Issn 1607-2782 Республикалық


Summary  The article deals with the assessment of knowledge training, which today are considered relevant in  the national pedagogy



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата27.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#10576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

 
Summary 
The article deals with the assessment of knowledge training, which today are considered relevant in 
the national pedagogy. 
 
 
 
 
 

51 
 
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫ
 
 
ӘОЖ 332. 08:316.334.3 
 
ӘЛЕУМЕТТІК
 САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Б.Б.АХМЕТОВ, магистрант, 
 
М.А.ӨМІРЗАҚОВА, экономика ғылымдарының кандидаты,
 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Бүгінгі  таңда  өркениетті  даму  жолына  түскен  Қазақстан  Республикасы  қоғамның 
барлық  саласында  аса  маңызды  реформаларды  жүзеге  асыруда.  Бұл  реформалардың 
ішіндегі  ең  күрделісі  әрі  өте  байыптылықты  қажет  ететін  бағыты    әлеуметтік  саладағы 
реформалар  болып  табылады.  Өйткені,  біріншіден,  әлеуметтік  мәселе  адамдардың  өмірі 
мен  тұрмыс-тіршілігіне  тікелей  қатысты  болғандықтан  үнемі  күн  тәртібінде  тұрады; 
екіншіден,  мемлекеттің  әлеуметтік  саясаты  әрқашан  халықтың  назарында  болып,  оның 
талқысы мен сынына түсіп отырады. 
Халықты  әлеуметтік  қорғау  жүйесі  бүгінгі  күні  өзекті  мәселе  болып  табылатығына 
күмән  жоқ.  Нарыққа  өту  жағдайларында  халықтың  әлеуметтік  қорғалуын  қолдау  мен 
нығайтуға  бағытталған  мемлекеттік  шаралар  жүйесі  қажет.  Дұрыс  қабылданған 
әлеуметтік  саясат  –  тұрақтылықтың  кепілі,  ал  саясат  негізінде  әлеуметтік  қорғау  жүйесі 
жатыр.  Егер  елімізде  әлеуметтік  тұрақтылық  болмаса,  халық  өз  тұрмысына  риза  болмай 
жиі-жиі  ереуілденіп  тұратын  болса,  сөйтіп  әлеуметтік  сілкіністердің  еліне  айналатын 
болсақ, басқа мәселелердің барлығы бос әңгіме болып қалмақ.  
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттілігінің  негізгі  бағыттарының  бірі  - 
әлеуметтік  мемлекеттік  құру.  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының      1-бабының 
1-тармағында  «Қазақстан  Республикасы  өзін  демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және 
әлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтырады,  оның  ең  қымбат  қазынасы  –  адам  және 
адамның  өмірі,  құқықтары  мен  бостандықтары»  -  деп  мемлекеттік  қызмет  жүйесінде 
жұмыс атқарып жатқан мамандарды жоғары жауапкершілікке жүктейді [1,136б]. 
Яғни,  мемлекет  өзінің  бар  мүмкіндігін,  қамқорлығын  өз  қоғамының  дамуы  үшін, 
ондағы  азаматтардың  өмір  сүру  деңгейін  көтеру  үшін  бағыттауға  міндетті.  Әлеуметтік 
саясат мемлекеттің  ішкі саясатының аса маңызды бағыты екені сөзсіз. Жалпы, әлеуметтік 
саясатты іске асыру экономиканың даму қарқыны мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау ісін 
шебер  ұштастыруды  талап  етеді.  Бұл  орайда,  бүгінде  мемлекеттің  әлеуметтік  және 
экономикалық рөлі  өзгергенін есте сақтау керек. Халықтың  мемлекет көмегіне шынында 
да  мұқтаж,  өз  бетімен  күн  көре  алмайтын  топтарына  басымдық  беріледі.  Ал  қоғамның 
қалған  бөлігі  экономикалық  еркіндік  қағидалары,  олардың  құқықтық  қорғалуы  негізінде 
өзін-өзі қамтамасыз етуі керек. 
Сонымен  қатар,  мемлекетіміздің  басты  Стратегиялық  құжаты  -  «Қазақстан-2030» 
бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру мәселесі басым бағыттардың 
бірі ретінде атап көрсетіледі. 
 Кең  мағынасында  әлеуметтік  саясат  –  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 
органдардың,  ұйымдар  мен  мекемелердің  өмір  сүруге  қажетті  жағдай жасауға,  халықтың 
әлеуметтік  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға,  қоғамдық  ортада  қолайлы  әлеуметтік 
атмосфера  туғызуға  бағытталған  теориялық  ұстанымдар  мен  тәжірибелік  шаралардың 
жиынтығы. Ал, тар мағынасындағы әлеуметтік саясат – мемлекет пен басқа да саяси және 
әлеуметтік  институттардың  қоғамның  әлеуметтік  саласының  дамуына,  адамдардың  өмір 
сүру салты мен сапасын жетілдіруге, олардың өмірлік қажеттіліктерінің белгілі бір бөлігін 
қамтамасыз  етуге,  азаматтарға  тиісті  әлеуметтік  қолдау,  көмек  көрсетуге  және  ол  үшін 

52 
 
қаржылық  немесе  өзге  де  қоғамдық  әлеуетті  қолдануға  бағытталған  іс-әрекеті. 
Т.И.Заславская  «әлеуметтік  саясат»  ұғымын  тар  және  кең  мағынада  қарастырады.  Оның 
түсіндіруінше  әлеуметтік саясат барлық  халықты емес, оның  ішінде мемлекет тарапынан 
қолдауларды қажет ететін белгілі бір  әлеуметтік топтар жатады. «Әлеуметтік саясат» тар 
мағынада -  бұл түрлі себептермен  өмірдің қиын жағдайларында күн кешіп, жағдайларын 
түзеуге  шамалары  келмейтін  қоғамдық  топтар  мен  тұрғындарды  қолдауға  арналған 
мемлекеттік 
іс-шаралар 
кешені. 
Ал 
кең 
мағынада 
Т.И. 
Заславская 
негіздеуінше,   әлеуметтік  саясат  аса  күрделі  және  ауқымды  мақсатты,  яғни  қоғамдық 
құрылым  мен  институттарды   социалистік  қатынастар орнатуға  бағытталады.  Әрине,  бұл 
тұжырымның сол уақыт талабына сәйкес идеологиялық астары бар. 
«Әлеуметтік  саясат»  ұғымына  Р.Барнер  мынадай  анықтама  береді:  «Әлеуметтік 
саясат  –  индивидтер,  топтар,  қауымдастықтар,  әлеуметтік  мекемелер  арасындағы 
қатынастарға  араласатын,  реттейтін   және  қалыптастыратын  әдістер  мен  қоғамның 
қызметі мен принципі».     
«Әлеуметтік 
саясат» 
энциклопедиялық 
сөздігінде 
Ф.И.Шарковтың 
тұжырымдауынша  «Әлеуметтік  саясат  -  кең  мағынасында  қоғамда  қолайлы  әлеуметтік 
ахуалды 
қалыптастыру, 
адамдардың 
әлеуметтік 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру 
мақсатында  бағытталған  ұйымдар  мен  мекемелер,  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 
ұйымдар  іске  асыратын  практикалық  шаралар  мен  теориялық  принциптердің  жиынтығы. 
Тар  мағынасында,  әлеуметтік  саясат  –  азаматтардың  қолайлы  тіршілік  етуіне  әлеуметтік 
демеу көрсету, көмек беру, қорғау үшін, оларға қажетті өмірлік тұтынуларын қамтамасыз 
ету  үшін  тұрғындардың  өмір  сүру  деңгейін,  өмір  сүру  салтын  жаңғырту,  арттыру 
мақсатындағы  қоғамның  әлеуметтік  аясының  ілгері  дамытуға  бағытталған  мемлекеттің, 
саяси және әлеуметтік институттардың, т.б. іс-әрекеттері». 
Отандық  саясаттанушы  Л.Ю.Зайниеваның  «Мемлекеттік  жастар  саясаты:  Қазақстан 
әлемдік тәжірибе тұрғысында» еңбегінде «Саясаттану» энциклопедиялық сөздігіне сүйене 
отырып,  былайша  пайымдайды:  «Әлеуметтік  саясат  дегеніміз  мемлекеттің  ішкі 
саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады, бұл саясат мемлекет өзіне қолдау 
тауып  отыратын,  өзінің  қызметін  және  қоғамдық  жүйенің  орнықтылығын  ұлғаймалы 
ұдайы  өндіруге  арналған  алғышарт  жасайтын  ішкі  саясатының  басты  бағыттарының 
бірі.        
Әлеуметтік  саясаттың  басым  бағыттарын  анықтау  арқылы  мемлекет  ең  алдымен 
халықтың негізгі қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды.  Демек, тиімді 
тетіктерін  табу  арқылы  қоғамның  әр  түрлі  топтарына,  таптарына,  әсіресе  әлеуметтік 
қорғауды қажет ететін әлжуаз топтарды әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. 
“Әлеуметтік  қорғау“    ұғымы  отандық  әдебиетте  90  жылдардың  басында  пайда 
болды.  Бастапқыда  бұл  түсініктің  мағынасы  халықтың  кейбір  санаттарына  атаулы 
әлеуметтік көмек көрсету деп танылды. 
Әлеуметтік  қорғау  туралы  экономист-ғалымдардың  әр  түрлі  көзқарастарын  талдай 
отырып,  екі  топты  бөліп  көрсетуге  болады:  бір  жағынан,  әлеуметтік  қорғау  мұқтаж 
азаматтарды  мемлекет  тарапынан  қаржылық  қолдауды  қамтамасыз  ететін  мемлекеттің 
әлеуметтік  саясаты  деп  қарастырылса,  басқа  жағынан  әлеуметтік  қорғау  жеке  адамның 
өзін -өзі  әлеуметтік  қорғауына,  қалыпты  өмір сүруіне, рухани дамуына жағдай жасайтын 
әлеуметтік қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады. 
Тәуелсіз  Қазақстанның  халықты  әлеуметтік  қорғаудың  өзіндік  құрылымы  1999 
жылдардан  қалыптасты.   2001  жылы  27  маусымды  «Халықты  әлеуметтік  қорғаудың 
концепциясы»  қабылданды.  Бұл  маңызды  құжат  мемлекетте  әлеуметтік  сақтандыру 
жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша  халықты әлеуметтік 
қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар: 

53 
 
-  базалық, мемлекеттік бюджет есебінен төлемдер: зейнетақы төлемдері, мүгедектік 
бойынша төлемдер, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер, әлеуметтік қорғау 
мекемелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мекен-жайлық әлеуметтік көмектер; 
-  міндетті,  міндетті  әлеуметтік  сақтандыру  жүйесі  бойынша  төлемдер:  еңбек  етуге 
қабілетсіз  болған  жағдайда,  асыраушысынан  айрылу  жағдайында,  жұмысынан  айрылу 
жағдайында; 
- қосымша, жұмыс беруші жауапкершілігімен сақтандыру. 
 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік мемлекет құруының 
ғылыми-теориялық  тұжырымдамасы  және  оның  негізгі  бағыттары  мен  жүзеге  асырылу 
жолдары  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  еңбектері  мен  жыл  сайынғы  халыққа 
Жолдауларында  да  ерекше  атап  көрсетіледі.  Президенттің  жыл  сайынғы  Жолдауларында 
әлеуметтік  саясаттың    мемлекеттік  саясаттағы  орны  мен  ролі  қаншалықты  дәрежеде 
екендігінен нақты мәліметтер беріледі. 
Республикада  орын  алған  әлеуметтік-экономикалық  жағдайлар  халықты  әлеуметтік 
қорғау  жүйесінің  ұйымдастырушылық-құқықтық  базасын  қайта  қарау  қажеттілігін 
тудырды. 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  көтерілу  – 
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында «Әлеуметтік қызметтер тек 
мұқтаж  болған  азаматтарға  көрсетілуі  және  заманауи  стандарттарға  және  Қазақстандағы 
өмір  сүру  деңгейіне  сәйкес  келуі  қажет»  -  дей  келе,  елде  арнаулы  әлеуметтік  қызмет 
көрсету саласында жүргізіліп жатқан реформаның сапасына үлкен мән берді [3]. 
Әлеуметтік саясат мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне  ғана тәуелді емес, ол 
көп  жағдайда  елдің  саяси  дамуына,  саяси  күштердің  арасалмағы  мен  өзара  қарым-
қатынасына да байланысты айқындалады. Олай дейтін себебіміз, әлеуметтік саясат қоғам 
мүшелерінің  саяси  белсенділігімен  және  саяси  күштердің  өз  мүдделері  үшін  күресінің 
деңгейімен  де  айқындалып  отырады.  Сонымен  бірге,  мемлекеттің  әлеуметтік  саясатын 
қалыптастырып,  оны    жүзеге  асыруда  экономикалық  ахуалмен  бірге,  психологиялық  
факторлардың  да  маңызды  роль  атқаратынын  мемлекеттің  даму  стратегиясын 
тұжырымдаған  Президент  Н.Ә.  Назарбаев  ерекше  атап  көрсетеді:  «Әлеуметтік 
стратегияны  іске  асыру  мерзімі  экономикалық  даму  стратегиясын  жүзеге  асыру 
мерзімімен сай келмейді, өйткені әлеуметтік стратегия қоғамның әлеуметтік құрамындағы 
құрылымдық  өзгерістермен  ғана  емес,  сондай  ақ,  қоғамдық  сана-сезімді  қазыналық 
тұрғыдан  қайта  бағдарлаумен  де  байланысты,  ал  ол  экономикалық  және  әлеуметтік 
жағынан  неғұрлым  белсенді  жаңа  ұрпақ  келмейінше  мүмкін  емес»  [4,21б].  Міне, 
сондықтан  да  әлеуметтік  саясатты  айқындағанда  саяси  биліктен  жан-жақтылықтың, 
кешенділіктің  талап  етілуі  заңды  құбылыс.  Әлеуметтік  саясат    тиімді  жүзеге  асырылуы 
үшін бірінші кезекте халықты масылдық психологиядан арылту аса күрделі іс-шара болып 
табылады.  
Баршаңызға  белгілі  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  2012  жылдың  10  шілдесінде  
«Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20 
қадам»  тұжырымдамасын  жария  етті.  Тұжырымдамада  халықтың  әлеуметтік-тұрмыстық 
жағдайын жақсарту,  әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылып,  Үкімет алдына таяу 
мерзімде  жүзеге  асыру  үшін  20  тапсырма  жүктеді.  Елбасымыздың  айтуы  бойынша, 
әлемдегі  алпауыт  мемлекеттердің  дағдарыстың  алғашқы  толқынына  төтеп  бере  алмауы 
халықтың    мемлекетке    масылдығынан  туындап  отыр.  Үндеуінде  халықты  мемлекеттен 
берілетін жәрдемақы мен әлеуметтік көмектерге арқа сүйемей еңбек етуге шақырады. 
 
Жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамы  идеясы  мемлекеттің  әлеуметтік  саясатын  жаңғырту, 
яғни  транзит  матрицасында  әлеуметтік  қолдау  моделінен  әлеуметтік  прогресс 
парадигмасына өтуді жан-жақты да тұтастай қайта форматтау міндеті қамтылған келешек  

54 
 
мақсат болып табылады. Әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясаттың 
маңызды  құрамдас  бөлігі  әлеуметтік  қамсыздандыру,  әлеуметтік  сақтандыру  және 
әлеуметтік көмекті қамтитын әлеуметтік қамсыздандыру болып табылатыны сөзсіз. 
Қазақстанның  әлеуметтік  саладағы  реформаларының  таяу  жылдардағы  басты 
мақсаттары  мыналар  болып  табылады:  демографиялық  өсімді    ынталандыру  және  өлім-
жетім деңгейін төмендету мен салауатты  өмір  салтын насихаттау есебінен күтілетін  өмір 
жасын  ұзарту  жөніндегі  шараларды  қамтамасыз  ету,  медициналық  қамтамасыз  етуді 
жақсарту  және  тұрмыста  әрі  өндірісте  жарақаттануды  азайту,  сондай-ақ  көші-қон 
процестерінің  реттелуіне  қол  жеткізу  жолымен  демографиялық  жағдайды  жақсарту; 
әйелдердің  қоғамдағы  жағдайын  жақсарту  және  нақты  гендерлік  теңдікке  қол  жеткізу; 
халықтың  тұрмысы  төмен  топтары  үшін  экономикалық  өсуді  ынталандыру  жолымен 
экономикалық  мүмкіндіктерді  кеңейту  –  еңбекке  қабілетті  халықтың  неғұрлым  жоғары 
әлеуметтік  тұтыну  деңгейін  қамтамасыз  етіп,  табыс  табуына  мүмкіндік  беретін 
экономикалық  жағдай  туғызу;  экономиканың  нақты  секторында  жұмыспен  қамтуды 
ынталандыру; халықтың экономикалық және әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының тиімді 
жүйесін  құру;  халықтың  тұрмыс  деңгейін,  жұмыспен  қамтуды  арттыру  және  кедейлік 
деңгейін төмендету; медициналық қамтамасыз етудің,  жалпы кәсіптік және жоғары білім 
берудің  жалпыға  бірдей  қол  жетімділігін  қамтамасыз  ету,  ұсынылатын  әлеуметтік 
игіліктер  мен  қызметтердің  жоғары  сапасы  мен  оларды  халықтың  кеңінен  таңдау 
мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ету;  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  әлеуметтік 
қамтамасыз  ету  жүйесін  қаржыландырудың  жаңа  көздерін  айқындау  және  қазіргілерін 
неғұрлым тиімді пайдалану [5,39б].         
«Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағытында  
біздің  қоғамда  уақыт  сынына  төтеп  бере  алатын  жаңартылған  және  әлдеқайда  тиімді 
әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келетіндігі атап көрсетілген. 
                                            
Әдебиеттер: 
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Жеті жарғы, 2005. -136 б. 
2.Исахова П.Б. Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен 
қамтамасыз ету: автореферат. – Алматы, 2008 
3.Назарбаев  Н.Ә.  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  көтерілу  –  Қазақстанның  жаңа 
мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы // 
www.minjust.kz
 
4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының 
стратегиясы. – Алматы: Дәуір, 1992.- 56 б, - 20-21 б 
5.  Мұхамеджанов  М.Ә.  Қазақстандағы  әлеуметтік  саясаттың  кейбір    мәселелері  //  Ақиқат.  – 
2002.– №4.- 39-40 б. 
 
Резюме 
В  этой  статье  дается  теоретическое  объяснение    терминам  «Социальная  политика»  и 
«Актуальность  социальной  защиты».  Также,  рассмотрены  основные  направления  социальной 
политики Республики Казахстан и осуществления социальной защиты  населения, а также главные 
цели социальной сферы в будущем. 
 
Summary 
There are theoretical meanings of social policy and actualities of social safety are described in the 
article.  Also  the  main  directions  of  Kazakhstan’s  social  policy  and  providing  of  social  safety  of 
population and its main objectives in the future are stated in the article.   
 
 
 
 
 

55 
 
 
УДК 658.114:659.127 
 
РЕПУТАЦИЯ 
– НЕОЦЕНИМЫЙ КАПИТАЛ КОМПАНИИ 
 
Ж.Т.ЖАКСЫЛЫКОВА
 
Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата 
                                                                              
    В суровый век сокровище храни,  
                                                                                 Что чистой репутацией зовется.  
                                                                                           Все остальное временем сотрется.  
                                                                                                                                  Шекспир 
 
Деятельность 
организации 
осуществляется 
в 
условиях 
разнообразных 
взаимодействий  и  взаимосвязей,  в  окружении,  имеющем  различные  интересы  – 
экономические,  политические,  правовые,  социальные,  духовные  и  пр.  Регулирование 
взаимодействий, влияющих на организацию изнутри и извне, несомненно, является одной 
из  важнейших  функций  организации,  обуславливающей  успешность  ее  деятельности. 
Гибкость взаимодействия и обратная связь – процесс, способствующий достижению целей 
организации.  Важнейшие  задачи,  решаемые  в  ходе  этой  деятельности,  –  формирование 
позитивного 
имиджа, 
достижение 
доверительных 
отношений 
с 
партнерами, 
потребителями  и  поставщиками  и,  что,  пожалуй,  самое  важное,  создание  высокой 
репутации, которая бы работала на компанию и приносила конкретные результаты. 
Основное  место,  где  наиболее  ценится  имя  фирмы,  -  это  фондовая  биржа. 
Покупателями  акций  на  фондовых  биржах  являются  не  только  юридические,  но  и 
физические лица, которые уже осознают, что деньги сохраняются только тогда, когда они 
приносят прибыль. 
Не  сегодня-завтра  каждый  из  нас  может  стать  инвестором,  и  тогда  надо  будет 
взвешивать,  куда  выгоднее  вложить  свой  капитал.  Но  это  не  легкая  задача,  так  как 
рыночная  стоимость акций то выше, то ниже балансовой.  
Выходя на фондовую биржу, компании должны  учитывать, что опытного инвестора 
интересуют  не  столько  данные  на  текущий  момент,  сколько  потенциал  компании, 
возможность получить прибыль из будущей деятельности фирмы. Есть критерии, которые 
являются  сигналами  состоятельности  компании:  финансовые  показатели,  объем  продаж, 
выплата  предыдущих  дивидендов.  Это  осязаемые  показатели.  Но  есть  еще  и 
нематериальные  активы:  перспективность  оценки  (наличие  стратегии,  возможность 
реализовать ее), репутация, деловые связи, торговые марки и брэнды, патенты и авторские 
права,  квалифицированные  кадры,  талантливые  сотрудники.  Именно  эта  часть  активов 
может стать решающей при покупке акций. 
Даже  если  компания  не  продает  свои  акции  на  бирже,  она  должна  знать  свою 
стоимость  в  случае  своей  продажи  или  слияния,  или  поглощения.  Из  западной  и 
российской  практики  видно,  что  при  слияниях  и  поглощениях  рыночная  стоимость 
компании  включает  такую  статью  нематериальных,  не  ощутимых  на  первый  взгляд, 
активов,  которая  называется  очень  просто:  «репутация»,  или  «goodwill».  Но  она  дает 
весьма  ощутимый  «довесок»  -  как  минимум,  10-15%  к  общей  стоимости  активов.  Таким 
образом,  «доброе  имя»  имеет  весьма  материальное  выражение.  Инвестор  вкладывает 
деньги и в материальные, и в нематериальные активы [1, 26с.]. 
Хорошее имя на рынке стоит миллионы долларов. Имя фирмы – это нематериальные 
активы,  создание  и  управление  которыми  является  высшим  пилотажем  бизнеса.  В 
качестве примера можно привести компанию «Бритиш Петролеум», материальные активы 

56 
 
которой  составляют  29%,  а  нематериальные  –  71%.  Нематериальные  активы  компании 
«Кока-Кола»  составляют  целых  96%  (по  данным  исследований  британской  компании 
«Интербрэнд») [2, 13 с.]. Трудно представить, что может случиться к «Кока-Колой», если 
она перестанет заботиться о своей репутации.  
Авторитетный  американский  журнал  «Fortune»  считает,  что  репутация  наполовину 
зависит от финансовых показателей, наполовину - от нематериальных факторов, которая и 
объединяет  сумму  признаков того,  что  называется  репутацией.  Журнал  «Fortune»  в  2005 
году  проанализировал  отношение  рынка  к  репутации  компаний  и  сделал  следующие 
выводы. 

 
Хорошая  корпоративная  репутация  увеличивает  продолжительность  получения 
максимального дохода (эффект отсрочки). 

 
Хорошая  корпоративная  репутация  может  сократить  время,  которое  требуется 
фирме,  чтобы  достичь  финансовых  показателей,  сопоставимых  со  средним  уровнем 
(эффект ведущего показателя). 

 
Хорошая  корпоративная  репутация  способствует  получению  и  сохранению 
максимальной прибыли. 
    Таким  образом,  данный  анализ  показал,  что  клиенты  поддерживают  более 
стабильные отношения с фирмами, обладающими хорошей репутацией, а значит, фирмы с 
хорошей репутацией более успешно занимают перспективные рынки. Партнеры компании 
с  хорошей  репутацией  дают  им  более  выгодные  схемы  поставок  сырья.  Поставщики 
капитала  предоставляют  свои  услуги  фирмам  с  хорошей  репутацией  на  более  выгодных 
условиях.  Лучшие  специалисты  в  отрасли  стремятся  к  долгосрочному  сотрудничеству  с 
фирмами, обладающими хорошей репутацией. 
Хорошая  репутация  позволяет  компании  «свернуть  горы»! 
Исследования 
показывают,  что  потребители  действительно  готовы  платить  больше  за  продукты 
социально  ответственной  компании-производителя,  будучи  уверены  в  том,  что,  покупая 
продукт компании с хорошей репутацией, они тем самым наилучшим образом заботятся о 
своих  детях,  семье,  окружающей  среде  [2,  14  с.].  На  западе  такой  подход  существует 
давно. И одной из самых важных задач высшего руководства компаний является именно 
забота  о  положительной  корпоративной  репутации.  Любой  конкурентоспособный 
производитель  знает:  чтобы  получить  потребительскую  аудиторию  и  прибыль,  нужно 
вложить, прежде всего, в самого себя. Ведь доброе имя работает лучше всякой рекламы. 
По  мере  того,  как  рыночная  экономика  Казахстана  становится  более  зрелой, 
компаниям приходится больше заботиться о своем имидже, а не только о продаже товара. 
Однако, надо помнить, что симпатичный и привлекательный облик компании – это еще не 
репутация.  Репутация  –  это  сложный  малоисследованный  феномен,  представляющий 
композицию  из  частных  составляющих,  которые  играют  не  одинаковую  роль  в  ее 
формировании.  Одним  из  таких  составляющих  является  позитивное  или  негативное 
восприятие фирмы респондентом, что и называется имиджем компании. 
Составляющие элементы имиджа компании представлены на рисунке 1 [3, 59с.]. 
При  формировании  имиджа  компании  необходимо  учитывать  все  перечисленные 
элементы, каждый из них несет имиджевую информацию, а также их взаимовлияние друг 
на друга: поскольку изменение одного из элементов влечет за собой изменение не только 
имиджа компании в целом, но и других элементов. 
Кроме того, при формировании имиджа компании необходимо грамотно построить 
работу  с  целевыми  аудиториями,  так  как  они  являются  непосредственными  адресатами 
имиджа  компании.  Выборочная  работа  с  целевыми  аудиториями  может  не  только  не 
принести желаемых результатов, но и негативно сказаться на имидже организации.  
Совокупность  элементов  имиджа  компании  влияет  на  восприятие  организации 
целевыми аудиториями и создает в их глазах определенный образ предприятия. 

57 
 
 
 
 
Рис. 1-Элементы имиджа компании 
 
Однако  не  следует  отождествлять  "имидж"  и  "деловую  репутацию"  компании,  хотя 
эти  категории  тесно  связаны.  Имидж  (образ)  -  достаточно  поверхностное,  зачастую 
искусственно  созданное  за  сравнительно  недолгое  время  представление  об  объекте, 
которое  складывается  в  сознании  людей.  Поскольку  люди  имеют  отличающуюся 
информацию о компании, неодинакова история их взаимоотношений с фирмой, постольку 
и образ одной и той же компании у разных людей формируется различный. Имидж может 
не  отражать  глубинных  экономических  и  социальных  характеристик  компании, 
особенностей  ее  поведения  на  рынке  и  последствий  ее  деятельности,  зачастую 
камуфлируя  реальные  принципы  и методы  ведения  бизнеса.  Имидж  можно  существенно 
изменять, при этом практически ничего не меняя в самой компании. 
Репутация – это динамическая характеристика поведения компании, формирующаяся 
в обществе в  течение  достаточно  продолжительного  периода времени.  Она  складывается 
на  основе  совокупности  информации  о  том,  каким  образом  и  какими  методами  строит 
свое  поведение  предпринимательская  структура  в  определенных  ситуациях.  Если 
благоприятный  имидж  привлекает  новых  партнеров  и  потребителей,  то  создаваемая 
годами  репутация  заставляет  их  оставаться  верными  однажды  сделанному  выбору. 
Репутация  косвенно  гарантирует,  что  организация  "не  подведет".  Имидж  в  большей 
степени отражает эмоциональное восприятие компании (нравится  – не нравится) и может 
складываться  без  непосредственного  опыта  взаимодействия  с  компанией.  Репутация 

58 
 
формируется  на  основе  достоверных  знаний  и  оценок  (надежный,  выгодный,  удобный 
партнер,  например),  т.е.  предполагает  рациональный,  аналитический  подход,  часто 
подкрепляемый  собственным  опытом  взаимодействия.  Репутация  компании  в  большей 
степени, чем имидж, определяет принятие контрагентами решения ("за" или "против") по 
вопросу сотрудничества с ней в той или иной форме. 
Таким  образом,  репутация  гораздо  дороже  имиджа  –  это  инвестиции  в  качество,  в 
инновации, в культуру производства, в безукоризненную историю. 
Выявлены, как минимум, четыре составляющие репутации: 

 
Доверие  к  компании  в  самом  широком  смысле  слова,  обеспечиваемое  стабильно 
высокими стандартами ее деятельности и последовательно реализуемой миссией. 

 
Качество работы. 

 
Высокий уровень менеджмента. 

 
Гуманный подход к делу, человечное отношение к своим клиентам и сотрудникам 
[1, 28с.]. 
Невозможно  создать  репутацию  в  одночасье,  тем  более  экстренно  заказать  другой 
компании  сделать  это.  Только  сама  компания  может  взращивать  свой  образ  и  укреплять 
репутацию, равно как и потерять ее. 
Сегодня не подлежит сомнению тот факт, что деловая репутация является важнейшим 
нематериальным  активом  предприятия,  несмотря  на  то,  что  она  существенно  отличается 
от других нематериальных активов содержанием, способами приобретения или выбытия, 
методами  оценки.  
 
Литература: 
1.
 
Райсханова Р. Сколько стоит доброе имя. // Технологии управления .  — 2001. — № 2-3. – 
С. 26-28. 
2.
 
Юлия  Шилина.  Репутация  компании.  Безупречность  –  основа  капитала.  //            
«Продвижение Продовольствия. Prod&Prod».  – 2010. – № 4. – С.12-19 
3.
 
Бинецкий  А.Е.  Паблик  рилейшнз.  Защита  интересов  и  репутации  бизнеса  :  учеб.-практ. 
пособие. — М.: ЭКМОС, 2003. – 237 с. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет