Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет66/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Психодинамикалық көзқарас (З.Фрейд) бойынша адам өзі сезбестен, негізі балалық шақтағы 
уайымдарда жатқан сыртқы психологиялық әсер етеді. 
Дифференциалды байланыс теориясы (Э.Сатерленд) мінез-қылықтар араласатын ортасына бай-
ланысты қалыптасуы. Бұл жерде пікір аламасатын субъектілермен жұмыстарды жүзеге асыру керек.
Әлеуметтік аномия теориясы (Р. Мертон) қоғам мүшелерінің әлеуметтік-саяси бірқалыптылық 
бұзылған кезде моралдік құндылықтар мен иделадардың құнсызданған жағдайлар. 
Ендігі жерде аталған тұлғалардың келесі мінез-қылықтарының типтеріне тоқталмастан бұрын 
мінездің акцентуациялық қырларына түсінік бере кетсек – бұл норманың соңғы үлгісіндегі жекеле-
ген мінез қырларының жоғарғы деңгейі. А.Е. Личконың пікірінше мінездің акцентуациялығы, норма 
шеңберінен ауытқымайтын, дегенмен адамның мінез-қылықтары мен психологиялық ерекшеліктерінің 
ауытқуымен шекаралас, мінездің жекелеген қырларының күшейтілуі. Адамның балалық шағындағы 
қалыптасқан ерекшеленетің жақсы қасиеттері, оның психикалық жарақаттар алған кездерде 
ауытқулары болып жатады. Бұл әсіресе жасөспірім кездерінде көп кездеседі [6].
А.Е. Личко мінез-қылықтар акцентуациясының классификациялық келесі типтерін қарастырады: 
1. Гипертимдік типі. Шапшаңдығымен, ашықтығымен, ерекшеленеді. Өз ортасында көп шу орната-
ды. Шулы компанияларда болғанды қалайды. Компанияларда тыныштық сақтай алмайды, тәртіпке толық 
бой ұсынбаған, бір қалыпты білім алмайды. Көңіл күйі барлық уақытта жақсы, көтеріңкі. Үлкендермен, 
ата-аналарымен және оқытушылармен жиі қақтығысқа ұшырайды. Көп, әр-түрлі қызғушылықтарда, 
алайда олар уақытша және терең мағыналы емес. Көбінесе өз мүмкіндіктерін ескере бермейді, өз-өзіне 
тым сенімді, өзін көрсеткісі келеді, қоршаған ортаны өзіне назар аудартқысы келеді. 
2.Циклоидті типі. Аппатияға жақын және аса тітіркенушілікпен сипатталады. Құрбыларымен 
бірге болудың орынан, үйде жалғыз болғанды ұнатады. Елеулі маңызы болмайтын келеңсіздіктердің 
өзін ауыр қабылдайды, ескертпелерге тітіркенушілікпен қарайды. Ара-арасында, (сондықтан типтің 
атауы қойлған) шамамен 2-3аптада жақсыдан тұншырғасы түскенге дейін көңіл күйі өзгеріп отырады. 
3. Лабильді типі. Жорамалдауға келмейтін, тез өзгеретін көңіл күйдегі тұлға. Болмашы 
жағдайларға да көңіл күйі өзгере береді. Мысалы, біреудің жай, қалжыңдап айтқан сөзі, күлімсіз 
көзқарасы ж.т.б. көңіл күйінің тіпті нашарлауы, ауыр қайғы болмаса да көңілсіз. Мінез-қылығы тез 
өзгеретін көңіл күйіне байланысты. 
4. Астеноневротикалық типі. Аса еркелікпен, шаршаңқылығымен және тітіркенушілігімен 
ерекшеленеді. Әсіресе ауыр ой жұмыстарында шаршаңқылығы жиі кездеседі.
5. Сензитивті типі. Мұндай тұлғалар қорқуға, қуануға және қайғыруға аса сезімтал болумен 
ерекшеленеді. Аталған типтегі жасөспірімдер үлкен отырыстарды жақтырмайды, аса құмар және көп 
қимылды ойындарды ұнатпайды, әдетте олар сырт атамдардың қатысуында ұялшақ. Себебі, тұйық 
және жастық шақта өздерінің құрбыланының ортасына сыйыса алмайды. 
6.Психастендік типі. Басқа адамдардың әрекеттерін бағалауға, өзін талдауға, ойлау және 
талқылауға көңіл бөлетін, жеделдетілген және ерте инттелектуалдық дамуымен еркешеленеді. 
7. Шизоидті типі. Аса маңызды ерекшелігі – тұйық. Жалғыз, ересектердің ортасында болғанды 
ұнатады. Қоршаған ортаға салықын қандылықты танытады, оларға қызығушылық танытпайды, 
басқалардың жағдайларын түсінбейді, жаны ашымайды. Олардың ішкі өмірлері түрлі фантазияға толы. 
Сыртқы ортада сезімдері ұстамды, қоршаған ортаға, әсіресе өз ортасына жұмбақ тұлға.
8. Эпилептоидті типі. Әсіресе бала кезінде көп жылап, қоршағандардың ығырын шағарады. Жа-
нуарларды қинағанды, кішкентайларды мазақтағанды, өздерін қорғай алмайтындарды мазақ қылғанды 
жақсы көреді, өзінің қатаң, лаңкестік тәртіптерін орнатады. Үлгілік белгілері – қатаң, билік етуші, өзін 
жақсы көретін, қоршағандарға диктатурасын өткізуші.
9. Истероидті типі. Бұл типтің ең маңызды ерекшелігі – эгоцентризм, өзіне тұрақты көңіл ау-
даруды қалайды. Театрландыруға, мақтаншақтыққа жақын. Құрбылыстарының мақтанышын өзі ауыр 
қабылдайды, оларға наразылық білдіреді. Топ басшылығына таласады. 
10. Тұрақсыз типі. Оны кей кездерде ерікті күші нашар деп қате сиппатайды. Көңіл көтергенді, 
жұмыссыздықты және отырыстарды жақсы көреді. Оларда салмақтылық, қызығушылық, үйрену, 
өзінің болашағы туралы ойлану деген түсінік жоқ.


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
143
11. Комфортты типі. Өмірлік кредолары – «барлығы сияқты болу». Өзінің мүддесі үшін жолдаста-
рын сату, қиын-қысату кезінде тастап кету, қандай іс-әрекетіне болса да бірнеше жауаптары дайын тұрады. 
Кәмелетке толмаған қылмыскердің басым көпшілігі – қоғамға қайшы мінез-қылықтарға бейім 
әдеттері бар тұлғалар. Басқалары
– қоғам қабылдаған мінездерге немқұрайлықпен қабылдауды жариялайды; 
– қаңғыбастық, жүйелі түрде үйден қашу;
– ерте жастан жыныстық қатынастар;
– жүйелі түрде қатыгез болу, кекшілдік, анайы, қатал, зорлық көресту;
– басқаның мүлкін иемдену, жазаланбай әлсіздерден тартып алу әдеті; 
Қылмыстың жасалуының ынталануына байланысты кәмелетке толамаған қылмыскерлер 
келесіде типтерге бөлінеді: 
– еріккеннен, бұзақылық ниетпен қылмыс жасау; 
– құрбыларының ықпалымен өз абыройларын асыру не нақтылау үшін қылмыстар жасау;
– үлкен тәлімгерлердің ықпалымен қылмыстар жасау;
– қажеттілік жағдайларда қылмыс жасау;
– үлкендердің оның құқықтарына қолсұғудан қорғану үшін қылмыс жасау сипаттарында болады. 
Қарқынды импульсивтік, қаталдық, тез, шапшаң ұйымдасу, топ болып араласуға бейімделу, 
араздық жағдайдарына аса қызығушылық жаңа қылмысқа барудың жолы болып табылады. 
Аталған тұлғаларда жасына қатысты қоғамдағы заңды да, заңсыз да жүйелеріне қол жеткізуде 
шектеулер болады. Жастар керекті кәсіби білімі, дағдысы, әлеументтік пайдалы таныстары бол-
ма ғандықтан болашағы жоқ және ақысы аз жұмыстарға қатыстырылады. Сонық салдарынан бұл 
жастағылар аса қауіпті және табысы аз қылмыстарға тартылады. 
Кәмелетке толмағандар «ақ жағалылар» жасайтын қылмыстарға аз барады не табысы жоғары 
бопсалауға қатысы бар, ұйымдасқан қылмыстылыққа қатысы болады және де ол қоғамда, кәсіпкерлік 
пен саясатқа әсер ете алатын жеткілікті билікте кемде кем болады. 
Қамауға алынғандардың ең жоғарғы жасы 25 жас болып табылса, оның жартысы кәмелетке 
толмағандар болып табылады. Қылмыстардың басым көпшілігі 30 жасқа дейін жасалады. Балдаурен 
жаста көбінесе мүлікке қарсы, яғни ұрлық, өртеу, вандализм және де есірткі мен спирт ішімдіктеріне 
қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалынады. Тұлғалар, адамның жеке басына қарсы 
қылмыстық құқық бұзушылықтар, яғни ауырлататн мән-жағдайларда шабуыл жасау немесе кісі 
өлтірулер шамамане 25-29 жастар аралығында бой алырады. Аталған тенденциялар қоғамдық тәртіпке 
қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарда, қоғамдық орындарда спирт ішімдіктерін қабылдау, спирт 
ішімдіктерін не есірткі заттарын қолданып көлікті басқару, кейбір мүлікке қарсы қылмыстық құқық 
бұзушылықтарды жасау, бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе ысырап ету, алаяқтық және заңсыз 
құмар ойындар да орын алған. 
Пропорционалды тең келмейтін бас шараларын алудағы қамауға алу кәмелетке толмағандарға 
қатысты көп қолданылады. 
Америка ғалымдарының мәліметтерінше ең көп құқық бұзушылықты 18-20 жастағы тұлғалар, 
екінші кезекте 12-17 жастағылар жасағаны тіркелген. Ең аз тіркелгені 21 жаста. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет