Лекция тақырыыбы: Есімдік, оның түрлері. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі.
Мақсат:
Есімдіктің семантикалық сипатын, басқа сөз таптарының орнына жүретін мәнін түсіну арқылы жеке сөз табы ретіндегі ерекшеліктерін біліп, қай сөз табының орнына жүрсе, солай түрленетін, сондай қызмет атқаратынын меңгеру.
Жоспар:
Есімдіктің лексика – граматикалық сипаты.
Есімдіктердің қалыптасуы.
Есімдіктердің мағыналыөқ түрлері; жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, өздік есімдігі, сұрау есімдігі, белгісіздік есімдігі, жалпылау есімдігі, болымсыздық есімдігі.
Есімдіктердің септелу ерекшеліктері.
Есімдіктердің басқа сөз таптарына ауысуы және прономиналдану – есімдікке айналу процесі.
Есімдіктің сөйлемдегі қызметі.
Есімдік- лексика – грамматикалық(семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде есімдікті орынбасар сөз табы деп те атайды.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашқы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.
Сөйтіп, есім сөздердің ( зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздер деп те атайды.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.
Достарыңызбен бөлісу: |