Sonuç
Fetih yaklaşık bir yıl kadar sürmüş ve 50.000 Türk Ordusu kayıp vermiştir. Buna
rağmen Osmanlılar Ada’yı alınca hiçbir kimsenin malına, canına, ırz ve namusuna
dokunmamışlar ve eşya ve mühimmatıyla birlikte Venedik askerlerinin Girit Adası’na
naklini bile kendi gemileriyle yapmışlardı [18]. İç ve dış savaşlarda fakir düşmüş ada
halkından birkaç yıl vergi alınmamışlardı. Osmanlı Devleti Kıbrıs’ta egemenliğini
kurmasıyla XVI. Yüzyıl’da Anadolu ve Rumeli’deki idari tasarrufunu aynen Kıbrıs’ta
uygulamaya başladı.
Kıbrıs halkı da Latin egemenliğinin feodal sisteminden özgürlüklerini kazanmak
için Osmanlı idaresinin getirmiş olduğu yönetim sistemini hemen kabul ettiler [19].
1571’de Osmanlı idaresine girdiği günden 1878’ de İngiltere’ye devredilene kadar
224
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
Kıbrıs’ta yaşayan halka her türlü müsamaha gösterişmiş, adaletli bir hâkimiyet tesis
edilmiştir [20]. 1571 – 1878 yıllar içinde 307 sene Türkler Kıbrıs’ı doğrudan idare
ettiler [21]. Ada’nın Osmanlı yönetimi altında kaldığı dönemde Ortodoks ahaliye
“millet sisteminin” gereği olarak otonomi tanınmıştır [22].
KAYNAKÇA
1.
İdris Bostan, “Akdeniz Dünyasında Osmanlılar ve Osmanlı Devleti’nin Akdeniz
Politikası (19. Yüzyıla Kadar)”, Ed: Mustafa Bıyıklı, Türk Dış Politikası Osmanlı Dönemi 1,
Gökkubbe Yayınları. – İstanbul, 2008. – S. 119.
2.
Feridun Emecen, “Kuruluştan Küçük Kaynarca’ya”, Ed; Ekmeleddin İhsanoğlu,
Osmanlı Devleti ve Medeniyeti Tarihi, İslam Tarihi, Sanat ve Kültür Araştırma Merkezi
(IRCICA). – İstanbul, 1994. – S. 39.
3.
Soyalp Tamçelik, “Kıbrıs’ın Fethini Meşrulaştıran Dini Sebepler”, Soyalp websitesi. –
S. 1.
4.
Recep Dündar, “Kıbrıs’ın Fethi”, TÜRKLER IX Cilt, Yeni Türkiye Yayınları, Ankara
2002, s. 667; Mücteba İlgürel, “Zirveden Dönüş II. Selim’den III. Mehmed’e”, TÜRKLER IX
Cilt, Yeni Türkiye Yayınları. – Ankara, 2002. – S. 643.
5.
Kıbrıs’ın Fethi (1570 – 1571), Kültür ve Turizm Bakanlığı Yayınları, Haz:
Genelkurmay Askeri Tarih ve Stratejik Etüt Başkanlığı, Ayyıldız Matbaası, Ankara 1986, s. VII.
6.
İslam Ansiklopedisi VI Cilt. – İstanbul, 1993. – S. 674.
7.
Cemal Kutay, “Dört Yüz Yıllık Kronoloji İçinde Kıbrıs’ın Kaderinde Tarih İbretleri,
Haz: Derviş Manizade, Kıbrıs Dün Bugün Yarın, Kıbrıs Türk Kültür Derneği İstanbul Bölgesi
Yayınları, Yaylacık Matbaası. – İstanbul, 1975. – S. 95-96.
8.
Akif Erdoğru, Kıbrıs’ta Osmanlılar, Galeri Kültür Yayınları, – Lefkoşa, 2008. – s. 15.
9.
Halil İnalcık, Devlet-i’ Aliyye Osmanlı İmparatorluğu Üzerine Araştırmalar I, Klasik
Dönem (1302 – 1606): Siyasal, Kurumsal ve Ekonomik Gelişim, Türkiye İş Bankası Kültür
Yayınları, 46 Baskı. – İstanbul, 2010. – S. 166.
10.
Lord Kinross, Osmanlı İmparatorluğun Yükselişi ve Çöküşü, Akdeniz Yayıncılık, Çev:
Meral Gaspıralı, 3. Baskı. – İstanbul, 2009. – S. 261.
11.
Mustafa Cezar, Mufassal Osmanlı Tarihi Resimli – Haritalı, 3. Cilt, Türk Tarih
Kurumu. – Ankara, 2011. – S. 1224.
12.
Mustafa Akdağ, Kıbrıs’ın Tarih Boyunca Anadolu ile İlgisi, XV ve XVI. Asırlarda
Yakın Doğudaki Osmanlı İdaresi, Kıbrıs Türk Maarif Yayını, Lefkoşa 1962, s. 23; Nasım Ziya,
Kıbrıs’ın İngiltere’ye Geçişi ve Adada Kurulan İngiliz İdaresi, Türk Kültürünün Araştırma
Enstitüsü Yayını, Seri III. S 12, Ankara 1975, s. 6; Erol Manisalı, Dünden Bugüne Kıbrıs,
Akdeniz Haber Ajansı Yayınları, 1. Baskı. – İstanbul, 2002. – S. 15.
13.
Rupert Gunnis., Historic Cyprus. – London, 1947. – S. 20.
14.
Pierre Oberling, Bellapais’e Giden Yol Kıbrıs Türklerinin Kuzey Kıbrıs’a Zorunlu
Göçü, Gnkur. Basımevi, Çev: Em. İs. Alb. Mehmet Erdoğan. – Ankara, 1988. – S. 2.
15.
Costas P. Kyrris, Kıbrıs’ta Osmanlı Dönemi 1570 – 1878, Der: ve Çev: Akif Erdoğru,
Kubrus “Doğu Akdeniz’de Bir Osmanlı Adası”, Galeri Kültür Yayınları. – Lefkoşa, 2010. –S. 1.
16.
Cengiz Orhonlu, “Osmanlı Türklerinin Kıbrıs Adasına Yerleşmesi (1570-1580)”,
Milletlerarası Birinci Kıbrıs Tetkikler Kongresi, Türk Heyeti Tebliğleri, Ankara 1971. – S. 91;
17.
Nejat Göyünç, “Türk Hizmetine Giren Bazı Kıbrıs Müdafileri”, Milletlerarası Birinci
Kıbrıs Tetkikler Kongresi, Türk Heyeti Tebliğleri, Ankara 1971. – S. 105; Şerafettin Turan,
“Kıbrıs’ın Fethi, Lala Mustafa Paşa Hakkında Notlar”, BELLETEN XXII. – Ankara. – S. 574-
581.
18.
Lord Eversley, The Turkish Empire İTS GROWTH AND DECAY, DODD, MEAD
AND COMPANY. – New York, 1917. – S. 140-141.
225
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
19.
Azmi Süslü, Tarihte Türk Devletleri II. Ankara Üniversitesi Rektörlüğü Yayınları. –
Ankara, 1987. – S. 722.
20.
Münir Yıldırım, Kıbrıs Rum Ortodoks Kilisesi, Aziz Andaç Yayınları. – Ankara, 2008.
– S. 51.
21.
Haysiyet ile Teslimiyetçiliğin Mücadelesi; Kıbrıs Gerçeği ve Annan Planı, MHP Ar-
Ge Merkezi. – Ankara, 2003. – S. 4.
22.
Rauf Özhun, Minik Adacığın Direnişçileri, Güner Matbaacılık, 1. Baskı, 2006. – S 18.
23.
İrfan Kaya Ülger, “Türkiye ile Yunanistan Arasında Temel Sorunlar”, Ed: İrfan Kaya
Ülger, Ertan Efegil, Avrupa Birliği Kıskacında Kıbrıs Meselesi (Bugünü ve Yarını), Ahsen
Yayıncılık, 2. Baskı. – Ankara, 2001. – S. 201.
ТҮЙІНДЕМЕ
Анадолының батыс аймақтарына келіп жеткен түріктер, алғашқы көрген теңізді Ақтеңіз
(Жерорта теңізі) деп атаған. Заман өте бұл теңіздің атаулары ресми құжаттарда «Бахри сефид»
немесе «Даряи сефид» деп жазылған. Осы аймақта құрылған вилаетке де «Жезаири Бахри сефид»
деп атаған. Уақыт өте келе Османлы мемлекетінің билігі Гибралтар шығанағына дейін жетті және
осы аудандардың барлығына «Жезаири Бахри сефид» деп атады. Бірақ XVI ғ. шарықтау шегіне
жеткеніне қарамастан, стратегиялық және сауда-саттық жолы бойында орналасқан Кипр аралы
мемлекет қарамағына кірмеген болатын. Сонымен қатар Кипр аралы Шығыс Жерорта теңізі арқылы
өтетін әскери және теңіз сауда жолы, Анадолы мен Таяу Шығыста жүргізілетін саяси іс-әрекеттерді
бақылайтын маңызды орын болып табылады. Кипр аралының басқа мемлекет билігінде қалуы,
Османлы мемлекетінің бүйрегіне сапталған қанжар деп танылды. Нәтижеде Кипр аралы 1571 жылы
Осман мемлекетінің қарамағына өтті.
(Жұматаева Д. Осман мемлекетінің Шығыс Жерорта теңізі саясаты және Кипрді
бағындыруы)
РЕЗЮМЕ
Турки, прибывшие с западных регионов Анатолии и впервые увидевшие Средиземное море
назвали его Белым. Со временем эти названия морей в официальных документах писались как
«Бахри сефид» и «Даряи сефид». Созданному в этом регионе вилаету было присвоено название
«Жезаири Бахри сефид». По прошествию времени власть Османской империи достигла до
Гибралтарских вершин и всем регионам было дано имя «Жезаири Бахри сефид». Но в XVI в
несмотря на то, что все подошло к кульминации, Кипр, находившийся вдоль торгового пути не
входил в распоряжение государства. Вместе с тем, Кипр являлся контролирующим объектом,
наблюдавшим за политическими действиями, происходящими в Анатолии и Ближнем Востоке, за
военным и торгово-морским путем, проходившим через Восточно-Средиземное море. То, что Кипр
находился под властью других государств был как нож, вонзившийся в спину Османской империи.
В результате Кипр в 1571 г. перешел в распоряжение Османской империи.
(Жуматаева Д. Политика Восточно-Средиземного моря Османской империи и повиновение
Кипра)
SUMMARY
The Turks who arrived from the western regions of Anatoly and first saw the Mediterranean sea
called it “White”. Eventually the names of the seas in official documents were written as "Bahri sefid" and
"DaryaI sefid". The vilayet established in this region was given the name of «Zhezari Bahri Sefid». The
power of the Ottoman Empire reached to the Gibraltar tops and all regions were named "Zhezairi Bahri
Sefid". But in XVI despite that everything reached the culmination Cyprus which was along the trade way
was met part of the state order. meanwhile Cyprus was the supervising body observing political activities
in Anatoly and the Middle East, the military and trade paths along the East Mediterranean Sea. The fact
that Cyprus was under the power of other states was as a knife striking into Ottoman Empire from the back.
As a result Cyprus passed into the order of the Ottoman Empire in 1571.
(Zhumatayeva D. Policy of the east Mediterranean sea of the Ottoman Empire and Obedience of
Cyprus)
226
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
ӘОЖ 94.100
Д.Ғ.ҚАРАТАЕВА
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің аға оқытушысы
ТҮРІК ЕЛІНІҢ КӨШБАСШЫСЫ – МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІК
Тарих тағлымын терең зерделеген халықтың ғана болашағы жарқын
болатыны өмірде дәлелденген. Өйткені, бүгініміз бен болашағымыз өткеннің
негізінде жасалады. Ал мемлекеттің өсіп-өркендеуі оның азаматтарының
белсенді іс-әрекетінсіз мүмкін емес.
Осы бір тарих беттерін ақтарып отырып, көптеген танымал тарихи
тұлғаларға кезігіп, олардың өмірі мен қызметіне қарап таң қалуға болады.
Әрине, олар осындай ғажап адамдар болмаса, тарихта қалушы ма еді?
Мақалада Түрік елінің алғашқы тәуелсіздігін алып берген көшбасшы
Мұстафа Кемал Ататүрік және оның қоғамды дамытудағы рөліне талдау
жасалады.
Кілт сөздер: реформа, мемлекет, күрес, қолбасшы, елбасы.
Әлемде қандай да бір елдің өркендеуін бір адамның есімімен тікелей
байланыстыратын жайлар көп емес. Әдетте, олар өздерінің ерекше
жаратылысының арқасында қоғамдық күштерді жаңа мемлекеттіліктің негізін
құруға жұмылдыра алған және туған еліне әлемдік қоғамдастықта орын алып
берген аса көрнекті тұлғалар болып келеді. Дүние жүзіне шығысты
мойындатуға мәжбүр еткен бес басшының – Түркияны түлетіп, түрік рухын
түрлентіп кеткен Мұстафа Кемал Ататүрікті, Сингапур кереметінің авторы
Ли Куан Юді, Қытай ғажайыбының иесі Дэн Сяопинді, Малазияның мерейін
биіктеткен Махатхир Мұхаммедті, Қазақстанды қарыштатып берген
Нұрсұлтан Назарбаевты атауға болады. Бұл аталған тұлғалар өз бойларына
Шығыстың даналығы мен Батыстың серпінділігін қатар сіңірген осы заманғы
мемлекет құрушылардың жұлдызды шоғырына қосуға толық лайық негіз бар.
Олар - өздерінің елдерімен бірге жедел жаңғыруды жүзеге асырып қана
қоймай, өздерінің ата-баба дәстүрлеріне арқа сүйейтін, болашаққа нық
сеніммен қарайтын Жаңа адамды, Жаңа ұлттарды қалыптастырған
көшбасшылар [1] .
Осы көшбасшылардың ішінде дүние жүзі тарихында ерекше орны бар,
өзін әлемге ұлы тұлға деп танытқан, шығыстың Кемалы, түркі халықтарының
аса құрметті перзенті, соның ішінде түрік халқы, Түркия Республикасының
тұңғыш Президенті – Мұстафа Кемал Ататүрік. Бұл тұлғаның өмірі мен
қызметін қарап отырып таңқаласың және қызығасың, оның халқы үшін
істеген әрекеттерінен алатын тәрбиелік тәлім, үйренетін нәрселер өте көп.
227
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
Мұстафа Кемал Ататүрік туралы Түркияда да, шет елдерде де көп
жазылған. Отанында оның есімі бүгінгі күнге дейін үлкен құрметке ие.
Түркияда ғылыми зерттеулерді былай қойғанда, Ататүрік туралы жазылған
естеліктердің, оған арналған өлең-жырлар мен дастандардың өзі том-том. Ол
жайында көркем шығармалар, фильмдер, спектакльдер, музыкалық
туындылар да жетерлік.
1990-жылдардың басынан бері Ататүрік жайлы ғылыми еңбектер мен
мақалалар Қазақстанда да жарық көре бастады. Соның ішінде 1998 жылы
Түркия Республикасының 75 жылдығына байланысты Срайыл Смайылдың
«Ататүрік» атты кітабы жарық көрді. Бұдан ертеректе Мұстафа Кемалдың
замандасы, қазақ баласы, Алаш қайраткері – Мұстафа Шоқай «Яш Түркістан»
журналында жарияланған «Ататүріктің реформалары», «Ататүрік қазасы»
сияқты Мұстафа Кемалға байланысты мақалаларын жариялап отырған.
Сондай-ақ, қазіргі кезде Сейдахмет Құттықадамның «Служение нации»
кітабында, Фадли Әлидің зерттеулерінде, Жансейіт Түймебаевтың «
Ататүрік- түркі әлемінің ұлы перзенті», Мұртаза Бұлұтайдың «Жас ұрпаққа
үлгі етерлік бір тұлға болса, ол – Ататүрік», Сауытбек Абдырахмановтың
«Ататүрік» атты мақалаларынан Ататүрік өмірі мен қызметіне қатысты
мағұлмат ала аламыз.
«Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзі – ұлтымның
кеудесі. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмақ үшін
барымды саламын!», - деген ұстаныммен өмірінің соңына дейін өмір сүрген
Мұстафа Кемал 1881 жылы 12 наурызда Осман империясына қарасты
Грекияның Селаник қаласында дүниеге келді. Оның әкесі Әли Рыза бей ағаш
материалдарынан сатуға көшкен бұрынғы орта деңгейлі кеден шенеунігі,
анасы Зүбәйда ханым шаруа әйелі еді. Мақбүпә есімді қарындасы болған.
Әкесі ерте қайтыс болып, анасының қолында өседі, анасы ұлының
қаһармандыққа толы күрескерлік өмірінің куәсі болды. Орта әскери білімді
Салоникте және Монастирде (Биола) әскери училишеде алған. 1905 жылы
Ыстамбұлдағы Бас Штаб Академиясын бітіріп, жоғары әскери білім алып
шыққан. Оқу жылдарында Мұстафа өзін қабілетті студент ретінде танытады.
Жас бозбала білімге деген құштарлығымен француз тілінің мұғалімі
Накиюддин бек Юджектің де көзіне түседі. Ұстаз бен шәкірт Ұлы француз
революциясы мен Наполеон Бонапарт туралы, демократия мен тәуелсіздік
жайлы ашық әңгіме құратын. Осы мұғалімнің әсерімен Кемал Вольтер, Руссо,
Гоббс секілді көптеген ойшылдар мен философтардың еңбектерімен
танысады. Осы кезден бастап ол бонапартизм рухымен «ауырады».
Болашақта Ататүрікте Наполеон сияқты мемлекет тізгінін қолына алады, сол
кезде оны Наполеонға ұқсататындар көп болады, ол сонда: «Наполеон кім?
Тәж бен серуен соңында жүрген бір адам. Мен ондайлардан емеспін.
Наполеон он түрлі ұлттардан көптеген адамдарды соңынан ертіп, серуенге
шықты. Сондықтан мақсатына жете алмай орта жолда қалды.
228
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
Мен бауырларыммен Отанымды азат етуге күш жұмсап келемін
және мақсатыма жетемін» - деп жауап беріп өзін Наполеонға ұқсатуына
қарсы болады [2].
Наполеон өз заманының керемет қолбасшысы болды, Ататүрікте солай.
Алайда, ол одан асып түсті. Себебі, Наполеон соңында жеткенінің бәрінен
айырылады. Францияның жағдайы нашарлайды. Ал, Ататүрік жеңіске жетеді,
мемлекет құрады. Наполеонның «Құдай мені алдыма мақсат қойып жіберген.
Сол мақсатқа жетпегенше мені еш оқ алмайды» деген сөзі болса, Ататүріктің
«Түрік деген- ең керемет халық. Түрік деген- мен» деген сөзі бар [3]. Жас
бозбала шағында Ататүрік Наполеонға ұқсауға тырысқан да болар, кейін оны
басқалар мемлекет, түрік халқы үшін атқарған қызметінен оның Наполеонға
ұқсас қасиеттерін тауып, ұқсатқан да шығар, бірақ Ататүріктің өзі салған сара
жолы, өзінің ешкім қол жеткізе алмаған өз биігі болды. Бұған ешкім таласа
алмайды және онымен ешкім теңесе алмайды. Училищеде оқып жүргенінде,
оның есіміне Кемал («кемел» - бұл түріктің де, қазақтың да «кемел, білімі
толық, терең, жетік» деген мағынаны беретін сөзі) деген атау сөз сол кезде
қосылған.
Оқу кезінде Мұстафа және оның достары революциялық идеяларды
ұстанатын «Ватан» («Отан») қоғамының негізін қалайды. Бірақ ұйым
мүшелері ойының ортақ болмау салдарынан ол бұл жерден кетіп, жасырын
түрде жас түріктердің «Бірлік және прогресс» партиясының құрамына кіреді.
1905 жылдың 5 қаңтарында (академияны бітірген, бірақ капитан шенін алмай
тұрған кезі) оның бар мақсатын біліп қойған сұлтанның құпия қызметі
Мұстафаны абақтыға жаптырады. Арада бірнеше ай өткенде академиядағы
ұстаздары одан талантты офицер шығатынын айтып шығарып алады. Бірақ
осы оқиғадан кейін ол Осман империясының дамыған еуропалық бөлігінде
емес, артта қалған Дамаск қаласына жұмысқа жіберіледі.
Осылайша, Мұстафаның әскери карьерасы басталады. М.Кемал әскери
адамның билік мансабына тез-ақ жеткен. Бұдан арғы Мұстафаның әскери
жолы ғасырлар бойы алып империя болған Осман империясының ыдырау
кезеңіне тұспа- тұс келді.
ХІ ғасырда көшпенді түркі халқының жер аумағы шығыста - Ұлы Қытай
қорғанынан бастау алып, батыста - Дунай өзені, оңтүстікте - Жерорта теңізіне
дейін созылатын аса зор жер көлемін алып жатқан. Негізінен қыпшақтар
қоныстанған Ертістен Дунайға дейінгі, Қырымнан Ұлы Бұлғарға дейінгі
аумақ Дешті-Қыпшақ деп аталды. Оғыздың Селжүк көсемі қалаған келесі
патшалыққа Иран, Ирак, Кіші Азия, Оңтүстік Кавказ түгел енетін. Осылайша
Орталық Азияны қыпшақтар мен оғыздар бөліп алған. Бұл алып аумақты ұлы
түрік көсемдері найзаның ұшы, қылыштың жүзімен бағындырған. Міне, сол
замандардан бізге «арабтар – пайғамбарлар елі, парсылар-ақындар, түріктер -
көсемдер елі» деген мақал-мәтел жеткен.
ХІІ ғасырда бұл алып кеңістікті әскерінің төрттен үші түріктерден
229
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
құралған Шыңғыс хан әскері жаулап алды. Бірақ бұл моңғол билігін ғана
мойындайтын жаңа түріктер еді. Әуелде түріктердің алғашқы толқыны
тайталасқа түсті. Ескілер жеңіліске ұшырады, дегенмен көп ұзамай ескілер
де, жаңалар да өздерінің қандас бауырлар екенін түсініп, одақ құрды,
бірлесті. Осының нәтижесінде екі түрік империясы пайда болды. Жошы
ұлысына қарасты ел «Алтын Орда» деп аталды. Ал Осман империясы
Шыңғыс ханның кенже ұлы Төлейдің ұлы Хулагудың қоластына қарады.
Алайда, 1370 жылы Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай ұлысына
қарасты патшалықтан Әмір Темір империясы пайда болды. Оған Орталық
Азия тарлық еткен соң, 1395 жылы солтүстіктегі Алтын Орданың ханы
Тоқтамысты тас-талқан етті. Содан кейін оңтүстіктегі түрік сұлтаны Найзағай
Баязиттің әскерін қирата жеңіп, оны 1402 жылы қолға түсірді. Егер түріктің
осы екі патшалығы өзара қырқысқа түспей, бірігіп Еуропаға қол бастағанда,
олар бүкіл дүниені түгел бағындыратын еді. Сондықтан Ақсақ Темір
«Еуропаның құтқарушысы» демеске амалыңыз жоқ.
1405 жылы ақпанда Әмір Темір қайтыс болған соң оның құрған алып
империясы да көп ұзамай құрдымға кетті. Ал Осман империясы орнынан
қайта тұрды. 1453 жылы 21 жасар түрік сұлтаны Мехмед ІІ
Константинопольді жаулап алады да, әлемнің ең ұлы империяларының бірі
Византия өмір сүруін біржола тоқтатты. Осыдан кейін Мехмед ІІ «Фатих»
(«Жаулап алушы») атағын алып, Константинопольді Ыстамбұл («енді бұл
біздің астанамыз») деп атады. ХVІІ ғасырдың басында Осман патшалығы
Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Еуропаның Оңтүстігі мен Шығысы,
Жерорта теңізінің шығысын түгел қамтыған алып аумаққа билік құрды. Қара
теңіз бен Азов теңізі патшалықтың ішкі теңіздері еді. Осман сұлтандары
мұсылман әлемінің дін басшысы – «Халиф» мәртебесіне ие болды. Әйтсе де
ХVІІ ғасырдың аяғында ішкі тоқырау мен еуропалық державалардың сыртқы
қысымдарының салдарынан алып империя ыдырай бастады. ХVІІІ ғасырда
оңтүстіктен Ресей патшалығы күшейіп, Осман империясына қысымшылық
көрсете бастайды. ХІХ ғасырдың аяғында ол Еуропаның аграрлық шикізат
өндіретін бөлшегіне айналып, бірте-бірте ел экономикасы құлдырауға түсті.
Барлық ыдырауға ұшыраған империялар сияқты мұнда да сатқындық пен
жемқорлық кең қанат жайды.
Мұстафаның Сириядағы әскери өмірі дәл осы патшалықтың ыдырау
үдерісінің шыңына жеткен кезеңімен қатар келді. Оның саяси көзқарасының
қалыптасуына басшылардың жағымпаздық және жемқорлық әрекеттері
түрткі болды. Бір кезде мақтаныш тұтқан империяның талан-таражға түсе
бастағанын көріп, Мұстафаның жаны күйді.
1907 жылы Сириядан кетіп, өзінің туған жері Селаниктегі 3-армия
корпусының штаб бастығы қызметіне тағайындалған соң, 1908 жылы Әнуар
паша мен Мұстафа Кемалдың жетекшілігімен жас түріктер ұйымдастырған
төңкеріс басталады. Төңкерісшілер ІІ Абдул-Хамит сұлтанның саяси
230
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
тәртібі мен елдегі ол қалыптастырған конституциялық монархияны құлатты.
1912 жылдың 9 қазанында Түркияға қарсы Болгария, Сербия, Грекия
және Черногория Бірінші балқан соғысын бастайды. Бұл бірінші Балқан
соғысында Түркия жеңіліске ұшырап, Ыстамбұл мен Шығыс Фракияның
шағын бөлшегінен басқа еуропалық жерлерінің бәрінен айырылады. 1913
жылдың 29 маусымында Екінші Балқан соғысы бастау алды. Осы соғысқа
қатысқан Мұстафа Кемал Диметокия менің Эдирненин Түркияға
қайтарылуына үлкен еңбек етті. Болгарияны жеңген соң, Мұстафа
подполковник шенін алып, сол елге әскери атташе қызметіне тағайындалды.
Қарамағындағы дайындықсыз, білімсіз, қару-жарағы нашар әскерді
басқарғанына қарамастан, бұл соғыстарда Мұстафа Кемал аса дарынды
қолбасшысы екенін көрсетті.
1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Оның бір жағында
Франция, Ұлыбритания және Ресей тұрса, екінші жағында Германия, Австро
– Венгрия және Осман патшалығы тұрды. Мұстафа бұл таңдаулы қателік деп
есептеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бұрқ ете қалған кезде Мұстафа Кемал өзі
шайқасқан майдандардың бәрінде де сеніп тапсырылған әскерлерге шебер
басшылық ете білді. 1915 жылдың сәуірінде Ол Галлиполи түбегінде британ
қолын жарты айдан астам уақыт бойы ұстап тұрды, сол шайқастан кейін
«Ыстамбұлдың құтқарушысы» деген атқа ие болды. Бұл түрік әскерінің
бірінші дүниежүзілік соғыстағы сирек жеңісінің біреуі еді. Бұл соғыстан
кейін Мұстафа Кемал дивизия генералы шенін, «Паша» құрметті атағын
алады.
Осман армиясының Антанта Әскерлерін шайқаста жеңген жалғыз
генералы Мұстафа Кемал десе де болады. 1916 жылы ол басқарған әскери
бөліктер орыс әскерлерінің Эрзурум түбіндегі шабуылын тойтарған, Сакарья
өзені бойындағы жеңістен (1921 жылдың 23 тамызы мен 13 қыркүйегінің
арасы) кейін Мұстафа Кемал ұлттық батырға айналды. Ұлы Ұлттық жиналыс
оған маршал атағына қоса құрметті «Ғази» (Жеңімпаз) лауазымын берді.
Мұстафа Кемал Ататүрік тарапынан құрылған ұлттық қорғану ұйымы түрік
халқының ұлт-азаттық күресі тарихында жаңа бір ерлік дәуірін бастады.
Алайда ұлтты құтқару күресі сыртқы жауды жеңіп, туған жерін азат етумен
ғана шектелмейді. Ұлтты көтеру көбіне-көп ішкі реформаларға байланысты
болатын да, реформаның қарқыны ұлттың бойындағы дерт-дербездің
қандайлығына тәуелді еді.Мемлекетті қасіретке душар еткен дерт-дербезден
құтқаруға бекем бел байлаған адам кез келген кедергіні жеңіп, алға қойған
мақсатқа қарай батыл қадамдар жасауға тиіс. Ұлт күшін азаттық пен
тәуелсіздіктен артық тағы қандай қасиетті нәрсе болмақ? [4].
1922 жылы түрік әскерлері барлық майданда шабуылға шықты.
Басқыншылар туған жерден қуылды. Бейбіт бітім шарты жасалды. 1923
жылдың 24 маусымында Лозанн бейбіт келісімшартына қол қойылады.
231
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
Бұл шарт Түркияның масқара капитуляция тәртібі мен халықаралық
қаржылық бақылауға түсу кіріптарлығын жойды. Түркия жаңа шекарасын
белгіледі. Оған шығыс Фракия, Измир және Севар келісімшарты бойынша
бөлініп кеткен басқа да аумақтар қосылды. Осылайша, Түркия
тәуелсіз державаға айналды. 1923 жылдың 29 қазанында Ұлы Ұлттық
жиналыс Түркия Республикасын жариялады. Оның тұңғыш президенті болып
Кемал-паша сайланды. Ұлттық жиналыс Мұстафа Кемал-пашаға «Ататүрік»
(түріктердің атасы) деген ататек берді. Елдің жаңа астанасы-Анкара болып
жарияланды.
Түрік ұлтын, жаңа түрік мемлекетін заманауи өркениет деңгейіне
жеткізу жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалардың негізі
принциптердің жиынтығы «ататүрікшілдік», «кемализм» деп аталады. Бұл –
жалаң теория емес, Ататүрік құрған Түркия республикасы мемлекетінің
практикалық тұғырдағы тұғырнамасы, идеологиялық арқауы, мыналар:
1.
республикашылдық (мемлекеттің және ұлттың тұрақты түрде
республикалық құрылым жолымен басқарылуы;)
2.
халықшылдық (мемлекеттің халық үшін қызмет етуі және оның халық
тарапынан басқарылып отыруы;)
3.
ұлтжандылық (ұлтжандылық, түрік ұлтының мүдделері мен мерейінің
басты мақсаты болып табылады);
4.
мемлекетшілдік (барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік және
мәдени шаралар Түркия мемлекетінің мәңгі өмір сүруін және нығаюын
қамтамасыз етуі керек);
5.
лаицизм (діни емес, зайырлы мемлекет жүйесі);
6.
революцияшылдық (тоқырауға жол бермеу, үнемі даму, жаңару
үстінде болу, әлемдік өркениеттен артта қалмау).
1923-1937 ж.ж. Кемализмнің негізгі 4 принципі: этатизм, лаицизм
(зайырлық), республикашылдық және халықшылдықтың жүзеге аса бастаған
кезеңі болды [5].
Бұл принциптер 1937 жылы ресми түрде Түркия Республикасының
Конституциясына енгізілді. 1960, 1986 жылғы конституцияларға енгізілген
өзгерістер де бұл принциптерге нұқсан келтірген жоқ.
Осы принциптердің негізінде Түркияда Ататүріктің басшылығымен
мынандай реформалар жүзеге асырылды:
-
саясат саласында – сұлтандық жойылып, Түркия республика болып
жарияланды. Түркияның жаңа парламенті – Ұлы Ұлттық Мәжілісі
ұйымдастырылды, халифат таратылды, жаңа конституция қабылданды;
- құқық саласында – шариғат соттары таратылды, азаматтық кодекс және
жаза туралы заңдар қабылданды, әйелдер мен еркектерге тең құқықтар
берілді, көп әйел алуға тыйым салынды;
- әліпбиі қабылданды, жаңа университеттер ашылды, білім берудің тұтас
жүйесі қалыптастырылды;
232
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
- лаицизмге бағыт алу жолында – дін мемлекеттен ажыратылды,
дәруіштердің ғибадатханалары таратылды. Әрине, дінге тыйым салынған
жоқ;
- батысшылдық бағытында – сағат мерзімі мен күнтізбе өзгертілді. (1926
жылдан бастап Түркияда еуропалық жыл санау жүйесі жүргізіліп келеді),
Достарыңызбен бөлісу: |