Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата10.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1584
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1

ISSN 2308-0590

Индекс 74661

РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

Мағауин Мұхтар

Қазақстанның халық жазушысы



Ғарифолла Есім

 академик



Жанболатов Сұлтан

профессор (Қытай)



Мырзахметұлы Мекемтас

филология ғылымдарының докторы, профессор



Сыдықов Ерлан

     Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық

университетінің ректоры,

тарих ғылымдарының докторы, профессор



Қалижан Уәлихан

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер

институтының директоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор



Әбдіғазиұлы  Балтабай

Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің

филология институтының директоры,

 филология ғылымдарының докторы, профессор



Жұртбай Тұрсын

"Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының

директоры, филология ғылымдарының докторы,

профессор



Хакім Мерием

PhD, профессор (Түркия)



Жақып Бауыржан

"Қазақ энциклопедиясының" бас директоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Ескендіров Мейір

тарих ғылымдарының докторы, профессор



Еспенбетов Арап

филология ғылымдарының докторы, профессор



Рамазан Айгүл

 филология ғылымдарының докторы, профессор



Әубәкір Жандос

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік

тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-

мұражайының директоры



ШӘКӘРІМ

 ғылыми-танымдық журнал

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат

министрлігінде 2013 жылдың

10 қазанында қайта тіркеліп,

№13921-Ж куәлігі берілген.

2005 жылдан шыға бастады.



БАС РЕДАКТОР

Әмірбеков Шәріпбек

Ағабайұлы

Семей қаласының Шәкәрім

атындағы мемлекеттік

университетінің ректоры, саяси

ғылымдарының докторы

БАС РЕДАКТОРДЫҢ

ОРЫНБАСАРЫ

Смағұлова Ақмарал

Төлеуғазықызы

«Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу

орталығының директоры,

филология ғылымдарының

кандидаты

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

Қадыров Айбар Қабыкенұлы

филология ғылымдарының

кандидаты, доцент

© Семей қаласының Шәкәрім

атындағы мемлекеттік

университеті, 2015

© «Шәкәрімтану» ғылыми-

зерттеу орталығы, 2015



2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШӘКӘРІМТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ



Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал.

МАЗМҰНЫ

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ



Қасқабасов Сейіт. Әдеби өлкетану кеншісі..........................................................................................64

Әбдіғазиұлы Балтабай. Профессор А.Еспенбетов және қазақ әдебиеті тарихының мәселелері........68

ТебегеновТемірхан. Алаш әдебиеттану ғылымындағы көрнекті ғалым-ұстаз...................................71

ИманжапарМұрат.Тұғырлы  тұлға..............................................................................74

Жұмажанова Төкен. Ұстаз шапағаты..................................................................................................80

АСЫЛ СӨЗ


Кемелбаева Айгүл. Шашты..................................................................................................................82

Алпысбаев Құныпия. М.Мағауиннің «Жармақ» романы..........................................................................42

Аймұхамбет Жанат. ХХ ғасыр басындағы поэзияның дамуы және мифопоэтика........................47

Сарбасов Болатхан. Оралхан Бөкеев повестеріндегі адам мен табиғат қатынасы.........................53

Жұмағұлов Айтбай. Әдебиет тарихын дәуірлеудегі ХХ ғасырдың екінші жартысындағы жаңа

бағыттар.....................................................................................................................................................58

ШӘКӘРІМТАНУ

Мағауин Мұхтар . Шәкәрімге қатысты үш дерек....................................................................................8

Сейсекенова Айнаш. Тән көретін бастағы көз...........................................................................................20

Медеубаева Кенжехан. Ш.Құдайбердіұлы мен С.Торайғыров шығармаларындағы педагогикалық

пайымдауларды салыстырмалы тұрғыда талдаудың маңызы..................................................................24

 

АБАЙ АРМАНЫ



Шаяхметұлы Қинаят. Абай сөзі - ұлттық және тілдік дамудағы темірқазық.....................................3

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ



Ақтанова Айман, Шаймарданова Аяулым. «Абай жолы» эпопеясындағы әйел-аналар бейнесі: тарихи

және  көркемдік  шындық............................................................................................................29

МҮШЕЛ


3

2015  №1  (26)

АБАЙ АРМАНЫ

АБАЙ СӨЗІ – ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАМУДАҒЫ ТЕМІРҚАЗЫҚ

Мақалада қазақ әдеби тілін дамытудағы Абайдың жаңартқыш қызметі қарастырылған.

Абайдың  үзеңгілес  серігі  Көкбай

Жанатайұлы  барынша  толымды,  мейлінше

орынды пікір түйген: «Жәннатта жаның болғыр

Абай құтып»... «Құтып» дегенді түсінбейтіндер

мен  түсініңкіремейтіндерді  жазғырудың  жөні

жоқ. Көнергенге көрегендік танытса, оқымысты

ақын Көкең танытып отыр. Құтып – темірқазық.

Келістіріп айтқан. Артық-кемсіз дәл айтқан. Ой

жүгіртіп көрсек, нақ солай деуіміз хақ.

Абайдың есімі мен ісіне байланысты біз

тағзым етіп қастерлейтін жайлардың барлығын

маңыздылығы  бойынша  толық  жинақтап

түйіндейтін  айрықша  құбылыс  бар.  Ол  –

Абайдың шығармашылық тілі мен қазақ жұрты

тағдырының  етенелік  феномені.  Басқаша

айтқанда, Абай мұрасын қазақ елінің мемлекеттік

егемендікке  және  тәуелсіздікке  жетуімен

байланыстыра  байыптау  –  мәселенің  түп-

тамыры, өзекті негізі.

Абай  шығармашылығы  қазақ  тілін

әдебилендіру  арқылы  қазақ  этносының

даралығы  сақталуына,  тұтастанып  ұйысуына,

бүтіндігі нығаюына шешуші және тікелей ықпал

етеді.  Болашақта  да  бұл  фактордың

ілгерілетушілік қуаты өз дәрежесін үздіксіз өсірсе,

ұдайы арттыра түсетіндігі әліптік ақиқат болса

керек.  Ұлт  болмысының  айқындалуында

мұндай  төтенше  құдіреттілік  танытқан

шығармашылық еңбектің иесі әлемдік көлемде

қарастырғанның  өзінде  өте  сирек  кездеседі.

Таңдаулылардың ішіндегі санаулы ғана үздіктер

жержиһандық  ауқымда  осындай  тұғырға

көтерілген. Нақтылай түскенде. Олар – итальян

Данте  Алигьери,  француз  Иоахим  Дю  Белле.

Түркілік Әлішер Науайы және қазақ Абай.

Абайдың  осындай  нағыз  кемеңгерлік

деңгейдегі еңбегінің мейлінше тұңғиық, барынша

байтақ  мазмұнын  ашып,  сырына  қанығу  ұлы

ақын өмір сүрген замандағы және одан кейінгі

қоғамдық-саяси ахуалдың қазақ тіліне қатысын

түсінусіз мүмкін емес. Ендеше назарды сәл де

болса солай қарай аударайық.

Орыс  патшалығы  отарлаған  бұратана

ұлыстар он тоғызыншы ғасырдың соңғы ширегі

мен  жиырмасыншы  ғасырдың  басындағы

жиырма жылға жуық уақыт аралығында рухани

жігерлерін  жандандырып,  едәуір  серпіліс

байқатты. Басыбайлы құлдық езгісінде біржола

құрып  кету  қатерінің  астында  жүру  әбден

ширықталған  соң,  тектік  және  діндік  бірлік

арқылы  өктемдікке  қарсы  тұру  идеясы  пайда

болды.  Мұқыммұсылмандық  /панисламдық/,

түгелтүркілік /пантүркілік/ ортақ мүддені көздеп,

өзара ынтымақты күшейту уағызы екпін алды.

Жалпы алғанда, қазіргі кезеңде де ерекше

игілікті  және  көкжиегі  шексіз  десек  те,  бұл

қозғалыс өзінің бар осалдығынан зардап шекті.

Онысы – барша түркі тектестерді біртілділікке

үндеп,  түркі  тіліне  бейімделуге,  түріктенуге

жетелеуі.  Қырымдағы  Бақшасарай  қаласында

Қ.ШАЯХМЕТҰЛЫ, филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Абай арманы» зиялылар клубының кезекті мәжілісінде оқылған баяндама.

Тірек сөздер: Абай тілі, қазақ әдеби тілі, Абай мұрасы, ұлт.

ӘОЖ 821.512.122:811.512.122



4

АБАЙ АРМАНЫ

2015  №1  (26)

отыз  бес  жыл  бойы  /1883-1918/  шыққан

«Тәржімән» газетінде бұл тұрақты тұғырнама,

жүйелі  жарғы  аясында  насихатталды.

Жиырмасыншы  ғасыр  басында  Татарстанда,

Әзірбайжанда,  Өзбекстанда  шыққан  газет-

журналдардың  да  жиі-жиі  қозғап,  қызу

талқылаған тақырыптарының бірі осы болатын.

Мұсылмандық кеңістіктегі діннің, ғылымның

тілі  саналған  араб  тілін  толық  үстем  етуді

жақтаушылық  та  мұнымен  тайталаса  бой

көрсетті. Жазба әдеби тіл ретінде тұтынылуын

бұрыннан 

орнықтырыңқырап 

қалған

ортаазиялық түркі /«кітаби», «шағатай»/ тілінің



аймақтық нұсқалары да тиісінше қолданыс өрісін

кеңейтуден үміт үзбеді.

«Тәржімән» газеті ұсынған жол осындай

аймақтық  нұсқаларға  нұқсан  келтірерліктей

кереғар  болмағанмен,  бұлардан  жоғары,

жалпытүркілік  өлшемдегі  тіл  жасауға

нартәуекелдік ұмтылысынан бір сәт айнымады.

Мұны басқа басылымдар да барынша қостап,

үгітті үдете түсті. Мысалы, «Шора» журналында

былайша 


ұрандалды: 

«Егер 


тілдік

айырмашылықтар осы қалпында қала беретін

болса,  болашақта  бірнеше  түркі  халқы  пайда

болады.  Мұның  соңы  кесел-қырсық  болады.

Бұған  тыйым  салыну  керек.  Барлық  түркі

балаларын бір шаңырақтың астында біріктіретін

бір тіл жасау қажет».

Ал  монархиялық  биліктің  орыстандыру

саясаты  бұратаналық  тілдер  үшін  әзірлеген

«сыбаға» 

шоқындыру 

миссияларын

ұйымдастырудан, оқу-білім ошақтарын жанар-

жанбас,  сөнер-сөнбес  етіп,  малай  тілмаш

дайындау мүддесін көздеп, шала тұтандырудан-

ақ ұғынықты еді.

Сөйтіп,  байырғы  халықтық  тілдердің

әрқайсысы  тұманды  жолайрықтағыдай

этносоциолингвистикалық ситуацияға кезігіп,

шиеленісе  асқынған  тығырыққа  тіреледі.

Мәселен,  жиырмасыншы  ғасыр  басындағы

татар  әдебиетінің  айрықша  тұлғасы,  шүбәсіз

классик  ақын  Ғабдолла  Тоқай  біршама  уақыт

ортаазиялық  түркі  дәстүріндегі  тілді,  оның

локальдық «татари» үлгісін қолданып, көптеген

шығармалар жазған. Олар қазіргі татар тіліне

аударма арқылы беріліп жүр. Көп ұзамай-ақ осы

ақын байырғы бұқаралық татар тілімен жазуға

біржола бет бұрғанда әлгі журналдың үні мүлде

қатаң да ызғарлы шығып, үкімдік зекіруге жетті:

«Қазан  қаласының  Шөп  базарын  жырлаушы

кейбіреулер /Ғабдолла Тоқайды айтады – Қ.Ш.\

қоқсытып 

шығарып 


жүрген 

татар


әдебиетсымағымен  қатарласып,  енді  қазақ

әдебиеті бас көтеріп келеді. Егер осылай жалғаса

берер болса, біраздан соң башқұрт және мешер

әдебиеттері  де  көрінер.  Бұл  біз  үшін  мүлде

қажетсіз.  Мұнан  құтылу  үшін  біз  жалпыға

бірдей,  баршаға  ортақ  түркі  тілі  мен  түркі

әдебиетін  жасауымыз  керек».  Ал  әзірбайжан

журналы «Фиюзат» өз оқырмандарын мұнан

да гөрі әсерлі «миландырмақ» болды: «Сенің

тілің /әзірбайжандарға қарата айтады – Қ.Ш./

осман тілінің бұзылған бір түрі, оның үстіне

парсылық  ықпалға  түскен.  Біраз  жөндеп,

жаңартудың барысында сенің тіліңнің дамып

жетер жері – осман тілі. Сенде бөлек, дербес

ұлттық  тіл  жоқ.  Сенің  тіліңнің  де,  басқа

түркіліктердің тілдерінің де өзгеру бағыты осман

тілі болмақ».

Осындай 


қиямпұрыс 

жасанды


жағдайдың  жайылыңқырай  бастаған  сұрқай

көлеңкесі қазақ тіліне де түспей қалмады.

Қазақ  тіліндегі  деп  есептелетін  баспа

өнімдерінің  түркі-татарлық,  араб-парсылық

реңі  барған  сайын  қоюлана  берді.  Онымен

қосақабат, азынаулақ сауатты ортадағылардың

«кітабилыққа»  әсіреәуесқойлығы  мен  жалаң

еліктеу  дағдысы  ұлғайды.  Қиссашылдық

ыңғайындағы  ақындық  еңбек  бірбеткей

сарынға айналды. Бүгін бұларды обьективті,

оңды бағалауға жеткеніміз рас. Алайда, басқа

жақтарына тиіспей, тек қана тілдік ерекшелік

бойынша  арнайы  және  байсалды  көзқарас

құзырына алсақ, жалпыхалықтық таза қазақ тілі

бұл «кітаби» шығармашылықта әдеби биікке

көтірілмеді.  /Шәді  Жәңгіров,  Ақан  сері

Қорамсаұлы,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  сияқты

шеберлер  жайы  өз  алдына  бір  бөлек/.  Ұзақ

тәптіштеусіз-ақ «кітабилыққа» тән тілдік «сәнді»

айғақтайтын  мынадай  ашық  мойындау-

мәлімдемені еске түсірейік. Есімі әйгілі Нұржан

Наушабаев:

Парсы, ғараб лұғатымен келтірер ем,

Ғалымдық дариясынан ішсем қанып,



5

АБАЙ АРМАНЫ

2015  №1  (26)

Көңілге келген істі нұсқалайын,

Жоқ алтынды қазайын қайдан тауып

  –  деп  қынжылыс  білдіруі,  бар  алтынды

менсінбей,  қазақша  сара  жазуды  қомсынуы

ешқандай кездейсоқтық емес. Айта қаларлықтай

көрнекті  қалыптағы  осы  ақынның  жеткеніне

жете алмаған басқа да бірталай «кітаби» ақындар

тарапынан  қазақ  тілінің  қадір-қасиеті

қаншалықты  ашылды?  Бұл  туралы  кезінде

Сұлтанмахмұт  Торайғыров  ғаламат  ғылыми

зерттеумен тең боларлық пікір түйген: «Нағыз

шынын  айтқан  уақытта  қазақ  тілінде  деп

бастырылған кітаптардың көбінде қазақтың иісі

де жоқ. Неге десең, дені бытпырақ, бытпырақ

болмағандардың ағыны теріс. Рухын тексеруге

баяғы айтылған «қатын ойбай». Мен тілімізге

шата тілдердің шатысуынан бегірек тілдің ағыны

теріске  бейімдеп,  өріс  алып  бара  жатуынан

қорқамын. Біз бұралқы тіл кірмей ұйысқан сөз

болса, «ойбай, мынау қазақша екен» дейміз. Ескі

сөздің қаспағына жаңа сөздің қаймағын апарып

қатарластырып  қарасақ,  ол  ағын  мен  бұл

ағынның арасы алты айшылық алыс кеткендігі

көрінеді. Мұның аты тіліміздің орнын сипалап

қалуға бейімдеп бара жату болады. Қазақша сөз

болып  жазылса,  қара  бұқара  жеңіл  ұғынады.

Егер  орысша  оқығандардың  аузынан  шықса,

ноғай мектебінде оқыған шәкірттердің аузынан

шықса, құдай өзің жөн бер! Шәкірттер өзді-өзі

ғана ұғынады да қояды».

Осындай  алмағайып  жағдайдан,

«тіліміздің орнын сипалап қалуға бейімдеп бара

жатқан»  жағдайдан,  аман-есен  шығу  үшін

маңдай түзер темірқазық Абай шығармашылығы

екендігін де Сұлтанмахмұт әрі дәл, әрі әділ атап

көрсетеді:  «қайнаған  жанның,  толғатқан

көңілдің,  толғанған  жүректің  сығындысы»,

«пайғамбардың жүрегіне құйылған құрандай».

Айтса айтқандай-ақ! Сөздің киелі материя

екендігін, адамның адамшылығы сөзде екендігін

«Кісіге қарап сөз алма, Сөзіне қарай кісіні ал»

деп,  философиялық  мызғымас  формулаға

түсірген  Абай  өз  шығармашылығы  арқылы

сөздің дүниетанымдық сыр мен нұр таратқыш

қайнаркөз екенін дәлелдеді. «Әуелі аят, хадис –

сөздің басы, Қисынымен қызықты болмаса сөз,

Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы» деп,

тілдің 

глоттогенездік 



проблемасын

теологиялық-теософиялық тұрғыдан қозғаған

Абай «Қайран тіл, қайран сөз Наданға қадірсіз»

- деп, күйзелсе, күңірене қынжылыс білдіреді.

Сондай-ақ,  «Сөз  айттым  Әзіретәлі,

айдаһарсыз,  Мұнда  жоқ  алтын  иек  сары  ала

қыз» дегенде, «Қызды айтсам қызықты айтсам,

қыздырмалап, Батырды айтсам ел шауып алған

талап,  Әншейін  күн  өткізбек  әңгіме  үшін,

Тыңдар едің  бір сөзін  мыңға балап»  дегенде,

қияли 

қиссашылдықты 



көңілі

қаламайтындығын  социопрагматикалық

тұрғыдан  бүкпесіз  ашық  жеткізеді.  Осы

ыңғайдан келгенде, Ілияс Жансүгіровтің пікірі

мың мәрте дұрыстықта тұр: «Абайдың тілдегі

тарихи еңбегі қазақ тілін биттетіп кеткен қисса

тіліне, кітаби тілге қарсы күресінде».

Сөз жоқ, бұл мәселеде қиссашылдықтың

ағартушылық, 

танымдық, 

тәрбиелік

бағыттардағы мәні жоққа шығарылмайды. Нәзік

кілтипан  қазақ  тілінің  қазақтығын  сақтауда.

Мұның қаншалықты шамада көкейкесті сипат

алғандығын  жиырмасыншы  ғасыр  басында

Есенғұл Маманұлы жариялаған конкурс шарты

мейлінше  айқын  көрсетеді.  Әдеби-көркем

шығарманы  роман  жанрында  жазу  керектігі

бәйге  талабының  бірден-бір  өлшемі  емес

болатын. Ең басты талап «таза қазақ тілінде»

жазылу еді. Сұлтанмахмұттың «Кім жазықты?»

романы – сол талапқа сайма-сай шығудың үлгісі

еді.

Жалын мен оттан жаралған Сөзді ұғатын



қайсың  бар,  Партия  жиып  пара  алған  бейілі

кедей  байсыңдар»  дегенде,  Абайдың  жалпы

эстетикалық-көркемдік  көзқарасымен  бірге,

әсіресе, әлеуметтік тілтану (социолингвистика)

тұрғысындағы  табандылығы,  ана  тілі  ұлттық

рухтың тірегі екендігіне серттей сенімі жария

етілген. «Масғұт», «Әзім әңгімесі», «Ескендір»

поэмаларын жазуы және орыс классикасының

жауһар 

туындыларын 



түпнұсқалық

тартымдылығынан да артық дәрежеге жеткізіп

қазақшаға аударуы – нақ осындай ойды бекітуі,

көрнекілендіру  және  нақтыландыруы.  Әдеби

тілдің тынысын кеңейтіп, арнасын тереңдетіп,

ғылыми және көркемсөздік стиль тармақтары

мен 

философиялық, 



педагогикалық,

психологиялық,  логикалық,  этикалық,



6

АБАЙ АРМАНЫ

2015  №1  (26)

эстетикалық  ғылыми  аталымдар  түйдегін

қалыптастыруы, «іші алтын, сырты күміс» етіп,

«сөз патшасы – өлең» құрылысын жаңартулары

қазақ тілінің дербестігіне кепілдік туғызды, оның

сапалы даму даңғылын салды, ұлттық әдебилік

сипатын қамтамасыз етті. Данышпан ақын мұны

шығармашылық  қызметінің  басты  мұраты

қылды.  «Мақсатым  –  тіл  ұстартып,  өнер

шашпақ», «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел»,

«Сөзімде  жаз  бар  шыбынсыз,  Тыңдаушымды

ұғымсыз Қылып тәңірім берген-ді» деп, тілді

таза қазақтық рухта жетілдіріп, қалыптастыру

ниетін  прометейлік  жанқиярлықпен  саналы

түрде батыл манифестеді.

Ағайындастық  пен  бауырластықтың

қастерлі де тартымды сезіміне қалтқысыз адал

болуды,  өзара  риясыз  құрметтесуді,

дінқарындастықты қолдай тұра, тіл тоғыстыру

далбасалығына Абай титтей де емеурін білдірген

жоқ.  Ал  «Тәржімән»  газетін  үнемі  қадағалап

оқып отырған.

Мұқыммұсылмандық,  түгелтүркілік

қауымдасу жөнінде баян етіп, сол қозғалысқа

беделін  жұмсай,  белсене  қатысуды  өтінген

көкшетаулық Шахмардан Қосшығұловтың 1903

жылғы  хаттарын  жауапсыз  қалдыруы  да  бұл

туралы  Абай  көзқарасы  қандай  болғанын

аңғартса  керек.  /Қосшығұлов  кейіннен

«Мұсылман  одағы»  партиясының  мүшесі

«Мұсылмандық  халық  партиясы»  орталық

комитетінің  мүшесі  болған.  Патшалықтың

оспадарлық қорлығымен Сібірге сүргінделген.

Ұлттық сезімі өмірлік іс-тәжірибедегі қимыл-

әрекеттерімен көрініс беруінде сәтсіздіктер бар/.

Басқаша  айтқанда,  Абайдың  жан-жүректік

толқыныс-тебіреністері,  ой-парасаттық  ерік-

ықтияры,  дарын  даналығы  қазақ  тілін

нәрлендіріп, кемелдендіруге арналды.

Соның нәтижесін көріп жемісін татқандар

қазақ  тілі  мен  қазақ  ұлтының  адамзаттық

өркениеттегі өкілеттілігіне де көз жеткізді, оны

лайықты  танып,  құрмет  етті.  Мысалы,  1916

жылы, қазақ тілін татарландыруға әлектенген

кейбір  оқығансымақтар  тобына  татардың

тамаша жазушысы, мемлекеттік қайраткері, зор

білімпазы  Ғалымжан  Ибрагимов  тойтарыс

жасап, тәубелеріне түсірерлік соққы бергенде,

Абай есімі мен еңбегін айбын етіп, аялап атаған:

«Қазақты  татар  әдебиетімен  қанағаттандыру

пікірі  тек  бұл  халықты  және  тарихи  ағымды

білмеуден шыққан. Қазақ әдебиеті іс жүзіндегі бар

нәрсе. Бүкіл қазақ сахарасына әдеби азық болып

келген  өлеңдер  мен  жырлар  біздің  қазіргі

ақындарымыздан көп бұрын жасап, кең далада

әуезі  жаңғырыққан.  Ибраһим  Құнанбайлар,

соңғы  Сералин  мен  Дулатовтар,  «Қазақстан»,

«Қазақ», «Айқаптар», қазақ мектептеріне кіріп

тамыр жайып жатқан оқу құралдары – жалпы

қазақ  тілінде  бас  көтерген  әдебиет  қазір

бекерлеуге  мүмкін  емес  факт.  Мұны  жеке

кісілердің пікірлері, татарға қосылуды тілемеулері

тудырмаған.  Өмір  біздің  тілеуіміз  бойынша

жүрмейді. Мәселеге бұлай қарау – теңіз ағысын

ескекпен тоқтатуға тырысу тәрізді бір әрекет».

Дәл  сол  жылы  «Қазақ»  газетінде  Ахмет

Байтұрсынов «Туған тілім» өлеңін жариялап, әлгі

бір жағымсыз жайға қарсы батыл үн көтерді:

Кемсініп кең орамды адасқандар,

Тілімі жау боп найза қадаспаңдар.

Бір айттым, екі айттым, бұл – үшінші

Ақиқат, адал іске таласпаңдар.

Мен болман, «болдырамын татар» десең,

Мен сыйман, бір бөлмеңде жатар десең,

Өтпеймін тамағыңнан, жұтам деме,

Жолым бір, қолым міне, «қатар» десең!

Ахаңның  осындай  бір  шамырқана,

қатулана сөйлеуіне де арқасүйер ағасы Абайдың

шығармашылық  мектебі  мен  тілдік  дәстүрі

мүмкіндік  берген  еді.  Демек,  Абай

шығармашылығы жалпыхалықтық қазақ тілін

ұлттық  әдеби  тілге  айналдырудың  ұйтқысы

болғандығынан еді. Ал мұндай сапаға сәйкесетін

тіл  құрылымындық  ерекшеліктер  Шәкәрім,

Ахмет,  Мағжан,  Сұлтанмахмұт,  Міржақып,

Бернияз,  Ілияс,  Қасым,  Жұбан,  Мұқағали,

Қадыр  тағы  басқа  ақындар  мен  Мұхтар,

Жүсіпбек, Сәкен, Бейімбет, Сәбит, Ғабит, Зейін,

Ғабиден,  Тахауи,  тағы  басқа  қаламгерлердің

шығармашылығы  арқылы  мирасқорлық

жалғасын тауып, Атазаңнан бекіген мемлекеттік

дәрежесіне  жан-жақты  жарамдылық  әлуетін

танытып отыр.

Қазақ тілінің осы хұқықтық бейнесі мен

абыройына 

күдіктенушілер 

сырттай


7

АБАЙ АРМАНЫ

2015  №1  (26)

қаншалықты  жанталаса  абайшыл  болып

көрінгілері келгенмен, оның жалпыадамзаттық

та,  ұлттық  та  мұраттарын  түсініп-түйсінуге

дәрменсіз «Бейілі кедей байлар» ғана екендіктерін

ешқалай  жасыра  алмайды.  «Қазақ  тілін  анық

түрлеп,  өрнектеп,  керекке  жаратып  түзеген  –

Абай»  деген  Аймауытовтың  және  Абайға  тән

классиктік  сипаттың  бастысы  оның  «өз

халқының  тілінде  жазуы»  екендігін  айтқан

Әуезовтің  пікірлерін  білмейтіндіктерін

ештеңемен  бүркей  алмайды.  Адамзатшылдық

ұғымы тексіздік космополиттік емес, ант ішіп,

жанын жалдайтын интернационалистік «Хомо

советикус» емес, нарықтық капитализмнің дүлей

«Хомо экономикус» топтастығы емес.

«Адамзаттың  бәрін  сүй  бауырым  деп»

деген  Абай  «Қалың  елім,  қазағым,  қайран

жұртым» деп те елжірей еміренген. Ұлтсыздану

арқылы  адамзатшылдыққа  ұмтылудан  мүлде

аулақ Абай «Орыс тілі – дүниенің кілті» дегенде

де  орыстануға  бейімділік  пен  бейілділікті

аңғартпаған,  сол  тілді  игеріп,  орыс

озбырлығынан қазақты қорға, еліңе күзетші бол

дегенді қоса үстеп мәлімдеген. Сондықтан да

оның есімі мен ісі қазақ ұлты мен қазақ тілі туралы

ізгі  де  мәртебелі  барша  ұғым-түсініктермен

барабар болып, баламалық сипат алған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет