Issn 1607-2782 Республикалық



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата27.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#10576
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

      Түйіндеме 
Мақалада  кәсіпорынның  материалдық  емес  активтерінің    ішіндегі  маңыздысы  болып 
табылатын  іскерлік  беделдің  мәні  туралы    айтылған.  Кез  келген  бәсекеге  қабілетті  өндіруші 
тұтынушылар  тауып,  пайда  алу  үшін,  ең  алдымен  өзіне  салым  салу  қажеттігін  біледі.  Себебі 
өндірушінің жақсы аталуы кез келген жарнамадан нәтижелі болатыны белгілі. 
     
    Summary 
The  article  says  the  value  of  goodwill,  which  is  the  most  important  intangible  asset  of  the  entity. 
Any competitive producer knows to get the consumer audience and profit, you need to invest primarily in 
itself. After all, a good name is better than any advertising works. 
 
 
 
 

59 
 
ӘОЖ 624 (574) 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
 ТУРИЗМНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ 
 
Г.ИСАЕВА, магистрант
,  
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,  
С.БОЛАТҚЫЗЫ, Экономика ғылымдарының
 кандидаты,  
Экономика және басқару академиясы 
 
Қазақстан  алғаш  рет  шетел  туристерін  өткен  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап 
қабылдай  бастады.  Кеңес  Одағы  тарағаннан  кейін  егеменді  Қазақстан  Республикасы 
ұлттық  табысы  төмен  дамушы  елдердің  қатарында  болды.  Сондықтан  да,  нарықтық 
экономика  кезеңінде  Қазақстанды  туризмі  дамыған  елдер  қатарына  қосу  үшін  шетел 
туристерін қабылдау бағытында тиімді жұмыс істеу қажеттілігі туындады. Демек, туризм – 
экономиканың  саласы  ретінде  еліміздегі  жалпы  ұлттық  өнімнің  негізгі  табыс  көздерінің 
біріне айнала алады [1].  
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев елімізді дамытудың маңызды 
бағыттары  қатарында  туризм  индустриясын  барынша  өркендетуге  басымдық  сипат 
беруде.  Әлемнің  озық  мемлекеттерінің  қатарынан  көрінуде  саланың  серпінді  секірістер 
жасауы  шешуші  мәнге  ие  болмақ.  Елбасының  туристік  кластерлерді  қалыптастыру 
жөніндегі тапсырмасы күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі де сондықтан. 
Бүгінде туризм экономикалық және әлеуметтік салада мемлекеттің дамуына айрықша 
ықпал  ететін  қызмет  түрі  болып  табылады.  Оның  үстіне,  ол  дамыған  елдерде  халықты 
жұмыспен қамтамасыз етудің басты қозғаушы күші ролін атқарады. 
Соңғы  уақытта  туризмнің  және  салалық  индустрияның  инфрақұрылымын  дамыту 
үшін  әкімшілік  кедергілерді  жоюда,  заңнамалық  және  қажетті  нормативтік-құқықтық 
базаларды  жетілдіру  бойынша  үлкен  жұмыстар  атқарылды.  Дүниежүзілік  туристік 
ұйыммен  тығыз  ынтымақтастық  орнатылды.  2007  жылдың  қараша  айында  Картахен-де-
Индиас қаласында (Колумбия) Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымы 
Бас  ассамблеясының  17-сессиясына  Қазақстан  делегациясының  қатысуы  еліміз  үшін 
маңызды тарихи оқиға болды. 
Еліміз қазірдің өзінде тиімді капитал орналастыру және инвестиция салу тұрғысынан 
көптеген  шетелдік  инвесторларды  қызықтырып  отыр.  Мәселен,  соңғы  кезде  шетелдік 
компаниялар  туризм  секторына  және  туристік  инфрақұрылымының  дамуына,  Іле 
Алатауының  етегінде  (Шымбұлақ,  Түрген)  тау  шаңғысы  курортын  салуға  тиісті  қаражат 
бөліп келеді. 
Қазақстан  өз  кезегінде  Алматы  облысының  Қапшағай  су  қоймасы  жағалауында, 
Ақмола  облысының  Щучье-Бурабай  курорттық  аймағында,  Маңғыстау  облысындағы 
«Кендірлі» және «Ақтау-Сити» демалыс аймағында көзделген инвестицияны дамыту мен 
тартымды  туристік  орталықтарды  салу,  сонымен  қатар  Ұлы  Жібек  жолындағы Түркістан 
қаласында  және  Байқоңыр  ғарыш  айлағында  мәдени-танымдық  туризмді  дамытуға  баса 
мән  беріп  отыр.  Қазақстан  –  Азия  мен  Еуропаның  ең  ірі  мемлекеттерін  біріктіретін 
аумақта  орналасқан.  Мұндай  тиімді  географиялық  жағдай  халықаралық  туристік 
байланыстардың дамуына оң әсер етеді. 
Қазақстанда  тау-шаңғылық,  мәдени-танымдық,  экологиялық,  оқиғалық,  іскерлік, 
сауықтыру, аңшылық және басқа да туризмді дамытуға ықпал ететін жақсы мүмкіндіктер 
бар.  Қазіргі  кезде  еліміздегі  көптеген  табиғи  қорықтар,  мемлекеттік  және  ұлттық 
саябақтар мен табиғи ескерткіштері де туризмді дамытуға өз септігін тигізе алады. Еліміз 
тәуелсіздігінің  алғашқы  жылдарында  отандық  туристік  индустрияның  жеке  өкілдері 
өңірлік, республикалық және халықаралық бағдарламалары мен жобаларын іске асыруда, 

60 
 
туристік  қызметті  ұйымдастыруда,  туризмнің  материалдық-техникалық  базасын  дамыту 
және  нығайтуда,  көрсетілетін  туристік  қызметтің  сапасын  қамтамасыз  етуде  белгілі  бір 
жетістіктерге қол   жеткізді [2]. 
Сондықтан,  Қазақстандағы  туризм  сыртқы  экономикалық  байланыстағы  кластерлік 
дамудың  басым  бағыттарының  бірі  болып  отыр.  Туризмнің  тиімді  дамуы  үшін  отандық 
және  шет  елдік  туристік  операторлардың  бірлесе  отырып  атқарған  білікті  қызметтерінің 
маңызы  өте  үлкен.  Алайда  елімізде  әзірге  дейін  туризмнің  толық жүйесі  жоқ.  Сондықтан 
да,  туристерді  барлық  керекті  жабдықтармен  ,  жарнамамен,  сауда  қызметімен,  көлікпен, 
қонақ  үйлерге  орналастырумен,  тамақтандырумен  қамтамасыз  етумен  байланысты 
сұрақтар өз шешімін таппай отыр. 
Еліміздегі  туризмнің  дамуының  жеткіліксіздігінің  тағы  бір  себебі  –  ол  туризмді 
дамытуға  қажетті  ғылыми  негіздеудің  жоқтығы.  Біліктілігі  жоғары  кадрларсыз  туризм 
саласын дамыту мүмкін емес. 
Туризмнің дамуына кедергі келтіріп отырған тағы бір мәселе – салық саясаты. Туризм 
саласындағы  фирмалар  елге  ұлттық  табыс  ретінде  валюталық  ресурстарды  тартатын 
болғандықтан, оларға белгілі бір жеңілдіктер қарастырылуы тиіс.  
Бұдан  басқа,  бүгінде  бірқатар  мәселелер  туындап  отыр,  оларды  шешу  арқылы 
көзделген мақсатқа, яғни Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі туризм орталығы ретінде 
қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді [3]. 
Бірінші,  туристік  және  көліктік  инфрақұрылымдардың  жеткіліксіз  дамуы.  Қонақ 
үйлерді,  пансионаттарды,  демалыс  үйлері  мен  базаларын  қоса  алғанда,  орналасу 
объектілерінің, сонымен қатар санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы 
моральдық  және  физикалық  тозғандығымен  сипатталады  және    халықаралық  талаптарға 
сай емес. 
Екінші,  қызмет  көрсетудің  төмен  сапасы  және  Ұлы  Жібек  жолының  қазақстандық 
бөлігінде  таңбалы  тарихи  орындардың  қиындық  тудыруы  қазақстандық  та,  шетелдік  те 
туристердің  үрейін  туғызады.  Біздің  тарихи  мұрамыздың  туристік  бағдарларларын 
халықаралық насихаттау мен жылжыту да сапалы түрде қайта қарауды талап етеді.  
Туризмді  дамыту  көлік  инфрақұрылымының  жағдайымен  тікелей  байланысты 
болғандықтан,  әуе  және  темір  жол  тасымалы  географиясының  шектеулілігі,  ішкі  және 
сыртқы туристердің топтық сапарлары үшін көліктің барлық түріне жол жүру билеттеріне 
жеңілдіктер жүйесінің болмауы маңызды проблемаға айналып отыр.  
Үшінші,  кадрларды  даярлаудың,  қайта  даярлаудың  және  олардың  біліктілігін 
арттырудың төмен деңгейі және туризмнің ғылыми базасының жоқтығы 
Туризмді дамытуға кедергі жасайтын негізгі проблемалардың бірі  қызмет көрсететін 
салада  мамандандырылған  туристік  кадрлардың  болмауы  болып  табылады.  Бұл  туризм 
индустриясы  объектілерінде  білікті  мамандардың  болмауы  проблемасына  ғана  емес, 
сонымен қатар туристік сала үшін кадрлар даярлау сапасына да қатысты.  
Төртінші,  туристік  индустрияда  ұсынылатын  қызметтердің  төмен  сапасы.  Бұл 
Қазақстанда  туристік  визаларды  рәсімдеу,  шетелдік  туристерді  тіркеу  процедураларына, 
кедендік және паспорттық бақылау мерзімдеріне қатысты.  
Бесінші,  туризм  елі  ретінде  Қазақстанның  жеткіліксіз  деңгейдегі  тартымдылығы. 
Елдің  оң  туристік  имиджін  жылжыту  жөніндегі  іс-шаралар  жүйесіз  сипатта,  туризм 
жөніндегі  көрмелерге  қатысу  мемлекеттің  жарнамалық  қызметінің  тиімділігін  толық 
өлшемде  қамтамасыз  етпейді.  Осы  уақытқа  дейін  туристерді  тартуда  Қазақстан  үшін 
бірінші  басымдықты  нарықтар  болып  табылатын  елдер  –  Германия,  Ұлыбритания, 
Оңтүстік  Кореяда  туристік  өкілдіктер  (шетелдердегі  мекемелер  жанынан  туризм 
бөлімдерін)  ашу  және  олардың  қызметін  қамтамасыз  ету  мәселесі  шешілмей  отыр. 
Сонымен  қатар,  жыл  сайын  орасан  көп  туристерді  қабылдайтын,  туризм  саласында 
дамыған  елдердің  (Франция,  Испания,  Германия)  тәжірибесі  аталған  мәселені  шешу 

61 
 
қажеттігін  куәландырады.  Шындығында  да  Афинадағы  Акропольдың,  Римдегі 
Колизейдің, 
Үндістандағы 
Тәж-Махалдың, 
Мексикадағы 
Чичен-Ица 
храмының 
ешқайсысынан кем соқпайтын мәдени мұралардың Қазақстанда да мол екендігі жасырын 
емес. 
Басқаны  былай  қойғанда,  Арыс  өзені  маңындағы  Көк  Мардан  қонысы (б.з.  1-8  ғ.ғ.), 
Сыр өңіріндегі Алтын-Асар қалашығы (б.з. 1-6 ғ.ғ.), Алып қалашығы (б.з.1-4 ғ.ғ.), Талғар 
маңындағы Талхир қалашығы (б.з.5-7 ғ.ғ.), Бақанас аулынан 200 шақырым қашықтықтағы 
Қарамерген қалашығы (б.д. 11-13 ғ.ғ.), Тараз қаласы маңындағы Ақыртас қалашығы (б.з.8 
ғ.) әрбір шетелдікті еріксіз таңдандыра алатын көне мұралар екендігі сөзсіз және  олардың 
да  әлемдік  мәдениет  үлгілерінен  кем  соқпасы  анық.  Өзіміздің  Балқаш  пен  Алакөлдің 
Қырғызстандағы Ыстықкөлден кем еместігі де жасырын емес.  
Халықаралық  сарапшылардың  пікірінше,  елімізде  туризмді  дамытуға  төмендегідей 
жағдайлар кедергі келтіруде: 
–    шетелдік туристердің виза алып, көші-қон органдарында тіркелуіндегі кедергілер; 

 
құжаттарды рәсімдейтін білікті мамандардың жетіспеушілігі; 

 
инфрақұрылым мен маркетинг деңгейінің сын көтермейтіндігі және т.б. 
Сонымен,  ел  экономикасының  дамуындағы  туризмді  ұйымдастыру  мен  туристік 
қызметтердің ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштерді және оны реттеудің әдістемелік 
негіздерін  зерделей  отырып,  туризмді  ұтымды  ұйымдастыру  мен  реттеу  бағыттарын 
айқындау  және  тетіктерін  белгілеу  үлкен  зерттеулік  жұмыстарды  қажет  ететін  күрделі 
үрдіс екеніне көз жеткізуге болады.  
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Менеджмент туризма: Туризм и отраслевые системы. – М.: Финансы и статистика,  2001. 
2.
 
История туризма. Развитие и научное изучение. – Алматы, 2003. 
3.
 
Кельбуганова Л. Казахстанский туристский продукт в кластерной политике //Экономика и 
статистика. – Алматы,  2005. – № 2. – С.126-129. 
 
Резюме 
В  статье  рассмотрена  роль  туризма  в  экономике  Казахстана,  участие  Казахстана  в  сессии  
Высшей  ассамблеи  Всемирной  туристской  организации,  рассмотрены  объекты  интересующие 
зарубежных  инвесторов  для  вложения  инвестиций.  Проанализированы  вопросы  о  становлении  
Казахстана в качестве туристического центра в Центральной Азии. 
 
Summary 
In article the role of tourism in economy of Kazakhstan, its first participation in session of the Higher 
assembly  of  the  world  tourist  organisation  is  considered,  objects  interesting  foreign  investors  for  an 
investment of investments are considered. Questions on formation of Kazakhstan as the tourist centre in the 
Central Asia are analysed. 
 
 
ӘОЖ 624 (574) 
 
ҚАЗАҚСТАН
 РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ 
ЖАҒДАЙЫ
 
 
Л.А.КАЗБЕКОВА, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
 
М.А.ЕЛПАНОВА, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Құрылыс  - материалдық  өндірістің  қуатты  индустриалдық  саласы  болып  табылады. 
Күрделі құрылыстың көлемі мен деңгейінен материалдық өндірістің барлық салаларының 

62 
 
дамуы,  экономикалық  потенциалдың  және  мемлекеттің  ұлттық  табысының  өсуін 
қамтамасыз  ету  маңызды  деңгейде  тәуелді  болады.  Құрылыс  саласына  инвестицияларды 
салу  инвестициялық  қызметпен  тығыз  байланысты.  Нарық  жағдайында  құрылыс, 
өндірістік  сфераның  барлық  салаларындай  капиталдың  еркін  динамикасы  және  әрбір 
меншік  объектісінің  қызмет  еркіндігімен  байланысты  жаңа  экономикалық  маңызға  ие 
болады.  Әкімшілік-жоспарлық  экономикаға  тән  сатылас  салалық  байланыстар  орнына 
инвесторлардың  деңгейлес  салалық  байланыстары  келеді,  сондықтан  экономикалық 
процес ретіндегі құрылыс ғимараттар немесе құрылыстардың өмірлік циклы бойы капитал 
иелерінің үздіксіз инвестициялық қызметін қарастырады.       
«Құрылыс»  саласы  туралы  айтқанда  нарықтық  экономистер,  инвестициялық 
процестердің  қалған  қатысушыларымен  капитал  иелерінің  қатынастарының  біркелкілігін 
түсінеді,  яғни  құрылыспен  байланысты  инвестициялық  кешен  [1].  Адамның  қажеттілігін 
қанағаттандыру барысында құрылысқа  ерекше қамтамасыз етуші ролі тән. Аймақ немесе 
ел сияқты  үлкен шаруашылық жүйелердің  аумағында бұл мақсат кезеңмен жүзеге асады. 
Бұл  кезеңдер  қажеттіліктердің  даму  деңгейімен  байланысты,  себебі:  құрылыс  адамның 
тұрғын  үйге  деген  қажеттілігін  қанағаттандыруға  негізделген.  Бұл  бірінші,  ең  жоғары 
деңгейдің  құрылыс  өнімі;  басқа  қажеттіліктерді  қанағаттандыруда  мысалы,  өндірістерге, 
азық-түлік  өнімдерін сақтау және  өткізуге, тұтыну  құралдары мен   қызметтерге арналған 
ғимараттармен  қамтамасыз  етуде  құрылыс  ықпал  ету  функциясын  орындайы;  тұтыну 
құралдарын  және  қызмет  көрсету  үшін  өндіріс  құралдарын  өндіруге  қатысатын  құрылыс 
өнімі;  құрылыс  өнімінің  деңгейі  жоғарыда  көрсетілген  өндіріс  құралдарын  өндірумен 
байланысты;  басқа  құрылыс  өнімін  өндіруге  қолданылатын  құрылыс  өнімі.  Бұл  құрылыс 
материалдары, бұйымдары және т.б. өндіретін кәсіпорындар. 
Құрылыс  нарығы  жүйе  ретінде  құрылыс  нарығы  субъектілерін;  нарықтық 
қатынастар  объектілерін;  құрылыс  кешені  нарығының  инфрақұрылымын;  нарықтық 
механизмді;  мемлекеттік  бақылауды;  нарықты  реттеуді  қарастырады.  Құрылыс 
нарығының субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, мердігерлер, жобалық-
ғылыми ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттар, құрылыс материалдары, бұйымдары және 
контрукциялары  өнеркәсібі  кәсіпорындары,  құрылыс  және  жол  машина  жасау 
кәсіпорындары, 
технологиялық, 
энергетикалық 
және 
басқа 
да 
жабдықтарды 
әзірлеушілері-кәсіпорындар  табылады.  Нарықтық  қатынастар  объектілеріне  құрылыс 
өнімдері  (ғимараттар,  салулар,  объектілер,  олардың  кешендері  және  т.б.),  құрылыс 
машиналар,  транспорттық  құралдар,  материалдар,  бұйымдар,  конструкциялар,  капитал, 
жұмыс күші, ақпарат жатады. 
Құрылыс  кешені  нарығы  оған  қызмет  етуші  заманауи  ақпараттық  жүйе  болған 
жағдайда  ғана  тұрақты  жұмыс  атқарады.  Құрылыс  кешені  нарығының  ақпараттық 
жүйелерінің 
негізгі 
мақсаттары: 
мүмкін 
болатын 
тапсырыс 
берушілердің 
(инвесторлардың)  құрылыс  өніміне  қажеттіліктерін  білу;  нақты  мәліметтер  банкін  құру; 
құрылыс-монтаж  ұйымдарының  ағымдағы  мүмкіншіліктері,  шығарылатын  құрылыс 
материалдарының  номенклатурасы,  сапасы,  бағалары,  коммерциялық  дербестікке  ие 
инвестициялық  жобалар  туралы  ақпараттың  болуы,  жылжымайтын  мүлік  нарығымен 
өзара байланыс; аймақта және орталықта жобалар, қаржылық (инвестициялық) ресурстар, 
құрылыс  материалдар,  машиналар,  механизмдер,  құрылыс  өнімдері  бойынша  тендерлер 
өткізуге  жағдай  жасау;  министрліктермен,  сонымен  қатар  жергілікті  әкімшілік 
органдармен өзара байланыста болу. 
Құрылыс  саласы  ұлттық  экономиканың  нақты  секторының  негізгі  саласы  болып 
табылады. 
Құрылыс 
ұйымдарының 
шаруашылық 
қызметі 
бәсекелестік 
және 
инвестициялық-құрылыс  саласындағы  бизнес-жағдайдың  белгісіздік  жағдайында  жүзеге 
асады. Сондықтан, ұйымдар алдында қызмет ету мәселесінің басқа шешімін табу мақсаты 
қойылады,  тиімді  басқарушылық  шешімдер  қабылдау  мүмкіндігін  беретін  механизмдер 

63 
 
құру.  Күрделі  құрылыс  ұлттық  экономиканың  негізгі  саласы,  мұнда  елдің    өндірістік 
потенциалының  материалдық  базасын  реформалаудың  және  өндірістік  емес  сала 
дамуының маңызды мәселелері шешіледі. 
Құрылыс Қазақстан Республикасының ең белсенді дамып келе жатқан салаларының 
бірі  болып  табылады.  Қазіргі  жағдайда  Қазақстан  Республикасында  құрылыс  кешені 
өзгермелі  болуда,  ұлттық  экономиканың  тұрақсыз  секторы  болып  келеді,  ол  сыртқы 
факторлар  әсерінің  күшеюі  жағдайында  қызмет  етудің  тұрақсыздығымен,  белгісіздігімен 
сипатталады.  Оның  тұрақты  дамуы  инвестициялық  қызметті  жандандыруынан, 
экономиканың  өндірістік  және  өндірістік  емес  салаларына  капитал  салымдарының 
кеңеюіне тәуелді болады [2]. 
 
 
 
 
Сурет 1 – ЖІӨ және құрылыс секторының өсу динамикасы 
 
Қазақстан  Республикасының  ЖІӨ  көрсеткіштерінің  тұрақты  өсуі  экономикалық 
жағдайдың тұрақтылығын куәландырады және құрылыс саласының көлемдерінің артуына 
жағдай  жасайды,  ол  2010  ж.  7%  өсуді  көрсетті.  Талдау  көрсеткендей,  ЖІӨ  және  сала 
көрсеткіштерінің 
өзара 
байланысы 
байқалады. 
Қазақстан 
Республикасының 
экономикалық  даму  және  сауда  министрлігінің  болжауын  ескере  отырып  2012ж.  6,9% 
мөлшерде құрылыс жұмыстары көлемінің артуын болжайды. 
1-кестеде  келтірілген  құрылыс  жұмыстары  көлемінің  динамикасы    Қазақстанда 
құрылыс  кешені  тұрақты  дамығанын  көрсетіп  отыр,  себебі  орындалған  жұмыстар 
көлемінің өсу қарқыны құрылыс ұйымдарының санының өсу қарқынынан асып түскен.  
 
Кесте 1– Қазақстан Республикасында орындалған құрылыс жұмыстары көлемі  
(млн. теңге)                            
Көрсеткіштер 
2006 ж. 
2007 ж. 
2008 ж. 
2009ж. 
2010 ж. 
2011 ж. 
Орындалған 
құрылыс 
жұмыстары көлемі 
1 066 321 
1 441 236 
1 617 464 
1 784 954 
1 821 819 
1 918 102 
Оның ішінде: 
Құрылыс-монтаж 
жұмыстары 
617 662 
839 554 
1 298 455 
1 481 698 
1 493 273 
1 501 162 
Күрделі жөндеу 
72 785 
81 075 
111 156 
129 096 
159 902 
165 074 
Ағымдық жөндеу 
33 506 
48 334 
66 914 
85 020 
106 853 
117 921 

64 
 
Басқа мердігерлік 
жұмыстар 
32 237 
54 119 
89 174 
87 685 
61 791 
133 945 
Тұрғын үй 
құрылысында 
орындалған 
құрылыс 
жұмыстарының 
көлемі  
148 665 
206 806 
312 549 
171 760 
106 151 
173 942 
 
Осы  мәліметтерді  талдай  келе  2006  ж.  бастап  орындалған  құрылыс  жұмыстар 
көлемінің оң өзгерісі тенденциясының байқалатынын белгілеуге болады. Сонымен, 2011ж. 
осы көрсеткіш 1 918 102 млн. теңге  құрады, ол 2006 ж. деңгейінен 79,9% жоғары. Соңғы 
жылдары  жаңа  технологиялар,  құрылыс  материалдарын  пайдалану,  ақпараттық- 
анықтамалық  және  нормативті  құжатнама  қолдану  арқылы  белсенді  екпіндермен  сәулет, 
құрылыс және  қала салу  сферасы дамуда. «Қазақстан Республикасында сәулет,  құрылыс 
және  қала  салу  қызметтері  туралы»  Заңының,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің 
қаулылары 
мен 
өкімдерінің, 
Қазақстан 
Республикасы 
индустрия 
және 
сауда 
Министрлігінің  құрылыс  істері  бойынша  Комитетінің  нормативті  актілерін  жүзеге 
асыруға негізгі алғы шарттар жасалған [3]. 
Құрылыс  қарқынының  артуы  мемлекет  Үкіметінің  басымды  мәселелерінің  бірі 
болып  табылады  және  бұл  мәселені  шешуде  экономика  секторына    маңызды  рөл 
жүктелуде.  Құрылыс  кешенінің  жағдайын  талдау  барысында  тұрғын-үй  кешенімен 
байланысты  көптеген  проблемалар  бізге  бұрынғы  кеңестік  одақтан  мұраға  қалдырылған. 
Құрылыс материалдық өндірістің қуатты индустриалды саласы болып табылады. Күрделі 
құрылыстың  көлемі  мен  деңгейінен  материалдық  өндірістің  барлық  салаларының  дамуы, 
экономикалық потенциалдың және ұлттық табыстың өсуі қамтамасыз етіледі. 
Экономиканы  табысты  реформалаудың    индикаторларының  бірі  болып  құрылыс 
кешенінің  динамикалық  дамуы  табылады.  Соңғы  алты  жылда  республикада  құрылыс 
қызметінің  белсендендіру  тенденциясы  байқалады.  ҚР  құрылыс  қызметінің  негізгі 
көрсеткіштері 2-кестеде келтірілген. 
 
Кесте 2 – Қазақстан Республикасының құрылыс қызметінің негізгі көрсеткіштері  
 
Көрсеткіштер 
2006 ж. 
2007 ж. 
2008 ж. 
2009 ж. 
2010 ж. 
2011 ж. 
Жалпы ішкі өнімдегі 
құрылыстың үлесі, % 
7,8 
9,8 
9,4 
8,1 
7,9 
8,5 
Нақты бағадағы незгі 
құралдарды іске 
еңгізу, млн. теңге 
1 422 505 
1 452 578 
1 519 892 
2 462 516 
2 614 462 
2 795 622 
Нақты бағадағы 
орындалған құрылыс 
жұмыстарының 
көлемі, млн. теңге 
1 066 321 
1 441 236 
1 617 464 
1 784 954 
1 821 819 
1 942 518 
Құрылыс ұйымдар 
саны, бірлік 
5 624 
6 278 
7 087 
7 383 
6 709 
7 428 
Пайдалануға берілген 
тұрғын үйлер, жалпы 
ауданы мың ш.м. 
4 992 
6 245 
6 679 
6 848 
6 403 
6 408 
Нақты бағадағы 
тұрғын үй 
құрылысының 
254 287 
368 354 
490 375 
468 039 
310 848 
316 997 

65 
 
инвестициялары, млн. 
теңге 
1 ш.м. тұрғын үйдің 
жалпы ауданы 
құрылысының орташа 
нақты құны 
35,5 
36,7 
45,9 
59,4 
62,7 
65,4 
 
Мәліметтерді  талдай  келе,  2011  ж.  жалпы  ішкі  өнімдегі  құрылыстың  үлесі  8,5% 
құрады,  бұл  алдыңғы  жылдың  деңгейінен  1,08  есе  жоғарылағанын  айтуға  болады. 
Құрылыс  саласы  соңғы  жылдары  қарқынды  дамуының  арқасында    экономиканың 
құраушы тетігі болып отыр. Құрылыс қызметінің соңғы тиімділігі болып енгізілген негізгі 
құрал  аяқталған  құрылыс  объектілері  табылады.  2011  ж.  пайдалануға    берілген  негізгі 
құралдардың көлемі  2006 ж. сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 1,97 есе ұлғайды. 
 2011  ж.  тұрғын  үйді  енгізу  көрсеткіштерінің  арақатынасын  талдау  Қазақстан 
республикасында  2011  ж.  пайдалануға  6  408  мың  ш.м.  ғимараттардың  жалпы  көлемі 
тапсырылған,  бұл  2006  ж.  қарағанда  28,4%  көп.    Талдау  көрсеткендей,  алты  жылдың 
ішінде  тұрғын-үйдің бір шаршы метрінің орташа құны республика бойынша шамамен 1,8 
есе өсті (сурет 2). 
 
 
 
Сурет 2 – Қазақстан Республикасының 2006-2011 жж. тұрғын үй құрылысы құнының 
динамикасы   
 
Құрылыста бағалардың  тұрақты  өсуіне  әсер ететін негізгі факторлардың  бірі  болып 
оның  жоғары  материал  сыйымдылығы  табылады.  Құрылыс  ұйымдарының  өндіріс 
шығындары  2006-2011  жж.  бес  есеге  артты.  Материалдық  шығындар  үлесінің  артуына 
өндіріс  қызметіне  арналған  құрылыс  материалдарға,  бөлшектер  және  конструкцияларға 
бағалардың өсуі әсер етеді. Құрылыс материалдарының нарығында бағалардың қозғалысы 
олардың  отандық  өндірушілер  және  импортталған  өнім  динамикасына  тәуелді  болады. 
Жалпы  бес  жылда  отандық  құрылыс  материалдары  5  есеге,  импорттық  -  4  есеге 
қымбаттады. 
Құрылыс 
белсенділігі  және  2005-2014  жылдарға  арналған 
ҚР 
құрылыс 
материалдарының 
даму 
бағдарламасының 
қабылдануы 
республикада 
құрылыс 
материалдарының  өндіріс  көлемінің  артуына  әкелді.  Құрылыс  материалдарының  ішкі 
нарығы  осы  кезде  меншікті  өндіріс  есебінен  50%,  кейбір  түрлері  бойынша  -  70-80% 
(кірпіш,  құрғақ  құрылыс  қоспасы)  қамтамасыз  етіледі  [4].  Бірақ  бүгінгі  күні  өндірілген 
құрылыс  материалдарының  өнеркәсіп  өнімі  құрылыс  саласының  қажеттіліктерін  көлемі, 
номенклатурасы  және  сапасы  бойынша  толық  мәнді  қанағаттандырмайды.  Ағаш 
материалдары және олардың конструкциялары, панельдер және керамикалық тақта, шыны 
талшық,  лактар  және  бояулар,  болат  және  резеңке  құбырлары,  металдан  жасалған 

66 
 
санитарлық  -  техникалық  бұйымдар  сияқты  материалдардың  нарығы  70%  импортқа 
тәуелді.  Егер  2005  ж.  елімізге  950  млн.  АҚШ  долл.  сомасында  құрылыс  материалдары 
әкелінсе, 2010 ж. - 1,5 млрд. Сомасында құрылыс материалдары әкелді. АҚШ долл. Біздің 
елімізге  құрылыс  материалдарының  негізгі  импорттаушы  Қытай.  Кейбір  эксперттердің 
бағалауы  бойынша,  салынатын  ғимараттардың  маңызды  бөлігі  70-90%,  ал  кейде  100% 
қытай материалдарынан тұрғызылады. 
Қазіргі  құрылысқа  қажетті  өндірістер  қатары  -  шыны,  санфаянс,  линолеум, 
алюминий  қорытпалар  контрукцияларын,  химиялық  модификаторлар,  композитті  және 
ағаш,  метал  ауыстыратын  басқа  материалдар  шығарумен  айналысатын  кәсіпорындар 
республикада  мүлде  жоқ.  Мұндай  негативтік  тенденция  –  Қазақстандағы  бай  шикізат 
базалар және меншікті еңбек ресурстармен сәйкес келмейді. 
Импортты  қысқарту  және  құрылыс  өнімінің  экспортын  ынталандыру  жұмыс 
бастылықты  жоғарылатуға,  құрылыс  өндіріс  шығындарын  қысқартуға,  құрылыс 
материалдарға бағаны төмендетуге, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін 
жоғарылатуға  мүмкіндік  береді.  Шығарылған өнім  көлемі  және  жұмыспен  қамтылғандар 
саны бойынша құрылыс саласы экономиканың шамамен оннан бір бөлігін құрайды. Бірақ  
соңғы  жылдары  экономикалық  дамыған  елдерде  құрылыс  қызметінің  қысқару 
тенденциясы  байқалды.  Бірақ  бұл  алғаш  рет  тұрғын  үй  нарығы  толысқандығымен 
түсіндіріледі,    жаңа  өнеркәсіп  құрылысы  реконструкция  және  кәсіпорындардың 
техникалық  қайта  қаруландыруымен  ығыстырылады.  Қазір  салушылардың  қазақстандық 
нарығында  құрылыс  қызметін  5,6  мың  компаниялар  жүзеге  асырады,  олардың  көбісі 
(83,3%) қызметкерлердің санына байланысты кіші кәсіпорындарға жатады. 
Құрылыс  көлемдері,  сапасы  және  бағалары  бойынша  компаниялар  арасында 
алдыңғы  орындағы  бірнеше  компанияны  ерекшелеуге  болады:  «Элитстрой»,  «Базис-А», 
«ВЕК»    корпорациясы,  «Silk  way  construction».    «Бестік»  –  бұл  жеткілікті  қуаты  бар 
құрылыс  ұйымдар  базасында  құрылған  басқарушы  компаниялар  осы  гиганттар 
мердігерлік  жұмыстарға  әрбір  объектіге  20-40  ұсақ  мердігерлік  ұйымдарды  тартады. 
Эксперттердің  пікірі  бойынша,  жаңа  инвесторлардың  келуі,  құрылыс  компаниялардың 
нарығы өзгерісіне әсер етпейді.  
Қазақстанның  құрылыс  нарығы  шетелдік  құрылыс  компаниялар  үшін  де  тартымды 
мұнда  қытай, түрік, американдық, оңтүстік-корей, ресей  құрылысшылары жұмыс істейді. 
Бірақ  қазақстандық  құрылысшылар  бәсекені  сезбейді  –  шетел  инвесторлар  және 
құрылысшылар  көбінесе  мемлекеттік  тапсырыстарды  алады  және  тұрғын-үй  нарығында 
көбіне  көрінбейді.  Астаналық  жылжымайтын мүлік  нарығында  тек  қана  «Хайвилл»  атты 
оңтүстік - корей фирмасы құрылыспен шұғылдануда. 
Қазақстан  Республикасының  құрылыс  кешенінің  қазіргі  қызмет  етуі  ипотекалық-
инвестициялық жүйелер қызметін белсендендіру жағдайында төлем қабілетті сұраныстың 
өсуімен  салыстырғанда  қол  жетімді  тұрғын-үй  нарығында  жеткілікті  ұсынысты 
қамтамасыз  етуді  талап  етеді.  Құрылыс  саласы  әлеуметтік  бағыттылығына  сәйкес 
әлеуметтік  инфрақұрылым  құруына  және  ең  алдымен,  тұрғын-үй  құрылысына 
байланысты  мемлекеттің  әлеуметтік  саясатының  маңызды  бағыттарының  бірі  болып 
табылады.  
Әдебиеттер: 
1.  Акимов  В.В.,  Макарова  Т.Н.  Экономика  отрасли  строительство.  –  М.:  НИМБ,  2005.  – 
305с. 
2. Дияров С.К. Экономика недвижимости: Учебное пособие. – Алматы, 2005. 
3.  2005-2014  жылдарға  арналған  ҚР-сы  құрылыс  материалдарының  даму  бағдарламасы. 
Астана, 2005. 
4. Қазақстан Республикасының электрондық үкімет сайты 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет