Keywords: continuing education, professional development, Teacher, UNIVERSITY, human capital.
Бүгінгі күні қазақстандық жоғары оқу орындары оқытушылары адамзаттық капиталының үлесі
жоғары білім беру жүйесіндегі «жол картасын» жүзеге асыруда табыстылық, нәтижелілік пен сапаны
көздей отырып жеткілікті болып отыр.
149
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
150
Қазақстан Республикасының 2020 ж дейінгі әлеуметтік-экономикалық ұзақ мерзімді дамуының
Концепциясында «Білім беру» бөлімінде базалық білім берудің инновациялық сипатын қамтамасыз
ету және заманауи тұрғыдағы үздіксіз білім беру жүйесін құру,кәсіби мамандарды даярлау мен қайта
даярлау мәселелері айтылған. Біздерің мақаланы жазудағы мақсатымыз үздіксіз білім беруге тал-
дау жасау, оның индивидке ықпалы мен маңызы және сның салдары ретіндегі оның бойында адами
капиталдың қалыптасуы сөз етіледі.
Мақаланың негізгі материалын баяндау. Жоғары оқу орны оқытушыларының үздіксіз білім алуы
мәселесі ғылыми және әдістемелік материалдарда көптеген ақпаратты мәліметтер қарастырылған
және оқырмандарға ұсынылған. Ол материалдар әлемнің түрлі аймақтарын және түрліше зерттеу
әдістері мен апробацияларды қамтиды. Бұлардың негізінде келесі түсіну жатыр, яғни үздіксіз білім
беру бұл жаңа білімдер мен дағдылар түріндегі адами капиталды қалыптастыру болады, әрі тәжірибеде
студенттердің құзіретті бағытта өсуіне бағытталады.
Үздіксіз білім беру жоғары білімнің ажырамас бөлігі болады және қоғамның адами капита-
лы қалыптасатын интеллектуалды өндірістің маңызды салаларының біріне жатады, ол өз алдынша
күрделі процессті білдіреді, әрі когнитивті және эмоционалды қатысуды, инновацияларға дайындық
пен қабілеттерді қажет етеді.
«Үздіксіз білім беру (lifelonglearning), халықаралық анықтамаға сай білімдер, дағды мен шеберліктерді
жетілдіру мақсатындағы білім беру іс-әрекетінің барлық түрлерін қосып алатын феномен. [1].
Оның элементтері болып формальды, формальды емес және информальды білім беру, қосымша
білім мен оқу оқу ісі, адамның өзін-өзі білімін жетілдіру болады.
Үздіксіз білім берудің (жалпы және кәсіби): мәні мынада, яғни жеке адамның білімдік (жал-
пы және кәсіби) әлеуетінің мемлекеттік және қоғамдық инститтутардың жеке адам мен қоғамның
сұраныстарына сай өмір бойына өсу процесін айтады. Үздіксіз білім берудің қажеттігі ғылым
мен техниканың прогресі және инновациялық технологияларды кеңінен қолдануымен шарттаса
түсіндіріледі. Үздіксіз білім беру білім беру мен қайта даярлаудың аспектілерінің бірі болып қана
қоймай, білім беру жүйесінің негізін қалаушы принципі болады және ол жүйеде адамның үздіксіз про-
цесс барысының өн бойында қатысуын білдіреді. Алдағы жылдарда бұл принцип толығымен жүзеге
асырылуы тиіс.
Н.С. Семеновтің пікірінше: «Үздіксіз біліммен қамту негізін 6 принцип құрайды: барлық адам-
дар үшін базалық білім мен дағдылар, адамзаттық ресурстарға инвестициялардың тартылуының ар-
туы, білім беру мен оқытуда инновациялық әдістемелердің көптеп және кеңінен қолданылуы, алынған
білім бағасының жаңа жүйесі, жетекшілік пен кеңес берудің дамуы, ақпараттық технологияларды
қолдана отырып білім беру ісінің үйге жақындауы» [2].
Бұл аталған принциптер едәуір ауқымда Еуропалық Одақтың білім беру аумағында ұсынылған.
(ЕО). ЕО-та «Өмір ұзақтығына қарай оқу» үздіксіз білім беру мәселесіне үлкен мән беріледі, Болондық
процесс шеңберіндегі тұтастай білім беру кеңістігі дамуының құқықтық жағына және біртұтас
еуропалық білім беру кеңістігі шеңберінде ұлттық тұтастықты сақтауға үлкен ден қойылады.
«Үздіксіз білім беруге қойылатын талаптарды анықтау саясаты мен тәжірибесі аталмыш пробле-
матиканы оны модернизациялаудың қозғаушы күштерінің кең шеңберін анықтау арқылы қарастыруға
мүмкіндік береді» [3].
1970-ші жылдардың басынан бастап «үздіксіз білім беру» және «өмір бойына білім алу»
ұғымдары халықаралық құжаттарда әсіресе БҰҰАМ (Біріккен Ұлттар ұйымының арнаулы мекемесі)
мен ЭБПДМ-ң (Экономикалық бірлестік пен даму мекемесі) құжаттарында орын алып алғаш көріне
бастады. «Ресейде стихиялы түрде жүйелі трансформация жағдайындағы қосымша кәсіби білім беру
(ҚКББ) бойынша нарықтық институттар пайда бола отырып, сол немес өзгеше түрде өмір бойына
білім беру ісінің үздіксіздігі принципін бірте-бірте жүзеге асырады» [4].
Ресейлік жоғары оқу орындарында үздіксіз білім берудің негізгі құралдарының бірі біліктілікті
арттыру болып табылады. Үздіксіз білім берудің процесі ретіндегі біліктілікті арттырудың жүйесін
талдау үшін оның мағыналық терминін міндетті түрде зерттеу керек.
Жоғары оқу орны педагогтарының біліктіліктерін арттыру – жұмыс орындарында өнімділікті
арттыру мен сапалы білімді көрсетуде қажетті дағдыларды жетілдіру, теориялық және практикалық
білімдерді арттыру мақсатын көздеген арнайы професссор- оқытушылар құрамы үшін жасалынған
оқытудың кәсіби бағдарламасы болады.
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
151
Біліктілікті арттыру белгілі бір уақыт аралығында жұмыс жасайтын қызметкерлердің дағдылары
уақыт өте келе, ескіреді немесе жаңа технологиялардың дамуына орай ескіреді және адамның жалпы
ұмытшақтыққа бейімділігі де себепті ескіреді деген болжамға негізделеді. Осылайша біліктілікті арт-
тыру білім беру жүйесінде оқытушылардың заманауи ағымдарды жеткізу мақсатында жүргізіледі.
Заманауи Ресейдің даму жолында біліктіліктерін арттыру «1996 – 1997 жж.Ресей Федерациясы
халқының жұмыспен қамтылуына ықпал ету» атты Федералдық мақсатты бағдарламасында бейнеленіп
берілген болатын, онда Үкіметтің мақсаттарының өзекті бағыттарының бірі болып «үздіксіз білім беру
жүйесін дамыту жұмыс күшінің сапасын прогрессивті қолдау шарасы ретінде» бағыты белгіленді [5].
Біліктілікті арттыру келесі себептерге орай да үлкен маңызға ие болады:
– Білім сапасын жақсарту;
– Оқытушының максималды әлеуетін қолдану;
– Кәсіби білім беруде ең жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдану;
– Жаңа дағдыларға ие болу;
Оқытушылардың біліктіліктерін арттыру қажеттіліктерін анықтауға болатын кейбір сипаттарды
қарастырып көрейік:
1. Бұрынғыдай да тиімді оқытуға болатындығына сендіру.
2. Теріс нәтижелер алдындағы қорқыныш сезімдері.
3. Ұжымдағы келіспеушіліктер, кикілжіңдер.
4. Инновацияларға деген негативті пікір.
5. Мерзімінде міндеттерді бірнеше рет орындай алмаушылық.
6. Білім беру міндеттеріне немқұрайлылықпен қараушылық.
Біліктілікті арттыру қажеттілігін кейбір оқымыстылар радиоактивті изотоппен салыстыра-
ды. Білім де радиоактивті изотоп сияқты, кейде тоқырап қалу сияқты өзінің құлдыраулары болады.
Біршама уақыт өте келе, біздің білмдеріміз егер де жиі жағдайда қолданылып отырмаса, деградацияға
ұшырайды.
Біліктілікті арттыру үздіксіз білім берудің негізгі құрамдасы сияқты адамда өзіне деген
сенімділігін арттырады, оқытушыларды белсенді де тың іс-әрекеттерге бағыттап отырады, адами
капиталды толықтырады, әрі өзгелерге де дамуға стимул болады, ақырында жоғары оқу орнының
құзіреттілігін жоғарылатады.
Адам өзіндегі бар білімдерін сақтап қалу үшін, әрбір кезеңде оны уақыт өте келе жаңартып
және өз дағдыларына балғындық беріп отырулары тиіс. Бұл өз кезегінде тиісті кәсіби деңгейде қалып
отыруға қол жеткізеді. Біліктілікті арттырудың маңыздылығын жүргізілген зерттеуге талдау жасау
арықлы көз жеткізіп көрейік.
Біздер кафедрада «Жоғары оқу орнының тиімді оқытушысы қалай болуға болады?» та-
қы рыбында бір күндік семинар өткіздік. Семинардың бағдарламасы жоғары оқу орнындағы
инновациялық процестердің қатысушылары мен ұйымдастырушыларына (оқытушылар, докторанттар
мен магистранттарға) арналды. Бағдарлама келесі шартты түрдегі тақырыпта үш бөлімдерден тұрды :
«Қалай тиімді болуға болады», «Қалай инновациялы болуға болады», «Қалай креативті болуға бола-
ды». Семинар шеңберінде сабақтарды өткізу түрлері –коммуникативті(жұппен жұмыс, үштікте, топта
жұмыс), интерактивті (дискуссия, миға шабуыл, жобалар жасау, іскерлік ойындары, тренингтер өткізу).
Семинарға дейін және кейін оқытушылар (саны 20 адам) педагогтардың инновациялық білім
беру іс-әрекетін жүргізуге қатысуға байланысты соңғы біліктілік арттыру мерзімдерін көрсете оты-
рып, педагогтардың сол іс-әрекетке дайындықтарына байланысты екі анкеталар толтырды.
Алынған нәтижелер талданып, келесі қорытындылар жасалынды.Семинар өткізгенге дейін
жасалған анкеттеу нәтижелерін салыстыру 70 % респонденттердің инновациялық іс-әрекетке
ұмтылыстары артқандықтарын көрсетті. Осылайша, біліктілікті арттыру тек қана адамның дағдыларын
арттыру үшін ғана емес, сонымен бірге адамға өзінің білімінің адами капиталына сенімділігі және сти-
мул беру үшін де маңызды екендігін тағы да көрсетті.
Сонымен қатар оқытушылар үшін оперативті ақпараттар, білім мен тәжірибе, инновациялар
алмасу түріндегі әрекеттер ретінде түрліше ғылыми, ғылыми-практикалық конгресстер мен конфе-
ренциялар, съездер мен симпозиумдар көп көмек етеді. Мұндай кездесулерде оқытушылар өздерінің
ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талқылайды, практикалық және әдістемелік жұмыстарының
тәжірибелерімен бөліседі, ұйымдастырушылық сұрақтарды шешеді. Бұл аталған іс-шаралардың ма-
Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020
152
териалдары жиі жағдайда оларды ұйымдастырушылар арқылы конференцияларға дейін немесе кейін
тезистер жинақтарында жарияланады.Жекелеген кейбір мақалалар рецензияланатын журналдарда жа-
рияланады.
«Өткізілетін конференциялардың түрлішелігі тек қана профессор-оқытушылар құрамының
ғана біліктіліктерін арттырып қана қоймай, ғылыми қызметкерлердің де өз біліктіліктерін арттыру-
ларына мүмкіндіктер береді. Аталмыш конференциялар толғағы жеткен мәселелерді анықтауға, жаңа
инновацияларды көруге және ПОҚ-ң біліктіліктерін арттырудыңнегізгі бағыттарын жасаудың кең
мүмкіндіктерін береді» [6].
«Кітаптарды жариялау, журналдарда мақалалар мен ғылыми еңбектер жинақтарында еңбектер
жариялау, конгресстер, съездер, конференциялар мен симпозиумдарға қатысу –бұл әрекеттер ғылыми
зерттеулер мен ғылыми қоғамдағы практикалық тәжірибелермен бөлісудің негізгі маңызды шаралары
және үздіксіз білім берудің фундаментальды негізін құрайды » [7].
Л.Н.Харченко, М.А.Джахбаровтар біліктілікті жоғарылату жүйесінде қажетті жеке тұлғалық
оқыту бағдарламасын жасаудың қажеттігін ерекше айтады. «Берілген бағдарламаны жасауда педагогтар
үшін өзекті кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған және педагогикалық іс-әрекеттерінде
бар немесе пайда болатын мәселелерді жеңуге үйрететін құзіретті көзқарастар қолданылады» [8].
Біліктілікті арттыруға өте үлкен зейін қою міндетті түрде қажетті болып отыр. Ол үшін
ғылыми және практикалық конференциялардан өзге түрлі мазмұндағы оқыту семинарлары, тренинг-
тер мен кәсіби білім берудің кейбір жекелеген өзекті бағыттары бойынша курстар жиі өткізіп, оны
дәстүрге айналдырған жөн. Мұндай іс-шараларға оқытушылардың қатысулары өздерінің білімдерін,
шеберліктерін арттыру және практикалық тәжірибелерін кеңейту мақсатында қажетті болады.
«Оқытушылар кәсіби қауымдастық пен шығармашылық өсу бағытында жаңа мүмкіндіктерге ие
болады, жекелеп алғанда олар ғылыми зерттеулерге бірлесіп қатысып отыру және ұзақ мерзімді кәсіби
байланыстар орнату жолдары болмақ.Ал университеттер сапалы да, тартымды білім бағдарламаларына
ие болады, сонымен қатар өзге жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, академиялық әлеуетті
арттыруға, олардың тәжірибелерін түрлі салаларда қолдануға болады, мұның барлығы репутацияның
өсуін және бәсекелестіктің артуының қорытындысы болмақ» [8].
Н.В.Бондаренко былай дейді: «Шындығында еңбек ресурстарының сапасы жұмыс кезінде
оқытуда дағдылар, құзіреттер алуда білім беру капиталы ретінде сипатталады (яғни кәсіби білім алу
кезінде алынған білімдермен» [9].
Біліктілікті арттыруда үлкен рөлді мобильділік, яғни ұтқырлық алады. Көптеген оқытушылар
үшін үлкен қиындықтар тудыратын мәселе өзге қалаларға барып сапалы білім алу болып отыр. Себебі
кішігірім қалалардың барлығында бірдей қажетті мазмұндағы біліктілік арттыру бағдарламалары
бола бермейді. Бірақ қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялардың дамуы бұл бағытта кез-келген
алшақ жерлерден де азғана шығын жұмсау арқылы мүмкіндіктер тудырып, біліктіліктерін арттыруға
жағдайлар жасап отыр. Біліктілікті арттыру бағдарламаларының педагогтардың жұмыс орындарына
жақындатылуы олардың ғылыми-ағартушылық іс-әрекеттен қол үзбей адами капиталын тиімді де,
кеңірек толықтыруға кең мүмкіндіктер береді» [10].
Біліктілікті арттыру мотивацияларын зерттеу мақсатында кафедраның қызметкерлерінен
сауалдарға жауаптар алынды. Салдарынан респонденттер келесі жауаптарды берді:
1. Өздерінің интеллектуалдыжәне ғылыми әлеуеттерін арттыру – 50%.
2. Қайта аттестациядан өту үшін – 30 %;
3. Қажеттілік – 10 % (Педагогикалық қызметкерлер келесі еңбек құқықтары мен әлеуметтік
кепілдерге ие: 2) кем дегенде бес жылда бір рет өзінің педагогикалық іс-әрекет саласы бойынша
қосымша біліктілікті арттыру құқығы ) [11].
4. Мансаптық өсу үшін – 10 %.
Бұл арадан шығаратын қорытынды: біліктілікті арттыруда маңызды мотивация болып интел-
лектуалды және ғылыми әлеуетін көтеру болып отыр, әрі ПОҚ арасында қызмет орнына конкурстарға
ұсынуға қатысу қажеттіліктері болмақ. Осыған орай, адами капиталдың жинақталуына кедергі
келтіретін нәрсе теріс мотивациялардың орын алуы болып отыр.
Қосымша жағымды мотивация ретінде стимул беретін үстеме ақылар, мансаптық өсу мен
біліктілікті арттыру бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасы болар еді.
Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
153
Адами капиталдың дамуы үшін қазақстандық жоғары мектептің үздіксіз білім беруді қамтамасыз
ету мен біліктілікті арттырудың жаһандық міндеттерін шешу бойынша әлемдік білім беру кеңістігіне
интеграциялануы қажет.
«Педагогикалық маман-кадрлардың біліктіліктерін арттырудың тиімді жүйесі автономды және
мейлінше үздіксіз кәсіби білім берудің икемді жүйе асты ретінде болуы тиіс, себебі дәл осының
шеңберінде оқытушылардың кәсіби құзіреттіліктерінің дағдарыстары тойтарылып, білім беру ісін
модернизациялау жағдайына ғылыми- педагогикалық мамандарды даярлаудың мәселелері шешілетін
болады» [12].
Достарыңызбен бөлісу: |