Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата10.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1584
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

2015  №1  (26)

51

бір  ойды  жеткізу  міндетінде  жұмсалып  тұр.

Көркем  шығармадағы  символ  тәсілі  мен

символдық  ағым  ойды  көркемдеп,  бейнелеп

жеткізуде  ерекше  маңызды  орынға  ие.  Жан-

дүние  иірімдерін  бейнелеуде  жетекші  орын

алатын  лирикалық  поэзияда  көне  мифтік

танымдардың  көркемдік  қызметте  жұмсалуы

миф  пен  поэзия  арасындағы  байланыстың

бірегей дәлелі.

Қазақ 

әдебиеттануында 



Мағжан

поэзиясындағы символизм туралы айтылғанмен,

зерттеушілер  назарынан  акмеизмге  тән

сипаттардың да ақын поэзиясынан көрінетіндігі

назардан  тыс  қала  берген.  Бұл  ағым

ұстанымдары да орыс поэзиясының көркемдік

деңгейіне елеулі ықпал еткенін еске ала отырып,

батыс  әдебиетінің  даму  қарқынынан  ұлттық

поэзиямызды  қалдырғысы  келмеген,  қазақ

өлеңінің зор мүмкіндігін көрсетпекке ұмтылған

эстет  ақын  Мағжанның  бұл  тарапта  да

эксперимент жасауы уақыт талабынан туындады

деуге болады.

Акмеистер  позиясындағы  бейнелеу

тәсілдері,  өмір  шындығын  көркемдік  әлемде

мүсіндеу жолдары Мағжан өлеңдерінде ұлттық

танымымызбен  тамырласып,  ерекше  сипат

түзді.  Ш.Елеукенов  айтқандай,  «Мағжан

өлеңдеріндегі  көп  жаңалықтардың  бірі  –

ақынның қазақ поэзиясына тың мифологиялық

бейнелерді енгізуі» [5;206] болса,  бұл тарапта

да  тек  символистік  қана  емес,  акмеистік

ұстанымдар  да  ақын  ізденісіне  негіз  болды.

Мифопоэтикалық  пайымдаулар  арқылы  ойды

бейнелеу,  көркемдік  шындықты  таныту

Н.Гумилев, О.Мандельштам, А.Ахматова сияқты

орыстың көрнекті ақындарына тән тәсіл десек,

қазақтың  біртуар  ақыны  Мағжан  Жұмабаев

өлеңдерінде  де  қайталанбас  поэтикалық

пішіндер туындады. «Іңірде» өлеңіндегі ене мен

келін  қарым-қатынасы,  іңірдің  суреті,  жалпы

поэзиясындағы  дала  бейнесі,  өткен  күн  мен

бүгінгі күн суреті осыған мысал. Н.Гумилевтің

«Әзәзіл»,  «Әзәзілге  ғашық  қыз»,  «Жираф»,

«Леонард» сияқты акмеистік сарындағы өлеңдері

және  олардағы  поэтикалық  пайымдар

М.Жұмабаевтың  «Жазғы  жолда»,  «Қысқы

жолда»  өлеңдерімен  үндес. Бұл  үндестікті  екі

ақынның өздері ғұмыр кешкен уақыттағы саяси-

әлеуметтік өзгерістерге көзқарастары мен жалпы

дүниетанымдық  ұқсастықтарынан  деп

тұжырымдаған  жөн.  Бұл  турасында  академик

ғалым  С.Қирабаевтың:  «Дала  желі  оған  үнемі

өлім  үнін  әкелді,  ақ  селеулі  қыры  мен  қысқы

даласы оған кебінге оранған бейнеде елестеді.

Мағжанның  бұл  саладағы  ізденістерінде

орыстың  декадент,  символист  ақындарының

сарыны  барлығы  да  жасырын  емес»[10,  113]

деген  пікірі  сөзімізді  бекіте  түседі.  Академик

Р.Нұрғали айтқандай: «қазақ лирикасында үлкен

көркемдік  жаңалық  ашып,  соны  әсемдік

арналарды  негіздеп,  әсіресе,  Еуропа,  орыс

әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық

топыраққа  батыл  да  еркін  ендірген»[11,102]

Мағжанның  шығармашылық  мұрасындағы

«символдық,  мистикалық,  фантастикалық

сарындарға бой алдыратын аса күрделі өлеңдер»

[11,101]  өзінің  мифопоэтикалық  құрылымына

түрлі  ағымдық,  стильдік  ерекшеліктерді

жинақтаған.

Романтизмнің  озық  ізденістері  мен

модернизмнің тың бейнелеулерін өз поэзиясына

сіңіре білген Мағжан Жұмабаев қазақ өлеңінің

өрісін кеңейтіп, жаңа белеске көтерді. Поэзиядағы

мифопоэтикалық  мәтіндердің  көркемдік,

эстетикалық  қызметінің  сан  алуандығына

Мағжан  поэзиясынан  көптеп  мысалдар

табылады. Мағжанның осы көркемдік дәстүрі

поэзияның  кейінгі  даму  үдерісінде  заңды

жалғасын тапты.



Әдебиет

1.Большая  литературная  энциклопедия.

Сост. Красковский В.Е.и др. – М., 2006. – 848 с.

2.Гаспаров  М.Л.  Поэтика  «серебряного

века». // Избранные статьи. – М., 1995. – 400с.

3.Гуковский  Г.А.Пушкин  и  проблемы

реалистического стиля. – М., 1957. – 342 с.

4.Хансе-Лёве  А.  Русский  символизм:

Система  поэтических  мотивов.  Ранний

символизм. – СПб, 1997 – 457 с.

5.Елеукенов Ш. Мағжан. – Алматы: Санат,

1995. – 384 б.

6.Қанарбаева  Б.  Мағжан  символист.  –

Алматы: Экономика, 2007. – 288 б.

7.Яковлев  Е.Г.  Эстетика.  Москва:

«Гардарики». 2004. – 464 с.



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2015  №1  (26)

52

8.Чернышевский  Н.Г.  Өнердің  болмысқа

эстетикалық  қатынасы.  //  Р.Нұрғали.  Әдебиет

теориясы.  Нұсқалық. Астана: «Фолиант», 2003.

– 344 б. 28-29 бб.

9.Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. –

Астана: Фолиант, 2002. – 408 б.

10.Қирабаев  С.  Ұлт  тәуелсіздігі  және

әдебиет. – 178-320 бб. // Көп томдық шығармалар

жинағы. Т.5. Алматы: Қазығұрт, 2007. – 464 б.

11.Нұрғали  Р.  Қазақ  әдебиетінің  алтын

ғасыры. – Астана: Күлтегін, 2002. – 528 б.



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2015  №1  (26)

Resume

Резюме

Статья посвящена  художественным особенностям поэзии начала  ХХ века,  в том числе о

влиянии   мифопоэтических текстов на развитие казахской поэзии.

The  article  is  devoted  to  the  poetry  of  the  beginning  of  the  twentieth  century  and  features  of

mythopoetic.

53

ӘОЖ  821.512.122



Б.САРБАСОВ, филология ғылымдарының кандидаты,

қауымдастырылған профессор м.а.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

ОРАЛХАН БӨКЕЕВ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ АДАМ МЕН ТАБИҒАТ ҚАТЫНАСЫ

Оралхан Бөкеев өмірдің әр қилы жайларын

оқушысына  толық  жеткізіп,  оларды  үлкен

толғанысқа апарып, өмірдегі шындықты бүкпесіз

сол  күйінде,  көркем  образдар  арқылы  беруге

әбден шеберленген қаламгер.

«Әдебиетші - халықтың көзі мен құлағы,

үні», - дейді М.Горкий. Ол өз халқының көңіл-

күйін,  тілегін  қамын,  үмітін,  құштарлығын,

мүддесі  мен  мінін,  қасиетін  қабылдайды,

қалыптастырады, суреттейді» [1,163], - дейді.

Шынын  да,  әрбір  қаламгер  әдебиетке

келген соң, өз шығармашылығымен өмірге үн

қосады,  үн  қосқанда  да  өз  халқының  мақсат-

мүддесіне сай үн қосады.

Сондай-ақ  Оралхан  Бөкеев  де  қазақ

әдебиетінде  алпысыншы  жылдардың  орта

тұсынан  келіп  қосылған,  қазіргі  прозамыздың

талантты  белгілі  өкілі  болды.  Өзінің  көп

ізденгіштігі, тынымсыз білімін көтеріп, өмірді

зерттеушілігі арқасында ол шеберлігі, стилі әбден

қалыптасқан, жан-жақты толысқан,    ақыл-ойы

кемелденген  қазақ  әдебиетіндегі  көрнекті

прозашыға  айналды.  Әсіресе,  Оралхан  қазақ

прозасының  шағын  жанры  болған  әңгіменің

өркендеуіне  өзіндік  үлесін  қосқан  майталман

қаламгер.

Жазушының  «Мұзтау»,  «Сайтан  көпір»,

«Қар  қызы»,  «Атау-кере»,  «Құм  мінезі»

повестеріңде  табиғат  пен  адам  арасындағы

қарым-қатынас әр түрлі  жағдайға байланысты

сан қырлы оқиға желісі арқылы қарастырылады.

Оралхан  Бөкеевтің  суреткерлік  әлемінің  бір

ерекшелігі: жазушыны толғандыратын мәселелер

– «мәңгілік мәселелер» екендігін, бірақ ол сол

мәселелердің  себебін  өзіндік  дүниетаным

тұрғысынан  шешуге  ұмтылатыны  бірден

байқалады. 

Жазушының 

алғашқы


шығармаларының  бірі  –  «Мұзтау»  повесінен

(1974) бастап соңғы кезде жарық көрген «Атау-

кере»  повесіне  (1989)  дейінгі  аралықтағы

шығармаларындағы кейіпкерлер «адам орманда»

адасқан жандар немесе сол «орман» қиындығын

жеңгісі  келіп,  жол  іздеген  пенделер.  Жазушы

адамдар  арасыңдағы  теңсіздіктің  себебін,

олардың бір-бірімен қоршаған ортамен қарым-

қатынасы арқылы тіршілік философиясын өзінің

де түсінгісі және өзгеге де түсіндіргісі келеді.

«Қалай өмір сүру керек?» - деген сұраққа жауап

беруге тырысқан суреткер қоғамдағы теңсіздіктің

бір себебін табиғаттың өзінен іздейді.

Оралхан Бөкеев адамның жалпы өмірдегі

орнына ерекше көңіл бөледі. Адамдардың бір

бөлігі  өзінің  өміріңдегі  орнын,  дүниеге  келу

мақсатын түсінбесе, ал екінші бір бөлігі сол өмірде

де,  табиғат  аясында  да  үстемдікке  ұмтылады.

Жазушының  «Құм  мінезі»  повесінде  осы

айтылған  жіктің  бірінші  тобына  жататын

Барханның тағдыры суреттеледі. Автор Бархан

сияқты  өз  ісіне  адал,  шаруасын  тиянақты

атқаратын,  атақ-құрметке,  алдамшы  бақытқа

ұмтылмайтын  адамдарды  бейнелей  отырып,

олар тіпті, өзінін басқалардан айырмашылығы

Автор жазушы О.Бөкеевтің повестеріндегі адам мен табиғат қарым-қатынасы мәселелерін

көтереді. Адам өміріндегі жағдайларды табиғат құбылыстарымен байланыстырудағы қаламгер

шеберлігіне тоқталады.

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2015  №1  (26)

Тірек сөздер: адам, табиғат, Оралхан Бөкеев шығармалары, суреткерлік шеберлік.


54

неде  екенін  түсінбейді  және  ол  туралы

ойланбайды  деген  емеурін  білдіреді.  Бархан

жұртқа  байқалмайтын  қарапайым  адам.  Бірақ

құм арасында оның өз әлемі бар, ол соның бір

бөлшегі. Бархан өзі жасаған осы бір бұйығы «кіші

әлем»  -  «құм  боранның»  нәтижесінде  ғана

жанданып  сала  береді.  Жазушы  табиғатты

«долдандыру»  арқылы  Барханның  рухани

сілкінуін көрсетіп қана қоймайды, оның санасын

оятады.  Осындай  табиғатпен  шендестірілетін

психологиялық  әдіс,  әрине,  жаңалық  емес,  ол

пейзажды  психологиялық  одақтас  ретінде

пайдаланатын  әрбір  жазушыға  тән  нәрсе.  Ал

Оралхан  Бөкеевтің  Барханды  аспанға,

жұлдыздарға, ұшқан самолеттерге қарап, ойлана

отырып  өзінін  шексіз  әлемнің  бір  бөлшегі

екеңдігін  сезініп,  жеке  тұлға  ретінде  сол

қоғамдағы тәртіпке, әділетсіздікке қарсы мінез

көрсетеді. Егер Ақтан («Мұзтау») әділетсіздіктен,

теңсіздіктен  қашып,  табиғат  аясына  барса,  ал

Бархан,  керісінше,  сол  әділетсіздікті  басынан

кешіріп жатқан адам.

Жазушы «Сайтан көпір» және «Қар қызы»

повестерінде: «Қалай өмір сүру керек?» - деген

мәңгілік  сұрақты  қозғайды.  «Сайтан  көпір»

повесінде  өмір  сүру  қорқыныш  мәселесімен

тығыз  байланыста  қаралады.  Асып-тасқан

адамды  тәубеге  түсірер  қорқыныш  деген  ой

алғашқы  шығармаларында  да  болғанымен

(Ақтанның үңгірге түскеңдегі бастан кешкендері),

осы шығармада ол жан-жақты қаралады. Табиғат

пен адам қарым-қатынасына, ауыл тақырыбына

жазып жүрген қазақ жазушыларының арасынан

Оралхан  Бөкеев  өзінің  «ішкі  тақырыбымен»

немесе негізгі тақырыбымен ерекшеленеді. Ол

адамның қоршаған ортадағы орны, оның өмір

сүрудегі философиялық мәселелерімен қатар адам

мен  табиғат  қарым-қатынасы  мәселелерін  де

шығармаларына арқау етіп келеді. Белгілі сыншы,

ғалым  Серік  Қирабаев  Оралхан  Бөкеев

шығармалары  туралы  былай  деп  жазады:

«Адамды  ардақтау,  оның  ұлылығын  жырлау,

жалпы  алғанда,  Оралхан  повестерінің  негізгі

тақырыбы десе де болады» [2, 69].  Жазушының

«ішкі 


тақырыбының» 

идеясы 


Абай

философиясымен үндес.

Жазушы шығармалары ішкі тақырып пен

идея  жүзеге  асатындай  сюжетке  құрылады.

Шығармалар  сюжетті  оқиғалармен  ғана

ассоциацияланбайды, сонымен бірге кейіпкерді

қоршаған ортаның психологиялық өрістеуіне де

байланысты.

Сюжеттер  көп  жағдайда  кейіпкерлерге

алдын ала мінездемесіз құрылып, кейіпкерлердің

ішкі әлемі өзіндік талдау немесе іс-әрекеті арқылы

ашылып  отырады.  Мысалы,  «Қар  қызы»

повесіндегі сюжет жас жігіттердің шөп әкелу үшін

жолға шығуына құрылған. Болмаса,  «Атау-кере»

повесін  алайық.  Оқиға  екі  сынаптастың

кездесуіне  құрылған.  Жазушы  оларды  бірден

таныстырмайды, оқиға біртіндеп дами түседі.

Оралхан  шығармаларының  оқиғасы  көп

жағдайда  екі  жүйелі  болып  келеді.  Оған

жазушының «Мұзтау», «Қар қызы», «Атау-кере»

повестері  мысал  бола алады.  «Мұзтау»  повесі

Ақтан  іс-әрекетімен,  Шыңғыс  хан  туралы

аңыздан,  «Қар  қызы»  повесі  үш  жігіттің

Айыртауға барар жолдағы оқиғаларынан және

Қар қызы туралы, аңыздан құралса, «Атау-кере»

қазіргі  және  30-жылдардағы  оқиғалардан

тұрады.  Сюжеттің  бұлай  құрылуы  стильге  де

әсер етеді.

Жеке жазушының стиліндегі ерекшелікті

оның  замандастарымен  салыстыру  арқылы

анықтауға  болады.  Ал  енді  Оралхан,  стилінін

ерекшелігіне келетін болсақ, оның тіл көркемдігі

мен  сөз  сұлулығы  кейбір  замандастарына  тән

патетикадан,  декларативтіліктен  және  жалаң

баяңдаудан таза екендігі.

Суреткер шығармаларының сөз құрамын

шартты түрде үшке бөлуге болады: автор сөзі,

кейіпкерлер сөзі және автор сөзі мен кейіпкер

сөзінің  қосындысы,  яғни,  автор  сөзінің

кейіпкерлер ойланғандағы көрінісі. Қазіргі кезде

әдебиеттегі байқала бастаған тенденциялардың

бірі  -  автор  сөзінің  кейіпкер  сөзін  ығыстыра

бастауы.  Біз  бұны  Оралхан  Бөкеев

шығармаларынан да байқаймыз. Оларда автор

сөзі бірнеше стильдік ағымдарды, денгейлерді

қамтиды. Шығармаларда автордың ой қорыту

сентенциясы,  аумақты  тарихи  шолуы  және

күнделікті  өмірде  байқағандары  біріге  келіп

шығарма  стиліне  әсер  етеді.  Оралхан  Бөкеев

шығармаларындағы автор сөзінің бір ерекшелігі

- оның философиялық және публицистикалық

сипатының  басымдығы.  Әсіресе,  адам  мен



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2015  №1  (26)

55

табиғаттың қарым-қатынасы және олардың рөлі

туралы жазылған автор сөзі осыған нақты мысал

бола алады.

Ал  жазушының  тіл  өнерін  жақсы

меңгергенін,  шығармалары  образды  тілге,

бейнелі  суретке  бай  екендігін  сыншылардың

көпшілігі  мойындаған.  Жазушының  негізгі

тақырыбын  терең  игергендігі  мен  шеберлігін

оның шығармаларыңдағы кейбір автор сөзінің

қанатты  сөздерге  айналуынан  да  байқауға

болады. Мысалы, «Ағаш бір-ақ рет құлайды»,

«Сыбырласар  сырласың,  еркелетер  елің

болғанға  не  жетсін»,  «Ұлттың  азуын  ұлынан

көр»,  «Адам  баласын  ой  емес,  ойсыздық

құртады» және т.б. [3, 53].

Оралхан  Бөкеев  өзінің  табиғат  туралы

концепциясын  адамның  іс-әрекетімен  аша

түседі.  Оның  шығармаларыңдағы  «адам

табиғаттағы артық нәрсе». Адам кей жағдайда

жалпы тіршіліктегі біріншілікке ұмтыла отырып,

өзіне де, өзгелерге де зиянын тигізеді. Ол өзіне

дейінгі  қалыптасқан  дүниені  өзгертуге

тырысады, бірақ ол оңай шаруа емес. Сондықтан

адамға  дүние  өзін  бағындырып  отырғандай

көрініп, сол себепті осы қиындықты айналып

өтетін жол іздей бастайды. Бірақ бұл жол көзге

бірден  көріне  қоймайды.  Оралхан  Бөкеев

табиғатты  ақылды,  әділетті,  бірақ  адаммен

қарама-қайшылықты  дамыған  деп  суреттейді.

Табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адамның

табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес.

Автор  адамды  табиғаттың  өгей

баласындай суреттейді: «Адамнан өткен қаскөй

не  бар  екен  бұл  жалғанда:  ендеше,  табиғатқа

біздерден өгей ештеңе де жоқ, ештеңе де, тек екі

аяқтылар ғана артық, сол керексіздігімізді жасқана

жасырамыз, жанталаса қорғаймыз. Өгейлігімізді

білдірмес үшін арпалысып мұқым жер-жаһан,

ұшқан  құс,  жүгірген  аңға  өктемдігімізді

жүргіземіз. Адам баласы жаратылыстан бәрін-

бәрін алып, тауысуға айналды, ал өзіміз не бердік

сол  табиғатқа.  Түк  те  берген  жоқпыз.  Адам

баласы  жаратылыстың  астын  тындап,  үстін

шындап зерделеп, танып білді, тек қана өздерін

өзі  зерттеп,  дөп  басып,  тани  алмай  жүр».

Табиғатта бар нәрсенің бәрі гармониялық даму

үшін жаратылған. «Аспан жер үшін, жер су үшін,

су  жан-жануар,  құрт-құмырысқа  үшін,  тіпті,

тоғай  екеш  тоғай  да  бармақтай  торғай  үшін

жаратылған.  Бірінсіз  екіншісінін  тіршілігі

тоқталады. Автор табиғат адамсыз тіршілік құра

алады,  ал  адам  табиғаттан  тысқары  өмір  сүре

алмайтыны  рас  болса,  неге  ғана  мына  қар

астыңдағы қара жер, анау жұлдызды аспан адам

баласына табыну керек» дейді [4, 163].

Автор адамды тәубеге келтірер бірден-бір

нәрсе табиғат қаталдығы деп түсінеді. Табиғат

қаталдығы  Оралхан  Бөкеев  шығармаларында

сюжеттік  маңызға  ие.  Табиғат  оқиға  желісіне

араласып отырады. «Сайтан көпір» және «Қар

қызы»  повестерінде  кейіпкерлерді  дедектетіп

оқиғадан оқиғаға қуып отыратын күш - табиғат

қаталдығы.  Табиғаттың  алай-дүлей  мінезімен

бетпе-бет  «Қар  қызы»  повесінде  шөп  әкелуге

шығып, жолдан адасқан, суыққа тоңған үшеуінің

де  адамгершілік  бет-бейнесі  осы  сипатта

айқындала 

түскендей. 

Бақытжанның

жолдастарынан  тығылып  құрт  жеуі,  ал

Аманжанның еліре бастауы осыған нақты мысал

бола алады. Жазушы ойынша, табиғат қаталдығы

қажет нәрсе. Ол Алтай жайлауына барар жолға

бетоннан  құйылып  жасалатын  көпірге  қарсы.

Себебі, ол енді «Сайтан көпір» бола алмайды,

бірде-бір  адам  қорықпай,  қарқ-қарқ  күліп  өте

шығады  да,  Алтай  жайлауынан  қадір-қасиет

кетеді. Адамдар бойынан қатерден сескену сезімі

жоғалып, мүлдем құрып бітіп, есінетер ессіздік

үстемдік алады.

Табиғат  пен  адам  қарым-қатынасына

арналған  шығармалардағы  кейіпкерлерді

табиғатқа  деген  позициясына  қарай

«ойлампаздар», «жасампаздар», «жыртқыштар»

деп  типке  бөлуге  болады.  Оралхан  Бөкеев

повестеріндегі  кейіпкерлерді  типтік  жағынан

«ойлампаздар»  қатарына  жатқызуға  болады.

Олар  табиғатты  қорғауға  белсене  араласып

жүрген  адамдар  емес.  Ақтан,  Бархан  сияқты

кейіпкерлер  табиғат-ананың  тәй-тәй  баспаған

нәрестелері  сияқты.  Қоғамдық  қарама-

қайшылықтан тыс өмір сүруге ұмтылған олар

үшін, ең бастысы, табиғатпен бірге болу. Ата-

анасынан  алшақтап,  балалар  ортасына  баруға

қорыққан жас сәби тәрізді кейіпкерлер. Автор

кейіпкерлерін  қарама-қайшылықта  суреттей

отырып,  өзі  де  қарама-қайшылықтан  шыға

алмаған.  Ақтанның  он  кластан  артық

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2015  №1  (26)


56

оқымауының өзі жақсылыққа баланса, жоғары

білімді  кейіпкерлердің  бәрі  арақ  ішіп,

маскүнемдікке  салынған  жандар  есебінде

суреттеледі. Оралхан Бөкеев шығармаларында

өмір сүру мәселесіне байланысты екі тенденция

бар. Бірі - табиғатпен бірге, адамдар қоғамынан

тыс өмір сүру. Екіншісі - табиғатқа қамқор бола

отырып, адамдар қоғамында өмір сүру. Оралхан

Бөкеев шығармаларындағы басты кейіпкерлер

(Ақтан,  Ерік,  Қоңқай,  аңшы  шал)  адамдар

ортасынан шалғай, табиғат аясында өмір сүруді

мақсат тұтқандарымен, олардың өзі бір-біріне

ұқсамайтын әр түрлі мінез-құлықтағы бейнелер.

Ақтан («Мұзтау») туған ауылынан көшкісі келмей

жалғыз өмір сүрсе, Ерік («Атау-кере»),  Қоңқай

(«Қар қызы») тек бас пайдалары үшін жүрген

адамдар.  Автор  табиғатта,  онымен  біте

қайнасып өмір сүруді бірден-бір дұрыс жол деп

тапқанымен, адамдар ортасынан бөлек тіршілік

ету де өз ізін қалдыратынына сенеді. Оралхан

Бөкеевтің кейіпкерлері «кейде ақымақ болса да

адамдарды, көрсоқыр болса да көрші-қолаңды

сағынады».  Себебі,  «саяқ  тартып  жүре  берген

адам Қонқайға, соларға ұқсағандарға айналып

кетеді».


Қазіргі жазушылардың көпшілігінде пейзаж

қысқа  беріледі.  Бірақ  объективті  себептерге

байланысты кейбір жазушылар кең көлемдегі,

панорамалық сипаттамалар жасайды. Оралхан

Бөкеев  те  солардың    бірі.      Оның

шығармаларындағы    табиғат    әлемі

пейзаждармен толыға отырып, автордың ойын

аша түседі. Жоғарыда айтқанымыздай, табиғат

қаталдығы  Оралхан  Бөкеев  шығармаларында

сюжеттік  маңызға  ие.  Табиғат  күшін  жазушы

пейзажбен толықтырады. «Айнала аппақ қар, ақ

түтек боран, сендей сірестіріп қасаттап тастаған

ақсіреу  кіреуке;  қарасаң  көз  қарықтыратын

шаңқан бел-белестер әлдеқайда алысқа бірін-бірі

қуа  жарысады;  ербең  етер  тіршіліксіз  салқын

бедірейген қарлы адырлар ұлы өмір шуылынан

бейхабар  -  айқара  жамылған  ақшағи  көрпесін

бұйыға бүркенеді; табиғаттың күні кешелер ғана

маздаған тіршілігіне мекен-жай болған жазира

жоталар өлім тыныштығына бой алдырған да,

дүниенің  бар  қызығынан  әбден  жалыққан

құмарпаз адамның жалқы сәт талықсып кетерін

еске  салғандай  болады;  күн  таласа  шыққанда

осылай  қайғы  жұтып,  қар  тұтқында  жатқан

бейкүнә  аязды  аймақ  мың-миллион  күміс

ұшқындарын сәулелендіріп, тоғыз қабат торқа

астында  қалтыраған  Жер-Ананың  ертең  туар

базарлы шағының үміт отындай жарқырайтын;

бүгін  аспанды  саңылаусыз  тұтастыра  жауып

тұрған  қарлы  жота-қыраттардың  осы

сұлулығын  қызғанғандай,  тартып  алып  талақ

тастапты; көкжиек жоқ; аспан да, байтақ өңір

де ақ сұр: жер жоқ, бір өңкей бой суытып, жүрек

мұздатар сұмпайы қар; еріксіз жалықсыратады,

жүз  жылға  бір-ақ  қартайтып  кеткендей

қажытады;  құлазыған  осынау  бір  түске,  біз

мінезге қарап тұрып, көңіліңді аяныштың аязы

буып, ботадай боздап жылағың келеді; ботадай

боздап  жылап  тұрып,  жаратылыстың

осыншалық қатыгездігіне налығандай әлемдегі

бүкіл  жақсылық  пен  жамандық  атаулыдан

безінесің;  ақша  қардың  ортасында  меңдей

қарайып  тұрған  жалғыз  трактор    аппақ

дастарқаннын үстінде жорғалаған қоңыздай-ақ,

қауқарсыз, бейшара».

Адамзаттың табиғат алдыңдағы әлсіздігін

паш  ететін  осы  бір  пейзаждан  оның  рөлінің

өзгере отырып, философиялығы арта түскенін,

сонымен  бірге  көркемдік  бейнелеу

құралдарының да өзгергенін көреміз. Жазушы

шарттылықты 

пайдалана 

отырып,

философиялық  мазмұны  терең  образ  -



символдар жасады. Осы бір пейзажда ғылыми-

техникалық прогрестің символы ретінде трактор

алынып отыр. Бірақ оның өзі табиғат алдында

дәрменсіз. Жазушы жалпы символдарға шектен

тыс 

еліктеп 


кетпегенімен, 

оның


шығармаларынын  философиялығы  кейбір

образдардың  символдығына  жол  береді.

Символдың мәні көп жақты. Нақты, детальды

суреттелген кейбір символдарды бірден түсіну,

қабылдау  қиын.  Мысалы,  «Сайтан  көпір»

повесіндегі өзенді алайықшы. Әкесінде, баласын

да  құшағына  алып,  қақпақыл  жасаған  тау

өзенінің суретінен жалпы өмір ағынын аңдауға

болады.  Өмір  ағыны  тоқтамайды,  өмір

сынағынан ата да, бала да, немере де өтуі керек.

Оралхан Бөкеев әрбір табиғат құбылысын

суреттегенде  қызықты  ерекшеліктерді  тауып

отырады.  Онын  пейзаждары  эстетикалық

жағынан  көзге  бірден  түседі.  Оларда  өмір



ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет