Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
299
ӘОЖ 81.12
Түймебаева С.Д.
2 курс магистранты, Silkway халықаралық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Копбосынов М.А.
ф.ғ.к., аға оқытушы, Silkway халықаралық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Байырбеков М.Т.
аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Кантаева М.М.
магистр, аға оқытушы, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті,
Шымкент, Қазақстан
АНТИКАЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ӘҢГІМЕ ҰҒЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Түйін. Мақалада адамзат өркениетінің бастау бұлағы саналатын Ежелгі Шығыс мәдениеті мен жаңа
ғылым дәуірінің негізі саналатын көне грек, яғни антикалық дәуір ойшылдарының әдеби-эстетикалық ұғымдарды
қалыптастырудағы еңбектері қарастырылады. Көркемдік ойлау үрдісінің ең көне үлгілері мен оларға теориялық,
эстетикалық тұрғыдан берілген талдау еңбектердің ғылыми маңызы өте жоғары. Олар адам баласының ру-
хани өсіп-өркендеу жолындағы сүйенген ең бір асыл таянышы болды. Антикалық дәуірдің Платон, Аристотель
сияқты ойшылдарының философиялық, әдеби-эстетикалық ойлары мен ғылыми-теориялық тұжырымдары
жаңа дәуір ғылымының дамуына орасан зор ықпал етті.
Аристотель қалыптастырған әдеби-теориялық ұғымдар мен терминдер бүгінгі күн әдебиеттануында да
қолданылып келеді. Сондықтан да, антикалық дәуір ойшылдарының әдеби-эстетикалық пайымдаулары әлемдік,
ұлттық әдебиеттанудың даму үрдісінде де маңызы арта бермек.
Достарыңызбен бөлісу: