Issn 1607-2782 Республикалық



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата27.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#10576
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

www.government.kz

 
 

67 
 
Резюме 
Строительная  отрасль  является  основной  отраслью  реального  сектора  национальной 
экономики.  В  статье  проанализирована  система,  включающая  субъекты  и  объекты  рынка 
строительства.  Дана  оценка  строительной  деятельности  Республики  Казахстан.  Изучены 
инфраструктура  рынка  строительной  отрасли,  рыночные  механизм  регулирования  рынка 
строительства. Рассмотрены индикаторы развития капитального строительства в Казахстане.   
 
Summary 
Building  industry  is  basic  industry  of  the  real  sector  of  national  economy.  The  system  including 
subjects  and  objects  of  building  market  is  analysed  in  the  article.  The  estimation  is  given  of  building 
activity  of  Republic  of  Kazakhstan.  Infrastructure  of  market  of  building  industry,  market  mechanism  of 
adjusting of building market is studied. The indicators of development of capital building are considered 
in Kazakhstan. 
ӘОЖ 338.436.33:339.138 
 
АГРАРЛЫҚ САЛАДА МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
ТЕТІКТЕРІ
 
 
З.Ж.ҚОРЖЫНБАЕВА
, экономика ғылымдарының магистрі 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Бүгінгі  таңда  көптеген  басшылардың  алдында  маркетинг  бөлімін  қалай  ендіру, 
ендіруден  қандай  нәтижелер  шығады  және  оның  реті  қандай  болу  керек  деген  сұрақтар 
мазалайды. Осы сұрақтарға жауап беру  үшін кейде компания менеджерлері кеңесшілерге 
жүгінуге  тура  келеді.  Ауызша  берілетін  кеңестер  көбіне  жеткіліксіз  болатындықтан, 
қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  арналған  әрі  жан-жақты  мәліметтер  мен  осындай 
проблемаларды  іс  жүзінде  шешу  мысалдарын  қамтитын  әдістемелік  нұсқауларды 
пайдаланған  жөн.  Төменде  өнім  өткізу  қызметін  қайта  ұйымдастыру  арқылы  маркетинг 
жүйесін ендіруге арналған әдістемелік материалдар ұсынылады.  
Тауарды  өткізу  жүйесі-маркетингтің  соңғы  бөлімі  және  кәсіпорынның  тауарды 
дайындау,  өндіру  және  тұтынушыға  дейін  жеткізу  бойынша  барлық  қызметінің  соңғы 
бөлігі  болып  табылады.  Осы  кезеңде  тұтынушы  кәсіпорынның  барлық  жұмысына  баға 
береді,  ол  өнімді  пайдалы  немесе  қажет  емес  деп  санай  отырып,  оның  өнімін  немесе 
қызметін  сатып алады немесе  сатып алмайды. Бүгінгі күнде тұтынушылар шығарылатын 
өнімнің  сапасына  өте  қатты  көңіл  бөледі.  Өнім  сапасынан  тұтыну  нарығында  өнімді 
табысты  жылжыту  мүмкіндігі  және  басқа  ұқсас  өнімдермен  салыстырғанда  бәсекеге 
қабілетілігі анықталады.   
Ғылыми зерттеулер барысында Қызылорда облысының «Абай» атындағы ауылында 
орналасқан,  жаңадан  құрылған  ЖШС  «Айдан-Инвест»  күріш  ақтау  зауытының    өнімді 
өткізу  қызметін  қайта  ұйымдастыру  бойынша  зерттеулер  жүргізілді.  Зауыттың 
қуаттылығы 80 т/тәулігіне. Зауыт күріш ақтаумен,  халықаралық сапа стандартына сәйкес 
өнімді  өңдеумен,  сонымен  қатар  дайын  өнімді  сатып-өткізумен  айналысатын  кіші 
кәсіпорын  болып  табылады.  Кәсіпорын  қызметінің  негізгі  бағыты  жоғары  сапалы  етіп 
өнімді  өңдеу  және  өз  қызметкерлеріне  қолайлы  жағдайлар  қалыптастыру  болып 
табылады.  Бүгінгі  таңда  жұмысшылар  саны  20  адамды  құрайды.  Кәсіпорында  маркетинг 
қызметін ендіру қажеттілігін анықтау мақсатында тәжірибе жүргізілді.  
Маркетинг жүйесін ендіру әдістемесі. 
Бірінші  кезең  -  жеке  маркетинг  бөлімін  құру  қажеттілігін  бағалау.  Бұл  кезеңде 
маркетинг  бөлімін  қалыптастырудың  мақсатқа  сәйкестігіне  байланысты  мәселелерді 
қарастыру қажет. Кейбір кәсіпорындарда жеке маркетинг бөлімін ұйымдастыру қажетілігі 
жоқ  болуы  да  мүмкін.  Жеңіл  қарапайым  түрде  оның  тиімділігін  жеке  бөлімді  құру 

68 
 
шығындарын маркетингтік қызметтерді сатып алу шығындарына қатынас ретінде бағалай 
аламыз. Қаншалықты қатынас төмен болса соншалық жеке маркетинг бөлімін құру тиімді 
болады.  Егер  жеке  маркетинг  бөлімін  құру  қажеттілігі  туындаса,  онда  ең  алдымен 
маркетинг бөлімдерінің мақсаттарын анықтап алу керек.  
Екінші  кезең  -  маркетинг  бөлімінің  мақсаттарын  анықтау.  Маркетинг  бөлімінің 
мақсаттары мен  қызметтерін анықтау  үшін фирма  қызметіне толық талдау жүргізу  қажет 
және оның әлсіз жақтары және қызметіндегі диспропорцияларды анықтау қажет. Алынған  
мәліметтер  негізінде  маркетинг  бөлімін  құру  арқылы  туындаған  мәселелерді  шешу 
гипотезасы  жасалады.  Зерттеу  нәтижесінде  мынадай  мәселелердің  бар  екендігі  және 
осыған сәйкес маркетинг бөлімінің мақсаттары анықталады.   
 
 
Мәселелер 
Маркетинг бөлімі мақсаты 
1.  Өткізу  қызметін  тауартанушылармен 
алмастыру 
1.Маркетинг бөлімін құру 
2. 
Маркетинг 
бойынша 
мамандардың 
болмауы 
2. Маркетинг бойынша мамандарды тарту 
3.Нарықтағы бәсекені дұрыс бағалай алмау 
3. Бәсекелестерді зерттеу 
4.Имидждің болмауы 
4.Имиджді қалыптастыру 
5.Үлкен 
қапшықтағы 
ұнға 
деген 
сұраныстың болмауы 
5.SWOT-талдау жүргізу 
6.  Тұтынушылармен  кері  байланыстың 
нашарлығы. 
7. 
«Sana» 
өнімін 
тұтынушылар 
көзқарасының белгісіздігі 
6,7 Тұтынушыларға зерттеу жүргізу 
8. Жарнама жұмыстарының нашарлығы  
8. Жарнама компаниясын ұйымдастыру 
9. Фирманың  маркетингтік  стратегиясының 
болмауы 
9.  Маркетинг  жоспарын  және  фирманың 
маркетинг стратегиясын дайындау 
 
Үшінші  кезең  –  кәсіпорынның  маркетингтік  даму  стратегиясын  анықтау.  Жалпы 
зерттелінген зауыттың маркетингтік даму стратегиясы мынадай түрде болуы мүмкін: 
 
Көп 
көлемде 
өткізу 
мүмкіндігіне ие кәсіпорын 
болу 
Сатып алушы қажетті өнімді, 
қажетті  жерде  сатып  ала 
алатын кәсіпорын болу 
Сатып  алушы  қажеттілігін 
қанағаттандыратын 
өнім 
өндіруші кәсіпорын болу 
Өткізу тұжырымдамасы 
Коньюнктуралық 
тұжырымдама 
Маркетингтік тұжырымдама 
Мақсаты: 
тапсырыс 
берілген 
және 
сатып 
алынған өнімді өткізу 
Мақсаты:  тапсырыс  берілген 
тауарды байқап көру 
Мақсаты: 
мақсатты 
тұтынушыларға ие болу 
Тактика:  сатылуы  қажет 
өнімдерді өндіру 
Тактика: 
тұтынушы 
нені 
қалайды соны таңдауы тиіс 
Тактика: 
тұтынушыға 
не 
қажет, сол нәрсені алуы керек 
 
Әдіс: 
тауарлардың 
кең 
ассортиментін ұсыну 
Әдіс: 
еркін 
таңдау 
шарттарында ашық сату 
Әдіс:  тапсырыстар  жүйесін 
ендіру 
Өндіру:  өткізілген  өнімді 
өндіру  
Өндіру: 
жақсы 
сатылған 
өнімді өндіру 
Өндіру:  тұтынушылар  көз-
қарастары  негізінде  өндірісті 
ұйымдастыру  
Мәселе:  өндірілген  өнімді 
қалай сату керек? 
Мәселе:  сату  үшін  не  өндіру 
керек? 
Мәселе: 
тұтынушылық 
сұраныс  негізінде  өнді-ріспен 

69 
 
кері байланысты қалай орнату 
керек? 
 
 
Зерттеулер  нәтижесі  күріш  ақтау  зауытының  өткізу  тұжырымдамасы  мен 
коньюнктуралық тұжырымдамасының басым екенін көрсетті. Бәсекеге қабілетілікті ұстап 
тұру үшін маркетингтік стратегияға көшу қажеттілігін көрсетеді.  
Маркетингтік  даму  стратегиясы  мен  маркетинг  бөлімінің  мақсаттары  негізінде 
маркетинг  бөлімінің  рационалдық  құрылымы  туралы  болжам  жасауымызға  болады   
(сурет-1). 
 
 
 
Сурет 1 – Агроөнеркәсіптік кәсіпорындардағы маркетинг бөлімінің қызметтері 
Ескерту: Зерттеу мәліметтері негізінде жасалынған автордың ұсынысы 
 
Маркетинг  бөлімінің  басшысы  тікелей  ұйым  басшысына  бағынады  және  жалпы 
бөлім 
жұмысына 
деген 
жауапкершілік 
жүктеледі. 
Маркетинг 
бөлімінің 
ұйымдастырушылық  құрылымы  функционалдық  түрде  болып  табылады.  Маркетинг 
бөлімі пероналының оптимальды саны – 7 адамды құрайды.  
1-топ.  Ақпараттарды  талдау  тобы.  Штат  –  2  маман.  Топтың  міндеттері:  күнделікті 
ақпараттарды  жинау  және талдау,  соның  ішінде  ішкі  бастапқы  және  соңғы  ақпараттарды  
(сату  көлемі,  тауар  ассортименті  және  т.б),  сыртқы  бастапқы  және  соңғы  ақпараттарды 
(бәсекелестер,  жаңа  тауар,  нарық  коньюнктурасы)  талдау,  ақпараттарды  ресми  түрге 
келтіру, есептер дайындау. 
2-топ. Маркетингтік зерттеулер тобы. Штат - 2 маман. Топтың міндеттері: тауардың 
сатылу  үрдісін,  бәсекелестерді,    тұтынушыларды  зерттеу,  жаңа  және  перспективалық 
нарықтарды  зерттеу.  «Ауызша»  және  техникалық  құралдар  көмегімен    пікір  сауалдар 
жүргізу. 
3-топ.  Жарнама  және  PR  тобы.  Штат  –  2  маман.  Топтың  міндеттері:  жарнама 
мақсаттары  мен  міндеттерін  анықтау,  жарнама  қызметін  ұйымдастыру,  жарнама  әдістері 
мен  құралдарын  таңдау,  жарнама  қызметін  үйлестіру,  жарнама  тиімділігін  өлшеу  және 
бақылау.    
Төртінші  кезең  –  маркетинг  бөлімінің  бюджетін  анықтау.  Маркетинг  бөліміне 
қажетті  құрал-жабдықтар  тізімін,  олардың  жалпы  құнының  сомасын,  персонал 
жалақысын,  Интернет  желісіне  қосылу  шығындарын  есептеу  негізінде  маркетинг 
бөлімінің  бір  жылдық  бюджетін  анықтаймыз.  Жалпы  барлық  шығындарды  есептегенде 
орташа есеппен алғанда маркетинг бөлімінің жалпы шығыны 1500-2000 $ құрайды.  
Басқарушы 
Маркетинг бөлімі 
Өнім 
ассорти-
ментін 
жоспарлау 
Өткізу 
және тарату 
 
Жарнама 
Сервис 
Бақылау 
басқару 
Ақпарат-
тарды 
жинау 
және 
зерттеу 

70 
 
Маркетинг 
қызметіндегі 
барлық  қызметкерлердің 
лауазымдық 
нұсқаулары 
маркетинг  қызметі  туралы  ереже  мен  функцияларды  бөлу  матрицасы  негізінде    штаттық 
кестеге сай дайындалады. 
Лауазымдық  нұсқаулардың  құрылымы  маркетинг  қызметінің  ережесіне  сәйкес 
келеді және жалпы ережелер, міндеттер, функциялар, құқықтар, жауапкершіліктер секілді 
бірнеше бөлімдерден тұрады.  
Маркетинг  қызметі  қызметкерлерінің  функцияларын  түзету  (өзгерту,  толықтыру, 
жою) немесе қажетілікке қарай құрылымдық қайта құру (не құрылымын өзгерту) процесі 
маркетинг  қызметінің  шынайы  жұмыс  істеу  шарттарында  оның  басшысы  немесе 
кәсіпорынды құрылымдық қайта құруға жауапты маман тарапынан жүзеге асырылады.  
Әр шаруашылықта маркетинг қызметін ұйымдастыру нысаны әртүрлі болуы мүмкін. 
Зерттеулер  нәтижесінде  облыстағы  агроөнеркәсіптік  кәсіпорындардың  негізінен  аз 
көлемдегі және тар ассортиментті өнім түрін өндірумен айналысатындығы байқалды. Сол 
себептен  де  маркетинг  бөлімін  ұйымдастыру    немесе  маркетолог  қызметін  ендіру 
рационалды  емес.  Жалпы  әдістемелік,  ұйымдастырушылық  және  тәжірибелік  жағынан 
матрицалық  түрде  құрылған  ұйымдық  құрылымды  ұйымдастыру  қолайлы  да  ыңғайлы 
болады.  Мұндай  құрылымды  қалыптастыруды  екі  түрлі  бағыттағы  критерийге 
негізделген, яғни  өнім түрі бойынша және маркетинг функциясы бойынша ұйымдастыру 
тиімді  болып  табылады.  Бұл  жағдайда  маркетингтік  қызметпен  ауыл  шарушылығы 
өндірісінен  арнайы  білімге  ие  шаруашылықтың  бас  мамандары  айналысады.  Бұл  өз 
кезегінде  кәсіпорынның  кадрларын  және  олардың  іскерлігін  икемді  пайдалануға 
мүмкіндік береді. 
Жобаланған  матрицалық  құрылым  кәсіпорынның  басқару  қызметінің  тиімділігін 
арттыруға  мүмкіндік 
береді. 
Сонымен  бірге 
ұсынылып  отырған 
құрылымды 
шаруашылықтың басқару құрылымына ендіру уақытша шығармашылық топтарды құруды 
жобалайды.  Оның  құрамына  кәсіпорын  басшылары  мен  мамандар,  бөлімшелері, 
жұмысшылар  кіруі    қажет.  Жалпы  бастапқы  кезде  агромаркетинг  және  тауар  түрі 
бойынша  шығармашылық  топтар  құрған  тиімді  болып  табылады.  Мұндай  түрдегі 
ұйымдастырылған  құрылым  басқару  жүйесінің  бейімділігін,  тұтастығын  және  даму 
диалектикасын қамтамасыз етеді (сурет-2).  
Тиімді    агробизнес,  басқару  және  агромаркетинг  жүйелерін  құру  үшін  ең  жақсы 
мүмкіндік басқарудың матрицалық құрылымы арқылы қол жеткізіледі: 
-  біріншіден,  басқару,  агромаркетинг,  тиімді  бизнес  пен  кәсіпкерлік    үшін  үлкен 
мүмкіндіктер береді; 
-  екіншіден,  тұтынушылар  сұранысына,  жаңалықтарға,  нарық  коньюктурасын, 
бәсекені, озық тәжірбиелерді қабылдауы мен бейімделуі өте жоғары болып табылады; 
- үшіншіден, жедел және үнемді агромаркетингтік қатынастарды қамтамасыз етеді; 
-  төртіншіден,  халықаралық  саудада  ең  икемді,  сезімтал  және  өздігінен 
ұйымдастырылушы құрылым. 
Құбылмалы  нарық  шарттарына  жылдам  жауап  беруге  икемді  маркетинг  қызметі 
кәсіпорынның  мақсатына,  міндеттеріне  және  маркетингтік  стратегиясына  сай  құрылуға 
тиіс.  Ол  кәсіпорынның  ұзақ  және  қысқа  мерзімді  мақсаттары  қандай,  осы  мақсаттарға 
жету  үшін  қандай  маркетинг  стратегиясын  қалыптастыру  керек  және  аталмыш 
құрылымның  жұмыс  істеуі  үшін  қанша  жұмысшы  қажет  деген  бірқатар  сұрақтардың 
жауабын табуға мүмкіндік беру қажет. Маркетинг қызметі құбылмалы нарық шарттарына 
икемді,  төзімді  және  бейімді  болу;  салыстырмалы  түрде  қарапайым  болу;  ауқымы 
жағынан сату көлемі мен тиімділік деңгейіне және өнім түрлерінің ерекшеліктеріне сәйкес 
келу;  құрылымы  өнім  өткізу  нарықтарының  саны  мен  көлеміне  және  сипаттамаларына 
сәйкес  болу;  арнайы  бөлімшелерде  жоғарғы  басшылық  деңгейінде  стратегиялық  басқару 

71 
 
жүйесін  орталықтандыру  секілді  негізгі  талаптарды  ескеруге  тиіс.  Сондай-ақ,  маркетинг 
қызметі оңтайлы, жедел, сенімді әрі үнемді жұмыс істейтіндей болу керек 1; 2. 
 
 
 
 
 
Сурет 2 – АӨК-нің кәсіпорын деңгейінде маркетингтік қызметті ұйымдастырудың жобалық 
матрицалық құрылымы 
Ескерту:  ғылыми  басылым  мәліметтерін  талдау  нәтижесінде  құрылған  автордың 
ұсынымы. 
Агроқұрылымдардың  маркетингтік  қызметінің  тиімділігі  материалдық,  ақшалай 
және  еңбек  ресурстарын  едәуір  тиімді  әрі  ұтымды  пайдалана  отырып,  қажеттіліктерді 
жоғары деңгейде қамтамасыз етумен айқындалады. 
Ауыл  шаруашылық  құрылымдарындағы  маркетингтік 
қызметтің 
тиімділігі 
маркетинг  құралдарын  тиімді  қолдану  арқылы  пайда  табу  және  ауыл  шаруашылығы 
өнімдеріне  деген  тұтынушылардың  сұранысын  қанағаттандыру  шамасымен  көрсетілетін 
кәсіпорын  жұмысы  тиімділігінің  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Кәсіпорынның 
нарықтағы жұмысының нәтижелі көрсеткіштері маркетинг тиімділігін сипаттайды 3; 4.   
Бағалаудың ұйымдық үлгісі мынадай құрылымға ие болып табылады:   
1)
 
  бағалау нысаны (объектісі); 
2)    бағалау нысаны жағдайының немесе жұмысының тиімділік критерийлері; 
3)    бағалау әдістемесі; 
4)  бағалау  нысаны  жағдайының  немесе  жұмысының  тиімділігін  арттыруға 
бағытталған іс-шаралар кешені. 
Бұл  көрсеткіштер  маркетингтік  қызметтің  тиімділігін  анықтайтын  жалғыз 
көрсеткіштер  болып  табылмайды,  сонымен  қатар  кәсіпорынның  басқа  бөлімшелерімен 
маркетинг  қызметінің  өзара  байланысы  мен  әрекеттестігін  бағалау  қажет.  Ол  үшін 
кәсіпорынның  ұйымдық  құрылымының  ерекшеліктері  шеңберінде  маркетинг  қызметімен 
байланыс құратын бөлімдер тізімін дайындау  қажет; маркетингтік құралдарды пайдалану 
дәрежесін анықтау қажет 5. 

72 
 
Сонымен,  АӨК  шаруашылық  субьектілерінің  маркетингтік  қызметін  ұйымдастыру 
және  оның  тиімділігін  бағалау  әдістемелерін  дайындау  және  талдау  келесідей 
қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді: 
-  агроөнеркәсіп  кешені  субьектілері  мен  ақпарттық-кеңес  беру  орталықтарының 
арасындағы  өзара  байланыстарды  жетілдіру  үшін  өндірістік  орындарға  ең  жақын 
орналасқан    аудандық  деңгейдегі  маркетингтік  орталықтың  қызметін  жетілдіру  арқылы 
қол жеткізуге болады; 
-  агроөнеркәсіптік  кәсіпорындарда  маркетингтік  қызметті  ұйымдастырудың 
жобалық  матрицалық  құрылымы  икемді,  оңтайлы,  нарық  шарттарына  жылдам  жауап 
беруге қабілетті және тиімді бизнес пен кәсіпкерлік үшін үлкен мүмкіндіктер береді;  
-  қатаң  бәсекелік  орта  жағдайында  кәсіпорынның  маркетингтік  қызметінің 
тиімділігін  бағалауды  ұсынылып  отырылған  әдісті  қолдану  арқылы  жүргізуге  мүмкіндік 
туады  және  осының  негізінде  шаруашылық  субьектісінің  коммерциялық  қызметін 
жақсарту бойынша кезекті шараларды дайындауға болады;   
-  кәсіпорынның  маркетингтік  жүйесінің  жағдайын  кешенді  талдау  кәсіпорынның 
коммерциялық  қызметінің  пайдалылық  көрсеткіштерін  есептеулерге  негізделе  жүргізілуі 
тиіс,  бірақ  ұйымның  маркетингтік  қызметін  жан-жақты  зерттеу  үшін  бағалаудың 
субьективті  әдістерін  қолдану  қажет.  сауалнама-карточкаларын  дайындау,  сұхбат 
жүргізу, жұмысшалармен пікір алмасу және т.б.  
-  кәсіпорынның  маркетингтік  қызметінің  тиімділігін  талдаудың  бағалау  бөлігінің 
бірі  кәсіпорынның  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуші  маркетингтік  жүйенің  қабілетін 
сипаттайтын қаржылық коэффициенттерге ағымдық ликвидтілік коэффициенті, меншікті  
қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті есептеулер жүргізу қажет6; 7.   
Қорыта  келе,  кәсіпорында  маркетинг  жүйесін  ендіру  мәселесінің  шешімін 
кәсіпорынның  менеджменті  мен  кеңесшілердің  ортақ  жұмыстары  арқылы  табудың 
оңтайлы  болатынын  айта  кеткен  жөн.  Мұндай  жағдайда,  кеңесшілердің  міндеті,  бір 
жағынан  –  өнім  өткізу  жүйесін  құрылымдық  қайта  құруға  әдістемелік  тұрғыдан  көмек 
көрсетуге, екінші жағынан – кәсіпорын басшылығына маркетинг жүйесін ендірудің қазіргі 
заманғы тәсілдері мен әдістемесін үйретуге бағытталу қажет.    
 
   
Әдебиеттер: 
1. Бернетт Дж. Морнарти С. Маркетинговые комуникации: Интегрированный подход / пер. с 
англ. –  СПб.: Питер, 2007. – 154 с. 
2. Березин И.  Маркетинговый анализ. –  Москва, 2004. 
3. Голубков Е.П.  Маркетинговые исследования. –  Москва, 2006. 
4. Есімжанова С.Р.  Маркетинг практикумы. –  Алматы, 2007. 
5. Макгали М. Основы эффективных продаж / пер. с англ. – Киев: София, 2006. – 124с. 
6. Сейфуллаева М.Э.  Международный маркетинг. – Москва,  2004. 
7. Тойкин С.Х.  Маркетинг  негіздері. –  Астана, 2007. 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются    проблемы  внедрения  системы  маркетинга  на  предприятиях. 
Вместе  с  тем  дано  обоснование  необходимости  наличия  в  каждом  подразделении  предприятия 
консультантов,  способных  предлагать  оптимальные  решения.  Также  в  статье  рассмотрены 
современные приемы и методики внедрения системы маркетинга
 
Summary 
In article problems of introduction of system of marketing at the enterprises are considered. At the 
same time justification of need of existence on each division of the enterprise of the consultants, capable 
to propose optimum solutions is given. Also in article modern receptions and a technique of introduction 
of system of marketing are considered. 
 

73 
 
УДК 339.37(574.54):339.372.5(574.54) 
 
ОСОБЕННОСТИ МЕРЧАНДАЙЗИНГА СЫРА И АНАЛИЗ ЕГО ПРИМЕНЕНИЯ 
 
В СУПЕРМАРКЕТАХ КЫЗЫЛОРДЫ
 
 
Ж.Б.СМАГУЛОВА
магистр экономики, 
Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата 
 
Существует  множество  версий  происхождении  сыра.  Самая  распространенная  и 
правдоподобная  из  них  -  легенда    об  аравийском  купце  Канане,  жившем  четыре  тысячи 
лет назад. Однажды погожим утром он отправился в далекий путь, прихватив с собой еду 
и  молоко.  День  был  знойный,  и  через  какое-то  время  купец  обессилел.  Он  остановился, 
чтобы утолить жажду, но вместо молока из сосуда потекла водянистая жидкость. На дне 
же обнаружился белый плотный сгусток. Капан попробовал его и остался доволен вкусом. 
Будучи  человеком  простым  и  бесхитростным,  купец  поделился  своим  открытием  с 
соседями.  Вскоре  секрет  приготовления  сыра  стал  известен  многим  кочевым  племенам. 
Со времени из Аравии сыр попал в Европу.  
У  древних  греков  было  своё  объяснение  происхождения  сыра,  больше  похожее  на 
красивую сказку. Они считали, что людей научила делать сыр Артемида, богиня охоты и 
покровительница  животных.  И  даже  сами  боги  лакомились  сыром  на  пирах,  запивая  его 
вином.  Неудивительно,  что  некоторые  религиозные  культы  древности  были  связаны  с 
сыром.  Жители  Крита,  например,  приносили  в  жертву  богам  особые  плоские  сыры.  А 
жрецам Афин строго-настрого запрещалось пробовать этот продукт. Сыр был известен и 
ассирийцам.  Величие  своей  царицы  Семирамиды  они  объясняли  тем,  что  птицы  воруют 
сыр для неё у пастухов. 
 Древние римляне тоже почитали сыр. Они были уверены, что он благотворно влияет 
на пищеварение и использовали его, как противоядие при отравлении. Упоминание о сыре 
мы встречаем в поэме Гомера «Одиссея», у Виргилия. В «Естественной истории» Плиния 
Старшего  перечислены  виды  сыров,  привозимых  в  Рим.  Характерно,  что  сыр  неизменно 
воспевается как продукт животворный, край» полезный, даже «божественный». 
Самому  древнему  в  мире  рецепту  2000  лет.  Он  принадлежит  персам.  В  нём 
говорится,  что  сыр  надо  готовить  из  молока  «овечьего  или  коровьего,  просушенного  на 
солнце  и  сдобренного  благовонными  кореньями».  Один  из  старинных  английских 
рецептов содержится и в поваренной книге придворного повара короля Ричарда II. 
Сейчас  в  целом  на  планете  его  потребляется  в  пять  раз  больше,  чем  двадцать  лет 
назад. Триумфальное шествие сыра продолжается. 
Чем холоднее погода, тем лучше продается сыр. Человеческая природа такова, что с 
наступлением  холодов  нас  тянет  к  еде  сытной  и  тяжелой.  Поэтому  осенью  и  зимой 
потребители  начинают  активнее  использовать  сыр  в  приготовлении  еды.  А  поскольку, 
априори, ритейлеры должны предугадывать желания своих потребителей, если они хотят 
продавать  много  и  с  хорошей  маржой,  они  должны  знать,  как  наиболее  эффективно 
удовлетворить  зимний  спрос  покупателей  в  сыре.  Тогда  с  наступлением  холодов  отдел 
сыра будет полностью готов к встрече с требовательным замёрзшим покупателем во всех 
аспектах: и грамотно подобранным ассортиментом, и интересным мерчандайзингом. 
Осень  и  зима  -  это  такие  времена  года,  когда  сырный  отдел  может  своими 
продажами «платить за аренду» всего магазина. В это время года выручка сырного отдела 
всегда автоматически увеличивается - обычно на 15-20% от летних показателей - вместе с 
продажами хлеба, картошки, тыквы, заготовок из овощей и прочих калорийных продуктов 
питания,  давая  прекрасную  возможность  ритейлерам  получить  свою  выгоду  из 
естественной потребности людей согреться. 

74 
 
Как и в других отделах магазина, успех и доходность сырного отдела сильно зависят 
от  ассортиментного  ряда,  выкладки,  цены,  торгового  оборудования,  работы  с 
покупателем,  маркетинговых  акций  и  прочих специальных  ухищрений.  Привлекательная 
выкладка,  правильный  сыр  в  выгодном  виде,  обученный  персонал  -  все  это  привлекает 
покупателя и помогает его удержать. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет