Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет64/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Саяси себептері: Криминофамилистикалық құқық бұзушылықтардың себептері заңның реттеуші 
функцияларымен тығыз байланыста болады. Мемлекет, оның көмегімен, қандай да бір әлеуметтік са-
ясатын іске асырып отырады. Криминофамилистиканың ережелерін орындамау арқылы қоғамның 
басқа мүшелері билік етуші топқа қарсылық көрсетеді. Криминофамилистика тәртібінің деңгейі елдегі 
жалпы саяси жағдайлармен байланысты болады. Мемлекеттік биліктің күрт күйреуі кезеңінде аталған 
заңнамасы міндеттерінің орындалмауынан жазаға тартылушы тұлғалардың көбеюін аңғаруға болады. 
Құқықтық себептері: Криминофамилистика заңнамасының қазіргі кездегі қоғамдық қарым-
қатынастарды толығымен реттей алмауына аталған нормативтік құқықтық базаға әліде болса 
толықтырулар мен өзгерістерді енгізуді қажет етеді. Бұл заң институтын дамыту мақсатында еліміздің 
бұрынғы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, яғни ұлттық дала заңдары мен бүгінгі күннің заңнамаларындағы 
байланысты орнату.
Экономикалық себептері: Криминофамилистика институтына
қаражаттың
тым аз мөлшерде 
бөлінуінде. Отбасы саласындағы қатынастардан туындайтын қылмыстардың жалпы қылмыстылыққа 
итермелейтін қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, халықтың бұл іс-шараларына 
қатысты құқықтық мәдениетін жоғарлатуға мемлекет тарапынан ынталығының (конкурстар, семинар-
тренингтер, жарнамалар және т.б.) жоқтығы. Қоғам мүшелерінің арасын криминофамилистикалық 
қылмыстылықпен күресті жүргізу мүмкіндіктерінің болмауы.


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
141
Ұйымдастыру себептері: Криминофамилистика үрдісінің республикамыздағы қоғам 
субъектілерінің арасындағы байланыстың жоқтығы. Мемлекет пен тұлға арасындағы аталған ин-
ститутты жүзеге асыру мен оны дамыту жолдарында ақпараттармен алмаспауы және тиімді, ортақ 
жоспарлардың болмауы. Жоғары оқу орындарында криминофамилистика пәнін енгізіп, құқық 
бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің алдарына 
қоғамның басқа да мүшелерімен бірлескен жоспар қою қажет. Бұл жүйе, басқалардың мүддесін шек-
теп, мемлекеттің біржақты басымдылығын танытатын саясатын ескермеген жағдайда ғана жүзеге 
аспақ. Көрсетіліп отырған себептер мен шарттарды ұтымды және тиімді ескерсек, қылмыстық құқық 
бұзушылықпен күресуге жол табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет