Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет58/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Keywords: law, crime, personality, object6 subject, recidivism.
Қылмыскер тұлғасына байланысты мәселелер криминология ғылымындағы дәстүрлі, сонымен 
қатар өте күрделі мәселелердің бірі. Себебі қылмыскер тұлғасы мәселесі кешенді түрде қарастыруды 
қажет етеді. Бұл адамның қоғам мақұлдайтын мінез – құлық үлгісінен ауытқуына ықпал етуші 
факторлардың көптігімен байланысты деп пайымдаймыз. Сондықтан қылмыскер тұлғасы мәселесі 
көптеген әлеуметтік ғылым салаларының назарында десек артық емес.
Рецидив қылмыс жасаушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ашу үшін біз ең алдымен тұлға, 
қылмыскер тұлғасы және рецидив қылмыс жасаушы деген ұғымдарға түсінік беруіміз қажет.
Жеке тұлға немесе адам болмысына қатысты анықтамалар әсіресе психология ғылымында жиі 
кездеседі. Сәбет Бап – Бабаның берген анықтамасы бойынша « Адам – өмірдің ең жоғары даму са-
тысын, қоғамдық еңбек үдерісінің өнімін, табиғилық пен әлеуметтіктің ажырамас бірлігін танытушы 
тіршілік иесі» [1; 19б.]. Ал мына автор жеке тұлғаға төмендегідей анықтама береді: «Жеке тұлға– көп 
қырлы түсінік. Ол қоғамдық қатынастардың әлеуметтік мәні бар қасиеттерін, тұрмыстық жеке ны-
сандарын және адамның әлеуметтілігінің шегін көрсетеді». Ал В.Д. Филимоновтың пікірі бойынша 
жеке тұлға әлеуметтік, психологиялық және адамның биологиялық қасиеттері сияқты үш ұғымға 
негізделген түсінік. Берілген бұл анықтамалар мазмұны жағынан бірін-бірі толықтыратын, адамның 
тұлғалық болмысын әртүрлі қырынан ашуға ықпал ететін ұғымдар деп санаймыз.
Жеке тұлға мен қылмыскер тұлғасының арасында үлкен айырмашылықтың бар екендігі анық. 
Дегенмен, «Қылмыскер кез келген басқа адам сияқты ең алдымен жеке тұлға. ...Қылмыскерді өзге 
адамдардан жасаған қылмысы ғанабөледі. Ол адамның белгілі бір жағымсыз қасиеттерінің көрсеткіші 
болып табылады». Сондықтан қылмыскер тұлғасы дегеніміз сыртқы мән- жайлар және жағдайлармен 
бірлесе отырып қылмыстық мінез–құлыққа әсер етуші жағымсыз әлеуметтік мәні бар қасиеттері көрініс 
тапқан, қоғамға қарсы бағытта қылмыс жасаған адам. В.Н. Кудрявцевтің пікірі бойынша «Қылмыскер 
тұлғасы кез-келген адам сияқты оның психофизикалық қасиеттері мен әлеуметтік ортаның өзара күрделі 
байланысының өнімі». Рецидив қылмыс жасаушы тұлғаларды да жалпы қылмыскерге тән қасиеттер 
сипаттайды. Рецидив қылмыс жасаушы тұлғалардың өзге қылмыскерлерден айырмашылығы мен 
қоғамдық қауіптілігі оның мемлекет тарапынан белгіленген жазадан сабақ алмауы, бас бостандығынан 
123


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
124
айыру түріндегі жаза тағайындалғандығына және жойылмаған сотталғандығының болуына қарамастан 
адамның қылмыстық ниетін жалғастыра беруі. С.П. Бузынованың пікірі бойынша «Рецидивистер 
қылмыстық әрекеттерінің көп мәрте жасалуы және олардың жүйелілігімен ғана емес, сонымен қатар 
моральдық тұрғыдан тұрақсыз тұлғаларға, әсіресе жастарға кері әсер етіп, оларды қылмыс жасауға 
тартатындығымен қауіпті», –деп белгілейді. Сондықтан қоғамға тигізер жағымсыз әсері мол рецидив 
қылмыс жасағандардың тұлғалық ерекшелігіне байланысты мәселе күрделі, әрі даулы және жан-жақты 
зерттеуді қажет ететін түсінік деп санаймыз.
Кез келген адам сияқты қылмыс жасаушы тұлғалардың да әрқайсының қайталанбайтын өз ішкі 
болмысы, ішкі әлемі бар. Сондықтан, қылмыстардың алуан түрлері мен оны жасаушы субъектілердің 
жеке ерекшеліктерін зерттеу мәселесі өте күрделі құбылыс. Ғалымдар бұл мәселені қарастыруда 
әлеуметтік ғылымдар мен психологияның түрлі әдістерін пайдаланады [2; 48б.].Психологтар ғылыми 
зерттеулер жүргізу барысында қылмыскер тұлғасы типологиясын пайдалана отырып, оған жан-жақты 
зерттеулер жасайды. Осы жерде типология дегеніміз не деген заңды сұрақ туындауы мүмкін.
Типология – бұл негізінде объектілер жүйесін мүшелеу және оларды үлгі түріндегі модель немесе 
типті жалпылау көмегімен топтарға бөлуден тұратын ғылыми таным әдісі. Типология зерттеп отырған 
объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуға сүйеніп, олардың құрылымын көрсетіп, 
заңдылықтарын белгілеуге тырысады. Теориялық жағынан типология топтастырумен салыстырғанда 
жоғары танымдылыққа ие.
Сонымен, қылмыскер жеке тұлғасы, оның ішінде рецидив қылмыс жасаушы тұлға типін білу ре-
цидив қылмыс жасаушылардың нақты тобын, олар жасаған қылмыстардың өзара байланысын, олардың 
мінез–құлықтарына болжам жасауды белгілеуге және зерделеуге мүмкіндік береді. Адам қылмыскер 
болып тумай, түрлі өмір жағдайларына байланысты қылмыскер болып қалыптасады.
А.Б. Сахаров қылмыскер тұлғасын зерттеу барысында оларды төмендегідей топтастырады:
1. Бірінші рет жалпы әлеуметтік-оң бағытқа қарсы ауыр емес қылмыс жасағандар («кездейсоқ»);
2. Жағымды сипатталатын тұлғаның сыртқы жағдайлардың теріс әсерімен бірінші рет ауыр емес 
қылмыс жасауы («ситуативті»);
3. Бұрын құқық бұзушылықтар мен теріс қылық жағдайларға жол берген,бірақ бірінші рет 
қылмыс жасаған тұлға («тұрақсыз»);
4. Қылмысты бірнеше мәрте жасағаны үшін бұрын сотталған («қаскөй»);Аса қауіпті қылмысты 
қайталап жасаушы қылмыскердің санатына жататындар («аса қауіпті»). 
Автор бұл топтастыруға бірінші рет қылмыс жасағандар мен рецидив қылмыс жасаушыларды 
енгізіп, қандай да бір қылмыстың қайталанып жасалғандығына тоқталып, оларды қаскөй қылмыскерге 
жатқызу арқылы автор рецидив қылмыс жасаушылардың қоғамға қайшы бағытының тұрақтылығын 
ашады.
Ал мына авторлар рецидив қылмыс жасаушылардың 3 негізгі типін қарастырады:
А. Антиәлеуметтік типтегі рецидивистер – бұлар ең қауіпті, белсенді және қаскөй 
қылмыскерлер. Оларға жоғары криминалды белсенділік пен неғұрлым тұрақты мінез-құлық (бірізділік) 
тән. Осы типте аса қауіпті рецидивистер,
«кәсіпқойлар», рецидивист–гастролерлер басым, шамамен жалпы санының 40% құрайды.
Б. Ситуативті типтегі рецидивистер әлеуметтік құндылықтарға деген тұрақсыз қарым-
қатынасымен, тұрақты имандылық қасиеттерінің жоқтығымен, оң қасиеттерге қарағанда теріс 
әлеуметтік қасиеттерінің басымдылығымен ерекшеленеді. Олардың қылмыстарының сипаты өздері 
тап болған криминогенді өмір жағдайына байланысты болады. Жалпы рецидивистер ішіндегі олардың 
үлесі шамамен 30-35%.
В. Асоциалды типтегі рецидивистер іс жүзінде тұлғалық қасиеттерінің
«жоғалуымен» сипатталады. Оларға бірнеше мәрте сотталған аға ұрпақ өкілі жатады. Бұл 
типтегі рецидивистерге тән қасиеттер: интеллектілерінің шектеулі болуы, қылмыс жасау мотиві 
мен тәсілдерінің жұпынылығы, маскүнемділік, нашақорлық, психопаттық ауытқулар. Позитивті 
әлеуметтік бағыттарының, байланыстарының толықтай жоғалғандығы байқалады және араласатын 
ортасы өзі сияқты бейморальданған тұлғалармен шектелген. З.С. Зарипов ұсынған топтастыруда да 
рецидив қылмыс жасаушылардың үш типі: 1) белсенді криминогенді; 2) тұрақсыз; 3) бейморальды 
деп белгіленіп, мазмұны жоғарыда көрсетілген авторлардың нұсқасымен ұқсас. Яғни, бұл авторлар 
рецидив қылмыс жасаушы тұлғаларды дәл топтастырып, олардың ішкі болмысын ашуға ықпал етуші 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
125
негізгі белгілерін нақты бере білген деп санаймыз. Біз Б. Нақыповтың бұл пікірін негізге ала отыра, 
рецидив қылмыс жасаушы қылмыскердің тұлғалық қасиеттерін ашуда топтастырудың А.Б. Сахаров 
ұсынған нұсқасын ұстанамыз.
Сөйтіп, қылмыскердің жеке басы көптеген әртүрлі жағдайларға байланысты сипатталады. Оның 
әлеуметтік (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасылық және т.б.) байланыстары; оның моральдық-саяси 
қасиеттері (дүниетанымы, бағыты, сенімі, мүдделері); оның психологиялық көрсеткіші (интеллектісі, 
еркі, эмоционалдық ерекшеліктері, темпераменті); оның демографиялық және физикалық көрсеткіштері 
(жынысы, жасы, денсаулық жағдайы), өмірбаяны, өмірлік тәжірибесі, білімі, қоғам алдындағы 
жетістіктері мен кінәсі.
Ең алдымен рецидив қылмыс жасаушы тұлғалардың әлеуметтік- демографиялық белгісін ашуға 
тырысамыз. Себебі, аталмыш көрсеткіштің қылмыскер жеке басын зерттеудегі маңызы ерекше. Осы 
мақсатта диссертант тарапынан Қарағанды облыстық сотының мұрағатынан 5 жыл аралығындағы 148 
қылмыстық іс және Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД-нің АК 159/25, Алматы облысы бойынша 
ҚАЖД-нің ЛА155/8, ЛА155/14 Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-нің ОВ156/15 және Павло-
дар облысы бойынша ҚАЖД-нің АП- 162/4 жазаларды атқару мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан 
сотталғандардың жеке істері (барлығы 123 жеке іс), соның ішінде өмірбаяндары мен мінездемелері 
зерделендеді. 
Жоғарыда көрсетілген топтастырудың әлеуметтік-демографиялық белгілеріне жеке тұлғаның 
жасы, білімі, әлеуметтік жағдайы мен кәсібі, отбасылық жағдайы, жынысы, материалдық жағдайы мен 
тұрғын үй жағдайы жатады. Адамның жасы мәселесіне келер болсақ А.С. Михлин: «Адамның жасы 
оның мінез-құлқының, мүдделерінің, қажеттіліктерінің, өмірлік жоспарлары мен денсаулық жағдайы, 
отбасын құруға қатысты мүмкіндіктері мен болашағы, мамандық, білім алуы туралы көрсеткіштерін 
барлығынан артық белгілейді», – деп адам жасына қатты мән беру қажеттігін айтады. Біздің пікіріміз бой-
ынша, адамның жасы көп жағдайда оның қажеттіліктері мен өмірлік мақсаттарын, қызығушылықтары 
мен өмір сүру салтын белгілеп, ол жасаған құқыққа қайшы әрекеттерде көрініс табады. Ең алдымен 
біз рецидив қылмыс жасаушылардың бірінші қылмыс жасау кезінде жастарының нешеде болғанын 
білгіміз келді. Себебі, «қылмыстық әрекет неғұрлым ерте басталса, ол соғұрлым тұрақты, әрі ұзақ 
болады». Б. Нақыпов та осыған ұқсас пікірді ұстанып, рецидив қылмыстылық себептері кәмелетке 
толмағандар қылмыстылығының себебімен тығыз байланысты дегенді айтады. Оның пайымдауы бой-
ынша, көптеген криминологиялық зерттеулер рецидивистердің бірінші қылмыстарын 18 жасқа дейін 
жасағандарын көрсетеді.
Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты мен 
Қазыбекби аудандық соты мұрағаттарындағы қылмыстық істермен танысу барысында авторлардың 
бұл пікірлерінің қаншалықты нақтылығының дәлелділігіне көз жеткіздік. Мысалы, соңғы рет 2010 
жылғы 27 мамырдағы сот үкімі бойынша әрекеттерінде аса қауіпті рецидив белгілері бар деп танылған 
В.Н. Лобунец есімді 1961 жылы туған азамат ең бірінші қылмысын 16 жасында 1977 жылы жасап, 
кейіннен тағы да 6 рет сотталған. Сондай-ақ, ол орта білімі мен кәсіби мамандығын да жаза өтеу орын-
дарында жүріп алғандығын білдік [3; 27б.]. Біз зерделеген қылмыстық істер мен сотталғандардың жеке 
істері бойынша олардың 9% қылмыстық жолды 14 жастарынан бастағандары, 10% 15 жасынан, 12% 
16 жасынан, 13% 17 жасынан, 12% 18 жасынан және қалғандары 18 жастан кейін жасағандары белгілі 
болды. Сонда рецидив қылмыс жасаушылардың 57% бірінші қылмыстарын 18 жасқа дейін жасаған. Іс 
материалдарымен танысу барысында бірінші қылмыстарының 51% ұрлық, тонау, автокөлік құралын 
айдап кету сияқты жеке меншікке қарсы қылмыстарды құраса, 17% есірткіге байланысты қылмыстар, 
7% бұзақылық, 8% әйел зорлау, 10% адам өлтіру мен басқа да түрлі қылмыстардан тұрады. Кәмелеттік 
жасқа толмағандардың меншікке қарсы қылмыстарды жиі жасауы олардың бір жағынан пайдакүнемдік 
ниеттерін білдірсе, бұл мәселеге басқа қырынан қарайтын болсақ, халықтың экономикалық- әлеуметтік 
өмір сүру деңгейлерінің төмендігін бақылауға болады. 
Жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша рецидив қылмыс жасаушылардың 73% жасы 16-39 
жас аралығындағы ер адамдар. Оның ішінде 19 жасқа дейінгі қылмыскерлер жасаған қылмыстардың 
83% меншікке қарсы қылмыстар (ұрлық, тонау, қарақшылық) мен есірткіге байланысты қылмыстар 
ал, 20-30 жас аралығындағы қылмыскерлер жасаған қылмыстардың 62% пайдакүнемдік мақсаттарда, 
қалғаны жеке тұлғаға қарсы ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандары үшін 
сотталған тұлғалар. Сөйтіп, осы айтылғандар негізінде қылмыс жасауда адам жасының аса маңызды 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
126
көрсеткіш екендігіне қайтадан екпін жасай отырып, біздің деректеріміз бойынша рецидив қылмыс жа-
саушы қылмыскерлер арасындағы ең белсенді жас – 16-39 жас аралығында екендігіне көз жеткіздік. 
Сотталғандардың білім деңгейіне келер болсақ, рецидив қылмыс жасаушылардың 57% бірінші 
қылмыстарын 18 жасқа дейін жасағандығын есепке ала отырып, бұл қылмыскерлердің орта білімді 
жаза орындау мекемелерінде жүріп алғандығын көреміз. Ал жоғары білімі бар тұлғалар 13% және ар-
найы орта білімі (колледж) барлар 22% (бұлардың басым бөлігі бірінші рет 25 жастан кейін сотталған 
тұлғалар), 8% аяқталмаған жоғары білімі бар сотталғандарды құрайды.
Қылмыскерлердің сотталғанға дейін немесе соның аралығында айналысқан кәсібіне келер 
болсақ, олардың 31% түрлі қызмет көрсету саласындағы жұмысшылар (күзетші, шаштараз, электрик, 
менеджер, бармен және т.б.), жұмыссыздар 46%, студент немесе оқушылар 18% және 5% қаржы және 
басқа да есеп-қисап саласының қызметшілері.
Яғни, бұлардың біраз бөлігі интеллектуалдық қабілеттілікті аса қажет ете қоймайтын қызмет 
кқрсету саласының өкілдері болса, жартысына жуығы еш жерде жұмыс істемейтін, арамтамақтыққа 
бейім тұлғалар екендігін байқаймыз. Қылмыскер жеке басының әлеуметтік-демографиялық 
аспектілерін қарастыра отырып, көптеген авторлар отбасы – кез келген қылмыскердің мінез- құлқына 
әсер етуші фактор екендігін атап көрсетеді. Дегенмен, қылмыскерлердің басым бөлігі қылмыс жа-
сау кезінде бойдақ болған Бірінші қылмыс жасағанға дейін отбасын құрған тұлғалар (отбасының 
сақталу немесе сақталмауына қарамастан) қылмыстың қайталануына сирек баруының өзі отбасы 
институтының жағымды әлеуметтік рөлінің барлығын белгілейді. Дегенмен, неке әр уақытта рецидив 
қылмыстылықтың қайталануын төмендетуге көмектеседі деп айта алмаймыз. Жаза орындау мекемесі 
қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, әсіресе, сотталғанның жазасын 
өтеп жүріп отбасын құру жағдайы оның қылмыстық әрекеттен бас тартуына ықпал ете қоймайды. 
Себебі мұндай некелердің пайдакүнемдік мақсатта жасалу жағдайы жиі кездеседі екен. Сондай-ақ, 
сотталғандар арасында ажырасу фактілері де кеңінен таралған. Біз қарастырған істер бойынша жаза 
мерзіміне қарамастан сотталғандардың төрттен бір бөлігі ғана отбасын сақтап қалған. Рецидив қылмыс 
жасаушы қылмыскерлердің 52% тұрақты мекен-жайы жоқ болып шықты, 19% ғана өз баспаналары бо-
лып, қалғандары босап шыққан соң ата-ана, туған-туыстарымен тұратындықтары анықталды [4; 39б.]. 
Сотталғанның тұратын мекен-жайына байланысты мәліметтерді қарастырар болсақ соңғы 
бес жыл ішінде (2010-2015 жж.) ауыл тұрғындарымен салыстырғанда қалалық адамдардың қайталап 
қылмыс жасауға жиі баратындығы анықталды. Сотталғандардың 54% қалалықтар және қалған 46% 
аудан орталығы, поселок сияқты елді мекен тұрғындары болып шықты. Бұл жағдайды біз қалалық 
жердегі тұратын жер, азық – түлік сияқты адамның күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 
қажет игіліктердің ауылдық жермен салыстырғанда қолжетімділігінің жоғарылығымен байланысты-
рамыз. 
Қылмыскердің қоғамға қайшы мінез-құлқы туралы мәліметтер, қылмыстық әрекеттерінің жалғыз 
немесе топтық сипаттылығы, бұрынғы сотталғандығы немесе қылмысының нақты қайталану фактілері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет