Issn 2307-1079 Dulaty University Хабаршысы Вестник Dulaty University Bulletin of the Dulaty University



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата17.09.2023
өлшемі0,58 Mb.
#108296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
78-89

 
Тірек сөздер: 
эмоционалдық интеллект, оқу процессі, сауалнама, Д.Гоулман 
тест сұрақтары, IQ көрсеткіш, тұлға дамуы, практикалық дағды.
 
Кіріспе. 
Адамзат дамуы еселенген сайын оның дүниегекөзқарасының 
ауысу темпі де жиілеп барады. Тарихқа көз жүгіртсек адамзаттың дүниеге 
көзқарасының, өмірлік құндылықтарының, қоғамды өзгертетін қозғашу күш 
факторлары араға ғасырлар салып өзгерді. Қазіргі өзгерістер жиілігі мен 
дампу темпінің қарқыны тым күшті. Сондықтан бүгінгі адамзат тез 
бейімделгіш, жаңашылдықты тудыруға және оны жүзеге асыруға құмар
бәсекелестікке төзімді. Алайда, адамды жетелеп отырған өзгерістер 
толқындар секілді бірін-екіншісі жалғастырып отырады, оған еліткен адам 
өзінің қалай дамып жатқанын сезбей де қалады. Толқынның жағаға соғылып 
сол екпінмен қайта толқынға айналатын сәттерін күнделікті өмірде бақылауға 
болады. Мұндай сәттер талай ақын-жазушылардың шабытын ашып өздерінің 
өлең-жырларына арқау болған, оларға асау толқын деп айдар да таққан. Сол 
асау толқынға теңестірілген түбегейлі өзгерістердің бірі адамның логикалық 
және аналитикалық көрсеткіші IQ-ден жеке және әлеуметтік дағды 
көрсеткіші EQ-дің соңғы жиырма жылдың шамасында алға шығуы.
Ғылымға «эмоциялық интеллект» терминін американдық екі психолог 
Питер Сэловей мен Джон Мэйер 1990 жылдары енгізген болатын. Олар 
алғашқы болып эмоциялық интеллектінің бірінші үлгісін ұсынды. Аталған 
авторлар эмоциялық интеллект деп «өзінің және өзгенің сезімдері мен 
эмоцияларын байқай білу, оларды ажырату және осы ақпаратты ойлау мен іс-
әрекетте қолдану» [1] деп түсіндірді. П. Сэловей мен Дж. Мэйердің үлгісі 
негізінде Д. Гоулманның аса танымал үлгісі жасап шығарылды. Оның 1995 


ISSN 2307-1079 
Dulaty University Хабаршысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет