Сарыкулов К.Р.
з. ғ.к., аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕГІ
ІСТІ АЯҚТАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Түйін. Бұл мақалада сотқа дейінгі тергеп тексеру кезіндегі істі аяқтаудың мәселелері қарастырылды.
Тірек сөздер: заң, құқық, сот, тергеу, айғақ, прокурор, қылмыс.
Резюме. В данной статье рассмотрены вопросы завершения дела при досудебном расследовании.
Ключевые слова: закон, право, суд, расследование, вещественное доказательство, прокурор, преступление.
Summary. This article discusses the issues of completion of the case in the pre-trial investigation.
Keywords: law, law, court, investigation, physical evidence, Prosecutor, crime.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық әс қозғалғаннан кейінгі қылмыстық іс жүргізу
сатыларының бірі. Бұл сатыда анықтау органдары, тергеуші және прокурор қылмыстық іс жүргізу
заңдары талаптарына сәйкес қылмысты ашу, күдікті адамды ұстау қызметін, айыптау мақсатындағы
дәлелдемелер, айғақтар жинау жөніндегі бірқатар тергеу және басқа іс әрекеттерді жүргізеді. Одан
кейін соттың әділ жазалау шараларын шығаруын жүзеге асырады (ҚР ҚПК 187-бап). Алдын ала
тергеу сатысында жинақталған материалдар негізінен сот мәжілісінде зерттеледі. Оны сот бағалап,
сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі туралы шешім қабылдайды.
Алдын ала тергеуге дейін қылмыс белгілерін анықтау және қылмыстық істі қозғау процестері
жүргізіледі.
Қылмыстардың көпшілігі бойынша алдын ала тергеу жүргізіледі, сондықтан бұл қылмыстық істі
сотқа дейін тергеудің негізгі формасы болып табылады. Жеке айыптау тәртібімен ізге түсу бойынша
қылмысты тергеу ерекше жағдай болып табылады (ҚР ҚПК 408-бап).
Алдын ала тергеу және анықтау органдарындағы қылмыстық іс жүргізу қызметінің іс жүргізу
құжаттарын құрайтын мерзімі мен саны бойынша ең үлкен бөлімі болып табылады. Алдын ала тергеу
барысында іс бойынша дәлелдеме айғақтардың ең көп бөлігі жинақталады, және ашылады.
Алдын ала тергеу тергеушілер, анықтау органдары, анықтаушылар арқылы жүргізіледі. Ал бұл
қылмыстың қылмыстық іс жүргізу заңдарын дұрыс қолданудың адам мен азаматтардың құқығы мен
бостандығын сақтаудың маңызды кепілі болып табылады.
Алдын ала тергеу ұғымы саты ретінде заң әдебиеттерінде еш талас тудырмайды, оған барлық іс
жүргізушілер бірдей анықтама береді. Алдын ала тергеу дегеніміз – қылмыстық іс қозғалғаннан кейін
болатын, өзінің міндеттері мен шекарасы бар қылмыстық процесс.
Бірақ, кейде ғалымдар, қызмет ретіндегі алдын ала тергеу мен алдын ала тергеу сатылары
арасындағы айырмашылықты көре алмайды[1; 10б.].
19
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
20
А.А.Гарницкий былай дейді: «Алдын ала тергеу – қылмыстық процестің сатысы, ол кезеңде
тергеу және анықтама органдары, жұртшылықтың көмегіне сүйене отырып және заңда белгіленген
тәртіпте, қылмыстың алдын алу жөніндегі қызметін жүзеге асырады, жасалған қылмыстарды ашу,
кінәлілерді жауапқа тарту жұмыстарын жүргізеді, қылмыстық оқиғаның немесе құрамның немесе
істі сотқа жіберу үшін негіздің бар-жоғын анықтайды». «Алдын ала тергеу дегеніміз – қылмыстық
процестің сатыларының бірі, – деп жазады Н.Ц. Логин мен Ф.Н. Фаткуллин, – Сот ісін жүргізудің бұл
сатысы тергеушінің немесе анықтама органының қозғалған істі қабылдап алуынан басталады және
ол бойынша айыптау қорытындысын жасап, оны бекітумен немесе қылмыстық істі қысқартумен (есі
дұрыс еместерге қатысты материалдар мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберумен)
аяқталады». Бұл анықтау уақыт аралығына (сатыға) қатысты қолданылады, бірақ жалпы қылмыстық
іс жүргізу қызметіне қатысты пайдаланылмайды.
Біздің жұмысымызда алдын ала тергеу, негізінен, қызмет ретінде қаралады. Дегенмен, кейде бұл
қызметті сипаттағанда автор аттас сатының да, құқықтық институттың да белгілерін анықтауы мүмкін.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру (қызмет ретіңде) екі нысанында жүзеге асырылады деп саналады,
олар: анықтау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру.
Анықтау және оның түрлері. Бұрын аталып өткендей, қылмыстық іс жүргізу қызметінің екі
түрін: анықтау мен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нысандары деп атау
қабылданған.
Анықтау, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің кез келген нысаны сияқты, қылмыстық іс қозғалғаннан
кейін басталады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру міндетті емес тергеуден оның айтарлықтай
айырмашылығы бар. Анықтаудың түріне қарай ол қылмыстық істі тергеушіге жібергеннен кейін, не
сотқа дейінгі тергеп-тексеру сияқты – істі айыптау қорытындысымен сотқа жібергеннен кейін немесе
қылмыстық іс қысқарғаннан кейін аяқталуы мүмкін. Заң сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жүзеге
асырылатын ол қызметтің екеуін де анықтау деп атайды.
Есте сақтайтын бір жай, «қазіргі заңдық регламенттеуде анықтау әртүрлі екі процедура-
ны қамтиды, оларды бір құқықтық институтқа біріктіру жасанды болып табылады». Сондықтанда
Г.И.Мачковскийдің айтқаны өте дұрыс: анықтау – кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерін
жүргізу ғана, яғни А.К.Гавриловтың пікірінше – анықтау тергеудің бастапқы кезеңі (бөлігі) ғана; ал
толық көлемді анықтау дегеніміз – азаматтардың құқықтарын шектей отырып анықтау органының
сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуі. Басқаша айтқанда, егер жаратылысы да, мақсаты да, мерзімі де
тіптен басқаша екі қызмет түрі бірдей аталынатын болса және мұндай жағдай дұрыс деп саналса, онда
анықтау органдарының қылмыстық іс жүргізу практикасының барлық түрлері дәйекті анықтау деп
аталады. [2; 15б].
ҚПК-нің 189-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу міндетті емес істер бойынша
анықтау органы іс қозғайды және қылмыстық іс бойынша дәлелденуі тиісті мән-жайларды анықтау
үшін қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген барлық шараларды қабылдайды. Сотқа дейінгі тергеп-
тексерудің осы түрін жүргізгенде анықтау органы кез келген тергеу, сондай-ақ басқа іс жүргізу
әрекеттерін жүргізуге, қажетті іс жүргізу шешімдерін қабылдауға құқылы.
Бұл ретте ол қылмыстық іс жүргізу заңында негізінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін
белгіленген ережелерді басшылыққа алады.
1) Жәбірленушіні, азаматгық талапкерді, азаматтық жауапкерлі және олардың өкілдерін анықтау
жүргізген адам анықтаудың аяқталғаны және істін прокурорға жіберілгені жайында хабардар ету-
ге міндетгі. Бірақ. анықтау органы, тиісті өтініш болған күннің өзінде, оларды іс материалдарымен
таныстыруға міндетті емес.
2) Тергеушіде іс жүргізу еркіндігі бар, оның мәнісі мынада: прокурор, ҚПК-нің 193-бабына
сәйкес, тергеушіге (анықтау жүргізуші адамға) орындалуы міндетті нұсқау беруге уәкілетті. Бірақ
тергеуші прокурордың:
– айыпталушы ретінде тарту туралы;
– қылмысты саралау және айыптаудың көлемі туралы;
– сот талқылауын тағайындау үшін істі жіберу туралы немесе істі қысқарту туралы нұсқауымен
келіспесе, өз қарсылығын жазбаша баяндап жоғары тұрған прокурорға жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда
прокурор, не төменгі тұрған прокурордың нұсқауын бұзады, не бұл істің тергеуін басқа тергеушіге тап-
сырады. Анықтау органдарына бұл ереже таралмайды. Прокурордың нұсқауымен келіспеген жағдайда
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
21
анықтау органы жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы. Дегенмен, мұндай шағымдаңу
фактысы прокурор нұсқауының орындалуын тоқтата алмайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу
міндетті емес істер бойынша анықтау материалдары істі сотта қарауға негіз бола алады. Оның мақсаты
сотқа дейінгі тергеп-тексерудің алдына қойылған мақсатпен бірдей. Мерзімі және жүргізу амалдары
жағынан олар да әртүрлі болуы мүмкін. Міне осы мән-жай ғалымдарға анықтаудың осы түрін толық
көлемді анықтау немесе «сотқа дейінгі тергеп-тексерудің» ерекше нысаны деп атауға мүмкіндік беріп
отыр.
Дау туғызбайтын бір жағдай – сотқа дейінгі тергеп-тексеру міндетті емес істер бойынша анықтау
сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзінше дербес нысаны болып табылады, оны сотқа дейінгі тергеп-тек-
серуден мыналар ерекшелейді:
– оны жүзеге асыратын субъект (тергеуші емес, анықтау жүргізуші адам);
– сол субъектінің құқықтық мәртебссі (анықтау жүргізуші адамда іс жүргізу еркіндігі болмайды);
– жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, адам және жауапкердің және олардың өкілдерінің тер-
геу аяқталғаннан кейін іс материалдарымен танысуға құқықтарының жоқтығы.
Қылмыстық іс жүргізу қызметінің осы түрі, басқаларға қарағанда, «анықтау» деп атауға көбірек
сәйкес келеді. Ол сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қарағанда едәуір өзгеше. [3; 10б.].
Қазақстан Республикасының Қылмыстық сот ісін жүргізу негіздерінің 29-бабына сәйкес сотқа
дейінгі тергеп-тексеру жүргізу міндетті болып табылатын қылмыстарда қылмыс белгілері болса
анықтау органы қылмыстық іс қозғайды және қылмыстық іс жүргізу заңын басшылыққа алып дереу
тергеу әрекеттерін жүргізеді, ондағы мақсат – қылмыстың іздерін анықтау және бекіту: қарау, тінту,
алу, телефон және басқа байланыстарды тыңдау, мүлікке тыйым салу, сезіктілерді анықтау, ұстау
және олардан жауап алу, жәбірленушілер мен куәлерден жауап алу, қажет болған жағдайда сараптама
тағайындау.
Анықталған қылмыс және басталған анықтау жайында анықтау органы прокурорға дереу ха-
бар береді. Жедел тергеу әрекеттерін орындағаннан кейін анықтау органы, прокурордың нұсқауын
күтпестен және он күндік мерзім біткеннен кейін істі тергеушіге тапсыруға міндетті.
Анықтаудың бұл түрі сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысын аяқтамайды, сондықтан да өзінен
кейін жалғасатын сотқа дейінгі тергеп-тексеруден бөлініп сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нысаны деп
аталынбайды. Бұл жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру екі элементтен тұрады:
– сотқа дейінгі тергеп-тексеру міндетті болып табылатын істер бойынша анықтау;
– анықтау органы істі тергеушіге бергеннен кейін басталатын сотқа дейінгі тергеп-тексеру. Сотқа
дейінгі тергеп-тексерудің осы нысанын аралас сотқа дейінгі тергеп-тексеру деп атау керек.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру дегеніміз – мазмұны сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысын басы-
нан аяғына дейін қамтитын қызмет. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру дәлелдеуге жататын барлық мән-
жайларды сотқа дейін анықтауға бағытталады (ҚПК-нің 113-бабы). Тек сотқа дейінгі тергеп-тексеру-
де ғана қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатыларында адамның құқықтары мен заңды мүдделерін
сақтаудың заңда көзделген кепілдіктері көбірек көзделген.
Анықтауға қарағанда қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тергеушілер
жүргізеді, оларда, жоғарыда атап өткеніміздей, іс жүргізу дербестігі болады. Тергеу бөлімшелері
қазіргі кезде ішкі істер органдарында, қауіпсіздік қызметі органдарында және салық полициясы ор-
гандарында бар.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру, ҚПК-нің 123 және 426-баптарына сәйкес, неғұрлым күрделі
істер бойынша және өзінің дене немесе ақыл-ой кемістігіне байланысты өз құқығын қорғай алмай-
тын кәмелетке толмаған адамдар жасаған қылмыстар туралы, сондай-ақ есі дұрыс еместердің қоғамға
қауіпті іс-әрекеттері туралы істердің барлығында міндетті түрде жүргізіледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру оны жүргізу заң бойынша міндетті емес қылмыстар бойынша да
жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда тергеуші, оны сот немесе прокурор қажет деп санағанда ғана,
қылмыстық процеске кірісуге құқылы.
М.С. Строговтың пікірінше, «анықтау мен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бір бірінен айыр ма-
шылығы сонда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру дегеніміз – тергеудің маңызды, елеулі қылмыстар туралы
істерде қолданылатын жоғарғы және неғұрлым күрделі нысаны. Анықтау – сотқа дейінгі тергеп-тексе-
руге қатысты алғанда қосымша болып табылатын тергеу нысаны, онын мақсаты – қылмыстың іздерін
бекіту және сотқа дейінгі тергеп-тексеруде іс толық және жан-жақты тергелуі үшін алғашқы және
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
22
шұғыл тергеу әрекеттерін жасау». Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ұғымына анықтама беруге байланысты
бір тарихи жайға назар аударып көрейік. Бір кездері тергеушілер соттардың жанында болған, ол кейбір
іс жүргізушілердің, мысалы. А.Я.Вышинский сияқтылардың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тергеуші
соттардың немесе сот тергеушілерінің, яғни соттың қызметі деп айтуына мүмкіндік берді. Ал қазіргі
көптеген қымыстылар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің соттан тысқарылық сипатын мойындап отыр.
Тарихи фактілерге мұндай апелляцияның қажеті не? Ол дәлелдемелерді зерттеуге соттың қазірде
құқығы бар екендігін көрсету үшін қажет. Сот талқылауының бір бөлігі сот тергеуі деп те аталады.
Ал бұл ұғым мен «сотқа дейінгі тергеп-тексеру» ұғымын ажырата алу керек, олар қызметті жүзеге
асыратын субъектілер бойынша ғана емес, қызметтің бұл түрлерінің қылмыстық процестегі амалына,
мақсатына, орнына және рөліне қарай да ерекшеленеді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің кез келген басқа нысаны сияқты,
іс жүргізу әрекеттерінен және іс жүргізу шешімдерінен тұрады. Ол өзіне тергеу әрекеттерін жүргізуді.
мәжбүрлеу шараларын қолдануды, адамды айыпталушы ретінде тартуды, қорғаушыны, заңды
өкілдерді, азаматтық талапкерлерді және қылмыстық процестің басқа субъектілерін қылмыстық про-
цеске қатысуға жіберуді, қатысушыларды іс материалдарымен таныстыруды және т.б. қамтиды.
Қылмыстық процестік кодексі сонымен қатар тергеу шарттарына, талаптарына мыналарды
жатқызады:
-
Тергелу реті (ҚР ҚПК 192-бап);
-
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін жер (ҚР ҚПК 193-бап);
-
Қылмыстық істерді біріктіру (ҚР ҚПК 48-бап);
-
Қылмыстық істі ажырату (ҚР ҚПК 49-бап);
-
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісінің басталуы (ҚР ҚПК 194-бап);
-
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы (ҚР ҚПК 195-бап);
-
Өтінішті мәлімдеу және шешудің міндеттілігі (ҚР ҚПК 276-бап);
-
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен анықтау деректерін жария етуге жол бермеу (ҚР ҚПК 205-
бап); [4; 5б.].
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің міндеттері – бұл қылмысты тез және толық ашу, оны жасаған
адамды табу және бөлектеу. Әрбір іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жан-жақтылық, толықтық,
обьективтілік және істің мән-жайын зерттеудің шапшандығы сияқты талаптарға жауап беруі қажет.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасын арттыру мақсатында заңдылықты қатаң сақтау қажет. Ең ал-
дымен қылмыстық жауаптылыққа кінәлілерді дер кезінде тартуды тергеу әрекеттерін жекелеп және
олардың барлығын біріктіріп жүргізу тәртібін реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларын сақтау.
Сонымен қатар тергеу барысында кінәлі адамның айыбын айғақтайтын да ақтайтын да немесе ай-
ыпты жауапкершілігін жеңілдететін де мән-жайлардың ашылуы және зерттелуі мүмкін. Тергеу орган-
дарына қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен мән-жайларды ашу, одан әрі оны болдырмаудың
алдын алу шараларын қабылдау міндеті жүктелген.
Сонымен бірге сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыс кезінде келтірілген материалдық шығынды
өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі дер кезінде шаралар қабылдауға бағытталған.
Тергеуде болу заң сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе анықтауды қандайда болмасын органның
өкілеттігіне жатқызуына байланысты болатын қылмыстық істер белгілерінің жиынтығы. Әдебиеттерде
тергеуде болуды төмендегіше бөлу қабылданған: заттық (тектік), аймақтық, дербес баламалық және
қылмыстық істердің байланысы бойынша. [5; 5б.].
Осы белгілерге байланысты тергеуде болу ведомстволардың тергеушілер мен анықтау органда-
рына бөлініп беріледі.
Заттық, тектік белгі. Қылмыстық істің тергелуде болуы қылмыстың тегіне байланыстылығын
оның сипаты мен ауырлық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесті түрде әрбір сотқа дейінгі
тергеп-тексеру органына оның өкілеттілігіне жатқызылатын қылмыстар тізімі қатаң белгіленген.
Аймақтық белгі. Бұнда тергеуде болу сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізудің орнымен
анықталады және қылмыс жасалған жерді көрсетеді (ҚР ҚПК 192-бап).
Дербестік белгі. Тергеуде болу күдікті немесе айыпталушы адамның жеке басының лауазымдық
немесе қызметтік жағдайына мемлекеттегі ерекше құқықтық статус жағдайына байланысты анықталады
(ҚР ҚПК 53-бап). Бұдан басқа да жасы толмағандардың, дене және психикалық жетіспеушілігі бар
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
23
адамдардың барлық қылмыстары жөніндегі істерді ішкі істер бөлімінің тергеушілері тергейді (ҚР ҚПК
191-бап, 2-бөлік).
Баламалы, аралас белгісі бар тергеуде болуы осы қылмыстың кім ашуына байланысты бірқатар
қылмыстарды осы қылмысты ашқан басқа тергеушілердің тергеуіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |