Issn 1999-4214 (print) issn 2957-5095 (online) еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата23.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120748
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Қалай тұру? 
Жалғыз, бөлек, бірге, тату, 
тату-тәтті, бай, жақсы, 
дәулетті, зорға, араз, тыныш, 
бақытты, жарасымды, нашар 
Отбасы 
Отбасы кімі? Отбасы 
жақындары:
Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, 
сіңлі, бауыр, апа, нағашы, бала, 
немере, ұл, қыз, жиен 
Қандай? Отбасы мүшелері 
Үлгілі, берекелі, толық бақытты, қожасыз, 
дәулетті, ұйымшыл, дәстүрлі, белгілі, 
жарасымды, ауқатты, бақытты, ынтымақты, 
өнегелі, шағын, берекесіз, көпбалалы, 
қазақи 
Қалай тұру? 
Жалғыз, бөлек, бірге, тату, 
тату-тәтті, бай, жақсы, 
дәулетті, зорға, араз, 
тыныш, бақытты, 
жарасымды, нашар 
Отбасы несі?
Отбасы шежіресі, ахуалы, 
бюджеті, кірісі, жағдайы, дәстүрі, 
мәртебесі, мерейі, тарихы, 
жарастығы, құндылығы, береке-
бірлігі 


Ғ.А. Байтилеуова, М.П. Ешимов, Р.И. Дүйсенбаева
 
28 
№ 1/2023
ВЕСТНИК Евразийского гуманитарного института.
BULLETIN of the Eurasian Humanities Institute.
Жоғарыдағы лексикалық бірліктерді жүйелей келіп, қажетті топтарға 
бөліп (атрибуттық, қимыл-әрекеттік, изофеттік мағынадағы, үстеулік), отбасы 
фреймі құрылымының негізгі слоттарын толтырдық. Олар осы концептінің
белсенді сөздік қорына айналады, сондықтан оларды студенттер үйренуге және 
меңгеруге тиіс болады. Студенттер белгілі бір жағдаятта өзіне қажетті 
лексиканы қолдану үшін, әрине, өз жадынан сәйкес келетін слоттарды іздейді, 
қажетті лексиканы қолданады, активтендіреді. Осы топтағы бір сөздің 
мағынасын түсіну үшін бүкіл слоттағы сөздермен жұмыс істеуі керек. Осы 
фреймдік құрылым арқылы лексиканы меңгеру Отбасы концептісі аясында 
ойды құрылымдап, коммуникацияға жетуге мүмкіндік жасайды. Олар арқылы 
мәтін түзуге болады (монолог түрінде). Минскийдің пікірі бойынша, әр фрейм 
арқылы түрлі ақпаратты байланыстыра әрі толықтыра аламыз.
Мәселен, Қандай отбасы? 1. Көпбалалы отбасы\ Қалай тұрады? Тату-тәтті 
тұрады.\ Көпбалалы отбасы неге тату-тәтті тұрады? Көпбалалы отбасы тату-
тәтті тұрады, себебі береке-бірлігі мол. 2. Шағын отбасы\Қалай тұрады? 
Жарасымды тұрады.\ Шағын отбасы неліктен тату-тәтті тұрады? Шағын отбасы 
жарасымды тұрады, себебі сыйластық бар. 3. Жас отбасы \ Қалай тұрады?\ 
Бақытты тұрады. \ Жас отбасы неліктен тату-тәтті тұрады? Жас отбасы бір-бірін 
жақсы көргендіктен бақытты тұрады.
Көңіл бөлетін жайттың бірі, слоттарды тек дайын мән деп түсінбей, оларды 
белгілі алгоритм түріндегі мән-мағынаны анықтауға мүмкіндік беретін 
процедуралар атауы деп те қарастыруға болады. Практика жүзінде студенттерге 
дайындаған монологтері бойынша төмендегі кестемен жұмыс жасау ұсынылады. 
«Отбасы» фреймі бойынша слоттарда берілген сөздерді түрлендіріп қолдануға 
дағдыландырып, синтаксистік қатынастарды меңгертуге мүмкіндік жасалады. 
Студенттер сөздік кестесін толтыру барысында сөздерді тек синонимдік
антонимдік эквиваленттер түрінде ғана емес, сонымен қатар қосымша 
синтаксистікті байланыста қолдануға, тілдік қорын байытуға мүмкіндік алады. Әрі
«Отбасы» фреймінің слоттары арқылы сөздік картасын құрастырады. Тиімділігін, 
ізденушілік дағды қалыптастыратынын ескере отырып, бұл жұмыс түрін
студенттерге өздік жұмысқа беруге болады деп ойлаймыз.
1-кесте – Отбасы» фреймі бойынша сөздік кестесінің үлгісі 
Слотта 
берілген 
сөз 
Мағынасы
Есімді 
сөз 
тіркесі 
Етістікті сөз 
тіркесі
Тұрақты 
сөз тіркесі
Синтаксистік 
құрылым 
1-слот: 
шаңырақ 
шаңырақ – 1. 
этн. киіз үйдің 
уықтарын 
біріктіріп 
қара 
шаңырақ; 
жас 
шаңырақ; 
шаңырақ
көтеру; 
шаңырақты 
ұстау; 
шаңырақ 
көтеру, 
шаңырағы 
биік болу; 
1.
Біреудің 
шаңырағына ақыл 
айта барма. 
2.
Қазақ даласы - 


Фрейм арқылы сөздік қорды арттыру
 
Еуразия гуманитарлық институты ХАБАРШЫСЫ
№ 1/2023
29 
ұстап тұратын 
күлдіреуіштер
і бар дөңгелек 
шеңбер; 
2. 
ауыс. 
Өзінің 
туған 
тұрғын 
үйі; 3. ауыс. 
Орда, мекен; 4. 
ауыс. 
Әулет, 
үрім-бұтақ; 5. 
ауыс. Отбасы, 
жанұя.
берекелі 
шаңырақ; 
көп 
балалы 
шаңырақ; 
шаңырақ 
иесі; 
шаңырағын 
таныстыру; 
шаңырағын
а ие болу; 
шаңырақт
ы сыйлау; 
шаңырағы 
ортасына 
түсу; 
шаңырағы 
шайқалу 
Ұлы Түркі елінің 
қара шаңырағы. 
3.
Шаңыраққа қара, 
қайда отырғаныңды 
ұмытпа. 
Фрейм ұғымына әртүрлі көзқарастарды ескере отырып, біздің фреймге 
мынадай анықтама бергіміз келеді: фрейм – бұл танымдық білім, белгілі 
иерархиялық құрылымы бар лексикалық қор; фрейм бір-бірімен өзара 
байланысты тақырыптық рамалар.
Сонымен, отбасы концептінің фреймдік құрылымы басты үш жоғарғы 
гельштаттан тұрады: 1) «Қазақ отбасы», ол 9 слоттан құралған, 2) «Ата-ана», бұл 
фрейм 5 слоттан және соңғы фрейм 3) «Бала-шаға» 6 слоттан құралған деп 
жіктелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет