Тірек сөздер: антикалық дәуір, эстетика, теориялық ұғымдар, драма, трагедия, комедия, дифирамб, ямб,
эпос, фабула
Резюме. В статье рассматривается ранняя культура Древневосточной цивилизации и научные труды
античных греческих мыслителей Платона и Аристотеля, посвященные литературно-эстетическим вопросам
того времени. Эти труды научно важны тем, что они считаются первоисточниками по вопросам анализа и
исследования литературных произведений в теоретических и эстетических аспектах. Им ссылались и будут
ссылаться вся научная знать, как основная опора в развитии и становлении человеческой цивилизации. Если
Платон рассматривает роль подражания в появлении художественного произведения в направлении идеализма,
Аристотель исследует эту проблему в связи с художественным познанием. Аристотель впервые устанавлива-
ет литературные понятия как термины и расскрывает их сущность, характеризующую природу произведения.
Этими терминами пользуются и современные литературоведы. Поэтому литературно-теоретические терми-
ны мыслителей антич ной эпохи всегда имеют историческую важность и научную ценность.
Summary.The article discusses the early culture of ancient Oriental civilization and scientific works of ancient
Greek thinkers Plato and Aristotle devoted to literary and aesthetic issues of that time. These writings are scientifically
important because they are considered primary sources for analysis and research of a literary work in theoretical
and aesthetic aspects. They have referred and will refer to all scientific knowing as a pillar in the development and
establishment of human civilizations. Philosophical and literary-aesthetic thought, the scientific concept of the great
thinkers of antiquity, Plato and Aristotle gave great impetus to the development of modern science. Therefore, scientifically
systematic literary and theoretical concepts, artistic and aesthetic thought in the scientific works of ancient Greek thinkers
not losing relevance to the present day. If Plato considers the role of imitation in the appearances of the artwork in the
direction of idealism, Aristotle explores this issue in relation with the artistic knowledge. Aristotle first establishes literary
concepts as terms and reveals their essence characterizing the nature of the work. Therefore, literary-theoretical terms
thinkers the ancient era is always of historical importance and scientific value.
299
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
300
Адамзат баласының өз тіршілігіндегі барша құбылыстарды сөзбен өрнектеп, суреттегенінен
бастап, оны өнерге теліп, оның қыр-сырын танып, сипаттау да қалыптасты. Яғни, осы
мәселені тікелей қарастыратын әдебиеттану дербес ғылым саласы ретінде ХІХ ғасырда ғана
қалыптасқанымен, сөз өнері туралы алғашқы пайымдаулар мен пікірлер біздің жыл санауымызға
дейінгі көне дәуірлердің еншісінде. Ол: өзінен кейін көркемдік ойлау мен эстетикалық танымның
нелер бір асыл үлгілерін қалыптастырған Шумерлік мәдениет пен Вавилонға тән «Гильгамеш
туралы» жыр, ежелгі парсы өркениетінің «Авестасы», көне мысырдың «Пирамидалар кітабы»,
үнділердің «Ригведасы» мен «Махабхаратасы», «Рамаянасы». Бұл тізімге аспан асты елінің
біздің заманымыздан бұрын мұра болған «И цзин (Құбылу кітабы) мен «Ши цзин» (Ән кітабы)
еңбектерін қосыңыз. Сондықтан, жер бетіндегі өркениеттің бесігі деп саналып келген ежелгі эл-
лада мен римдік мәдениет біз қарастырғалы отырған әдеби-теориялық ұғымдардың ең алғашқы
бастауы емес екен.
Бұл кезең әлемдік тарихта антикалық кезең деп аталатыны белгілі. Адамзат тарихындағы
орны мен маңызы тұрғысынан өте маңызды уақыт саналады. Көне тарих қойнауына үңілгенде
әдеби-эстетикалық ойдың ең асыл үлгілерінің бірнеше ғасырлық қатпарын көреміз. Зерттеуімізге
негіз болғалы отырған мәселелер бұл тарихтың соншалықты бай әрі көп қырлы екенін де та-
нытады. Әрбір дәуір өз өнерін тудырады және өзінің әдеби идеяларын ұсынып отырады.
Уақыт өте келе бұл эстетикалық ұғымдар жаңа пайымдауларға орын беріп, тың ой-пікірлердің
қалыптасуына алғышарт болады. Осыдан келіп жалғастық дәстүрі туады. Орыс әдебиеттанушысы
П.А.Николаевтың әдеби-эстетикалық ойлардың ерте кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сөз ете
келіп: «Вместе с тем в многовековом развитии литературной мысли действовал закон преем-
ственности. Нить, связывающая античные теории с эстетикой Ренессанса, Просвещения, с идея-
ми нашего века, необычна прочна. И для нас трактаты Платона, Аристотеля, Лессинга или Гегеля
– отнюдь не только исторические памятники: они участвуют в наших эстетических и литератур-
ных исканиях» [1,8] деуі осыған дәлел.
Ғылымның қашан, қайда пайда болғандығы жөніндегі пікірлер де әр алуан болып келді. Ол
көзбен көріп, қолмен ұстап «міне, мынау» деп нақты айта қоятын дүние емес болғандықтан, түрлі
тұжырымдар жасалды. Ең бастысы ғылымның даму тарихын саралай келе ғалымдар: «Ғылымның
шығуының танымдық алғышарты біздің заманымызға дейінгі ҮІІ-ҮІ ғасырлар аралығында мифтік
(аңыз, ертегілік) санадан логосқа (ақыл-ойға) өтудің аяқталуымен байланысты болды. Бұл кезде
таяу және Қиыр шығыс елдерінде, антикалық Грецияда ойлау, пайымдаудың қазіргі заманғы адам-
дар қолданып жүрген логикалық құрылысы қалыптасты. Мифтік-поэтикалық санадан бірте-бірте
қол үзіп, ақыр соңында одан арылғаннан кейін рационалдық ой дами бастады» [2,34] – деп, оның
алғаш пайда болған мекенін әйгілейді. Осыдан келіп, қалай болғанда да ғылымның алғашқы ны-
шандары ежелгі Шығыс елдерінде (Мысыр, Вавилон, Үндістан, Қытай сияқты) жасалып, көне Гре-
кияда қалыптасты. Өйткені, ертедегі шығыс елдерінде натурал сандарды қолдану, аспан денелерін
зерттеу, теңдеулерді шешу сияқты ғылыми жетістіктер болғанымен, осы ғылыми теорияларды
логикалық дәлелдеу, дедук- циялық пайымдаулар эллада елінде туды. Ғылымның зерттеу әдістері
мен әдіснамасы қалыптасты.
Платонның әдеміліктің объективті сипатын ашуына идеализм көп кедергі болған. Сондықтан
да философ өнерді эстетикалық әрекеттің түрі ретінде өзінің танымдық қызметінен тыс қарастырады.
Платонның пікірінше шығармашылық үрдіс иррационалды болғандықтан да өнер арқылы объективті
әлемді тану мүмкін емес екен екен. Дегенмен, ұлы ойшыл көркем туындының эмоционалдық- әсерлілік
сияқты қоғамдық қызметі мен оның маңызын: «...Я думаю, мало кто отдает себе отчет в том, что чужие
переживания неизбежно для нас заразительны: если к ним разовьется сильная жалость, нелегко удер-
жаться от нее и при собственных страданиях» [1,80] – деп дәл айтады.
Платон өзінің осы «Мемлекет» еңбегінде отан қорғаушыларды тәрбиелеу тетіктері, сөз өнерінің
түрлері, мифтердің тәрбиелік рөлі, поэзияның тәрбиелік рөлі, поэтикалық өнердің стильдері, өнердің
идеяға еліктеугееліктеу екендігі, ақынның шынайы өмірді емес елесті тудырушы екендігі тура-
лы мәселелер көтеріледі. Философ мемлекеттің көркейуі мен келешегі туралы ой толғай отырыпсөз
өнерінің адам тәрбиесіндегі рөліне аса мән береді. Жан тәрбиесі мен тән тәрбиесінің ерекшеліктерін
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
301
айқындай отырып, сөз өнерінің шынайы және жалған түрлерін ажыратып алады да, бұл екеуінің жас
адамды тәрбиелеудегі қызметтерін саралайды. «Миф» ұғымына тоқталады: «Ты не понимаешь, что
малым детям мы сперва рассказываем мифы? Это, вообще говоря, ложь, но есть в них и истина. Имея
дело с детьми, мы к мифам прибегаем раньше, чем к гимнастическим упражнениям» [1,70].
Платонның авторлық стиль, поэтикалық туындының стилі туралы пайымдаулары да осы
мәселедегі алғашқы теориялық тұжырымдардың негізі болды. Қарапайым мысал келтіре отырып,
терең теориялық ұғымның сырын ашатын ойшыл әдеби тәсілдер ұғымын да алғашқылардың бірі бо-
лып қолданды. Ол авторлық баяндау мен еліктеудің стильдік қызметін, олардың уақыты мен мекенін
айта келіп: « – Ты очень верно схватил мою мысль, и я думаю, что теперь я уже разъяснил тебе то, что
раньше не мог, а именно: один род поэзии и мифотворчества весь целиком складывается из подражания
– это, как ты говоришь, трагедия и комедия; другой род состоит из высказываний самого поэта – это
ты найдешь преимущественно в дифирамбах; а в эпической поэзии и во многих других видах – оба
эти приема, если ты меня понял» [2,145] – дейді. Әдеби тәсіл қызметіндегі баяндау мен еліктеудің тра-
гедия мен комедиядағы (бүгінгі эпикалық туындылардағы) және дифирамбадағы (кейінгі лирикалық
шығармалар) рөлін философ нақ көрсеткен. Алайда, авторлық еліктеудің, өзі еліктеу поэзиясы деп
атаған туындылардың қоғамдық, әлеуметтік қызметі мен эстетикалық қуатын негіздеуде идеалистік
бағыт ұстанған.
Аристотельдің көзқарасы бойынша көркем бейнелеу немесе сол кездегі «мимезис» деген тер-
минмен аталған еліктеуөзінің негізін таным бастауларынан алады. Сондай -ақ бұл, жалаң суреттеу
емес, керісінше шығармашыл, жинақтық бейнелеу. Ол өзінің әйгілі «Поэтика» еңбегінде поэзия өнері
туралы сөзін: «Бұл жерде жалпы поэзия өнері туралы және оның жеке түрлері хақында әңгімелемекпіз,
сондай-ақ, олардың әрқайсысы шамамен қандай маңызға ие екендігі, поэзиялық туынды тартымды
болып шығу үшін фабула қалай құрастырылмақшы, бұған қоса ол қандай және қаншама бөліктерден
тұруға тиісті, жалпы алғанда, әңгіме предметіне қатысты барлық жайларды баяндамақпыз...», –
деп бастайды да көркем туынды табиғатындағы еліктеудің маңызына тоқталады: «Эпикалық және
трагедиялық поэзия, сондай-ақ комедия мен дифирамбылық поэзия, авлетика мен кифаристиканың
басым бөлігі – мұның бәрі де, жалпы айтқанда еліктеу өнеріне жатады, бұлар бір-бірімен мынадай
үш жағдайда: еліктеу не арқылы (қай негізде) жасалады, болмаса, не нәрсеге еліктейді, әйтпесе қалай
еліктейді, міне осы тұрғыда ғана ерекшеленеді. Бұлар, әрине, ылғи да бір мағына-мәндегі ұғымдар
емес». Бұл жерде Платон мен Аристотельдің өнер атаулының шығу негізі еліктеумен тікелей байла-
нысты деген тұжырымы егіз болғанмен, Аристотель еліктеуден туған поэзия Платонша «елес» болып,
мінез-құлықты құртатын құбылыс деп санамайды. Өйткені, оның ойынша өнер, яғни поэзия ең алды-
мен адамның танымына ықпал ететін эстетикалық күш.
Аристотельдің жалпы өнер атаулының табиғаты мен оны өнер деп тануға белгі болатын сапа,
қасиеттеріне жасаған саралауының түп мақсаты – поэзияны, өлең өнерін өзге өнер түрлерінен ажы-
ратып, оны тудырушы ақынның өзіндік балгілерін айқындау болған деп санаймыз. Ол: «Еліктеу
жекелеген немесе тұтас күйінде ырғақтан, сөз бен гармониядан (әуеннен) танылмақшы» – деп,
музыкалық өнер түрлеріндегі ырғақ пен үйлесімнің аспаптардың, бидің көмегімен үйлесім тауып,
сол арқылы мінездер мен көңіл-күйлерді таныта алатынын айтады. Ал, ойшылдың: «...сөзді белгілі
бір өлшеммен (метр) немесе өлшемсіз пайдаланатын, онда да бірнеше өлшемді аралас иә болмаса
олардың біреуін жеке дара қолданатын өнер түрі ғана күні бүгінге дейін анықталмай келеді, біз
Софрон мен Ксенархтың мимдері мен сократтық әңгімелерге де, триметрлік, элегиялық немесе
қандай бір болмасын өлеңдік өлшеммен бейнелеушілерге де жалпы ат-атау бере алмаған болар
едік» деген сөзінен әдебиет теориясындағы көркем шығарманың жанрын жазылу тіліне қарап
бөлу мен олардың авторын кім деп атау мәселесі көрініп тұр. Сондықтан да, оның: ...«жазу» деген
ұғымды белгілі бір өлшеммен (метр) байланысты түсінетін адамдар ғана кейбіреулерді элегик,
енді бірін эпик деп оларды еліктеу ерекшелігіне қарай емес, жалпы өлеңдік өлшеміне қарап ақын
деп ардақтайды», деп көтерген проблемасы жаңа заман өнертануында да күрделі мәселе болып
тұрған шындық.
Сөз құрап, ұйқас тапқанның бәрі ақын емес екені белгілі. Ал Аристотель заманында көркем
шығарма тілі бүгінгі біздің өлшеммен алғандағы «поэзия тілі», «өлең тілі» болды. Сол себепті де Гомер
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
302
де ақын, Софокл де ақын. Өйткені, бүгінгі әдеби теориялық өлшем, терминмен олардың бірін эпик,
екіншісін драматург деп атау ол дәуірде көркем ойлау дәстүрінде де, ғылыми пайымдау үрдісінде
де қалыптаспаған еді. Аристотельдің ақынға, ақындық қасиеттерге берген бағасы да қарапайым әрі
шыншылдығымен құнды. Оның пайымдауынша физика немесе медицина саласында өлең өлшеміміен
трактат жазған адамды да, Гомер сияқты ұлы эпикалық шығарма жазған адамды да ақын деп атауға
болмайды. Гомер мен Эмподоклдың шығармаларын жақындатып тұрған тек қана өлшем болғандықтан,
оның бірін ақын, ал екіншісін физиолог деп атаған әділетті болады дейді.
Аристотель ырғақ, мелодия мен метрдің өнер түрлерінде пайдаланылу ерекшеліктеріне ар-
найы мән беріп, мұндай өнер түрлеріне дифирамбылық поэзияны, номаларды (салтанатты мерекелік
жиындарда орындалатын гимн түрі), трагедия мен комедияны жатқызады. Бұлардың бір-бірінен
айырмашылығы осы өлшемдерді қайсысының қандай мөлшерде қолданатындығында екендігін
айтқан Аристотель өнер түрлерінің сын-сипаты туралы пайымдарын: «Мен өнер түрлерінің өзара
айырмашылық-ерекшеліктерін олардың еліктеу құралдары тұрғысынан алғанда осылай түсінемін»
[3,54] – деп тұжырымдайды.
Аристотель поэзияның (бұл жерде поэзия тек өлең өнері ғана емес) алғашқы теориясын жасай
отырып, оның мазмұны мен пішінінің негізгі элементтерін де айқындады. Әдебиеттанушы ғалым
Р.Нұрғали грек ойшылының еңбегі туралы: «Аристотель «Поэтикасында» зерттелген негізгі проблема
– көркем шығарма формасы, оның мазмұнға әсері, сюжет түзілісі, оқиға шырғалаңдары» [4,160] – деп,
шығарманы нағыз көркем туынды ететін негізгі теориялық компоненттерді бөлшектеп береді. Бұл ту-
ралы Л.Әділбекова, Г.Тұңғышбаевалар өз зерттеулерінде былай дейді: «Жанр туралы айтылған түрлі
кездердегі пікірлер әлем әдебиеттану ғылымының тарихында Аристотельден басталады. Аристотельдің
комедия, трагедия жэне эпопеялық ерекшеліктер туралы айткан бұл пікірлердің мәні зор. Оның бұл
еңбегі – өз дәуірінде әдебиетке теориялық негіз болатын, әрі әдебиеті зерттеу үшін болашаққа жол
салған еңбек болып саналады» [5,108].
Ғалымдардың осы пікірін дамыта қарастыратын болсақ, Аристотельдің Гомер шығармаларын
«жанрлық» түрлерге бөлу теориясы да ерекше көңіл аударарлық. Ол көркем туындының қай
түрге жататындығын автордың мінез ерекшелігіне телу арқылы айқындау керек деп санайды.
Оның пікірінше көне дәуір ақындарының бірі батырлық өлеңдер, екіншісі ямб өлшемді өлеңдер
жазуының сыры осында екен. Яғни, автордың мінез ерекшеліктеріне қарай (байыпты мінезден –
эпикалық жыр, ұшқалақтан – әжуа, келеке, сайқымазақ өлеңдер) поэзия да түрлі сипаттарға ие бо-
лады. Драманың, трагедия мен комедияның басты ерекшеліктерін екшей отырып, ол комедияның
жанрлық ерекшеліктерін, өлең өлшемдерінің өзіндік сипаттарын айқындайды. Оның өлең өлшемдері
туралы берген теориялық тұжырымдары мен әдебиеттануда қалыптастырған терминдерінің өзі
әралуан. Мысалы, ол қолданған «метр», «триметр», «тетраметр», «гексаметр», «ямб», «фабула»,
«характер» т.б. сияқты әдеби теориялық ұғым, терминдердер бүгінгі әдебиеттанудың да қолданатын
өлшем бірліктері. Олардың генезисі туралы: «Поэзияда орныққан өлең өлшемдері ауызекі тілге,
күнделікті айтылатын сөзге тән ырғақтың ең жеңіл, ықшамды түрлерін саралап, соларды бір жүйеге,
қалыпқа түсіру негізінде жасалған. О баста өлеңде қолданылатын өлшем-өрнектер, әрине, мейлінше
қарапайым болып келген. Бара-бара олардың күрделі, әбден дамытылған түрлері туған» [6, 255] –
деген пікір тарихи шындық.
Қорыта келгенде, Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде Софоклдың драмалары мен Гомердің
поэмаларын әр қырынан талдай отырып, көркем шығарманы жазудың нақты бір эстетикалық жүйеге
бағынған теориясын жасайды. Оның жасаған әдеби теориялық тұжырымдары ХХІ ғасырда да күшін.
Достарыңызбен бөлісу: |