Issn 2226 1176 индекс 75756


БІлІМ БеРУ ТеОРияСы МеН ӘдІСНаМаСы



Pdf көрінісі
бет3/54
Дата10.12.2023
өлшемі2,59 Mb.
#136038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
БІлІМ БеРУ ТеОРияСы МеН ӘдІСНаМаСы
ТеОРия и МеТОдОлОГия ОБРаЗОВаНия 
THEORY AND METHODOLOGY OF EDUCATION
ӘОЖ 37.01:001.8 
қҰЗыРлылықТыҢ ПедаГОГикалық каТеГОРия РеТІНде 
даМУыНыҢ ӘлеУМеТТІк-ФилОСОФиялық НеГІЗдеРІ
Ш.Т. Таубаева
1
, к.С. құдайбергенева
2
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
1
, Алматы, Қазақстан
«Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және 
ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын 
республикалық институты
2
, Алматы, Қазақстан
Түйіндеме. 
Мақалада экзистенциализм, іс-әрекет, индивид, индивидуальность, тұлға, тұлға 
дамуы, өзін-өзі жүзеге асыру, жүйе ұғымдарына жасалған талдаулар негізінде құзырлылықтың 
категориялық мәртебесі айқындалған.
Түйінді сөздер: 
экзистенциализм, іс-әрекет, индивид, тұлға, өзін-өзі жүзеге асыру, жүйе. 
Құзырлылықтың педагогикалық категория 
ретінде дамуының экзистенциалистік, іс-
әрекеттік, жүйелілік тұғырлардың әлеуметтік-
философиялық негіздеріне талдаулар жүргізе 
отырып ашуға тырысамыз.
Экзистенциализм 
(латынның 
«ex(s)
istentia» – существование, тіршілік тынысы] 
немесе тіршілік тынысының философиясы, 
философияның жаңа иррационалдық бағыты. 
Бұл бағыттың тұғырлық негізін қалаушылар: 
Н.А.Бердяев, М.хайдеггер, К.Ясперс, Ж.П.Сартр
т.б. [1].
Бұл 
тұғырдың 
педагогика 
үшін 
маңыздылығы тіршілік тынысын зерттеу 
жолдарының айқындалуында. Экзистенция 
арқылы ашылған болмыстың басты анықтамасы, 
адамзат тіршілік тынысының тарихилығы, 
ашықтығы. Экзистенциалистік тұғырдың басты 
міндеті адамдардағы мейірім мен зұлымдық 
арасындағы айырманы, ақиқатты ашу, олардың 
өз өмірі үшін қажетті ақиқатқа қол жеткізу. 
Экзистенциализм «адам философиясы» ретінде 
дайын күйінде қабылданатын рухани өнімдерге 
қарама-қайшы қойылған [2, 121-129 б.].
Білімдегі 
экзистенциалдық 
тұғырдың 
шынайылықтың «менін» табу мақсатында 
өмір жолындағы мәселелермен, тұтас тұлға 
қалыптастырумен 
байланысты 
бағыты 
«құзырлылықты» категория ретінде адамның 
ішкі сана сезімімен, интуициясымен тікелей 
байланыста қарастыруға мүмкіндік туғызады.
Экзистенциалистік 
тұғырға 
қатысты 
педагогикалық шынайылықты зерттеумен 
айналысып 
жүрген 
әлемдік 
деңгейдегі 
тұжырымдар мен пікірлерге назар аударатын 
болсақ, олардың ішіндегі ерекше орынды 
Р.Штайнер теориясы алады. Ол педагог-философ 
ретінде адамның өз-өзімен күресін, «меннің» 
«жалпы меннен» «бірегей мен» арқылы өзімен-
өзі еркін болу, ақиқатқа жету жолдарын 
дәріптейді [3, 96-126 б.].
Біз 
өз 
зерттеулерімізге 
сай, 
экзистенциализмнің, 
тұлғаның 
әлемдегі 
орнын, 
өзіне 
тиесілі 
экзистенцияны 
(тіршілікті) қабылдау, адамды феномен 
ретінде қарастырып, еркін түрде түсіну 
проблемаларын «құзырлылықты» категория 
ретінде қалыптастырудағы басты ұстаным деп 
санаймыз.
Білім 
саласындағы 
«білімдарлық», 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
6
«дайындық» ұстанымдарының адамды еркін 
түрде түсіну, өзіне тиесілі тіршілігіне сай 
қабылдау, ұстанымына ауысу білім жүйесіндегі 
тұтастай өзгерістермен сипатталады. 
Қазіргі заман жағдайы адам өмірі 
сапасының төмендеуімен, өзіне тән өмірлік 
мәнін жоғалту тенденцияларының күшеюімен 
сипатталады. Қоршаған ортасында өз орнын 
тұғырнамалау мен өзін қоғамда жүзеге асыру, 
біреуге бағынышты болмау, адам үшін маңызды 
жағдайларда жауапкершілікті өз мойнына 
алудағы 
тұлғаның 
даму 
бағыттарымен 
байланысын анықтауға мүмкіндік береді. 
Тұлғаның даму бағытын оның іс-әрекеттік 
тұғыр 
негізінде 
қарастыруға 
болады. 
С.Л.Рубинштейн ғылыми іс-әрекет пен тұлға 
арасындағы қатынасты сана мен іс-әрекеттің 
бірлігі, 
себеп-салдарлық, 
философиялық 
ұстанымдармен байланыстырады [4, 435-
510 б.]. Ғалымның тұжырымдамасы бойынша 
тұлғаның 
қоғамдық 
болмыспен, 
басқа 
адамдармен шынайы байланысы іс-әрекет 
арқылы 
орнатылады. 
Маркстік-лениндік 
философияда іс-әрекет адамдардың қоғамдық 
болмысының 
ерекшелігін 
анықтайтын 
бастапқы категория болып табылады. Тұлға мен 
іс-әрекеттің арақатынасы жайлы әдіснамалық 
мәселені К.А.Абульханова-Славская былай 
тұжырымдаған: «Тұлға іс-әрекет кезінде 
дамиды деген қағида – әрбір іс-әрекет тұлға 
дамуына жасалған жағдай деген сөз емес». 
Тұлғаның дамуы үшін ашықтық, нығайту 
ұстанымдары маңызды болып табылады, 
дейді [5, 113 б.]. М.С.Каган іс-әрекеттік тұғыр 
негізіне сүйене отырып, тұлғаны бес түрлі 
әлеует арқылы сипаттайды: ақпараттың 
көлемі мен сапасы арқылы анықталатын 
тұлғаның гносеологиялық әлеуеті, тұлғаның 
құндылыққа бағытталуымен анықталатын 
аксиологиялық құндылық, шығармашылық 
құндылық, тұлғаның қарым-қатынасқа түсу 
формасы мен өлшемі арқылы анықталатын 
коммуникативті құндылық, тұлғаның өнерге 
деген қажеттіліктерімен анықталатын өнер 
әлеуеті [6].
Тұлғаның дамуын даралық ерекшеліктеріне 
жасалған 
талдаудан 
емес, 
тұлғаның 
әлеуметтік 
қызметі 
немесе 
әлеуметтік 
рөліне жүргізілген талдаулар арқылы ашуға 
болады деген ой-тұжырыммен, адам жалпыға 
ортақ «адам-индивид», «адам-дара», «адам-
тұлға» категорияларына тоқталамыз. Адам 
философиялық феномен ретінде «индивид», 
«индивидуальность», «тұлға» қырларынан 
қарастырыла отырып түсіндіріледі. 
И.И.Резвицкий «адамға индивидуалдық 
тұрғыдан талдау жасай отырып, адам 
«индивид» ретінде оның дерексіздік сипатын 
ашады», – дейді. Автордың пайымдауында, 
индивидуалдық 
ұғымы 
индивидтердің 
ұқсастықтарына емес, керісінше, олардың 
бір-бірінен айырмасына негізделіп ашылады. 
Индивидуалдықтың 
тұтастығы 
адамдағы 
жалпының, ерекшенің, бірліктің байланысы
«тұтас жүйе ретінде адамзаттың, биологиялық 
түрдің өкілі ретінде, индивидуалдық, біріншіден, 
жалпы 
сипатты, 
екіншіден, 
қоғамдық-
экономикалық формация мүшесіне тән ерекше 
белгілерді, үшіншіден, әлеуметтік микроортаға, 
биологиялық қалыптасуымен ерекшеленетін 
бірегей белгілерді біріктіреді» [7, 25-37 б.]. 
Индивидуалдық ұғымы философиялық 
талдауларда – «заттық» (дара-адам), «қасиетті» 
(адам бойындағы даралық) секілді екі түрлі 
аспектіні қамтиды. Индивид (дара сипат) адам 
затындағы табиғатқа, қоғамға жататын, көп 
жағдайда организм және тұлға түсініктерімен 
белгіленетін адам ретіндегі жалғыз өкіл. 
Л.Фейербах 
бойынша, 
индивидуалдық 
бөлінбейтін, бірлік, тұтастық, шексіздік [8]. 
Н.А.Бердяев берген түсініктемеге сүйенетін 
болсақ, адам индивид ретінде табиғаттың 
және қоғамның бөлшегі. Индивидтің табиғи 
бітімі, материалдығы оның анықтаушысы 
болып табылады. Ол өзінің еңбектерінде 
«индивидум табиғи-биологиялық категория...» 
деген тұжырымға келеді. «Адамның келесі типі, 
индивидуалдық (даралық), ішкі тұтастығы, 
салыстырмалы өзіндігі, өз бетінше қоршаған 
әлемде өзін көрсете алу мүмкіндігін беретін 
дара сипаттың реалды болмысының формасы 
ретінде, ал тұлға адамның тек дара сипат 
ретіндегі емес, әр түрлі әлеуметтік топтардың, 
адамдар 
қауымдастығының 
әлеуметтік, 
психикалық бейнесімен сипатталады», – дейді 
[1, 64 б.].
Д.Н.Нұрманбетова 
индивидуалдық 
ұғымына адам болмысының «заттық» қыры 
ретінде талдаулар жасай отырып, даралықтың 
өзіне тән басқалардан ажыратылатын ерекше 
белгісі деп бірегейлікті, қайталанбаушылықты, 
өзіндік бейнесін көрсетеді. Философтың 
пайымдауынша тұлғаны биологиялық немесе 
әлеуметтік тұрғыдан жеке-жеке қарастыруға 
болмайды. Тұлға өмірі индивидумдағы секілді 
өз өмірін сақтауға емес, керісінше өздік дамуға, 
өзін-өзі анықтауға арналған [9, 32-45 б.]. 
Индивид, 
индивидуалдық, 
тұлға 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
7
ұғымдарының арасындағы айырманы зерттеген 
ғалымдардың пайымдауы бойынша индивид 
ұғымының негізіне адамның тұтастығы 
(А.Н.Леонтьев) және оған тән ерекшеліктері 
жатады [10, 159-230 б.].
Педагогикалық әдебиеттерде дербестік 
– адамның немесе топтың өзіне тән 
қайталанбаушылығы, басқа адамдардан және 
адамзат қауымдастығынан өзгешелендіретін 
ерекше сипаттар мен жалпы сипаттардың 
айрықша байланысы; тұлға – адамның 
әлеуметтік маңызын сипаттаушы үнемі өзгеріс 
үстіндегі жүйелі сапа деп анықталады. Автор, 
сонымен қатар, тұлғаның өзін-өзі өзектендіруші, 
өз-өзін көрсету, өзін орта шындығына сай 
өзгерту, даралық немесе топтық субъект болу 
қасиеттерін көрсету ерекшеліктерін ажыратады 
[11,12-16 б.]. 
Іс-әрекеттік тұғыр тұлға қасиеттері мен 
сапаларын әлеуметтік жүйенің дамуына 
бағыттаған субъектілік түсінігі арқылы 
түсіндіреді. 
Субъектілікті 
тұлғаның 
онтологиялық 
жағдайын 
белгілеуші 
философиялық категория ретінде, әлеуметтік 
ойлау логикасы ретінде, даралық, реалдық 
деңгейдегі 
логиканы 
қалыптастырушы 
әлеуметтік технология ретінде қарастырады. 
Әлеуметтік 
философия 
субъективтілікті 
барлық әлеуметтік ұйымдардың қызметі мен 
болмысының ұстанымдары ретінде және оны 
әлемдегі адам жағдайы жазылатын барлық 
философиялық тұжырымдарда мәндік мазмұнға 
ие болатын философиялық категория ретінде 
қарастырады. Субъектіліктің негізгі мазмұны 
практикада тұлға позициясы арқылы адамның 
басқа адамға, әлемге, қоғамға, тарихқа, өзіне 
деген практикалық қатынасының жүзеге 
асырылуымен 
болжамдалады. 
Сондықтан 
да әр дамыған мәдениетте тұлға идеясы 
қоғамдық қатынастардың өзінше субъектісі 
ретінде, өзінің ішкі күш жігеріне сенуші 
тұлғалық бастама ретінде көрініс табады. 
Бірақ, қоғамның әлеуметтендіру үдерісінің 
қоятын талаптарына сай тұлға мәртебесі мен 
мазмұнындағы ұстанымдық өзгерістер, тұлғаны 
әлеуметтендіру тетігін қайта қарауға, дамытуға 
әсерін тигізіп отыр. Соған байланысты тұлға 
мәртебесі мен тұлға құрылымына жасалған 
зерттеулердің ішінен біз В.Г.Черниковтың 
«Философия диалектического материализма 
гуманизма» еңбегіне тоқталамыз. Ғалым тұлға 
құрылымының 
элементтерін 
психикалық 
сипаттардың бір жүйеге келтірілген жиынтығы 
ретінде төмендегідей ажыратады:
– тұлғаның субъект ретіндегі саналы 
қызметінің мотивациялық аймағы (қажеттілігі, 
қызығушылығы, құндылығы);
– тұлғаның өзіндік сезімі (өзінің «мен» 
бейнесі, өзін-өзі бағалауы, сыйлауы);
– танымдық практикалық аймағы (қабілеті, 
білімі, біліктілігі, т.б.);
– тұлғаның психикалық бағытталуын 
анықтаушы мінез-құлық жиынтығы;
– тұлғаның эмоциясы, ерік формасындағы 
мінез-құлық жиынтығы; 
– тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әр түрлі 
(әлеуметтік топтар мен қауымдастықтағы)
қоғамдағы орны;
– адамның айналадағы шынайылықпен 
өзара әрекетінің көп түрлілігін көрсетуші 
тұлғаның әлеуметтік рөлі;
– тұлғаның әлеуметтік бағытталуы;
– тұлға әлеуеті [12, 300-305 б.].
Сонымен, тұлғаға қоғамдық қатынастардың, 
іс-әрекеттің 
және 
адамдардың 
қарым-
қатынасының субъектісі, қоғамдық-тарихи 
категория тұрғысында жасалған талдаулар 
мен тұлға құрылымының әлеуметтік сипаты 
құзырлылықтың категориялық мәртебесін 
тұлғаның өзін-өзі өзектендіру, даралық, 
субъектілік, таңдау, шығармашылық және 
жетістік, сенім және қолдау секілді ұстанымдық 
ерекшеліктері арқылы ашуға мүмкіндік береді. 
Тұлғалық бастаманың қалыптасуы өзін-
өзі жүзеге асыру құндылығы негіздеріне 
бағытталып, өз бетімен білім алудың қызметтік 
сипатына ие болады. Қоғамдағы барлық 
өзгеріс адамның өзінен басталады және белгілі 
бір жүйеде тікелей өзін-өзі жүзеге асыруына 
байланысты. 
Адамның өзін-өзі жүзеге асырудағы 
жүйелілік тұғыр мәртебесін зерттеген Э.Г.Юдин, 
В.Н.Садовский, И.В.Блауберг және т.б. ғалымдар 
жүйелілік зерттеулерді ерекшеліктеріне сәйкес 
бірнеше салаға жіктейді: 
– жалпы ғылыми және философиялық 
зерттеулерінің қилысу саласы жалпы жүйелілік 
теориялар мен әлемнің ерекше жүйелі бейнесін 
қалыптастыру; 
– жүйелілік зерттеулердің логикасы мен 
әдіснамасын жасау – метағылыми пәндер 
аймағы;
– арнайы ғылыми-жүйелі әдістемелерді 
жүзеге асыру – нақты ғылым аймағы [13]. 
Жүйелілік тұғыр философиялық тұрғыда 
екі бағытта қарастырылады. Бірінші бағыттың 
ғалымдары 
В.Н.Сагатовский, 
Э.Г.Юдин, 
В.Н.Садовский, И.В.Блауберг және т.б., екінші 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
8
– М.С.Каган, В.Г.Афанасьев және т.б. Ғылыми 
танымның қазіргі жағдайына сай ғалымдардың 
әдіснамалық 
білімді 
– 
философиялық, 
жалпығылыми, нақты ғылыми, зерттеудің 
әдістері мен техникасы төрт деңгейде сатылап 
жіктеулері, жүйелілік тұғырының мәртебесін 
жалпы ғылымилық деңгейге көтереді [13; 6]. 
А.Д.Урсулдың 
пікірінше, 
жүйелілік 
тұғырының жалпы ғылымилығы, алдымен 
ғылыми таным ретіндегі «кеңістік пен 
уақыттың» ашылуымен, ғылымның өндіру және 
пайдалану әрекеттерінің жүйесі ретіндегі үдеріс 
болып қарастырылуымен сипатталады. Ғалым 
жүйелілік тұғырын үш қырынан қарастырады:
– 
ғылыми 
білімнің 
көпсалалығы, 
компоненттігі және көптеп қамтылуы;
– «жалпы ғылымилықтың ұстанымдылығы» 
– жүйелілік тұғырының негізгі идеялары 
өздерінің даму сатыларына сай дерексізденуі 
және қандай нақты ғылым саласы болмасын 
пайдалануға мүмкіндігі; 
– 
«жалпы 
ғылымилықтың 
гносеологиялылығы» – жүйелілік тұғырының 
жалпы ғылымдағы және нақты ғылым 
салаларындағы логикалық, гносеологиялық 
қызметі [14, 37 б.]. 
Екінші бағыт ғалымдары (М.С.Каган, 
В.Г.Афанасьев және т.б.) жүйелілік тұғырды 
диалектикалық материализмнің бөлінбес бөлігі 
деп қарастырады. 
Қазіргі 
кезде 
ғалымдар 
жүйелілік 
тұғырдың таным пәні ретінде жүйелі объект 
қарастырылатын, 
нақты 
гносеологиялық 
ситуациялардағы диалектикалық әдістердің 
көрініс табуы деп қарастырады. Бұл бағыттағы 
педагогикалық зерттеулерде жүйелілік тұғыр 
объектіні жүйе ретінде зерттеу әдіснамасы деп 
жалғасын табады. Жүйе – өзара қатынастар 
мен байланыстарда болатын, белгілі бір 
тұтастықты, бірлікті құрайтын элементтер 
жиынтығы. Жүйеге элементтердің тек ішкі 
өзара байланыстарымен қатынастарының 
болатындығы ғана тән емес, сонымен қатар оған 
жүйенің өзін қоршаған ортамен ажырамас бірлігі, 
көпдеңгейлі, иерархиялық қасиеттері, өзіне 
тән әрекеттерінің қызметтік ерекшеліктері, 
зерттелу пәні ретінде қарастырылып отырған, 
«құзырлылықты» педагогикалық категория 
ретінде адам болмысына тәуелді тұтастықта 
қарастырудың қажеттілігін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет