Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата10.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1584
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2015  №1  (26)

«... - Бәйбіше, үй серігім ғана емес, өмір

серігім едің. Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің

астында  жүрсем  де, артымда  отырған  бір  бел

өзің едің. Өзіме тағдыр бақ берген жан деуші едім.

Айтыспасақ та, жер танытып отыратын қабақ

пен жүрек бар еді, соған сенуші ем де. Кейде

шәлкес, кейде қия басып кете беруші ем. Бағыма

масайып  еркелегенім    болса  керек.  Енді  қай

дөңнің басында қаламыз кім біледі. Сенің айтар

кінәң болса да, менің саған артар бір түйірдей

назым  жоқ.  Адал  жүрек,  ақ  бейілің  үшін

балаларыңның  бағы  ашылсын.  Мен  айтарды

өзің  айтыпсың.  Менің  арманымды  өзіңнің

арманың  етіпсің»  [4,17].  Бұл  Құнанбайдың

жүрекжарды,  өмірлік  қосағына  деген,

балаларының анасына деген ғана лебіз емес, дос

жүрек, сырлас, сыр ашқыш жанға, сенім артар

тірегіне қарата айтылған жүрекжарды төгілген

шындық еді.

Ұлжан  қабағын  көтеріңкіреп,  екі  көзін

қысыңқырап,  тағы  да  толғанумен  нұрлана:

«...Жалғыз-ақ,  әйел  еркекке  ене  бауырындағы

құлындай  жанасып  жүріп  те,  не  шеттеп

тайталасып жүріп те сүйеніп өседі. Ерден әйел

жамандық  та  алады,  қасиет  те  алады.  Менің

жақсылығым болса, сол сенің жатың емес, өз

тәнің бе деп білем. Сен-сен болмасаң, мен-мен

болмасам керек. Мінім болсын, өзгем болсын,

бір  жағы  өзіңнен  еді»  [4,18],  -  деген  Ұлжан

жауабынан ғасырлар  бойы қалыптасқан  қазақ

әйеліне тән ибаны, қабырғадан жаратылғандық

ізетті, кеңдікті, парасаттылықты, «ерін сыйлаған

жерде  қалмас»  деген  нақылдың  растығын

көргендей  боламыз.    Ұлы  Абайды  дүниеге

әкелген ана көңілінің ұлы даладай ұлан ғайыр

екендігімен қоса, тектілігі бір төбе еді.

Ал Ұлжан ананың арғы тегі туралы тізбекті

ғалым Зарқын Тайшыбайұлы былай таратады:

«Орта  Жүз  Арғынның  бір  бұтағы  Мейрам

сопының  кенжесі  Қаракесек  атанған

Болатқожадан тарайтыны  мәлім. Болатқожаның

баласы  -  Бошан.  Ертіске  қарай  құлағын  елді

бауыр  Бошан  дейді,  ол  бір  кезде  Қазыбек  би

ауданы  атанып,  бір  шеті  Қарқаралыға  жалғас

жатқан үлкен өңір. Батысқа қарайғы бөлікті сырт

Бошан  дейді.  Бошаннан  -  Таз  (басқасын

таратпай-ақ қояйық, баршаға мәлім бес Бошан),

Таздан  -  Бұлбұл,  Бұлбұлдан  -  Шаншар.

"Болашақты болжаушы Шаншар абыз" атанған

бабамызға байланысты әңгімелер көп, олардың

жөні өзінше. Сол Шаншар бабамыздың Әйбике,

Нұрбике деген әйелдері сонау ХҮІІ ғасырдың

аяғында  Тәшкенді  билеген  қатаған  Тұрсын

ханның қыздары болса керек. Еңсегей бойлы ер

Есім ханмен тізе қосып, хан Тұрсынның бүлігін

басқанда,  Шаншар  батыр  оның  қыздарын

олжалап, елге әкеліп, алақанға салып өсіріп, бой

жеткізсе керек. Айтпақшы, сол бикелердің біреуі

-  Қоңырбике  тобықтының  анасы  деп,  шежіре

айтады.  ...  Сол  Әйбикеден  тараған  ұрпақты

Әйбике  -  Шаншар,  Нұрбикеден  -  Нұрбике

Шаншар  деп  кеткен.  Кейін,  ХІХ  ғасырдың  ІІ

жартысында  қазақ  даласын  жат  жұрт  баса-

көктеп билеп, әкімшілік жер бөлісі атауларын

бергенде де дәл осылай "Әйбике Шаншар елі"

деп  жіктеген.  Осылай  деп  болыстық

басқармаларға атау берілген. "Таттымбет - киргиз

Нурбике  Шаншаровской  волости"  дейтіні

сондықтан.  Әйтпесе,  бәрі  бір  атаның,  бір

адамның  баласы.  Нұрбике  анамыздан  Бертіс

туған. Бертістің бір баласы Бектемірден Мөшеке,

Битен,  Шитен  есімді  балалары  болған.

Мөшекеден - Қазанғап. Қазанғаптың 1772 жылы

туғаны туралы мәлімет бар. Өлген жылы белгісіз,

әркім  әртүрлі  айтып  жүр.  ...  Қазанғаптан

Тәттімбет туғанын бүкіл қазақ біледі. Қазақтың

ұлы күйшісі Тәттекең туралы басқа сөз айтпайық,

әңгіме Абайдың нағашылары туралы. Битеннен

-  Қантай,  Тонтай  және  Тұрпан.  Қыр  елінде

Битенді  Шитеннен  бөлмейді,  тетелес

болғандықтан ба, арасына жыл толмай туған егіз

деп  есептей  ме,  әйтеуір  Битен-Шитен  деп

қосақтап  айтады.  Сөйтеді  де,  Абайдың

нағашысы, оның ішінде туған нағашысы Битен-

Шитен деп қосақтап жібереді. Орайы келіп тұрса,

сөздің  жымы  қабысып  тұрса,  айып  жоқ  қой,

әйтсе де Абайдың туған нағашысы - Битен. Міне,

сол  Битеннен  Қантай,  Тонтай,  Тұрпан  дедік.

Мұхтар  Әуезовтің  деректерінің  бұлжымас

дәлдігінің дәлелі осындай. Тұрпанның Ұлжан,

Молқара атты қыздары болған екен. Қаракесек

- Шаншар ішінде Қантай - Тонтайды қосақтап,

Тұрпанды атамай өте беретіні қалай? Сөйтсек,

Тұрпан  өз  шаруасын  күткен,  көзге  түсе

бермейтін байсалды, көп тыңдап, аз сөйлейтін

адам екен. Мұхаң  "Абай жолында" Ұлжанды


33

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ

2015  №1  (26)

қандай  байсалды,  ойлы  бірақ  кесімді,

айтқанынан  қайтпайтын  әйел  заты  ретінде

суреттесе, сонысы тағы шындыққа келеді [6,8].

Ал абайтанушы Қ. Мұхамедханұлы Ұлжан ана

туралы былай дейді: "Абайдың шешесі Ұлжан

туралы: "Ол Арғын ішіндегі Қаракесек руының

шешендік, әзіл-әжуамен атағы шыққан Шаншар

тобының  (?!)  қызы  екен"  делінген.  Абайдың

шешесі  жайында  толығырақ  айту  қажет  еді.

Ақынның нағашы жұртынан алған үлгі-өнегесі

де  аз  болмаған.  Арғысы  атақты  Битен  мен

Шитен, бергісі әйгілі шешен, әзілқой, тапқыр,

мысқылшылдар - Қантай, Тонтай, Жонтайлар.

Ұлжанның әкесі Тұрпан - Тонтайдың інісі екенін

анықтап жазған дұрыс болар еді" [7,138]. Ұлжан

Тұрпанқызының тарихи бейнесі "Абай жолы"

эпопеясында  шынайы,  әрі  соншалықты

тартымды  сомдалған.  Абайдың  өмірбаянын

жазған  шақта  да  Әуезов  Ұлжан  мен  оның

шыққан әулеті Бертіс биден бері қарай тоқтала

келіп:  "Ұлжанның  әкесімен  бірге  туысқан

ағалары  Қонтай,  Тонтай  орта  жүзге

қалжыңымен  тегіс  аты  жайылған,  белгілі,

мысқылшыл 

тапқыш, 


күлдіргілер

болған"[8,112],- деп Шаншардың қулары келе

жатыр  дегенді  естіген  жұрттың  дүркірей

қашатынын ауызға алған. Роман-эпопеяда халық

күлдіргілері  Битан-Шитан,  Тонтай  аттары  да

жиі аталады. Эпопеяның бірінші кітабында

М. Әуезов олар туралы мынадай мәлімет береді:

«Ұлжан көппен бірге күлген жоқ еді. Енді байқап

отырып ақырын мырс етті де: -Балам-ау, қаладан

молдалық әкеледі екен десем, нағашыңа тартып

қайтқанбысың, немене,-деді. Бұл үлкендердің

бәріне өте түсінікті еді. Жаңағы бала мінезінің

дәл шешуі сияқты болып қайта күлдірді. –Бәсе,

Шаншар, Битан-Шитан, Тонтекеңнің жиені, -

деп тұр ғой десіп, Абайдың нағашыларын есіне

алысты.  Өлерінде:  «жазыла-жазыла  қожа

молдалардан да ұят болды, енді өлмеске болмас»

деп  кеткен  Тонтай  сөздері  көптің  есіне  түсті

[9,14].  Әуезовтің: "Абайдың сөзіндегі салқын

ақыл әкеден, ащы тілді мысқыл шеше жағынан

деуге  де  бола  ма  дейміз  [8],  -    дегені  осыны

нақтыласа керек.

Абайдың  өзі  жасынан  әзіл  өлеңге  үйір

болып «Кім екен деп келіп ем түйе қуған» деп

басталатын, немесе «Майбасарға» арналған бері

қарай талай әзіл - қалжың, арты ащы ирония,

сарказмға  баратын  көптеген  туындыларын

келтіруге болады... Шаншарлар тілінен Құнанбай

да қатты сақтанған. Төмендегі дерекке жүгінейік:

"Абай жас кезінде нағашыларына бармақ болған

ойын  әкесіне  айтқанда,  Құнанбай  баланың

тілегін құп алып:

   - Балам, баруыңа қарсылығым жоқ. Өзіңе

айтарым,  сөйлер  сөз,  айтар  ойыңның  аңысын

аңдағайсың", - деп ескерткен екен.

Бір күні нағашысы Тонтай екінті намазын

обың-күбің  оқып  тез-тез  бітіргені,  әрі  діни

қағиданы бұзып аяттарын шатастырып оқығаны

Абайға өрескел көрінеді де:

     - Нағашы, намаздың шариғат белгілеген

қағидасын бұзып, төте тартатын жолы да болады

екен-ау",  -  деп  мысқылдап  қойған  сауалына

нағашысы:

  - Иә, балам, бұл сұрауың өте орынды. Әрі

сенің  бұл  айтқаның  Имам  шафиғының  тар

жолына  жатады.  Бірақ  біз  пір  тұтатын  Имам

ағзамның жолы біреу-ақ: яғни әлем қандай кең

болса,  оның  шариғаты  да  сондай  кең.  Анау-

мынау  ұсақ-түйек  қателіктер  кешіріле  береді.

Өйткені, ол қағида "аттың жалы", "түйенің қомы",

"садақтың оғы" сияқты қатал, қатыгез емес, - деп

көзін сығырайта, көлгірси, күле жауап беріпті.

Абай қайтқан соң әкесіне: - Тонтайдың осынау

ойланбастан айтқаны, әрбір атаумен атаған өте

кескінді, әм зәрлі сөзі өкпеме найзадай қадалды,

- депті. Құнанбай:

    - Я, бұл жұмбақ сөзді қалай түсіндің? -

деп ызғарланған екен. Абай:

   - Шешімін әділдікпен тура айтсам, "Аттың

жалы"  дегені  -  Еңлік-Кебекті  атқа  сүйретіп

өлтірткен  қатыгез  Кеңгірбай  бидің  билігі.

"Түйенің қомы" дегені - Қодарды келінімен түйеге

теңдеп өлтірткен билердің үкімі. "Садақтың оғы"

деп  өкіне  айтқаны  -  Қалқаман-Мамырды

садақпен  тартқан  Көкенайдың  қаталдығы  деп

түсіндім. Бұл сөздер Тобықты еліне таңба боп

басылғандай сезіндім, бармағымды тістей-тістей

аттандым, - депті [5,6].  «Ұлжан да қалжың сөзге

ұшқыр болғанымен, салмақтылыққа бағып көп

әжуаға  бара  бермеген.  Бұл  біріншіден  өз

бойындағы  әйелге  тән  ұстамдылықпен

байланысты болса, екіншіден Құнанбайдай ел

басқарып  отырған  көсем,  сөз  ұстап  отырған


34

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ

2015  №1  (26)

шешенмен жарыса шығуды жөн деп таппаған

ақылды қазақ әйеліне тән қылықтан болса керек.

Әйтсе де, іште жатқан өнер шіркін анда-санда

жарқ етіп шығып, ел есінде қалып қоятыны  да

бар.  Ағалары  сияқты  Ұлжан  анамыз  да  өлер

алдында  Майбасар  қайнысының  "өлу  деген

қалай екен?", - деген орынсыз сұрағына: "...ата

сақалың аузыңа түскенше ақыл кірмеген сені

көрдім,  мен  өліп  көрді  дейсің  бе?",  -  деген

шымшыма  жауабында  парасаттылықтың,

биіктіктің белгісі жатыр» [5,7]. Абай жолындағы

оқиғалар Зеренің данагөйлігін қалай бағамдаса,

Ұлжан  ананың  да  асқан  ақылын  солай

дәріптейді.    Эпопеядағы  жер  дауына

байланысты оқтын-оқтын тұтанып отыратын

Тобықтының өз ішіндегі бас араздықтар әркез

енесімен ынтымақта өмір кешкен Зере-Ұлжан

ауылында,  ақылды  келіннің  ауылында    бітім

табады.  «Сол  кездегі  ата  дәстүр  бойынша

Ұлжанның  бар  баласы  өз  қолында

тәрбиеленбеген.  Әуезовтің  айтуынша  үлкен

ұлы  Тәңірберді  жас  кезінде  Өскенбай  бидің

қолында  болса,  Ысқақ  Күңкенің  тәрбиесінде

болған. Абай мен кенже інісі Оспан Зере мен

Ұлжанның тәрбиесінде болып, Абай жасынан

бір  ауыл  боп  отырған  Құнанбайдың  үшінші

әйелі  Айғызбен  өз  үйінің  ортасында  жүріп

Телқара  атанғаны  белгілі»  [5,4].  Кітапта

жазылмаса да, Қаракесек ішінде әлі айтылады:

"қарадан хан болған, қараңғыда жол тапқан қара

барыс Құнанбай" Ұлжан анамызға қарсы сөзге

келе бермейді екен. "Сен айтасың, сенің сөзің

емес  аталарың  сескендіреді"  деп  басылып

қалады екен [6,3]. Зере – ел анасы десек, Ұлжан

соның жалғасы. Дүниеге Абайды әкелген сол

Ұлжан анамыздың көп төменетектінің бір емес,

данышпан  Абайдың  анасы  деген  атқа  толық

лайық  ақылды  да,  сөзге  шешен,  сабырлы,

ұстамды жан екендігі және  Құнанбайдың адал,

ақылдас  өмірсерігі  ғана  емес,  Абай

даналығының бастау бұлағы болғандығы ана

бейнесіне  кеңірек  тоқталуымызға  жол  ашты.

  «Айпарадан  басталған  ақыл  көзі  еді

бұл...».

Абай  тәрбие  алған  ел  аналарының

есімдерін  әріден  бастауға  болады.    Сонау

Абайдың  төртінші  атасы  Айдостың  әйелі

Айпара сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем

болған.  Кейіннен  төрт  рулы  ел  болған  төрт

баласының бүгіні мен ертеңі төрт-ақ ауыз сөзге

сыйғызған аузы дуалы ел анасы [5,5]. Бертінгі

Құнанбайдың қарындасы Тайбала өзінің ешкімге

ұқсамас өрлігімен, ақылдылығымен қалыңдық

боп түскен елінде сыйлы болады. Құнанбайдың

асырап алған баласы Ізғұттыны бала етіп еліне

жіберген тосын шешімі ел аузында сақталған. Аз

ғана сөзі "Абай жолы" арқылы жеткен Сары апаң

дейтін ақынжанды анамыздың тәлімі Абайға аз

әсер етпегені анық. Деректерге жүгінсек: "Сары

апаң  -  Тобықты  ішінде  Тоғалақ,  Тайсоймас

дегеннің  қызы.  Уақ  елінің  нашар  адамына

атастырылып, күйеуімен екі жылдай тұрған соң,

бір тоқтысын сойып, ауыл ақсақалдарын жинап

былай депті: - Мен аруақты сыйлап келдім. Екі

жыл  тұрдым,  енді  басыма  рұқсат  берсеңіздер

екен. Төркініме барып, мал жиып алып, мына

күйеуіме қалың төлеп, әйел алып беріп, содан

соң кетем, - депті. Сонда ақсақалдар әрі ойлап,

бері ойлап, ақырында рұқсат беріпті. Сары апаң

айтқанын  орындап,  күйеуіне  әйел  алып  беріп

төркініне  келіпті.  Осыдан  кейін  Сары  апаң

күйеуге  шықпапты.  Ел  ішінде  суырып  салма,

тапқыр, айтқыш болып құрметке бөленген адам"

[5,127]. Құнанбай мен Бөжейдің арасы ашылып

кеткен кезде Бөжей дүние салып, Құнанбайлар

көңіл  айтуға  келгенде  Бөжей  жақ  оның

қыздарының аузына:

Арғы атасы Ырғызбай,

Айыпқа берді бір қызды-ай.

Жүйріктігі құландай

Шұбарлығы  жыландай,  -  деген  жоқтау

өлеңді салғанда, осы Сары апаң:

Мына да қарлар не дейді,

Жақсыдан жаман көбейді.

Асыл туған ұрпағын

Ұрлап  та  көмдің  Бөжейді,  -  деп  сөз

қарымын қайтарған екен.

Жігітектің ішінде Қожыкен деген көксау

шал дөңнің басында отырып өліпті. Сол кезде

осы Жігітектің ішіндегі Түлкібайлар: Қожыкенді

жерге  таласып  жүрген  Тоғалақтар  (Сары

апаңның руы) ұрып өлтірді, - деп қыздары дауыс


35

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ

2015  №1  (26)

айтыпты. Сары апаң сонда тағы да:

Қожыкен деген көксауың,

Кісіден өлгенге ұқсауын.

Апиын беріп өлтіріп

Екі  де  қардың  қақсауын,  -  деп  жауап

қайтарыпты. Тобықты ішіне сіңген ноғай Ысқақ

бай  Сары  апаңа,  мен  туралы  айтшы  дегенде

Сары апаң іркілместен:

Қазаннан келген пұшығым,

Қаңғырып келген күшігім.

Қаңғырғаның құт болып,

Түлкіден болды ішігің,

-депті.Сонда Ысқақ: - Апатай, ар жағын айтпай-

ақ қой, - деп, иығына түлкі ішігін жауыпты.

Ақындық өнері бір басына жететін Сары

апаңның өлең мұрасы бізге жетпеді. Әйтсе де

тамшыдай сөз тармақтарынан ол кісінің қандай

адам болғандығы байқалып-ақ тұр. "Күтсеңдер,

Сары  апаңды  күтіңдер",  -  деген  сөзді  Әуезов

эпопеяда  Құнанбай  аузына  тегіннен  тегін

салмаса керек [5,7].  Асыл сөздері кейінгі ұрпаққа

әлсін-әлсін жеткен дала аналары арысы Айпара

әжемізден  бастап  Зере,  Ұлжан,  Сары  апаң,

Тайбала,  Ботантай  аналарымыздың  Абайдай

ұланның  тәрбиесіндегі  орны  оқшау.  Соңғы

аталған Ботантай апамыз (Құдайбердінің әйелі,

Шәкәрім  қажының  әжесі)  өте  өжет,  тентек

мінезді, сөзге шешен адам болған. Құдайберді

дүниеден өткен соң бүкіл ауылының шаруасын

дөңгелетіп ұстап отырған ер мінезді, қайратты

адам болған.



 «...Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, Ата-

ананың қызынан ғапыл қалма» - Ділдә.

Абай дүниеге келерде дала бір ұлылыққа

толғатып  тұрғандай  болды  деген          Қабдеш

Жұмаділов сөзі тегін айтылмаса, Абай ғашық

болған, Абай сүйген сезім де дүниеге өзінше бір

жаңа  махаббат  лебін  әкелгендей  болды.

Ынтығына  қосыла  алмаған  бозбала  Абаймен

қосылып әркім бір назаланды, әркім бір күйінді,

әркім өзінше жүрек қылын шертті, өз Тоғжанын

қиял  әлемінде  тербетті.  Роман  эпопеяның

бойындағы  осынау  нәзік  сезім,  ата-ана

байламына  қарсы  шыға  алмаған  аласапыран

неше ұрпақтың жадында мызғымас орын тепті.

Қалың оқырман қазір тамсана оқып жүрген сол

кейіпкерлердің өзінің өмір сүруі неғайбыл заман

болғанын,  кейбіруінің  кітап  бетіндегі  өмірі

екіншісін  сақтау  үшін  еріксіз  аяусыздықпен

құрбан  болғанын,  кейінгі  толқын  тұрмақ  кей

әдебиетшілердің біле бермеуі  бек мүмкін. Тоғжан

туралы сәл кейін. Ал Абай-Тоғжан арасына ала

мысықтай болған, күндестік күлін қоздыратын,

томырық мінезді «ерте суынған» Ділдә жайлы

шолақ  қайырып  жүрген  жоқпыз  ба?

Алшынбайқызының  бейнесі тарихи таразыға

түсіп көрсін.

Абайдың  қайын  жұрты  Қазыбек-

Бекболат-Алшынбай- Жүсіп деп тармақталады.

Яғни  тұп-тура  Қаз  дауысты  Қазыбектің  елі

Абайға  қайын  жұрт,  әрі  жоғарыда  айттық  -

нағашы.    Қазыбек  бабамыздың  ұрпақтары

туралы Ақылбай Абайұлы былай дейді:

"Бекболат туып қалған сондай заттан,

Қамысқа қарғағаны - жауын атқан.

Төресі Орта Жүздің Абылайды

Тидің, деп қытығыма - сайдақтатқан.

Тіленші одан туып ел билеген,

Арғынға одан қорқып жау тимеген.

Бір өзі Орта Жүзге билік айтып,

Ұрыны залымменен нанша илеген.

Алшы-екем би атанған сары қасқа,

Бақ берген қазақ басын шайқамасқа.

Болсын десе болады аға сұлтан,

Еш адам билеген жоқ одан басқа.

Жүсіп те артық туған өзім атам,

Сөзім шын, ешбірінде жоқ бір қатам.

Атама өлеңімді сәлемге апар,

Бір тонға өлеңімді берсе, сатам.

  Сөйтсек,  шындық  жоғарыда  Ақылбай

Абайұлы  айтқан  "Төресі  Орта  Жүздің

Абылайды, Тидің деп титығыма сайдақтатқан"

деген  сөздермен  тікелей  байланысып  жатыр

екен. Оның мәнісі - Абылай хан да пенде ғой,

кейінде бір елге жағып, бір елді жығып, әділдік

тізгінін  бұра  артқан  кезі  болса  керек.  Сонда

Бекболат, бауыры Бөдене батыр Абылай ханға


36

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ

2015  №1  (26)

сес көрсетіп, Ерейменнің тауынан шығысқа қарай

аттатпай қойған. Кейінде Бекболаттың Тіленші

деген баласынан туатын атақты Алшынбай би

Қарқаралы  дуан  жаңа  ашылғанда  аға

сұлтандыққа  төре  емес,  қазақ  нәсілінен

Құнанбайды  тағайындатады.  "Қарадан  хан

болған  Құнанбай"  дейтініміз  сондықтан  [6,3].

Сол  көпке  мәлім  Алшынбайдың  Жүсіп  деген

баласының  қызы  Ділдә  апамыз  -  Абайдың

бәйбішесі. Ділдә мен Абайдың тойы, Абайдың

әуелі ұрын келуі, кейін қалыңдығын алуға келгені

туралы жазылған тұсында эпопеяда сұңғақтау,

сұлу емес, салқын қанды, дөрекі, сөзі тұрпайы

болып  суреттелетін  Ділдә  жайында  сыңаржақ

пікір айту орынсыз болар. Оған дәлел: Мұхтар

Әуезов  Ділдәмен  тілдескені  жөнінде  "Мен

Ленинград  университетінде  оқып  жүрген

кезімде, елге келгенде сұрайтынмын. Бірақ, ол

бәрін  айтпайтын,  тек  айтатыны:  "Біздің  ел

(қаракесектер)  Тобықтыдан  мәдениетті  және

күшті  болған  соң,  Абайды  менсінбеген  едім,

алғашқыда" деуші еді" [6,3].  Абай алғаш ұрын

келгендегі Ділдә мінезінің сырын осы жайдан

ұқса  жетеді.  Сахараның  саңлақ  биі  әрі  батыр

Құнанбай  да  құда  болам  деп  әркімге  бостан-

босқа ұрынбайды ғой. «М.Әуезов ХХ ғасырдың

50-жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің

студенттеріне  оқыған  бір  дәрісінде  (Сәкен

Жүнісовтің  жазбаларынан)  былай  депті:

"Құнанбай  балаларына  Тобықты  ішінде  бай-

билердің қызын ғана әперіп қоймайды, ол неше

түрлі  саясат,  есеппен,  тіпті  ауыл  сыртындағы

елдердің  қыздарын  да  әпереді.  Бірі  -  жер

мәселесімен,  бірі  -  әкімшілік  мәселесімен

байланысты болып жатады. Осы құдалық, осы

айттыру  Абайдың  басына  да  тап  болып,

Алшынбайдың (Арғын, арғын ішінде Қаракесек)

баласы Жүсіптің қызы Ділдәға үйленеді. Ділдә

қартайып,  өлген"  [6,5].    Жүсіптің  қызы  Ділдә

апамыз  да  айбарына  ақылы  сай,  аймаққа

абыройлы  бәйбіше  болған.  Бидің  немересі,

байдың  қызы  деп  кеңес  заманында  бағасы

төмендеген.  Иә,  Ділдә  ананың  бағасы  аяусыз

төмендетілді. Бұрмаланды. Неге деген сұраққа

Тұрсын  Жұртбай  былай  жауап  қатады:    «Бұл

туралы  байқасаң,«Абай  жолы»  романының

тағдыры  өте  күрделі  болды.  Мұншалықты

талқыға  түсіп,  әр  сөзі,  әр  сөйлемі  аңдылып,

талданып,  сөйлемдерден  астар  іздеген,  қатты

бақылауға алынған шығарма қазақ әдебиетінде

болған емес. Ол кезде социалистік реализмнің

үш  түрлі  талабы  болды:  таптық  сипат,

партиялық принцип және социалистік мазмұн.

Соның ішінде интернационалдық және «орыс

халқы  қазақ  халқының  рухани  асыраушысы»

деген қағида тағы бар. Міне, осы тұрғыда роман

үлкен талқыға түсті. Романның бірінші кітабында

Абайдың сүйікті жары ретінде Ділдә көрсетілген.

Керісінше Әйгерім жағымсыз образ санатында

көрсетілуі  тиіс  болатын.  Осыған  байланысты

«Әйгерім-кедейдің қызы. Ол жағымсыз болмауы

керек»  деген айтыс басталады. Осы мәселені

Әлжаппар Әбішев басты талап етіп қояды. Яғни

«Абайдың  махаббаты  кедейдің  қызы  Әйгерім

болуы  керек.  Оны  шын  сүйіп  үйленген  жары

етіп жазса Абайдың демократтығы ашылады»

деп романдағы кейіпкерлерді сол кездегі таптық

принцип  заңдарына  мәжбүрлі  түрде

сәйкестеген.  Егер де Әйгерім жағымсыз образ

болып  көрінетін  болса,  онда  «Абай  жолы»

романының  алдағы  уақытта  жариялануына

тосқауыл қойылатын еді» [11,7], - деген сөздері

Мұқаңның роман тағдырын сақтауға кейіпкер

тағдырын  құрбан  ету  арқылы  барғанын

дәлелдейді. Иә, кітапта асығы алшы түспеген

Ділдә Алшынбайқызының шынайы өмірі қалай

өрілді?


Ділдә туралы Абайдың шөбересі Ищағы

Жағыпарқызы  былай  деп  естелік  қалдырған:

«...Абайдың Ділдәға үйленген кезі 1860 жылдар.

Ділдә  1824  жылы  қайтыс  болған  деп

Қ.Мұхамедханов дәлелдейді.  Ақылбайдың ұлы

Срайылдың (1885-1959) әйелі Тұрар жеңгеміз «

1926 жылы Саржан деген ұлымыз туғанда әжем

(Ділдә) өлді»,-деген еді. Мен де Ділдә әжемді

көрдім. Тұрар жеңгемнің айтқаны дұрыс. Әжем

мені  «Сары  қызым»  дейтін.  Ол  кісінің  бейіті

Тышқан-Аралтөбе  деген  жерде.  Мағауияның

тұңғыш қызы Уәсила апам: «Апам (Ділдә) жай

сөйлейтін,  өте  сабырлы,  түсі  аққұбаша,  қыр

мұрынды, көзі үлкен, сұлу өңді еді.Үйінде жұмыс

істеп жүрген адамдарды ренжітпей, бауырына

тартып  отырушы  еді.  Мен  осы  апамның

бауырынды өстім»,-дейтін [12,104]. Ділдә әжені

көрген  ұрпағы  осылай  сыр  шертсе,  Бекен

Исабаевтай көнекөз қарттар ескіден былай деп


37

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ

2015  №1  (26)

сөз қозғайды: «Біз 1920 жылдар басында Тобықты

елінде талас-тартыстар қатты өршіді дейміз. Тап

тартысының,  иә  рушылдық  тартыстың  өршуі

дейсіз  бе,  өзіңіз  біліңіз.  Әйтеуір,  сол  тартыс

зардабының  осы  атырапқа,  Абай  артына

соққаны анық. Тартыста жер мұрасын даулап,

Абай артына ие Тұрағұл Құнанбаев бастағанын,

қанша  ауыр  болсын,  айтпасымызға  жол  жоқ.

Оны аттап өтпей бұл қоныстың кейінгі баяны

ашылмақшы  емес.  Тұрағұл  әйелі  балаларына

шұрайлы  қоныс  тимегенін,  бәйбіше  (Ділдә)

балалары  жердің  сауырысына  ие  болып

отырғанын  жарияға  шығарып,  мұра  даулауға

кіріседі. Ақыры дау Шәкәрімнің билік айтуымен

тынады. Бұл шақта Ділдә бәйбіше немерелерінің

сөз  ұстары  Әлімқұл  өлген.  Әубәкір,  Шәбеп

дүниәуи істен қаперсіз адамдар.

Кәкітай дүние салғанына жеті жылға жуық

уақыт өткен. Шәкәрімнің билігі қазақтың ежелгі

мұра заңына сүйеніп айтылады. Жердің бірінші

таңдауы бәйбіше, Жүсіпқызы Алшынбай Ділдә

балаларына  берілген.  Оған  бәйбіше  балалары

қара шаңырақ Оспан үйі отырған Жидебайды,

екінші таңдауда Әйгерім балалары Ділдә отырған

Аралтөбеге  көшіп,  Тұрағұл  кіші  Ақшоқыны

иеленбек болады. Әйгерімнің 1919 жылы дүние

салғанын ескеріңіз.

Ділдә  қолында,  бәйбішенің  жұмсауында

жүретін  Өскенбайдың  інісі  Мырзатай  ұрпағы

Қарабекұлы Мұқаш мынаны айтқан еді. Мұқаш

1969  жылы  желтоқсанның  20-25  күндерінің

бірінде  Қасқабұлақта  76  жасында  дүние  сап

жерленді.

Ділдә  бәйбіше,  Мағауия  үйі  Дәмегөй

бәйбіше бар бауырға Аралтөбеге көшпекші кез.

Ділдә болыс Тұрағұлды шақыртты. Тұраш үлкен

Ақшоқыға келген екен. Шақыра барған мен едім.

Бәйбішенің үстіне Тұраш кіріп, сәлемдесіп, Ділдә

апай:


-Әй,  Тұраш,  мені  өз  қолыңа  ал!  Мен

көшпей өз қолыңда қалайын!-деді. Тұраш: Анам-

ай, анам-ай, ол не дегенің? Біреу ренжітті ме? –

деп еді. Ділдә: - Жоқ, Тұраш! Сөйт,қарағым!-деп

зекіп даусы қатаң шықты. Тұрағұл бәйбішенің

аяғын құшақтай жата кетіп, жылап жіберді.

 – Анам-ай, анам-ай! Ақ сүтіңді еміп едім.

Сонда да кімнен туғанымды білемін ғой. Менің

отқа  түскенім  аз  ба  еді.  Бұл  не  қылғаның?

Аясаңшы  мені  -  деп  жылап  отырды.  Ділдә

бәйбіше  отырып-отырып,  жылап  отырған

Тұраштың кетуіне рұқсат етті. Тұрағұлды бәйбіше

бауырына салып өсірген ғой [10,299-300]. Міне,

қызық  эпопеяда  оқырманға  жаға  қоймай,  жас

отауға от сала жүгіретін Ділдә анамыз ба бұл?

Ары  қарай  оқиық:  «Бұдан  ауылымыз  Кіші

Ақшоқыны тастап, бауырға Аралтөбеге көшті»

деді  Мұқаш.  Тұрағұлды  Ділдәнің  бауырына

салып өсіргенін, Мәкен анамыз өзінің Абайды

«әке»,  Тұрағұлды  «аға»  дейтінін  айтқан  еді

[10,300 ]. Тарих осылай баян етеді. Шежіреші қарт

Ділдә  мен  Әйгерім  арасындағы  сыйластық

жібінің үзілмегенін тілге тиек етіп, әрмен қарай

былай әңгімелеген: «Иә, Ділдә ананың өмір соңы

мұң мен қам-қапада өткен. Аралтөбе елден шет,

жатақ    іспеттес.  Абай,  Мағауия  заманын

айтпағанда, мұндағыға қарағанда Ақшоқы-хан

базар ортасы. Бәйбіше күні немереге түскен. Киімі

жыртық, тамағы аш болмаса да көңілі ойсыраған

өкінішке,  мұңға  толған.  Сондықтан  да,  ұлы

аналық  Ділдә  өлер  жылы  (1924)  жайлауға

Аралтөбеден  көшерде,  Әйгерім  зиратына  кеп

Әйгерімге: «Әй, тоқал сенің Аллаға тілегің менен

гөрі бір табан жақын еді. Мені енді жүргізбей

қасыңа ал!» деп сөз арнаған екен. Ділдәға арнайы

зират  тұрғызбай,  Әйгерім  қасына  қоюға  да

бәйбішенің осы өзі себеп болған [10, 300 ]. Бұл

Әйгерімнің бірінші баласы Тұрағұлды бауырына

салып, ақ сүт берген, өмірінің соңында екеуінің

қатар  қойылуын  қалаған  ананың  шын  өмірде

күндестік деген бәледен бойы аулақ болғандығын

көрсетпей  ме?  Осы  орайда  ұлы  шығарманың

тарихи шындығы мен көркемдік шындығын жан-

жақты  саралап  жүрген  Тұрсын  Жұртбайдың

мына  бір  ой  оралымдары  еске  түседі:  «Менің

дәріс оқығанда шәкірттеріме айтатын ең бірінші

сөзім,  Мұхтар  Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман

эпопеясында бір де бір сөйлем тарихи немесе

өмірлік шындықты бейнелемейді, ол Абайдың

тарихи өмірмен сәйкес келмейді. Мұнда өмірлік

шындық  жоқ,  алайда  роман  эпопеяда  Абай

образы  туралы  бір  де  бір  жол,  бір  сөйлемде

жалғандық жоқ, онда үлкен көркемдік шындық

бар.  Егер  Абайдың  туғанынан  бастап,  көз

жұмғанына дейінгі өмірін тізіп шығатын болса,

онда «Абай» романын, «Абай жолы» кітабын кім

оқыр  еді,  ішің  пысып  кетер  еді.  Көркемдік


38

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет