Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет62/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық» ерекше бөлім, Алматы, Жеті жарғы 2011ж.
2. ҚР Қылмыстық Кодексі 2014 ж.
3. И.К. Борчошвили Коментарий к уголовной правы Алматы 2015
4. «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық сая-
сат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 
858 Жарлығы (16.01.2014 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/
U090000858_


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
133
ӘОЖ930.85(274)
Сарыкулов К.Р.
з. ғ. к. Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, 
Шымкент, Қазақстан 
Гасанов А.А.
з. ғ. к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, 
Шымкент, Қазақстан 
Әлайдар А.
з. ғ. к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, 
Шымкент, Қазақстан 
 Бекімбетов Т.Б.
з. ғ. к., аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫ АЙҚЫНДАУДАҒЫ
КРИМИНОФАМИЛИСТИКАНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Түйін. Мақалада авторлар криминафамилистикалық қылмыстардың алдын алудағы прокурор ролінің 
өзекті мәселелерін қарастырған. 
Тірексөздер: заң, құқық, қоғам, криминофамилистика, объект,субъект.
Резюме. В статье авторы рассматривают актуальные проблемы роли прокурора при предупреждения 
криминофамилистических преступлении.
Ключевые слова: закон, право, общество, криминофамилистика, объект,субъект.
Summary. In the article, the authors consider the actual problems of the role of the Prosecutor in the prevention 
of criminophamilistic crimes.
Keywords: law, law, society, criminofamilistics, object, subject.
Егер этика, ғылым ретінде, адамның өнегелі, дұрыс мінез-құлық көрсетуі үшін біз не істеуіміз 
керек деген мәселе көтеретін болса, онда криминология ғылымы жасалып жатқан қылмыстардың саны 
азаю үшін не істеу керек деген мәселемен айналысатындығын көруге болады.
Осы тараудың өткен параграфтарында криминогендік мінез-құлықтың алдын алудың этикалық 
және педагогикалық мүмкіндіктерін қарастырдық, тәрбиені адамды әлеуметтендіру институты ретінде 
алдық. Бұл параграфта біз құқық бұзушы кәсіпкердің жеке басына ықпал етудің криминология ғылымы 
уағыздайтын әдістері мен амалдарын қарастырамыз.
Қылмыстылықтың алдын алу дегеніміз – бұл мемлекеттің, қоғамның, жеке және заңды 
тұлғалардың қылмыстылыққа жаңа адамдардың тартылуына, жаңа қылмыстық іс-әрекеттердің жасалу-
ына, қоғамдық қатынастардың ары қарай криминалдануына жол бермеу мақсатында қылмыстылықтың 
детерминация және себептілік үрдісіне мақсатты ықпал етуі. 
Біз бұрындары қылмыстылық дегеніміз – күрделі әлеуметтік құбылыс, сондықтан да оның 
себептерін ең тиімді қылмыстық саясат та жоя алмайды деп санағанбыз. Қылмыстық заң жүйесі 
қандай да бір қылмыстың алдын алу мақсатында қылмыскерге, сондай-ақ азаматқа ықпал жасай алады, 
жасауға тиіс те. Әңгіме – сол ықпалдың неге тұратындығында, қаншалықты және қандай әдістермен 
жасалатындығында. Бұл мәселелерде маңызды саяси-әлеуметтік және идеологиялық мазмұн бар. 
Қылмыстық саясат құралдары қылмыстылықтың субъективтік және бірқатар жақындау объективтік 
себептеріне және оларға мүмкіндік тудыратын жағдайларға ғана ықпал жасай алады.
Е.О. Алаухановтың пікірінше, «таза» түрде қылмыстың алдын алу дегеніміз – криминогендік 
факторларды жою және қылмысқа дейінгі кезеңде адамның мінез-құлқын түзету арқылы қылмыстың 
жасалуына жол бермеу [1; 27 б.].
Ал профессор Е.І. Қайыржановтың ойынша, қылмыстың алдын алу мақсатында ықпал жасалына-
тын объект «өте күрделі құбылыс», оған жеке адам, адамдар тобы, оларды қоршаған орта (оның ішінде 
133


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
134
тікелей қоршаған орта) және әртүрлі «заттар» – факторлар, себептер мен жағдайлар, мән-жайлар, т.б. 
жатады [1; 24 б.].
Алдын алу объектілері жайында сөз қозғағанда, тіптен, нақты кәсіпорын, аудан, қала, қандай да 
бір аймақ жайында айтуға болады.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қылмыстылықтың алдын алуға анықтама берсек, 
ол – қылмыстылықтың себептерін және оған мүмкіндік тудыратын жағдайларды анықтау және жою 
мақсатында мемлекеттік, қоғамдық және басқа ұйымдардың жүргізетін, өзара байланыстағы әртүрлі 
шараларының жиынтығы.
Әңгіме әртүрлі субъектілерден тарайтын көп деңгейлі шаралар жүйесі жайында болып отыр.
«Қылмыстылықтың алдын алу» термині даусыз деп саналмайды, себебі орын алған бар нәрсенің 
алдын алу мүмкін емес. Ал қылмыстылық, ол – бар нәрсе. Бұл тұрғыдан алғанда оған дау айтуға бола-
ды, бірақ ол ғылыми айналымға кіріп кеткендіктен қалыптасқан ұғымды өзгертіп жатудың қажеті бол-
мас. Мұндағы басты мақсат – қылмыстылықтың себептілігі мен детерминациясына баса көңіл аудару, 
адамдарды қылмысқа жібермеу. 
Бұл терминмен қатар «сақтандыру» термині де қолданылады. Кейбір авторлар бұл екі ұғымды 
синонимдер дейді, кейбіреулері олардың арасында айырмашылық бар дейді. «Сақтандыру» туралы 
көбіне нақты қылмыстардың жолын кесуге қатысты айтады, бұл ретте қылмыстың ойластырылуы, оны 
жасауға дайындалу фактісін дер кезінде ашу және ол фактіге шара қолдану жайында сөз болады. Бұл 
тұрғыдан алғанда, «сақтандыру» – жоғарыда көрсетілген «классикалық» мәндегі қылмыстылықтың 
алдын алу мен құқық қорғау қызметінің ортасындағы көпір іспетті, тіптен соңғысына жақын тұрған 
сияқты. 
Кәсіпкер көп жыл бұрын босатылуға тиіс еді немесе жаңа қылмыс бұрынғымен байланысты емес 
(бұрынғысы – лауазымдық, ал екіншісі – зорлық-пайдақорлық қылмыс), бұл кәсіпкердің жеке басының 
бағыттылығын көрсетпейді, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу фактісінің өзі оған 
қатаң режим тағайындауға негіз болады. Қатаң режимдегі колонияны тағайындау туралы мәселені 
шешуге ықпал ететін маңызды фактор – бұрынғы жазадан босатылғаннан бергі өткен уақыт мерзімі.
Егер одан бері неше жылдар өтіп, сол кезеңде кәсіпкер дұрыс өмір салтын құрса, онда жаңа 
қылмыс кездейсоқ мән-жайлардың салдары деп есептелінеді, ол бұрынғы қылмыспен байланысты-
рылмайды.
Қылмыстылықтың алдын алу жүйесінде үш түр бөлініп алынады: жалпы, арнаулы және жеке-
дара алдын алу. Бұлай бөлуге алдын алу қызметінің ауқымы негіз болған. 
Қылмыстылықтың жалпы алдын алу дегеніміз – қылмыстылықтың барлық халыққа немесе оның 
топтарына ықпал ететін, жалпы экономикалық, әлеуметтік және өзге критерийлер бойынша бөлініп 
алынатын және бұл ретте ондай әлеуметтік топтардың іс жүзінде барлық өкілдеріне қылмыстық іс-
қимыл мүмкіндігін жасайтын детерминация және себептілік үрдістерін жою жөніндегі шаралар 
жүйесі. Жалпы алдын алуға қатысты алатын болсақ, әңгіме бұл жерде – халықтың басым көпшілігінің 
қайыршылыққа ұшырау, ал ат төбеліндей адамдардың тікелей қылмыстық іс-әрекеттер жасап, байып 
кету үрдісін тыйып тастау жайында; адал кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және қылмыстық жолмен 
түскен табысты заңдастыру (жуып-шаю) әрекетіне қарсы қатаң шара қолдану жайында болып отыр. 
Бұл аса мұқтаждықтан немесе қолы жүріп тұрғандар қатарына қосылсам ба деп криминалдық әрекетке 
ниеттенушілерге тосқауыл болады.
Мысалға мынандай жалпы алдын алу шаралары жүзеге асу керек:
1. Ұтымды экономика, меншік нысанының көптүрлілігі, кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі мен 
ынтасын көтерудің негізінде нарықтық қатынастарды қалыптастыру.
2. Кәсіпкерлердің әлеуметтік, экономикалық және басқадай жағдайларын жақсартуға, олардың 
өз бетімен еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласуы үшін мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет саяса-
тын қаржымен, заңмен қамтамасыз етуге шаралар қарастырып, оны жүзеге асыру [1; 28 б.].
3. Оқу орындарында «Мемлекет және құқық негіздері» және «Құқықтану» пәндерін оқытудың 
сапасын жақсарту. Оқылатын сағат санын 60-қа дейін көбейтіп, курс аяғында емтихан алуды қарастыру.
4. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алуды жалпы қоғамдық деңгейде қарастырғанда 
Қазақстан үшін өзекті проблема – адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу қажет. Нарықтық 
қатынастарға көшу жұмыссыздар санының көбеюіне әкеліп соқты. Сондықтан да «Еңбек тура-
лы» заңның негізінде Қазақстан халқын еңбекпен қамтамасыз етудің 2004–2010 жылдарға арналған 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
135
Мемлекеттік бағдарламасын жасау керек. Бұл бағдарлама халықты еңбекпен қамтамасыз етудің 
облыстық, қалалық және аудандық бағдарламалары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін әртүрлі 
мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің және қоғамдық ұйымдардың өзара тығыз байланыста 
болуы шарт. Мемлекеттік бағдарлама 4 бөлімнен тұруға тиіс: а) көрсетілген кезеңде республиканың 
еңбек нарығында қалыптасқан жағдай; ә) еңбек нарығын болжау; б) еңбекпен қамтамасыз ету, 
жұмыссыздар санын азайту және жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары; в) 2004–2010 
жылдардағы еңбекпен қамтамасыз ету қоры.
5. Республиканың ірі қалаларында құқық бұзушылықтың алдын алудың кешенді шаралары 
жасалуға, онда қаланың экономикалық, әлеуметтік, географиялық және басқа ерекшеліктері ескерілуге 
тиіс. Мұндай шаралар қаланы әлеуметтік дамытудың 2008 жылға арналған жоспарына кіруі керек. 
Онда қылмыстылықпен күрестің негізгі проблемаларын жан-жақты қамтитын нақты шаралар және 
күрестің озық тәжірибелері көрініс табады. Құқықтық тәртіпті қорғау шаралары тар мағынада емес 
(халық жасақшыларын құру, маскүнемдермен күрес, жатақханаларда тәртіп орнату, т.б. ), оларды кең 
әлеуметтік ауқымда жүзеге асыру қарастырылады, мысалы, халықтың көші-қонын реттеу, қоғамға 
көндіктіру үрдісін басқару, қаланың инфрақұрылымын дамытуға белсенді қатысу, халықты қоғамдық 
тәртіпті қорғауға жұмылдыру т.б. 
6. Заңды жалпыға бірдей оқытуды және заңға тәрбиелеуді ұйымдастыру. Кәсіпорындардың, 
мекемелердің, ұйымдардың, оқитын жастардың және басқа да азаматтардың құқықтық оқу жүйесін 
құру.
Халық арасында заңды жан-жақты насихаттау, атап айтқанда, жасалған қылмыс үшін жазалан-
бай қалу мүмкін еместігіне көз жеткізу, адамды қастерлеуге, оның жеке басын сыйлауға баулу, заңды, 
қоғамдық тәртіпті бұзуға болмайтындығын санаға жеткізу. Бұл тұрғыдан алғанда бұқаралық ақпарат 
құралдарының рөлі зор. 
7. Құқық бұзушылықтың алдын алудың әлеуметтік базасын нығайту. Әлеуметтік-экономикалық 
шаралар арқылы көпбалалы отбасыларын, зейнеткерлерді, халықтың тұрмысы нашар топтарын 
мемлекеттік қамқорлыққа алу. Ең төмен табысты және күнкөріс үшін қажетті азық-түлік мөлшерін 
ауық-ауық қайта қарау. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін, ата-анасының қамқорынсыз 
қалған, жетім қалған балаларға, қарттарға арналған үйлерді көбейту.
8. Азаматтардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттыру. Құқық тәртібін сақтауға азамат-
тарды тартудың жаңа нысандарын табу. Жәбірленушілерді, куәларды қорғауды заң бойынша реттеу. 
Заңдылықты нығайту ісінде белсенділік танытқан адамдарға әлеуметтік қолдау жасау.
9. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың әлеуметтік ақталуына 
көмектесу. Оларды жұмысқа орналастыру жүйесін құру. Сотталған адамдардың қажетті жұмысшы 
мамандығын игеру үшін жаза өтейтін колониялардың жұмысын жақсарту және жетілдіру. Әлеуметтік 
ақтау орталықтарының, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып келген адамдарды қоғамға 
көндіктірудің басқа да нысандарының қызметін ұйымдастыруға көмектесу, оларға қолдау жасау. 
Жалпы алдын алу шеңберінде жеткіншек ұрпақтың оңтайлы тәндік, рухани және өнегелік да-
муы, қандай да бір психофизикалық ерекшеліктері бар адамдарды (дүниеқор, зағип және т.б.) тиімді 
әлеуметтендіру мәселесі шешіледі. 
Қылмыстылықтың жалпы алдын алу қоғам өмірінің әлеуметтік те, экономикалық та, саяси да, 
рухани да саласын сауықтыру жөніндегі шараларды қамтиды. Қылмыстылықпен күрес қоғамның 
барлық саясатының: мемлекеттік те, әртүрлі мемлекеттік емес құрылымдар мен азаматтық қоғамның 
институттарының қызметінің де ажырамас бөлігі болуға тиіс.
Қоғам өмірінің әртүрлі салаларының өзара әрекеттестік факторларын ескеру керек. Егер 
экономикадағы немесе әлеуметтік өмірдегі қандай да бір теріс құбылысты тез жою мүмкін болса, оның 
саяси немесе рухани өмірдің белгілі бір факторларымен өзара әрекеттестігін қамтамасыз етіп, оны 
біршама бейтараптандыруға болады. Жалпы алдын алу шараларын криминологтар емес, басқа маман-
дар (экономистер, социологтар, саясаттанушылар, әлеуметтік психологтар, басқару мамандары және 
т.б.) ойластырады. 
Қылмыстылықтың жалпы алдын алудағы криминологтың рөлі мыналарға тіреледі: 
Біріншіден, қылмыстылықтың себептілігі және детерминациясы жайындағы белгілі бір кезеңнің 
ақпаратын береді, атап айтқанда, қандай өзара әрекеттестіктердің қандай мән-жайларда қылмыстылық 
ретінде қабылданатынын және криминогендік деп бағалануы мүмкін екендігін көрсетеді. 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
136
Бұл ақпаратты одан кейін экономистер, социологтар және басқа мамандар өңдейді, ол қайта 
құру бағдарламаларын, елдің экономикалық, әлеуметтік және басқадай дамуының мақсатты 
бағдарламаларын жасау үрдісінде қоғамдық қатынастарды жетілдіру үшін бағдар болады. «Крими-
нолог ауа райын болжап, оның қандай болатынын білетін метеоролог сияқты», – дейді профессор 
Е.О. Алауханов [2; 96 б.]. Криминолог зерттеулерге сүйеніп, неден аулақ болу, неменеге жол бермеу 
керектігін ғана көрсетеді. Бұл да аз емес. Оңтайлы экономикалық және басқа шешімдерді іздестіру 
белгілі бір шектерде жүзеге асырылады.
Екіншіден, криминолог, қоғамды дамытудың және сауықтырудың әртүрлі бағдарламаларын жаса-
уда кеңесші ретінде тартылады. Мысалы, қоғамдағы бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралардың 
жалпы алдын алушылықтағы нәтижелілігін немесе балаларға көмек көрсету бағдарламаларын алдын 
ала бағалау үшін немесе қылмыстылықпен күресті жетілдіру жөніндегі арнайы ұсыныстар қаншалықты 
толық ескерілгендігін бағалау үшін тартылады.
Үшіншіден, криминолог мүдделі ұйымдардың тапсыруы бойынша әлеуметтік-экономикалық 
және басқадай қайта құру бағдарламаларының жобаларына, заң жобаларына криминологиялық сарап-
тама жүргізеді. Бұл ретте ол қылмыстылықтың себептік кешеніне, айта келе оның өзіне қандай да бір 
заңды, жекешелендіру бағдарламасын қабылдау қандай әсер келтіреді немесе қылмыстылықпен күрес 
жүйесіне, яғни қылмыстылыққа ішкі әскерлер бөлімшелерінің санын ұлғайту, кейбір құқық қорғау 
органдарын қайта ұйымдастыру қандай әсер етеді деген сұрақтарға жауап береді.
Ендігі жерде қазіргі күні жазаларын өтеп шыққан адамдарды әлеуметтік оңалту мен 
интеграциялаудағы өзекті мәселелерге тоқталсақ: 
1. Әр облыста әлеуметтік көмекті қажет ететін жазасын өтеп келгендердің болуы және оларды 
Әлеуметтік бейімдеу орталығына қабылдауға құқықтық негіздің болмауы;
2. Қылмыстық жазаны өтеп шыққан адамдарды қайта әлеуметтендіру бойынша мемлекеттік 
органдардың және үкіметтік емес сектордың жеткіліксіз іс-қимылы;
3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандарға жергілікті жерлерде, әсіресе ау-
дандарда жұмыс орны квоталары мөлшерінің жетіспеуі;
4. Мерзімі аяқталуы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдардың 
бейімделуіне және жұмыспен қамтылуына бақылаудың жоқтығы болып табылады. Өз ретінде, осы 
мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен, 
сондай-ақ үкіметтік емес сектормен бірлесе отырып төмендегі шараларды қабылдауды ұсынамыз: 
1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жазасын өтеп келгендерге 
кейбір аймақтарда жұмыс орны квоталарын көбейту мәселесін қарастыру, сондай-ақ жұмыспен қамту; 
2. Жазаны өтеп жатқан адамдарды оқыту және кәсіптік дайындау бойынша жұмысты жалғастыру;
3. Мерзімі аяқталуы бойынша босатылғандарға пробациялық бақылауды белгілеу мәселесін 
заңнамалық түрде шешу; 
4. Барлық аймақтарда жергілікті атқарушы органдармен бас бостандығынан айыру орындары-
нан босап шыққан адамдарды оңалту және жұмыспен қамту бойынша Үкіметтік емес ұйымдармен 
әлеуметтік тапсырыстарды бөлуді көздеу. 
ҚР Қылмыстық кодексінің 8-бабы 2-бөлігінде «...жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін 
қандай қауіпті іс-әрекеттердің қылмыстық құқық бұзушылықтар болып табылатыны айқындалады, 
оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді»-
деп көрсетілген. Өзге де қылмыстық-құқық ықпал ету шараларының ішіне қылмыстылықтың алдын 
алу шаралары да кіреді. Сондықтан жоғарыдағы мәселелердің өзектілігі туралық айтып отырудың 
қажеттігі шамалы. 
Процестік келісім ҚР ҚПК 7-бабы 1-бөлігі 37-тармағы тек айыпталушы ғана емес сонымен қатар, 
жазасын өтеуші де болуы тиіс. Себебі, сотталушы үкім күшіне енген күннен бастап, жазасын өтеу үшін 
түзеу мекемелеріне, түрмеге барған күнге дейін сотталушы, ал жазасын өтеу кезінде «жазасын өтеуші» 
тұлға ретінде оның конституциялық құқықтары шектелінеді. ҚР ҚПК 7-бабы 1-бөлігі 37-тармағына 
«жазасын өтеуші» деген термінен кейін «сотталған адам» деген сөзбен толықтыру қажет. 
Іздестіру шаралары 56-тармағы «басқа шетел мемлекеттерімен іздеуде жүрген тұлғалардан 
тұратын базаны қалыптастыру және оны қоғамға қолжетімді ету». 
ҚР ҚПК-нің 7-бабына өзгерістер енгізу себебі, процестік емес ұстап алудың түсінігін енгізу 
қажет. Ал, ҚР ҚК-нің 33-бабына кез-келген адамдар мен азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылық 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
137
жасаған адамдарды «процестік емес ұстап алу» мен «процестік ұстап алу» енгізу мен қатар, түсініктерін 
3-бабына енгізу қажет... 
Іздеу салынған күннен бастап қылмыстық жауаптылықтан бой тасалаған адамды қолға түсіріп, 
тіпті мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қолсұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін 
ұстап алу кез-келген адамға берілген құқық. Сондықтан, ҚР «ҚР жедел іздестіру туралы» заңына да 
процестік емес ұстап алу» іс шараларын енгізіп, адамдардың құқығын заңдастырған абзал. 
Криминафамилистикалық қылмыстылықтың алдын алуға бағытталған келесідей іс-шараларды 
ұсынамыз:

Орта, техникалық және кәсіптік білім беру және жоғарғы оқу орындарында «Отбасы құндылығы 
туралы» пәнін енгізу;

Бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілігінің төмендеуіне байланысты ата-аналарына әкімшілік 
жауапкершілікке тарту ауқымын кеңейту және қатаңдату;

5 және оданда көп балалы аналарға бала күтілімі демалысындағы мерзімін еңбек өтіліміне 
жатқызу;

Ауыр және аса ауыр қылмыстарға жүйелі түрде бой алдырған балалардың ата-аналарының ата-
аналық құқықтарынан айыру;

Некені тіркеу және бұзғаны үшін алынатын мемлекеттік баждың соммасын көтеру;

Отбасын құратын тұлғаларға «Отбасы құрудың ерекшеліктері» туралы нұсқамаларлы, 
оқулықтарды тарату, электрондық нұсқасын желілерде жариялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет