Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата10.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1584
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Әдебиет

1. Русская литература ХХ века. Очерки.

Портреты.  Эссе.  В  2  ч.  Ч.  2  .  Москва:

Просвещение, 1994. – 383 с.

2.  Қирабаев  С.  Ұлт  тәуелсіздігі  және

әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001.– 448б.

3.  Кенжебаев  Б.  Қазақ  халқының  жазба

әдебиетінің тарихы қайдан, кімнен басталады //

Қазақ әдебиеті. 1960. 22 мамыр.

4.  Жұмалиев  Қ.  Қате  пікір  қағидаға

айналмасын // Қазақ әдебиеті, 1960. 19 шілде.

5.  Ақынжанов  М.  Халықтың  құрылуы  -

жазба әдебиетінің түп қазығы // Қазақ әдебиеті.


63

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2015  №1  (26)

1960. 5 тамыз.

6. Құрышжанов Ә. Кодекс Куманикс ескі

мұрамыз // Қазақ әдебиеті. 1960. 12 тамыз.

7.  Сүйіншәлиев  Х.  Құнттап  зерттеуді

керек етеді // Қазақ әдебиеті. 1964. 12 маусым.

8.    Ерте  дәуірдегі  қазақ  әдебиеті

(Зерттеулер). - Алматы: Ғылым, 1983. – 360 б.

9. Кенжебаев Б. Қазақ тілі мен әдебиетінің

тарихы туралы // Лениншіл жас, 1962. 20 қараша.

10. Бердібаев Р. Ұстаз. Ғалым. Азамат. //

Кенжебаев  Б.  Әдебиет  белестері.  Зерттеулер,

мақалалар. -  Алматы: Жазушы,1986. - 400 б.

11.  Дербісалин  Ә.  Қазақтың  Октябрь

алдындағы  демократияшыл әдебиеті. – Алматы:

Ғылым, 1966 - 311 б.

12.  Нұрқатов  А.  Абайдың  ақындық

дәстүрі. - Алматы: Жазушы, 1966. - 345 б.

13.  Сүйіншәлиев  Х.  Қазақ  әдебиетінің

қалыптасу кезеңдері. - Алматы: Қазақстан, 1967.

- 358 б.

14.  Үш  ғасыр  жырлайды  (Революцияға

дейінгі  қазақ  ақындарының  шығармалары).

Құрастырған  және  алғы  сөзін  жазған

Ы.Дүйсенбаев.  - Алматы: Ғылым, 1965.– 322 б.

15. Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы.

Құрастырған  Кенжебаев.Б.,  Сүйіншәлиев  Х.,

Жолдасбеков.  М.,  Мағауин  М.,  Сыдиқов  Қ.  –

Алматы: Мектеп, 1967. – 207 б.

16. Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы:

Жазушы, 1991. –  432 б

17.  Сакулин  П.Н.  Филология  и

культурология. – М.: Высшая школа, 1990. – 240с.

18. Тілешов Е. Суреткер және көркемдік әдіс.

– Алматы: Арқа, 2005. – 278 б.

Resume

Резюме

В статье рассматриваются  новые направления  в  истории  литературы.

The article is discussed new directions in literary history.


64

2015  №1  (26)

МҮШЕЛТОЙ

ӘДЕБИ ӨЛКЕТАНУ КЕНШІСІ

Біздің әдебиетіміз қай жағынан алғанда да

әбден  толысқан,  кең  арналы,  көп  жанрлы

әдебиет болып қалыптасқан деп еш қымсынбай,

еш ұялмай, толық сеніммен айта аламыз. Тек

қана шет тілдерге, соның ішінде әлемдік тілдерге

әлі  де  өз  дәрежесінде  аударылмай  жүргені

болмаса,  Еуропа  мен  Американың,  Азияның

атақты шығармаларынан кем түспейтіні анық.

Тіпті, бұрынырақта там-тұмдап аударылған аз

ғана  шығармалардың  өзі-ақ  сыртқы  ел

оқырмандары  мен  әдеби  сыншыларын

тамсандырғаны  белгілі.  Демек,  қазіргі  қазақ

әдебиеті – нағыз классикалық туындылары бар,

тарихы мен дәстүрі бай руханият екені күмәнсіз.

Ал, классикалық дүниелер бірден туа қоймайды,

олар өзінен бұрынғы тәжірибеге сүйенеді, содан

үлгі алады және сол дәстүрді әрі қарай дамытады,

жаңғыртады.  Осындай  үдерісте  әдебиетті  тек

қана  классик  жазушылар  жасамайды  және

классикалық  шығармалар  тек  орталықта  ғана

туындамайды.  Бұл  жерде  әдеби-мәдени

процесс  көп  қырлы  құбылыс  ретінде

орталықтағы  да,  шеттегі  де  рухани  ортаны

қамтып,  оны  қалыптастырып,  үнемі  тығыз

байланыста  болатынын  айту  керек.  Басқаша

айтқанда,  елді  елең  еткізер  шығармалар

орталықта да, шетте де туындап жатады, бірақ

олардың  жұртшылыққа  танылуы  әрқилы

болады, сол себепті біреуі ерте, екіншісі кешірек

бағаланып жатады. Соған қарамастан екеуі де

әдеби  үдерісті  қамтамасыз  етеді,  екеуі  де

әдебиеттің тарихына  қызмет етеді,  қоғамның

мәдени-эстетикалық сұранысына жауап береді.

Осындай  жағдайды  әдебиетті  зерттейтін

ғылымнан  да  көруге  болады.  Шынын  айту

керек,  зерттеушілер  өлкеде  туып  жат¬қан

дүниелерге айтарлықтай көңіл бөле бермейді.

Мұның себебі әртүрлі, оны таратып айту қажет

емес. Жалпы, әдеби өлкетану – әдебиеттанудың

өте  маңызды  тармағы.  Бұл  орайда  айтатын

нәрсе  –  әдеби  өлкетанудың  әдебиет  пен

әдебиеттанудың өте маңызды тармағы екендігі.

Әдеби 


өлкетанудың 

әдебиет 


пен

әдебиеттанудың  тарихын  жан-жақты,  толық

зерттеу үшін пайдасы зор. Өкінішке қарай, бізде

бұл сала кенжелеп қалғанын мойын¬дау керек.

Рас, алғашқы талпыныстар мен ізденістер бар,

олар жақсы нәтиже де берді. Әсіресе, Әсілхан

Оспанұлының,  Қабиболла  Сыдиықұлының,

Тоқболат Еңсегенұлының өз өлкелерінде өмір

сүрген ақындар туралы жазған еңбектері қазақ

әдеби өлкетануының қалыптасуына үлкен үлес

болды. Осы қатарда әдебиет тарихы мен әдеби

өлкетануға мол еңбек сіңіріп, бүгінде «ересек

жігіттің»  (З.Ахметовтің  сөзі)  жасына  жетіп,

оннан  астам  шәкірттерімен  бірге  Семей  мен

Шығыс  Қазақстан  аймағында  ғұмыр  кешкен,

бірақ  есімі  елге  онша  кең  тарала  қоймаған

көптеген  ақын-жазушылар  туралы  зерделі

зерттеу  жүргізіп  жүрген  белгілі  ғалым,



С.ҚАСҚАБАСОВ, ҚР ҰҒА академигі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Ғалым әдебиеттанудың маңызды тармағы әдеби әлкетанудың бүгінгі барысына тоқтала

отырып, осы салада профессор А.Еспенбетовтің атқарған жұмыстарына жан-жақты талдау

жасайды.

ӘОЖ 821.512.122



Тірек сөздер: қазақ әдебиеті, әдеби өлкетану, А.Еспенбетов, сұлтанмахмұттану.

65

МҮШЕЛТОЙ

2015  №1  (26)

филология ғылымдарының докторы, профессор

Арап Еспенбетовті ыстық ықыласпен атау ләзім.

Арап Сләмұлының ғылыми ауқымы кең. Оның

негізгі  зерттеулері  әдебиет  тарихы  мен

текстология мәселелеріне және жекелеген ақын-

жазушылардың шығармашылығына арналған. Ә

дегенде әдеби сыннан бастаған ол бірте-бірте

ғылыми  мақалалар  жазуға  кірісті.  КазГУ-дің

аспирантурасына түсуі Арап үшін тек қуаныш

емес,  үлкен  ғылыми  мектеп  болды.  Атақты

профессор  Бейсенбай  Кенжебаевтың  шәкірті

болу  бұйырды  оған.  Ал,  Бейсекең  «ақырын

жүріп,  анық  басқан»,  әдебиеттің  арғы-бергі

тарихын  шаршамай  зерттеп,  әдебиеттанудың

бірнеше саласын қамтыған ғалым болатын. Ол

кісі жас Арапты қиын сүренге салды. Ол кезде

классик  ақын  деп  мойындалғанмен  Алаш

идея¬сын  қолдаған  деген  «айыбы»  бар

Сұлтанмахмұттың  лирикасын  зерттеуді

тапсырды. Сөйтіп ол бірден үлкен проблемасы

бар тақырыпқа кірісті. Өзінің ұстазы құсап Арап

тақырыбын нақты деректерді іздеуден бастады

да  аспирантураның  бірінші  жылын  бітірер-

бітірместен 

Бейсекеңмен 

бірігіп,

«Сұлтанмахмұт»  деген  кітапша  шығарып,  ал

келесі, 1974 жылы, қазақ және орыс тілдерінде

«Сұлтанмахмұт 

Торайғыров» 

деген


библиографиялық  көрсеткішті  құрастырып,

жарыққа шығарды.

Нағыз  ғылыми  жұмыс  осындай

көрсеткіштен  басталады,  ол  компас  сияқты,

телегей-теңіз еңбектерді түгел қамтиды, соның

жалпы  науанын  білуге,  оның  ішінде  бірінші

кезекте  қайсысын  оқып,  қайсысын  кейінге

қалдыруды  жоспарлап,  жұмысты  нақтылауға

мүмкіндік береді және зерттеудің өресін көтереді.

Міне, үлкен ғылыми жұмысын осылай бастаған

Арап Еспенбетов Сұлтанмахмұтты тану ісіне өз

үлесін қоса алды. Ол осы ұлы ақын туралы өте

мәнді  еңбектер  жазды,  ол  еңбектер  өзінің

жаңалығымен  ерекшеленді.  Мәселен,

«Сұлтанмахмұттың белгісіз поэмалары», немесе

«С.Торайғыров  поэзиясының  текстологиясы

жайлы  ойлар»  деген  зерттеулері  сол  тұстағы

әдебиеттануда жаңа сөз, жаңа көзқарас болды.

Сондай-ақ,  Арап  1992  жылы  жарық  көрген

«Сұлтанмахмұт 

Торайғыров» 

атты


монографиясында  ақынның  беймәлім  болып

келген бірнеше шығармасын тауып, талдап және

алғаш рет жариялап, үлкен ғылыми айналымға

енгізді. Осы еңбектің негізінде «Сұлтанмахмұт

Торайғыровтың  шығармашылық  өмірбаяны»

деген докторлық диссертация жазып, 1993 жылы

қорғады. Сол жылы екі бірдей профессор – Бейбіт

Мамыраевпен  және  Құлбек  Ергөбековпен

қосылып,  Сұлтанмахмұттың  2  томдық

шығармаларының  академиялық  жинағын

құрастырып,  «Ғылым»  баспасынан  жарыққа

шығарды.  Сөйтіп,  Арап  Еспенбетов  ұстазы

ұсынған  тақырыпты  тынбай  қазбалап,  көп

ізденіп  жүріп,  үлкен  іс  тындырды,

Сұлтанмахмұттануды жаңа белеске көтерді, өзі

де биікке көтерілді. Ғалым үшін осыдан артық

қуаныш бола ма?

Арап  Сләмұлы  мұнымен  тоқтап  қалған

жоқ. Тау-тасты кезіп, кен іздеген геолог, жерді

қопарып ескі артефактіні іздеген археолог сияқты

архивтерге үңіліп, әдебиетшілер қауымы көп біле

бермейтін көптеген ақын-жазушыларға қатысты

тың  деректерді  тауып,  жариялап,  әдебиет

тарихын  байытуға  айтарлықтай  еңбек  сіңіріп

жүр. Тәуелсіздікке қол жетіп Алаш арыстарын

ақтағаннан кейін көбіміз Шәкәрімнің өлеңдерін,

поэмаларын  жария  етілгеннен  кейін  жапа-

тармағай  зерттеуге  кірістік.  Білетінімізден

білмейтініміз көбірек еді. Осы тұста Арап аспай-

саспай, ескі әдетіне басып, архивтерге тағы да

бас  сұқты.  Осының  арқасында  Алаш

қайраткерлеріне  қатысты  қызық  та  маңызды

деректер,  ақпараттар  тауып,  оларды  зерделеп,

мақалалар  жазды,  өзінің  ой-пікірлерін  ортаға

салды. Әсіресе, Шәкәрімге байланысты, оның өзі

мен  шежіресі  туралы,  шығармалары  жайында

табылған деректер өте құнды боп, шәкәрімтануға

үлкен олжа әкелді. Олардың бір-екеуін ғана атап

көрейік:  «Қазақ  тілі»  газетінің  басқармасына

өтініш»,  «Сын  һәм  сынауды  сынау»  деген

Шәкәрімнің екі мақаласын жария¬лап, талдағаны

аян.


Жалпы, Шәкәрімге қатысты деректерден

оның рухани-мәдени ортасы, философ ақынның

басқа  қайраткерлермен  қарым-қатынасы,  т.б.

мәселелер жайында мол мағлұмат алуға болады.

Айталық, Шәкәрімге деген Әлиханның, Жүсіпбек

пен  Мұхтардың,  Сұлтанмахмұттың  ықылас-

ілти¬паты, Абай-Шәкәрім-Мұхтар араларындағы


66

2015  №1  (26)

адами, рухани байланыс – осының бәрі әдебиет

тарихы үшін мәнді де маңызды факторлар.

Арап Еспенбетовтің ғалым ретіндегі басты

ерекшелігі – оның деректанушылық қасиеті. Ол

дерексіз  сөйлемейді  де,  жазбайды  да.  Осы

тұрғыдан алғанда, Арап жариялаған мәтіндерге

толық  сенуге  болады.  Оның  деректілік

принципі әдебиеттанудың аса маңызды, өзекті

саласы  текстология  (мәтінтану)  ғылымын

бірінші орынға қойдырады. Сол себепті Арап

қай автордың туындысын сөз етсе де, алдымен

текстология мәселесіне көңіл бөледі. «Шәкәрім

поэзиясының  текстологиясы  хақында»,  «Екі

мақала хақында», «Сын төркінін іздесек» деген

мақалалар сөзімізге дәлел.

Абай  елінде  туып,  Абайды  жастайынан

оқып-біліп  өскен  Араптың  Абай  туралы

жазбауы  мүмкін  емес  еді.  Бұл  тақырыпқа  ол

бірнеше мақала жариялады. Атын айтар болсақ:

«Абайтанудың алғашқы қарлығашы», «Абайдың

туған  күнін  шатастырмайық»,  «Алаш

арыстарының абайтануға қосқан үлесі», «Абай

оқыған кітапхана», т.т. Абайды арнайы зерттеген

ғалымдар  туралы  да  жазып,  абайтанудың

мәселелерін  қарастырады  (Әбіш  Жиреншин,

Қайым  Мұхаметқанов).  Осы  мақалаларда  да

Арап өзін мәтінді зерттеуші, текстолог екенін

сездіріп отырады.

Өзінің  негізгі  тақырыптары  бойынша

құнды еңбектер жазып, нағыз ғалымдық биікке

көтерілген Арап Сләмұлы зерттеушілік назарын

енді  әдеби  өлкетануға  бұрады,  сөйтіп  үлкен

әдебиет тарихы мен әдебиеттануда әлі де елеусіз

жатқан  проблемаларды,  дәлірек  айтқанда  –

орталықтан жырақ өлкелерде өмір сүріп, көркем

шығармашылықпен шұғылданған адамдардың

тағдыры мен қолжазбалары туралы ізденістер

жүргізді,  жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізді.

Ғалымның  тынбай  ізденуінің  арқасында

бұрыннан  белгілі  кейбір  ақындарымыз  бен

жазушыларымызға  қатысты  тың  деректер

табылып,  сондай-ақ  аты  жұртшылыққа  кең

танылмаған авторлар жайындағы ақпараттары

–  ХХ  ғасыр  басындағы  әдебиетіміз  туралы

ұғым-түсінікті  кеңейтті,  кейбір  фактілерге

жаңаша қарап-бағалауды міндеттеп отыр. Арап

анықтаған  ақын-жазушылар  мен  руханият

қайраткерлерінің есімдерін толық атап шығу бұл

мақалада  мүмкін  емес,  өте  көп.  Ғалымның

зерттеулерінде,  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ

әдебиеті мен мәдениетіне өз үлестерін қосқан

атақты қайраткерлер туралы қызық мағлұматтар,

тың деректер мол.

Сол қайраткерлердің кейбірін атап өтсек,

артық  болмас.  Абайұлы  Турағұл,  ағайынды

Аймановтар,  Әміренов  Тәңірберген,  Әуезов

Ағзам,  Әуезов  Ахмет,  Әуезов  Қасымбек,

Бөлебай  Тоғжанұлы,  Сабыржан  Ғаббасов,

Ережепұлы  Әбдікәрім,  Құлжанов  Нұрғали,

Сералин  Сәлім,  т.б.  Бұлардан  басқа  бірнеше

халық  ақындары  мен  жазушыларының  есімін

тірілтіп, олар туралы Араптың өзі және оның

шәкірттері арнайы зерттеулер жүргізгенін айту

қажет.  Олар:  Көкбай  Жанатайұлы,  Әріп

Тәңірбергенұлы, Уәйіс Шон¬ды¬байұлы, Тайыр

Жомартбаев, Әсет Найманбаев, Шәкір Әбенов,

Төлеу  Көбдіков,  Нұрлыбек  Баймұратұлы,

Мақыш  Қалтайұлы,  Сапарғали  Әлімбетов,

Қалихан Алтынбаев… Осы тізімнің өзі-ақ Арап

Еспенбетовтің әдеби өлкетануға қан¬ша¬лықты

көңіл бөлгенін, осы сала¬ның ғылыми тұрғыда

қалыптасуына қандай дәрежеде күш салғанын

айғақтайды.  Демек,  әдеби  өлкетану  саласы

бойынша  Арап-тың  өз  ғылыми  мектебі

орныққан деп айтуға толық негіз бар.

Профессор Арап Еспенбетов үлкен ғалым

болуымен қатар ұлағатты ұстаз, білікті басшы

1975  жылы  кандидаттық  диссертациясын

қорғап  Семейге  қайтқаннан  бері  әуелі

пединститутта, содан соң университетте қызмет

етіп  келеді.  Ол  қатардағы  ұстаздықтан

ректорлық  лауазымға  дейін  көтеріліп,  өзінің

жаңашыл, бастамашыл, білікті ұйымдастырушы

екенін  айқын  көрсетті.  Қырық  жыл  бойы  бір

мекемеде ұстаздық етіп, басшы болып істеген ол

біраз  марапатқа  да  ие  болды.  Шағын  мақала

көлемінде  оның  профессорлық,  жетекшілік

қызметін толық баяндап шығу мүмкін еместігі

белгілі. Соңымызда ізі¬мізді қуып келе жатқан

әріптес  бауырымызды,  туысымызды  «ересек

жігіт»  болуымен,  70  жасқа  толуымен  шын

жүректен құттықтаймыз. Жемісті жолы жақсы

жалғаса беруін тілейміз.



МҮШЕЛТОЙ

67

2015  №1  (26)

Резюме

Resume

МҮШЕЛТОЙ

В данной  статье  автор  дает  анализ  трудов ученого А.Еспенбетова.

In this article the author gives the analysis of the works of the scientist A.Espanbetov.

68

2015  №1  (26)

ӘОЖ  821.512.122



Б.ӘБДІҒАЗИҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

ПРОФЕССОР А.ЕСПЕНБЕТОВ  ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНЫҢ  МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әдебиет  тарихы  –  ұлттық  өркениет

жолының  айқын  жылнамасы.  Халқымыздың

кәрі тарих сүрлеуімен жүріп өткен ұзақ та күрделі

сапарының  әрбір  бөлшегі  ұлттық  әдеби

мұралардың  сарғайған  парақтарынан  көрініс

тапқаны  ақиқат.  Жазу-сызуымыз  кемдеу

болғанмен жадымыз терең, ауызша тарихымыз

тасқа  басқандай  мәлімет  көзіне  айналған

халықпыз. Сол себепті де көне замандардағы

тіршілігіміздің сипаты, бастан-кешкен қиямет-

қиянаттарымыз, жеңістеріміз бен жетістіктеріміз

туралы  мағлұмат  бізге  өзіміз  қастер  тұтатын

қасиетті сөз өнеріміз арқылы жетті.

Міне, осынау бай тарихымыздың аса бір

елеулі де тағдырлы тұсы өткен жиырмасыншы

ғасырдың  басы  болған-ды.  Қазақ  қоғамының

өміріне орасан мол өзгеріс  әкелген осы кезеңдегі

ұлттық әдебиетіміздің айрықша түрлене дамуы,

жаңа идеялармен тыныстап, өзгеше үнмен тіл

қатуы,  бұқараның  ой-санасында  сілкініс

тудыруы, отарлық езгінің бұғауында тұншығып

келген халық көкірегіндегі үміт шырағын жағуы

осы бір кезеңнің қазақ өркениетінің дамуындағы

ерекше  сипатын  танытса  керек.  Әлихан

Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсыновтар  бастаған

қайраткер  тұлғалар  тарих  сахнасына  шығып,

қазақ  халқының  рухын  көтерді,  ұлттық

әдебиетіміздің жаңа парақтары жазылды.

  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ

әдебиетінің  тарихы  дегенде  бүгінге  дейін

Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы,

Міржақып  Дулатов,  Мағжан  Жұмабаев,

Жүсіпбек 

Аймауытов, 

Сұлтанмахмұт

Торайғыров, Спандияр Көбеев, Мәшһүр Жүсіп

Көпеев  сынды  көрнекті  ақын-жазушылар

туралы  жазылған  зерттеу  еңбектері  мен  осы

салада  көз  майын  тауыса  қалам  тербеген

зерттеуші ғалымдар есімі ойға алдымен оралады.

Осы  қатардан  белгілі  әдебиеттанушы

ғалым  Арап  Еспенбетовтың  заңды  орын

алатынын атап айтуымыз керек. Ұзақ жылдар

бойы жоғары оқу орындарының басшылығында

және  оқытушылық  қызметте  бола  жүріп,  өз

өмірінің басты бағдары мен мәні болған ғылым

саласында да аса мол әрі жемісті еңбек етіп келе

жатқан Арап ағамыздың азаматтық, ғалымдық

тұлғасы 


оның 

қаламынан 

туған

монографиялары  мен  ғылыми  еңбектерінен



айқын көрінеді.

Қандай ғалымның болсын бірінші бақыты

–  ғылым  жолындағы    ұстазы  десек,  Арап

Сіләмұлының тәлім алған ғылыми мектебінің

ұлылығы    жиырмасыншы  ғасырдың  екінші

жартысындағы 

қазақ 

әдебиеттанушы



ғалымдарының  баршасының  дерлік  аяулы

ұстазы  болған  Бейсенбай  Кенжебаевтың

есімімен  тікелей  байланысты.  Қандай  сын

сағаттарды  бастан  кешіре  жүрсе  де,

қайсарлығын жоғалтпаған, әділетсіздік атаулыға

өзінің ішкі түйсігін қарсы қоя отырып қарсылық



МҮШЕЛТОЙ

 Автор мақаласында ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарының басшылығында жүрген



ғалым А.Еспенбетовтің ғылым саласына қосқан  еңбегін айшықтап көрсетеді.

Тірек сөздер: ғалым жолы, қазақ әдебиеті тарихы, А.Еспенбетов, әдеби өлкетану.

69

2015  №1  (26)

көрсеткен, бүкіл өмірі арқылы рухани ерліктің

үлгісіне  айналған  Бейсекең  өз  бойындағы

осынау ұлттық мұраға деген адалдығын Арап

сынды талантты шәкірттерінің бойына ғана емес

қанына да сіңірді. Кеңестік идеология тұсында

«алашордашыл» 

деген 


желеумен

руханиятымыздың  көшінен  жазықсыз

шеттетілген  тұлғалар  қатарында  аталатын

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық

мұрасын  зерттеп,  қазақ  әдебиеттану

ғылымындағы  сұлтанмахмұттану  саласының

негізін қалаған Бейсенбай Кенжебаевтың өнегесі

Арап үшін үлкен мектепке айналды.

Арап  Сіләмұлының  1992  жылы  жарық

көрген  «Сұлтанмахмұт  Торайғыров»  атты

монографиясы  осынау ұлы ұстаз еңбегін жаңаша

жалғастырған елеулі қадам болды. Социалистік

қоғамның  күні  келмеске  кетіп,  тәуелсіздіктің

арайы сезілген өтпелі кезеңде жарық көрген бұл

еңбекте Арап Сіләмұлы Сұлтанмахмұт сынды

талантты ақынның өмірі мен шығармашылық

жолы  жайында  бұрын  айтылмаған,  жария

болмаған  тың  деректер  негізінде  жаңа

тұжырымдар ұсынды. Бұл қазақ ғалымдарының

ойлау еркіндігі, сана тәуелсіздігі жағдайында ой

айтқан алғашқы еңбектерінің бірі болды десек

артық емес.

Атап  айтқанда,  монографияда  ақын

Сұлтанмахмұттың  өз  кезіндегі    Алаш

қайраткерлерінің, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып,

Жүсіпбек, Мағжандардың есімдерін ілтипатпен

атайды,  «...Жаңа  ғасыр  басындағы  әдебиетте

есімдері  берік  қалыптасқан  Сұлтанмахмұт

Торайғыров,  Мұхаметжан  Сералин,  Сәбит

Дөнентаев, Спандияр Көбеев, Бернияз Күлеев,

арагідік аталып жүрген Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар

Қарашев, Нарманбет Орманбетов, жарты ғасыр

араға салып оралған бес алып творчестволары

сабақтастыра,  салыстыра,  байланыстыра

зерттелгенде  ғана  іс  нәтиже  бермек»,  -  деп

әдебиеттану ғылымының алдында тұрған биік

міндеттердің көкжиегіне үңіледі. Ғалым есімдері

енді ақталған бес арыс пен Сұлтанмахмұттың

арасындағы  сабақтастықты  қарастырғанда,

әсіресе  Жүсіпбек  Аймауытовқа  нақтырақ

тоқталады.  Жүсіпбек Аймауытов  Сұлтанмахмұт

шығармаларын  алғашқы  жинаушысы  ретінде

оның  кітабын  дайындайды.  Сонымен  қатар

Жүсіпбектің кейіпкерлері мен Сұлтанмахмұттың

арасындағы    таныстық,  байланыстар  Арап

Сіләмұлы  зерттеуі  арқылы    екі  қаламгердің

шығармашылық ынтымағын айқындай түскен.

Профессор Арап Сіләмұлы осы еңбегінде

Сұлтанмахмұттың  бұрын  сөз  болмаған,

назардан  тыс  қалып  келген  шығармаларын

талдайды. Әсіресе ғалым еңбегінің басты табысы

ақынның  бұрын  жария  болмай  келген

«Таныстыру» және «Айтыс» атты екі поэмасын

ғылыми  зерттеу  нысаны  етіп  алуы,  ғылыми

айналымға қосуы дер едік. Өмірден ерте кеткен

Сұлтанмахмұттың  бүкіл  өмір  жолын  және

ақынның  сол  кезеңдегі  қазақ  руханиятының

көрнекті  тұлғаларымен  қарым-қатынасын,

көзқарасын айқындайтын осы туындылар шын

мәнінде халқымыздың өткен ғасырдың бастапқы

жылдарындағы болмысын танытатын дүниелер

еді.  «Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын»

деп 

ерекше 


екпінмен 

үн 


қатқан

Сұлтанмахмұттың    «Айтыс» поэмасы туралы

талдай отырып:  «... «Айтыс» поэмасы біз өмір

сүріп  отырған  бүгінгі  күннің  көкейкесті

мәселелерін ұрпақпен бірге көтеріскендей күй

кештіреді. Халық тағдыры таразыға түсіп, жан

экологиясы,  тіл  қасіреті  басты  проблемаға

ұласып,  Аралды  арашалау,  Семейдегі  зілзала

полигонды  жою,  адамгершілік,  имандылыққа

жүгіну  әрбір  саналы  азаматтың  көкірегіндегі

көксеген  арманына  тоғысқан  беймаза  кезеңде

«Айтысты» ой жүгіртіп оқу керек», - деп ғалым

ақын шығармасында айтылған проблемалардың

бүгінгі  күнмен  де  үндесіп  жатқанын  сәтті

тұжырымдайды.

Профессор  Арап  Еспенбетов  және  қазақ

әдебиетінің тарихы туралы зерттеулер дегенде

оның Шәкәрім ақын туралы еңбектерінің алатын

орны  ерекше.  Көрнекті  ақынның  есімі  мен

шығармашылығы  ақталған  күннен  бастап

Шәкәрім  шығармашылығы  оның  зерттеу

нысандары қатарынан берік орын алды. Өзінің

монографиялық  еңбектерінде,  ғылыми

конференцияларда  жасаған  баяндамаларында

Шәкәрімтану  саласының  жай-күйіне  ұдайы

назар аударып, келелі мәселелер қозғап келеді.

Профессор Арап Сіләмұлы зерттеулерінің

ең басты құндылығы кезең әдебиетіндегі дара

тұлғалардың  шығармашылық  өмірін  өзара

МҮШЕЛТОЙ


70



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет