Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет87/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Жұмыстың міндеті – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға 
қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой – өрісі биік, бәсекеге қабілетті аза-
мат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен 
жаңаша істеуін қажет етеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назар-
да ұсталады. Осыған байланысты Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтардың жасаған жүйесі 3 негізгі 
құраушыдан тұрады. [3; 45б].
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешу жолын бірлесе қарастыруы.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі.
Зерттеудің нәтижесі. Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана 
қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек 
ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады. Мектептерде дәстүрлі әдістер 
мен тәсілдер арқылы оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру үшін, өзіндік жұмыс 
ұйымдастырылады.
Оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарында мынадай тәсілдерді кең қолданады да, 
оқу-танымдық белсенділігін арттыру тиімді болады:
– ортақ заңдылықтарды табу;
– тапсырмаларды жүйелі беру;
– өзін-өзі бақылай және өз жұмысын тексеру;
– қосымша ақпарат жинау;
– теорияны практикада қолдану
Жалпы мектептегі жоғарғы сынып оқушылары арасында, оқу-танымдық белсенділікті арт-
тыру мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Зерттеу жұмыстары 10 және 11 сынып 
оқушылары арасында жүргізілді. Жүргізілген зерттеулеріміздің қорытындысы бойынша мынадай 
мәліметтер алынды:
қызығушылығы төмен – 65 % (10 сынып);
– ойын, пікірін дәлелдеу білігі қалыптаспаған – 70 % (11 сынып);
– білімін іс жүзінде қолдана алмайды – 40 % (10 сынып);
– негізгіні бөліп көрсете алмайды – 30 % (11 сынып);
– қарапайым жалпылауды білмейді – 38 % (10 сынып);
– күрделі емес тақырыпты талдай білмейді – 35 % (10 сынып).
Егер жеке тұлғаның өздігінен оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау 
жасалмаса, ізденістің нәтижесі бағаланбаса, онда жетістіктерге жету мүмкін емес. Басқа адамдардың 
тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларын сыни 
көзқараспен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне, жұмыстың нәтижесін көруде 
барынша көмектесетіні, тәжірибе барысында анық байқалады.
Зерттеу жұмысының алынған нәтижелерін талдау барысында, эксперименттен кейінгі 
көрсеткіштер мен экспериментке дейінгі көрсеткіштерді салыстыру барысында, эксперимент жұмысы 
оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыруға тиімді түрде ықпал етеді деп тұжырым 
жасауға болады.
Эксперимент жұмысы барысындағы зерттеу нәтижесіне талдау жасап, мынадай қорытынды 
жасадық: орта мектептерде оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесін 
қайтадан қарау, оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыруда оқыту процесіндегі әдістер мен 
тәсілдерді арнайы ұйымдастыру, ол оқу процесін жетілдірудің басты шарты деген тұжырым жасадық.


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
179
Оқушының оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудың мүмкіндіктері
Сонымен қатар, оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселесі кешенді сипатта болып
сатылай түрде даму керек, әр оқушының оқу-танымдық әрекеті мен шығармашылығы, белсенділігі, 
ізденімпаздығы, қоғамдағы ғылыми-техникалық және әлеуметтік экономикалық процестерді 
қалыптастырып, оның дамуының факторы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет