Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет59/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

қылмыстық-құқықтық белгілерге жатады. Біз осыған дейін бірінші рет сотталған тұлғалардың басым 
бөлігінің пайдакүнемдік қылмыстар үшін сотталғандығын айтып кеткен болатынбыз. Сондай-ақ
бірінші қылмысты жасау кезіндегі рөлдік қатынасына келер болсақ, жалғыз өзі жасағандар – 40%, 
ұйымдастырушы – 17%, орындаушы – 42% және 1% айдап салушы.
Қолда бар мәліметтер бойынша қылмыстар рецидивін жасаушы қылмыскерлер қатарында екі 
соттылығы барлар – 51%, үш соттылығы барлар – 26%, төрт және онан да көп соттылығы барлар – 
23% құрайды. Қолда бар мәліметтер бойынша рецидив қылмыс жасаушы қылмыскерлер қатарында 
екі соттылығы барлар – 51%, үш соттылығы барлар – 26%, төрт және онан да көп соттылығы бар-
лар – 23% құрайды. Осы жерде С.П. Бузынованың «Пайдакүнемдік немесе зорлық-зомбылық жасауға 
бағытталған біртекті қылмыстарды қайталап жасауда кінәлінің бойында қылмыстық әрекеттерге деген 
тұрақты, оң қарым- қатынасы бекіп, адамды жағымсыз жағынан сипаттауға мүмкіндік беруші мінез- 
құлық желісі қалыптасады. Әрбір қайталап жасалған қылмыс оның қылмыс жасау немесе одан бас 
тарту арасындағы екіойлылық пен ішкі күрестің азаюына әкеледі», – деген пікірін орынды деп пайым-
даймыз.
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жасаған қыл-
мыс тары аралығындағы уақыт орташа есеппен 2,5-3 жылдан аспаған. Зерттеу барысында қылмыстар 
рецидивін жасаушылардың 63% қылмыс жасау кезінде спирттік ішімдік пайдаланғандары белгілі 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
127
болды. Мұрағаттық қылмыстық істерді зерделеуде сот үкімі бойынша жаза өтеу орындарында 
нашақорлық, маскүнемдік пен уытқұмарлықтан емделудің медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шара-
лары тағайындалған тұлғалар саны да аз емес. 
Кез келген адамның ішкі жан дүниесі оның имандылық-психологиялық қасиеттері мен 
құндылықтары арқылы көрініс тауып, индивид болмысының мазмұнын ашады деп ойлаймыз. Бұл 
жағынан адамның көзқарасы, сенімі, ұстанымы сияқты моральдық-псхологиялық, дүниетанымдық 
және өнегелік қасиеттері маңызды болып табылады. Сондай-ақ, «қылмыскерлерге профилактикалық 
және қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларының тиімділігі көбіне олардың ішкі әлемін нақты 
білуге байланысты». Қылмыскер жеке тұлғасының болмысын зерттеген мына авторлардың пікірлері 
бойынша жеке тұлғаның психологиялық құрылымына ең алдымен адамның жеке психологиялық 
ерекшеліктері үдерісінде анықталатын және тәжірибемен келетін әлеуметтік қасиеттері жатады. 
Мұндай қасиеттер тұлғаның бағыттылығынан, оның моральдық қасиеттерінен, білімінен, дағдылары 
мен әдеттерінен, мәдени деңгейінен тұрады. Сондай-ақ, жеке тұлғаның психологиялық құрылымына 
психикалық үдерістердің дара ерекшеліктері (адамның есте сақтау қабілеті, ойлауы, көңіл-күйі мен 
еркі), темпераменті және психикасындағы патологиялық өзгерістер жатады. Н.С. Лейкинаның пікірі 
бойынша қылмыскер тұлғасының құрылымын төмендегідей бөлуге болады:
1) қылмыстық мінез-құлықтың төмендегідей ішкі себептерін құраушы жағымсыз қасиеттер 
кешені (сенім, қажеттілік, мүдде, себептер мен жеке тұлғаның жағымсыз құндылық бағыттары);
2) жеке тұлғаның қылмыстық мінез-құлқының қалыптасуына ықпал етуші жақтары (мас күнем-
дікке бейімділік, өмірлік құндылықтарға деген асоциалды көзқарас, арамтамақтық, қаңғыбастық
психикалық ерекшеліктер мен жағдайлар және т.б. жағдайлар, мысалы күйзеліс пен психопатия);
3) жеке тұлғаның қылмыстық мінез-құлқын болдырмауда рөлі жоқ, алайда құқық бұзушыны 
оң жағынан сипаттаушы басқа да қасиеттері (еңбекке деген адал қарым-қатынасы, тәртіптілігі және 
т.б.). Біздің ойымызша, қылмыскердің жеке басының әлеуметтік жағымсыз мінез-құлқын ашу үшін ол 
адамның өзге адамдармен, қоғамдық ортамен қарым-қатынас жасауына көңіл бөлген жөн. 
Сонда ғана оның бойындағы тұлғалық ақаулар мен ауытқулар механизмін анықтай аламыз. Бұл 
жерде біз В.Д. Филимоновтың қылмыскерлерді топтастыру жеке тұлғаның қоғамға қайшы қатынасының 
сипаты бойынша жасалуы керек, себебі қандай да бір мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған адам 
әрекеттері мен әдістерінде оның объективті болмысқа деген қарым-қатынасы көрініс табатыны жайлы 
пікірі көңілге қонымды болып көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет