Ғ.А. Байтилеуова, М.П. Ешимов, Р.И. Дүйсенбаева
30
№ 1/2023
ВЕСТНИК Евразийского гуманитарного института.
BULLETIN of the Eurasian Humanities Institute.
оралымды өңдеп беруге мүмкіндік жасайтынын көруге болады. Отбасы
фреймінің паремиологиялық бірліктерін құрайтын «Үйлену оңай, үй болу
қиын», «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды», «Анасына қарап, қызын ал»,
«Жақсы әйел – теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас», «Жақсы жұбай-жарым
бақыт», «Екі жақсы қосылса, ай мен күндей жарасар. Екі жаман қосылса,
ырылдасар, таласар», «Отбасы бірлігі-татулықта», «Күйеу – жүз жылдық, құда –
мың жылдық», «Үй болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» мақалдары
студенттердің тілдік қорын арттыруға, оларды бейнелік фрейм ретінде
қолдануға мүмкіндік береді.
Отбасы концептінің фреймдік құрылымы тарихи, этнографиялық,
мәдени мәнмәтінді қамтиды әрі адамдардың өмір сүру ерекшеліктерін,
халықтың менталитетін сипаттайды. Тілдік фреймдерді пайдаланудың
артықшылықтарына мына факторларды жатқызуға болады деп ойлаймыз:
-
түсініксіз сөздер азаяды;
-
дайын модельдерді құрастыруға ынталандырады;
-
коммуникацияға қажетті сөйлеу модельдері пайда болады;
-
сөздік қорлары артады.
Достарыңызбен бөлісу: