Issn 2073-333x международный научный журнал


Табиғи-психологиялық себептері



Pdf көрінісі
бет65/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Табиғи-психологиялық себептері: Билік өкілдері мен халықтың арасындағы көзқарастарының 
алшақтығы, сенімсіздігі мен сындарлы сұхбаттың болмауы. Халықтың ішкі жан-айқайына деген кейбір 
билік өкілдерінің салғырттығынан, немқұрайлығынан туындаған түсінбеушіліктерді нақты шешуші 
тетіктердің болмауы. 
Техникалық себептері: Криминофамилистикалық қылмыстардың алдын алуда әліде болса за-
манауи тұрғыдағы техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмегенін ескеру қажет. Себебі, бұл 
материалдарды кейінгі сотқа дейінгі немесе сот үдерістерінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. 
Қоғамдық қарым-қатынастардағы басқа да себептеріне тоқталсақ. Жоғарыдағы статистикалық 
мәліметтерге сүйенсек, қылмсытылықтың көбінесе жұмыссыздармен
жасалынатыны мәлім. Демек, 
жұмыссыздар қатарын азайту тек мемлекеттің ғана алдында тұрған мәселе емес, сонымен бірге кез-
келген жеке кәсіпкердің бұл проблеманы бетпе-беп келгенде шешуге жататын іс-шараларды жүзеге 
асыруы болып табылмақ. Криминофамилистикалық және басқа да қылмыстылықтардың себебі 
ретінде жазасын өтеп келген тұлғалардың да жұмыссыздықтары – қоғамның алдында тұрған шешімін 
таппаған сұрақтардың бірі. Жазасын өтеу барысында, қоғамда сұранысы бар мамандық бойынша 
тұлғаны дайындау жергілікті атқару органдары мен қылмыстық атқару жүйесінің бірлесе отырып, 
оны іс жүзінде асыруда атқаратын жұмыстар көп. Қазіргі таңда, жұмыспен қамтамасыз етудің жол 
картасы және басқа да мемлекеттік бағдарламаларда жазасын өтеп келген тұлғаларға қатысты шара-
ларды қарастыру қажет. Қылмыстылықтың ауқымын азайтуда, кәсіпкерлікті қолдаудың да алар орны 
ерекше. Алайда, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің соттылығы жойылмаған не сотпен заң талабы бойынша 
соттылығы алынбаған тұлғаларды кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекеттік тіркеуге алынбайды. 
Бұл заңнамадағы келеңсіз талаптар алынып таслауы қажет. Себебі, ол қылмыстылықтың өршуіне негіз 
және де мемлекеттің экономика саласындағы дамуына кері әсерін тигізеді. 
Ендігі жерде жалпы қылмыстылыққа себепші субъект ретінде кәмелетке толмаған тұлғалардың 
қылмыстылығы жайында сөз қозғасақ. 
Психологияда девиантты мінез-қылық себептеріне біріңғай көзқарастар туындайды. Девиация 
себептері туралы көпаспектілігін куәландыруы, мінез қылықты қабылдамаудың қайнар көздеріне 
әр түрлі ғылыми көзқарастар бар. Ең тиімді жолы – барлық әлеуметтік коллективтерде өзін таныту 
үшін ауқымды долдарын қарастыру. Кез-келген жасөспірімнің тек оқуда ғана емес, сонымен бірге 
техникалық шығармашылықта, спортта, көркемдік өнерпаздықта ж.т.басқаларда да өзін көрсета, та-
ныта алатын мүмкіндіктері болуы тиіс. 
Э. Геккель, Ф.Мюллер, С. Холл, В. Штерндердің пікірлеріне сай биогенетикалық теория-
сы бойынша адамзат дамуының маңызды ролі ретінде табиғи-биологиялық бастауын алға тартады. 
Яғни, асоциалды мінез-қылығының себептерін адам биологиясында қалануымен (ұрпақтан ұрпаққа 
тұқым қуалаушылық арқылы берілетін қылмыстылықтың генетикалық жүйесі ретінде) байланысты-
ралады. Бұл теорияға сай, өкілетті органдар деликвенттің ата-анасымен, бауырларымен ж.т.б туған-
туыстарымен қылмыстылықтың алдын алу мақсатындағы шараларды жүзеге асыру қажеттігі де туын-
дайды [5; 3б.].
Социологизаторлық теорияда (Д.Ватсон ж.т.б.) керісінше, адам баласында тумасынан ешнәрсе 
болмайды, оның мінез-қылығына сыртқы әсердің нәтижесінен деп тұжырымдайды. Сондықтан, оның 
сыртқы жағымсыз мінез-қылықтары арқылы адам бейнесін сомдайды. Ал, келесі теория бойынша 
қылмыстылықтың алдын алу мақсатындағы шаралардың басым көпшілігін деликвентті қоршаған ор-
тасы, қоғам мүшелерімен тығыз байланысты жүргізу қажет. 
Бихевиористикалық көзқараста жағымсыз, қабылдауға жатпайын мінез-қылықтарының 
қалыптасуын адамның өзі үйренуімен және басқаның оған үйретуі сияқты (баланы қылмыстық ортада 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
142
тәрбиелеу арқылы асоциалды мінез-қылық моделі) сыртқы көрінісмен байланыстырады. Аталған пікір 
бойынша қылмыстылықтың алдын алу мақсатындағы шаралардың басым көпшілігін деликвенттің 
өзімен және құқық бұзушылыққа итермелеуші ортасымен тығыз байланысты жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет