Issn 2307-1079 Dulaty University Хабаршысы Вестник Dulaty University Bulletin of the Dulaty University



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата17.09.2023
өлшемі0,58 Mb.
#108296
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
78-89

ISSN 2307-1079 
Dulaty University Хабаршысы 
Вестник Dulaty University
Bulletin of the Dulaty University 
2021, №1 
85 
енгізіп, бала бойына қалыптастыру қажет деген ұстанымда. Алайда оның 25% 
тек мектепте болса жеткілікті деген пікір білдірген, 7,6% тек ЖОО деп жауап 
беріпті. Қалған респонденттер таңдаған жауаптар да назар аударарлық. Олар 
мұғалімдер әр сабақтарын қызықты етіп өткізіп, өз пәні арқылы бала 
бойындағы ашықтық, еркіндік қасиеттерін дамытса дұрыс болар еді деген 
пікірде.
Ғылыми қорытындының талқылауы: 
зиялы қауым назарына 
ұсынылып отырған мақаланың кіріспе бөлімінде эмоционалды интеллект 
ұғымы мен оның ғылыми айналымдағы рационализациялану процесі 
қарастырылған. Сауалнамаға негіз болып отырған эмоционалды интеллектті 
оқу және оқыту процесіне енгізу қажеттілігін басты назарға ала отырып 
мынандай тұжырымға келуге болады. Мектептегі мұғалімдер оқушыларды 
оқу процесіне қатысуға ынталандыруға жауапты, себебі оқушылар өздерін 
толыққанды жетілдіре алмайды. Сондықтан да үйде ата-ананың, мектепте 
мұғалімнің, 
қоғамда 
ортаның 
қолдауы 
мен 
бағыттауына 
зәру. 
Университеттегі оқытушылар студенттерді 
оқу процесінің белсенді 
қатысушысы етуге ұмтылдыруға жауапты, себебі студенттер өз-өздерін 
жетілдіруге, белгілі бір даму бағытын таңдауға мүдделі болғанымен, пайдалы 
мүмкіндіктерді қалт жібермей, көбіне дұрыс таңдау жасау қабілеттерін ашып, 
білімдерін нығайтып, толық дайындық жасауға жеткілікті жағдайда емес.Осы 
тұста 2009 жылы орта білім беру саласында үлкен мәлімдеме жасаған 
американдық ғалым Рой Килленнің «мұғалімдер оқушылардың өзара 
араласуына кедергі келтіретін бірқатар маңызды факторларды ескерместен 
сапалы оқыту элементтерін енгізе алмайды», сонымен бірге, «мотивация 
маңыздылығы академиялық үлгерімнің жылдамдығынан асып түседі. 
Мектептердің маңызды рөлдерінің бірі-оқушыларды өмір бойы өз бетінше 
оқуға ынталандыру» [6] деген тұжырымдарын негізге алуға болады. 
Ғалым пікіріне жүгіне отырып біз әлемнің адамзатқа қойған 
талаптарын орындауға міндеттіміз. Бұл жүргізілген кіші сауалнама мәселені 
түбегейлі шешпейді, бірақ кешенді зерттеуге мұрындық бола алады. Себебі 
зерттеу проблемасы өте өзекті. Қазақстан Республикасы Стратегиялық 
жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми 
мәліметіне сүйенсек: «2020 жылғы III тоқсанда ерлердің жұмыссыздар 
санындағы үлесі 45,2% (205,4 мың адамды), әйелдердің үлесі – 54,8% (249,4 
мың адамды) құрады. 15-28 жастағы жастардың үлесі 18,3% немесе 83,3 мың 
адамды құрады.15-28 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9% 
болды» [7]. Эмоционалды интеллекттің жастар бойында жеткілікті түрде 
қалыптаспауы біріншіден, жұмыссыздық деңгейімен, екіншіден, әлемдік 
аренадағы отандық дипломдардың сұранысымен анықталады. Екі жағдай 
көрсеткіштері де қанағаттанарлық деңгейде емес. Сондықтанда бұл зерттеу 
проблемасы қиын жағдайдан шығу тетіктеріне жол нұсқай алады. Сауалнама 
сұрақтарының жауап нұсқалары өз қоғамымыздағы, атап айтқанда орта білім 
беру саласындағы өзекті мәселелерге жүгінеді. Мысалы, 9 сұрақтың екінші 
жауабы: «Жоқ, баланың балалық шағында көп міндет жүктеп қажет емес» 
делінген, себебі, қазіргі қоғамдық пікірөзгертілген мектеп бағдарламасы, 
көбейтілген оқушы жүктемесі, балалардың ерте жастан мектепке баруы 
сынды мәселелерге өткір сын айта алады. БАҚ-ы мен әлеуметтік желілердегі 
көпшілік ата-аналар балалардың жас шамасына лайықсыз пәндердің 
бағдарламада болғанына қарсы. 1-ші сыныпқа келген оқушы – ойын баласы, 
яғни оған ұзақ уақыт партада отыру, жаңа ортаға бірден сіңу, үй 
тапсырмаларын орындау өте қиын болуы мүмкін. Сондықтан ойын баласына 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет