ISSN 2307-1079
Dulaty University Хабаршысы
Вестник Dulaty University
Bulletin of the Dulaty University
2021, №1
81
1-суреттегі диаграммадан қатысушылардың жас ерекшелігін көре
аламыз. Респонденттердің
басым көпшілігі, яғни 65,2% 12-18 жас
аралығындағы жасөспірімдер,
нақтырақ айтқанда, мектеп жасындағы
оқушылар жауап берген. Екінші басымдылықты 19-27
жас аралығындағы
студенттер немесе жас мамандар 26,1% құрайды.
Сурет 2. Респонденттердің әлеуметтік статусы
2-суреттегі диаграммада көрсетілгендей, сауалнамаға қатысушылардың
46,7% оқушылар құраса, 38% студенттер құрапты.
Келесі негізгі бөлімнің алғашқы сұрағы респонденттердің зерттеу
сұрағының басты ұғымына арналады.
Сурет 3. Респонденттердің эмоционалды интеллект ұғымын түсіну
көрсеткіші
Зерттеудің басты нысаны эмоционалды
интеллект дағдыларын
қалыптастыру жұмыстарын оқу процесіне ендіруді көздейтін болғандықтан,
жауап өз кезегінде тақырыптың толықтай ашылуына септігін тигізеді. Алайда
3-суретте көрсетілгендей респонденттердің 5,4% бұл ұғымнан мүлдем
хабарсыз болса 28,3% жалпы атауынан ғана хабардар.