауышының 
бағыныңқысы, 
себеп 
пысықтауышының 
бағыныңқысы,  мақсат  пысықтауышының  бағыныңқысы,  шартты  бағыныңқы,  ереуіл 
бағыныңқы.  Автордың  толықтауыш  бағыныңқы  берген  мысалынан  есімді  құрмалас 
сөйлемді  кездестіруге  болады:  «Кім  жалқау  болса,  жоқтық  соған  жолдас».  Сондай-ақ 
шартты  бағыныңқы  және  ереуіл  бағыныңқы  түрлерінде  де  құрама  баяндауышты  есімді 
сөйлемдер кездеседі:  «Тоқпағы  зор  болса, киіз қазық жерге кірер. Қыс қатты  болса  да
мал  аман  шықты».  Бұл  екі  сөйлемнің  де  баяндауыштары  зор,  қатты  сапалық  сын 
есімдері  мен  бол  көмекші  етістігіне  –са  шартты  рай  жұрнағының  түйдектелуі  арқылы 
және  екінші  сөйлемнің  баяндауышына  да  күшейткіш  шылауының  тіркесуі  арқылы 
жасалып тұр [4, 306-307 бб.]. 
А.  Байтұрсынұлынан  кейін  құрмалас  сөйлем  синтаксисін  зерттеген  ғалымдардың  – 
Қ.Жұбанов,  А.Ысқақов,  С.Жиенбаев,  С.Аманжолов,  Н.Т.Сауранбаев,  Т.Қордабаев, 
Қ.Есенов, Р.Әмір, Б.Сағындықұлы, Т.Ермекова.   
Қ.  Жұбанов  «Қазақ  тілі  жөніндегі  зерттеулер»  деген  еңбегінде  жай  сөйлем,  жалаң, 
жайылма  сөйлемдерді  қарастырып, оларға  анықтама  береді.  Автор:  «Сөздің  дауыс  сазын 
негізінде үш ірі топқа айыруға болады» - деп «1. Хабар сазы. 2. Леп сазы. 3. Сұрау сазы» - 
деп  атайды.  «Жалаң  сөйлем,  жайылма  сөйлем,  сабақтас  сөйлем  тағысын-тағылардың 
әрқайсысы хабар сазды да, леп сазды да, бола береді. Мұның керісінше бұл соңғылардың 
әрқайсысы  жалаң  да,  жайылма  да,  сабақтас  та  т.т.  бола  береді.  Өйткені  сөйлемді  жалаң, 
жайылма,  күрделі  жеткіліксіз  деп  таптастыру  –  сөйлемнің    мүше  құрылысына  қарай 
таптастырғанымыз да, хабар сазы, сұрау сазы деп жіктеу – сөйлемнің дауыс құрылысына, 
әніне,  сазына  қарай  таптастырғанымыз.  Сондықтан  мүше  құрылысы,  тіпті  сөздігі 
(лексикасы)  жағынан  бір-ақ  түрлі  болатын  сөйлем,  сазы  жағынан  түрлі-түрлі  болуы 
мүмкін»  -  [5,  217-218  бб.]  деп  автор  түсініктеме  береді.  Қ.  Жұбановтың  бұл  еңбегінде 
баяндауыш  туралы  сөз  болғанымен,  есімді,  етістікті  баяндауыш  деп  пікір  қозғамаған. 
Дегенмен,  мына  мысалдардан  есімді  баяндауыштарды  байқадық:  «-Менің  кітабымның 
түсі көк. –Көк? Қой, қайдан көк болсын, қара шығар». Осы жерде автор: «Міне, мұндағы 


 
екі  сөйлемде  де  көк  деген  сөз  бар.  Бірақ  алдыңғы  сөйлемдегі  көк  пен  соңғысының 
басындағы көктің айтылуында айырма бар. Үйткені алдыңғы сөйлемдегі көк мойындай  
айтылған,  соңғы  сөйлемдегі  бірінші  көк  сұрай,  күмәндана  айтылған»  -  деп  автор  сын 
есімді баяндауышпен айтылған сөйлемнің айтылудағы мағыналық ерекшелігін атап өтеді. 
Осы еңбегінде: «Қай бала? Оқушы бала. Оқушы бала ма? Я, оқушы бала. Әнші бала ше? 
Ұзын  бойлы  қараша  жігіт»  -  [5,  216  б.]  деген  мысалдарды  да  есімді  сөйлемдер  арқылы 
береді.  
1941  жылы  шыққан  С.  Жиенбаевтың    «Синтаксис  мәселелері»  [6]  атты  еңбегі 
құрмалас сөйлемнің табиғатын ашуға күрделі еңбектердің бірі болып саналды. 1940 жылы 
С. Аманжоловтың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқа курсы» жарық көрді [7]. Автор 
бұл  еңбегінде  құрмалас  сөйлем  синтаксисі  мәселелеріне  көбірек  назар  аударды. 
С.Аманжоловтың  осы  еңбегі  өңделіп,  қайта  басылып  1994  жылы  «Қазақ  әдеби  тілі 
синтаксисінің қысқаша курсы» деген атпен шығады [8, 320 б.].  
Автор  еңбегінің  алғашқы  нұсқасында  есімді  құрмалас  сөйлемдер  кездеседі,  бірақ 
автор  есімді  құрмалас  сөйлемдер  туралы  ешқандай  пікір  айтпайды.  Мысалы:  1.  Бұрын 
Қазақстанда ауыл шаруашылығы басым еді. Қазір өндіріс кәсібі басым болды. 2. Есіктің 
алды  күртік,  күртіктің  басынан  ақтаяқ  жүріп  жатыр.  3.  Қанаш  белсенді  азамат
Қанаштың  (оның)  еңбегін  колхоз  бағалайды.  4.  Оны  айту  менің  міндетім:  қасқырды 
алдымен айтқан Байбол. 5. Менің айтайын дегенім осы, ендігісін өзің біле жатарсың. 6. 
Жамбыл көпті көрген адам, әрі оның өлең шығарудағы тәжірибесі мол. 7. Таң жақындап 
қалды, бірақ түн әлі қараңғы [7, 120-121 бб.].  
Осы  мысалдардың  баяндауыштарына  назар  аударып  көрелік.  Бірінші  сөйлем  – 
салалас  сөйлем,  бірінші  сыңарының  баяндауышы  қатыстық  сын  есім  (басым)  және  (еді
көмекші  етістігінің  түйдектелуінен  болса,  екінші  сыңарының  баяндауышы  (басым)  да 
қатыстық  сын  есім  мен  болды  көмекші  етістігінің  түйдектелуінен  жасалған  құрама 
баяндауыш. 2-ші сөйлем де салалас, бірінші сыңарының баяндауышы (күртік) туынды зат 
есімнен  жасалған.  3,  6-шы  сөйлемдердің  есім  баяндауыштары  азамат,  адам  –  нольдік 
тұлғадағы  жалпы  есімдер.  4-ші  сөйлемнің  бірінші  сыңарының  баяндауышы  (міндетім).  І 
жақ  тәуелдік  жалғауы  жалғанған  зат  есім  арқылы  жасалса,  5-ші  сөйлемнің  осы  сілтеу 
есімдігі құрмалас сөйлемнің есімді баяндауыштары қызметін атқарып тұр. 7-ші сөйлемнің 
екінші  сыңарының  баяндауышы  (қараңғы)  сын  есімнен  болған  баяндауыш,  қарсылық 
салалас құрмалас сөйлем.  
Көне түркі тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің де өзіндік ерекшеліктері мол екендігін 
ф.ғ.к.  О.С.Сапашев  «Көне  түркі  тіліндегі  сөйлем  мүшелері»  атты  еңбегінде  дәлелдеп, 
сөйлемнің баяндалу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы және модальды (лепті) сөйлемдер 
деп қарастырады. Мысалы, хабарлы сөйлемге: «Талуйқа кічіг тегмедім» (КТк., 3) «Теңізге 
сәл  жетпедім».  Сұраулы  сөйлемге:  Қағаны  мы  қысайын  тідім  (Тұн.,5)  «Қаған  сайласам 
ше?  –  дедім».  Модальды  сөйлемге:  Қарағұ  едгүтү  ұрғыл  (Тұн.,  34).  «Қарауылды 
жақсылап  ұста».  Жай  сөйлем  қай  тілде  болмасын  екі  басты  құрамның  синтезінен  – 
бастауыш пен баяндауыштан немесе субъект пен предикаттан тұрады. Ескерткіштер тілін 
қарастыру  барысында  көне  түркі  тілінде  есім  баяндауыштардың  орныға  бастағаны 
байқалады,  яғни  көне  тілдің  өзінде  предикаты  есімнен  болып  келген  сөйлемдер 
ұшырасады. Көне және қазіргі түркі тілдерінің көпшілігіне тән ерекшеліктің бірі – есімнен 
болған 
баяндауыштардың 
жақтық 
көрсеткішсіз 
келуі. 
Түркі 
тілдерінде 
есім 
баяндауыштың жақтық көрсеткіші жіктеу есімдіктерінің негізінде көрінеді. 
 
Әдебиеттер: 
1. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Ана тілі, 
1992. – 247 б. 
2. Казамбек М.А. Грамматика турецко-татарского языка. – 1-издание. – Казань, 1839.– 416 с.  


 
3. Мелиоранский  П.М. Синтаксис  /  Краткая  грамматика  казах-киргизского  языка:  В  2-х  ч.  – 
Санкт-Петербург: Типография имп. АН, 1897. – Ч. 2. –  92 с
.  
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б. 
5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б.  
6. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. – Алматы: Қазмембас, 1941. – 43 б
.    
7.  Аманжолов  С.  Қазақ  тілі  ғылыми  синтаксисінің  қысқа  курсы.  Қолжазба    ретінде.  – 
Алматы, 1940. – 141 б.  
8. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994.    
 
Резюме 
В 
статье 
рассматриваются 
особенности 
именных 
предложений. 
Определяются 
коммуникативно-семантическое  отношения  именных  предложений.  Также,    особенности  одного 
из педагогических измерений и пути составления тестовых задач по новой технологии, основные 
аспекты в обучении казахского языка.  
 
Summary 
The  article  considers  the  peacliarities  of  one  of  the  pedagogical  measures  and  ways  of  preporing 
tests on professor V.S.Avanesov's technology fased  on aspects of teaching the leazahh language. 
 
 
 
УДК 316'9 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет