Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет111/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   169
Алимкулова У.К.
магистр, аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, 
Шымкент,Қазақстан
Сахиева Ф.
PhD аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, 
Шымкент, Қазақстан
Исабаева А.С.
п.ғ.к., Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан
МЕКТЕП ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАННЫҢ 
АТҚАРАТЫН ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түйін. Мақалада педагог-психолог қызметінің мәселелері, сондай-ақ педагог- психологтың ерекшеліктері 
қарастырылады.
Кілт сөз: іс-әрекет, педагог-психолог, таным, Субъект, компонент
Резюме. В статье рассматривается проблемы деятельности педагог-психолога, также особенности 
педагог-психолога.
Ключевые слова: деятельность, педагог-психолог, познание, субъект, компонент
Summary. In this article problems of activity of pedagogs-pscychologist and pecularities pedagogs- pscychologist 
is considered.
Keywords: activity, educational psychologist, cognition, subject, component
Педагог-психологтың іс-әрекеті – бұл кәсіби іс-әрекет, оның мазмұны оқушыларға білім беру, 
оқыту, тәрбиелеу, психологиялық кеңес беру және т.б. қызметтер көрсету.
Педагогикалық- психологиялық іс-әрекеттің ең маңызды қасиеттерінің бірі – бұл іс- әрекетте 
педагогтың өзін-өзі шыңдауы мен оқытуға бағытталған білімділігі, тәртіптілігі, дамытуы.
Кәсіби іс-әрекет арнайы білімді талап етеді, яғни, сол кәсіпке байланысты қызмет атқаруға 
қажетті арнайы білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеру. Бұл білім-біліктерді меңгере отырып, теориялық 
және практикалық педагогиканы меңгересіздер; іс-әрекеттің жоғары нәтиже алу үшін, кәсіпкерліктің 
жоғары деңгейіне жету үшін қажет білімдермен қаруланып шыңдаласыздар.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекетпен шұғылданатын адамды: тәрбиеші, мұғалім, оқытушы, педа-
гог деп атайды.
Ойланып көрңіздер, педагогикалық іс-әрекет ауқымы қандай кең, осы іс-әрекет арқылы қанша 
адам өтеді?
Отбасында оқытады, тәрбиелейді (ата-ана, әже мен ата, бала бағушы, репетиторлар, үй 
мұғалімдері); балабақшада оқытады, тәрбиелейді (тәрбиешілер, үйірме жетекшілері, т.б.); мектеп-
те оқытады, тєрбиелейді (педагог-психологтар, сынып жетекшілері, ұзартылған топ педагогтары, 
қосымша білім беретін педагогтар, т.б). Сондықтан өсіп келе жатќан адам балалық шағынан бастап, 
көптеген адамдардың педагогикалық іс-әрекеттің нысаны болып табылады.
Әрбір педагог-психолог мамандығын алып шыққан соң , өмірде өз білімін тереңдетіп, мамандығын 
көтеріп, іс-әрекетін өзгертеді, тіпті әртүрлі себептерге байланысты мамандығын да өзгертуге тура 
келеді. Осыған орай, ол әр түрлі курстарда оқып, білім жетілдіру институттарында білім алады, жаңа 
және қосымша білім алады және педагогикалық іс-әрекетке түседі. Яғни, бірде бір адам педагогикалық 
іс-әрекет нысаны болмай өмір сүре алмайды екен.
223


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
224
Енді іс-әрекеттің шығуына, пайда болуына келейік. Бұл іс-әрекет қашан пайда болды? Осы сұраққа 
жауап беруге бола ма? Жауапты педагогика, психология сөздігінен қарастырсақ, онда Антикалық 
Грецияда алғашқы мектептер ашылып, сауаттылық, білімділік азаматтардың ерікті қабілет-қасиеті 
болып есептеле басталды. Мұнда мектепке барар алдында ерікті азаматтардың балалары отбасылық 
тәрбие алған. Құл иеленушілердің балаларын репетиторларға құлдар жетектеп апарған. Осыдан бала-
ны жетектейтін – педагогика пайда болған.
Ғалымдар былай деп есептейді: тәрбие мен оқыту адамдардың әлеуметтік-мәдени іс- әрекеттерінің 
маңызды түріне жатады.
Педагогикалық іс-әрекеттің тууы, оның кәсібилігі, арнайы білімдер мен біліктіліктерді меңгеруі 
сауаттылық, жазу пайда болуымен байланысты. Ауызша берілген тәрбие жазу арқылы бекітілген.
Ал таным тарихындағы іс-әрекет ұғымына келетін болсақ ол екі түрлі мәнде болады біріншіден, 
дүниеге көзқарастық ұстанымы ретінде, екіншіден, әр түрлі әлеуметтік ғылымдарға негіз болған.
ХХ ғасырда әлеуметтік өмір формалары мен мәдени құндылықтардың пайда болуының негізі, 
қайнар көзі іс-әрекет деп қарайтын ұстанымы бірқатар әлеуметтік ғылымдардың қалыптасып даму-
ына негіз болды. Күнделікті өмірде „іс-әрекет“ сөзі – еңбек, іс деген қарапайым ұғымды білдіреді. 
Ал ғылымда адамның болмысымен байланысты қарастырылады, онымен ғылымның бірнеше са-
лалары: философия, психология, тарих, мәдениеттану, педагогика жєне т.с.с. шұғылданады. Ал, 
Л.А.Беляеваның пікірінше,
«Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шындық болмысының тәсілі. Педагогикалық іс- 
әрекеттен тыс тәрбие туралы да, педагогикалық шындықтың басқа құбылыстары туралы да айтуға 
болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің пәні (нысаны) – өзіндік белсенділігі басқа адам, сондықтан іс-әрекет 
субъектілердің өзара әсері жағдайында жүзеге асады. Егер іс-әрекетке екі немесе одан да көп субъект: 
мұғалім жєне оқушы, оқытушы жєне студент, мұғалім және сынып, оқушы жєне топ, мұғалім және 
педагогикалық ұжым және т.с.с., яғни педагогикалық іс-әрекет көпсубъектілі немесе субъекті аралық 
сипатта болады.
Субъект – іс-әрекетті жасайтын адам, объект – іс-әрекеттің бағытталуы. Ондай болса педагогтің 
іс-әрекет объектісі – ол оқушының іс-әрекеті. Педагогикалық іс-әрекетті бейнелеуге, құрастыруға, 
бағдарлауға және басқаруға болады. Бұл тәсілдердің әрқайсысы педагог-психологтың белгілі бір іс-
әрекетінің негізі болып табылады. Педагогикалық іс- әрекет аясында педагог-психолог оқушымен 
қарым-қатынас процесінде ғылым әлемін байланыстырушы рөлін атқарады. Ендеше пән мұғалімі білім 
мазмұнын бере отырып, ұжымдық субъектілердің іс-әрекетін жеке субъектілердің жеке іс-әрекетіне 
айналдыру процесін ұйымдастырады, сөйтіп жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз 
етеді. Сонымен, педагогикалық іс-әрекет – педагогтың білім мазмұны мен оқушылардың іс- әрекетін 
ұйымдастырудағы белсенділігі, ол адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мендамуын қамтамасыз 
етеді.Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның құрылымында мынадай функционалдық 
элементтері бар жүйе ретінде қарастырады. Олар:
1) педагогикалық өзара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен бірге іс-әрекеті, оқыту 
мақсаты және қатынас жасау құралдары;
2) оқушы мен педагог-психолог оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, процесі және 
ұйымдастыру түрлері;
3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектіні, мазмұны мен құралдары
нәтижелері.
Осыдан кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері шығады:
– онымен міндетті білім, дағдыны меңгерген арнайы адам шұғылданады;
– оны жүзеге асыру үшін белгілі формалары болады: сабақ, «сынып»;
– бұл іс-әрекет белгілі бір мақсатты көздейді: баланы белгілі бір нєрсеге үйрету; белгілі бір 
білімдер жүйесін беру; белгілі бір білік, дағды қалыптастыру, білім алуда кеткен ақаулардың орнын 
толтыру; адам етіп шығару; қабілеттерін, қызығушылықтарын, ойлау, елестету, т.б. дамыту;
– оқыту, білім беру, тєрбиелеудің мазмұнын анықтау;
– баланың педагогпен «ерекше» қарым-қатынасы (іскер, ресми, регламенттік, т.б.);
– педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін тексеру, яғни, мұғалім үйреткен білім мен біліктердің 
қорытындысы;


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
225
– нағыз педагог регламенттік іс-әрекетпен ғана шектелмейді – ол, өзінің оқушыға әсер етуде 
барлық мүмкіншілігін пайдаланады: дәстүрлі емес әңгімелер, сенімді әңгімелесу; баланы ойландырып 
жүрген мәселелерді талқылау, кеңес беру, көмектесу.
Осындай белгілерден төмендегідей деңгейлері анықтауға болады. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет