ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Бижан Н.Р., Першеев А.С. Оқу құралы, Шымкент-Нұрлы бейне
баспаханасы. 2017 ж.
2. Уголовный процесс. / Под ред. К.Ф.Гуценко. – М.: Изд. «Зерцало», 1998.
3. Рыжаков А.П. Уголовный процесс. Учебник для вузов. – М, 2000.
4. ҚР-ның «Қылмыстық процестік» кодексі. 04.06.2014 ж.Рустамов Х.Ц. Уголовный процесс
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
24
ӘОЖ 343359.(574)
Әлайдар А.Ә.
з. ғ. к., Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Калканова Ж.С.
з. ғ. к., аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Литвинова Т.А.
з. ғ. к., аға оқытушы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Жаксылыков Н.Н.
з. ғ. к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
ҚИЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЕРЕКШЕЛІГІ
Түйін. Бұл мақалада қиын жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі қарастырылды.
Тірек сөздер: заң, құқық, әлеумет, тәрбие, бала, тәртіп, мектеп, талап.
Резюме. В данной статье рассмотрены особенности социальной работы с трудными подростками.
Ключевые слова: закон, право, общественность, воспитание, ребенок, дисциплина, школа, стремление.
Summary. In this article the features of social work with difficult teenagers are considere.
Keywords: law, law, public, education, child, discipline, school, aspiration.
Тәрбие тәсілдері әрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескертуге, оның шексіз мүмкіндігін
пайдалануға бағытталуы тиіс.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерге қарағанда кәсiптiк мектептерде қиын оқушылардың көбiрек
кездесетiнi белгiлi. ,,қиын,, балалар дегенiмiз кiмдер? Олар мектеп, тарапынан ерекше, қосымша
бақылауды талап ететiн, тәрбиелеуге қарсылық бiлдiретiн оқушылар.
Сонымен қоса, бiлiм деңгейi төмен, тәртiбi нашар, сабақтан көп қалатын, педагогтердiң тала-
бын орындамайтын, адамгершiлiк деңгейi төмен, топтастарымен үнемi тiл табыса алмайтын, ал кейде
психикалық дамуы, ойлау қабiлетi кейiн қалған, ашуланшақ (әр түрлi жүйке ауруларына шалдыққан,
тәрбиеге әрең конетiн) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрмiз. Қазiргi уақытта дәрiгер
психологтердiң бақылауындағы осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр.
Жүйке аурулары (невроз) әр түрлi ортадағы психикалық зақымданудың, отбасындағы және басқа
да әр түрлi қиын жағдайлардың сандарынан пайда болады. Мысалы, кей балалар ата-ана тарапынан
ешқашан жүрек жылуын көрмей өсiп, осыған мектептегi өз тобындағы оқушылардың, мұғалiмдердiң
керi көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып, бала
ашуланшақ, өмiрге ызалы, тұйық қалыпқа түседi.
Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезiнбеген жасөспiрiм өмiрде өзiн ешкiмге
қажетсiз деп есептеп, уайымға шалдығады, кей жасөспiрiмдердiң ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты
түстер көрiп, иммунитетi төмендейдi. [1] Ата-аналар жасөспiрiмдердiң мiнезiндегi ауытқуларына на-
Ата-аналар жасөспiрiмдердiң мiнезiндегi ауытқуларына на-
зар аудармай, көбiнесе, олардың әр түрлi ауыр жағдайға шалдығуына себепшi болады. Жасөспiрiмнiң
нашақорлыққа, iшiмдiкке, ұрлыққа және тағы басқа жақын болу себептерi осында жатқан жоқ па?
Қиын балаларды 2- топқа болуге болады.
Бiрiншiсi – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар балалар.
Екiншiсi – отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы
керi факторлардың, әлеуметтiк жағдайдың әсерi болған және өтпелi кезеңнiң күрделiлiгiнен мiнезi
дұрыс қалыптаспай қалған балалар.
24
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
25
Қиын балалардың өскен ортасының, отбасының жай-күйін талдағанда, кедей отбасының өзі бала
тәрбиесінің, өзі кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Әдетте, ата-
аналардың бала тәрбиесіне әртүрлі себептерге сай аулақтануы да теріс әсер етеді.
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың
әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында
тәрбиеленуі салдарынан болады.
Жүргізілген зерттеулеріміздан нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға итермелейтін тағы бір
әсер – отбасындағы жетіспеушілік, таршылық. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 20-25 пайы-
зы материалдық жағдайдың төмендігінен жасалады екен. Оның себептері, көбінесе, ата-аналардың
ішімдікке салынуынан; отбасының қаражатына ұқыппен қарамуынан, жұмыссыз отыруынан болады.
Қазір материалдық байлықтың рухани байлықтан жоғары тұрған уақытында жасөспірімдер ара-
сында «анау керек, мынау керек» деген көзқарастардың әсерінен, «өзгелерде бар нәрсе менде неге
жоқ» деген оймен де қылмыс жасалатыны белгілі.
Жасөспірім бойында жағымды қасиеттерді дамытуда әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық
әдістерді қолданып, тәрбиені ерікті, зорлықсыз түрде асыру керек. Ата-аналар бала тәрбиесінде қолданатын
әдістерді таңдауда жиі қателеседі. Мәселен, кей отбасы өктемдік (авторитарлық) жолды ұстанады.
Жасөспiрiмдердiң жеке басын сыйламау, адам қатарына санамау, қаталдық (даспотизм), негiзсiз
жазалау, көп сөз, қорқыту, ұру-жасөспiрiмнiң қатыгез, қатал, ашықтан-ашық отбасы талабын орында-
май, өз бiлгенiн iстеуге бейiм болып өсуiне әкелiп соқтырады. [2]
Ымырашылдық (либералдық) жол – бұл, керiсiнше, баланың барлық талабын ойланбай орындау,
жазаламау. Мұнда қолданылатын әдiс, негiзiнен, әңгiме, сөз арқылы баланың барлық iс-әрекеттерiн
жақтау, балаға жалыну, өтiну болады.
Ондай жеткiншек бойында өзiмшiлдiк (эгоизм), дарашылдық (эгоцентризм), жеке басты ойлау,
қоғамдық мүддеден гөрi өз басының мүддесiн бiрiншi орынға қою, өзгелердiң ойымен санаспау, өз iсiн
атқаруда өзгеге талап қою басым тұрады.
Мектеп пен отбасы бала тәрбиелеудегі негізгі мақсатты, қолданылатын әдіс-тәсілдерді бірге
ойлап іске асырмау салдарынан, яғни, әр түрлі талаптардан оқушы отбасының, мектептің ықпалынан
шығып, екіжүзділікті, мақсатқа тура емес, бұрма жолдар арқылы жетуді көздейді. Мұндай балалар,
көбінесе, өз ісін өз күшімен емес, амалдау, алдау-арбау арқылы атқарады.
Бір отбасындағы бірнеше баланың әрқайсысына әр түрлі қарау да жасөспірімнің жеке тұлға
ретінде қалыптасуына теріс әсерінен тигіезді. Үнемі ескерту есітіп, үлкендер тарапынан кеміту мен
қорлаудан арылмаған бала өзіне сенімсіз, тұйық, өзіне-өзі көңілі толмайтын конгіш болып қалыптасады.
Отбасында бала тәрбиесіне әкесі мен шешесінің әр түрлі әдіс қолдануы (біреуі өте қатал, екін-
шісі өте жұмсақ, әкесі бір талап, анасы қарама-қарсы талап қоюы) немесе жасөспірімнің көзінше өз
балаларының тәрбиесі туралы пікірталас жасап, ұрыс-керіс шығаруы, ал жасөспірім осы жағдайды өз
түсінігінше пайдаланып, қоғам талабына керісінше істерді жасауы мүмкін.
Ата-аналардың дүниеқорлық, өтірікшілік, алдау, жалқаулық, оңай ақша табу, өзімшілдік, арақ
құмарлық, зұлымдық, тағы басқа жат қылықтарды бала бойына дарытуы – балаға да, ата-анаға да,
қоғамға да зиянды.
Мектеп пен отбасының дiнге көзқарастарының әр түрлi болуы да, жас баланы аянышты хал-
ге ұшыратуы мүмкiн. Дiни көзқарастан туатын келiспеушiлiк, отбасында, мектепте, достарының
арасында айтылатын қарсы пiкiрлер баланы шаршатып, өз бетiнше қаңғып, бақылаусыз жүруiне алып
келуi әбден мүмкiн, осы әр түрлi дiни ағымдар (секталар) оңай пайдаланып өз қатарларына қосып
алуға тырысады.
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролін анықтау үшін жүргізілген жұмыстарымыздың барысында
(жеке әңгіме, тестік үлгідегі сауалдар), ата-аналардың 27 пайызы өз балаларына әр түрлі себептерге
байланысты аз көңіл боліп, тиісті шара қолданбай, мектепте бала тәрбиесінде көмек бере алмайтынын
мойындайтыны байқалады.
Біздің кәсіптік мектепте оқушылардың басым көпшілігі сырттан келіп оқитын жасөспірімдер.
Осының әсерінен олардың өз ата-аналарымен қарым-қатынасы сирейді (сырын айтпайды,
ақылдаспайды, өзінше өмір сүреді). Туған-туысының үйінде, болмаса пәтер жалдап тұрып, өз беті-
мен өмір сүруге тәжірибесі жоқ жасөспірім таныс таңдауға, қаражатын жұмсауда, өз уақытын дұрыс
қалыптастыруға кері әсерін тигізетін ортаға тап болуы мүмкін. [3]
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
26
Жазалау және көтермелеу әдістерін қатар қолдану – әлеуметтік мамандардың негізгі құралы
болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс-тәсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып, мінезін жақсы
жаққа өзгертуі тиіс.Орынды қолданылған әдіс-тәсілдер оқу-тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп, қиын
оқушымен әлеуметтік қызметкердан қарым-қатынасы жақсартатыны сөзсіз.
Тағы бір бағыт- ата-анамен істелетін жұмыстың сапалылығы. Ол үшін ата-аналардың әр түрлі
ерекшеліктеріне қарай топтарға боліп алу қажет.
Мектепте психологиялық тест жүргіздік. Ата-ана мен балаға қойылатын тестік сауалдардың
мақсаты олардың бірін-бірі қаншалықты жақсы білетіндігін анықтау еді (ата-ана мен балаға қойылатын
сұрақ мазмұны бірдей). Нәтижесін талдағанымызда, баласын үнемі қадағалап, бағыт-бағдар беруді
мақсат тұтатын ата-аналар жауабы баласының жауабымен дәл келіп, ал тәрбиеге жауапсыз қарайтын
ата-аналар жауаптары бала жауабымен үйлеспей тұрды. Міне, осыдан (сауалнама, оқушының және
баланың құжаттарын талдау, жеке әңгіме және басқа зерттеу нәтижесінен (Ата-анасы және қиын
бала туралы әлеуметтік картаны көруге болады) отбасыларды кестеде көрсетілгендей топтарға болуге
болатынына көзіміз жетті.
Осыған байланысты, олармен жүргізілетіні әлеуметтік-педагогикалық оқуларды да саралап
алдық. Жасөспірім замән талабына сай тәрбие алу үшін ата-аналардың психологиялық, педагогикалық
дайындық деңгейі жоғары болуы ләзім. [4]
Қиын оқушылардың ата-анасын «балаң неге қиын» деп мұқатудың қажеті жоқ, оларды, керісін-
ше, жасөспірімді дұрыс жолға салудағы істерді атқару керек.
Елімізде әлеуметтік-экономикалық жүйені басқаруда әкімшілік тәсілдердің орын алуы,
қоғамымыздың тұйыққа тірелген кезеңдерінде ондірістік орындар мен мекемелердан кейбір қоғамдық
ұйымдардың қызметкерлері мен жұмысшылары өз отбасындағы балаларын тәрбиелеуге көңілдерін
аз аударып келеді. Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер істері жоніндегі комиссия мен милиция
органдарында тәрбиені дұрыс жүргізбейтін жанұяларды дер кезінде айқындап тәртіпке шақырмаушылық
бар, оларды де кезінде қадағалап отыру да нақтылы жолға қойылмаған. Сонымен бірге «тәжірибелі»
заң нормасын бұзушы үлкендердің өз ісіне толық жауап бере алмайтын жеткіншектердің ұрлық, тонау,
озбырлық жасау сияқты әрекеттерге үйретулеріне дер кезінде тосқауылдардың болмауында.
Міне, тәрбие жұмыстарындағы осындай формализм, немқұрайдылық, жауапсыздық тағы басқасы
қиын балалардың тәрбиесіне кері әсер тигізуде.
Тәрбиедегі қиындықты туғызатын тағы бір жәйт – кездейсоқ балалардың, топтардың жекеле-
ген балаға тигізетін теріс ықпалы әлеуметтік педагогтың назарынан тыс болмауы қажет. Ойткені, жет-
кіншек жастағы балада өз қатарларындағы құрбыларымен достық, жолдастық қарым-қатынаста болу
мұқтаждығы сияқты ерекшелік болады.
Көптеген зерттеулердан дәлеледегеніндей, балалардың мектептен тыс кездерінде тиянақты түрде
араласып, сырласып, тұратын компаниялары, серіктері баршылық. Бұл серіктес достардың ұстаған
бағыты дұрыс болса жақсы, ал оған керісінше болса, уақыттарын қалай болса солай келеңсіз өткізіп,
бір істен екінші іске ауысып, бұзықтық жасауға қолайлы жағдайлар туады.
Қайта тәрбиелеу процесін ұйымдастырғанда, баланың психологиялық-педагогикалық ерекше-
ліктерін әлеуметтік педагогтар білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық ықпалдар жасамасын,
олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс, баланың ішкі позициясы жеке адамның
дербес қасиеті болып саналады.
Сойтіп, бағдарламаның құрылысына жүгінсек, қиын балалардың психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктерін талдауда, олардың айналасын қоршаған адамдармен және жеке өзіне деген қарым-
қатынастар жүйесіне, оқуға, еңбекке ынта-ықыластарын, қызығушылық және сүйіспеншілік күйлеріне
көңіл аударып отыру қажет.
Сонымен, көп жылғы зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын балалардың 96 пайызына тән
қасиет – өтірік айту.
Өтірік айту тек олардың арына тиетін жағдайларда, яғни күшпен әсер етуде ғана емес, ешқашан
да сырттай қысым жасалмай-ақ өтірік-фантазия құрып айтуға икем болады. [5]
Қиын балалардың типтік өзгешеліктері – эмоциялық тұрғыдан ашуланшақ, білектің күшіне
сену, білекті баланың алдында жалпақтау, мейірімсіздік, дорекілік, қиқарлық, өзімшілдік, менмен-
дік қылықтарымен сипатталады. Олардың күнделікті жүріс-тұрыстарында кездесетін кемшіліктер:
қиқарлық – 67 пайыз, қыңырлық – 28 пайыз, менмендік, өзімшілдік – 53 пайыз.
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
27
Көп ретте, жанұядағы келіспеушілік, оған қоса мектеп жағдайларында жеткіншектердан жеке
басын сыйласпаушылық, әлеуметтік педагогтар мен қиын балалардың арасында туындайтын дау-жан-
жал, ұрыс-керіс жинақтала келе баланың үйінен кетуіне, мектепке бармай қалуына қаңғыбастыққа
душар ететді, Осы типтес қиын балалардың 87 пайызы тек қыдырып қана қоймай, көршілес ауылға,
облысқа, одақтас республикаға да қашып кете береді. Ал қаңғыбастық, қыдырымпаздылық бірден-
бір ұрлық, тонау, жәбірлеу, қорқытып зат нәрселерін тартып алу 79,4 пайыз тағы басқа әрекеттерге
жүгіндіреді. Бұлардың 41,9 пайызы өздерінен жасы үлкен «көше» жолдастары жоғарыдағы қылықтарға
үйретсе, қалғандарын темекі тартуға, әртүрлі заттар, тәтті тамақ сатып алуға мәжбүр еткен.
Тағы да айтарымыз, қиын балаларға тән ерекшелік, олардың шамамен 90 пайызға жуығы мек-
тептегі оқу бағдарламаларын үлгермеушілер.
Бұлардың көпшілігінің ақыл-естері бар, денелері сау, оқуға қабілетті. Бірақ араларында кездесіп
қалатын бірлі-жарым балалардың ақыл-есінде көзге көріне қоймайтын ақаулары бар, сол себептен,
олар үлгермеушілер қатарында қалып қояды. Негізінде, мұнадай үлгермеушілік мектепке байланысты.
Өйткені, мектепте көптеген қиын балалардың дара және топтық ерекшеліктерін оқу-тәрбие про-
цесін ұйымдастыруда әлеуметттік педагогтар ескере бермейді. Мысалы, олардың 66,5 пайызы оқу
материалдарының негізгі түйінін іріктей білмеу, оны бұрынғы білімдерімен байланыстырмау, дәлірек
айтқанда, ойлау операцияларын орны-орнымен қолдана алмаудан, кейбіреулері механикалық түрде жат-
тап алуға жүгінеді. Қиын балалардың 87 пайызы оқу материалдарын танып-білуде оқу ықыластарының
жоқтылығынан пән үйірмелері мен факультеттеріне қатыспайды.
Сонымен, қиын баламен әңгімелесуге қойылатын талап, олардың дара және жас ерекшеліктер
жан-жақты білу қажет.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізуде көңіл аударарлық әдіс – олардың бейім-
қабілеттерін ескеріп, қоғамдық мәні бар тапсырмалар беру және орынды педагогикалық талаптар қою,
көптеген қиын балалардың мінез-құлықтар стереотипін өзгертіп адамгершілік қасиеттерге бағдар бе-
руде олардың ұнамдық писхикалық күйлерін, яғни қуанышты эмоциясын пайдалана білсек, мектептегі
қызықты да тартымды қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыруға болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |