2014 №4 (25)
54
күресте бірігуіне ықпал еткен ірі саяси оқиға
болды. Жалпы ресейлік мұсылман қозғалысы
атынан
А.Ибраимов,
А.Топчибашев,
С.Жантөрин секілді қайраткерлер қатысқан.
1905
жылдың
19-қарашасында
ұйымдастырылған және М.Тынышбаев
баяндама жасаған Автономистер құрылтайына
поляк, әзербайжан, армян, грузин, беларус,
украин, еврей, латыш, татар, қазақ халықтары
атынан 83 өкіл қатысқан. Құрылтай Ресей
империясы халықтарының барлығы бірдей
Республика негізінде мемлекет құруға қатысуы
тиіс деген қаулы қабылдаған. Олар Ресей әр
ұлттың дербес автономиялық басқаруын
қамтамасыз ететін федерациялық мемлекет
болуы қажет деп санаған. Сол үшін де
«автономистер» саяси қуғын-сүргінге ұшыраған
[14,75].
М.Тынышбаевтың баяндамасы танымдық
маңызы өте жоғары тарихи деректерге
негізделуімен және қара қылды қақ жарған әділ
әрі өткір тілде жазылуымен оқушысын еліктіріп,
елітіп әкетеді. Мұны публицистің шеберлік қыры
ретінде қарастыруымызға әбден болады. Сөзіміз
құрғақ болмауы үшін баяндамадан тағы үзінді
келтірсек, оған көзіңіз анық жетеді: «Ақмола,
Семей, Жетісу, Торғай, Орал, Сырдария,
Каспидің бір бөлігі, Самарқанд және Ферғана
облыстары мен Әмудария бөлімін, Астархан
губерниясының қазақ-қайсақ аталатын Бөкей
ордасын мекендейтін қазақ-көшпенділері 1897
жылғы жалпы халықтық санақ бойынша 4 100
000 жан деп есептеліп, Ресейде 6-шы орынды
иемденді (1-ші великоростар – 55,7 млн., 2-ші
малоростар – 22,5 млн., 3-ші поляктар – 8 млн.,
4-ші беларустар – 5,9 млн., 5-ші еврейлер – 5
млн.).
Әрине, бұл сан шындыққа сәйкес емес:
кейінгі уақытқа дейін қазақтарда метірке деген
болмаған, ол қазір де көп жерде жоқ. Санақ
кезінде қазақтар біржола босатқанына
қарамастан үкімет әскери борышкер етуге әзірлік
жасауда деп қорқып, балаларын жасырып
қалды. Торғай облысы әкімшілігінің бұрынғы
кеңесшісі И.Крафт қазақтар 6 миллион деп
санайды. Қазақтардың тарихы мен тұрмыс-
тіршлігінің білгірі саналатын Я.Я.Полферов 5,5
миллион деп есептейді, меніңше, осы сан
шындыққа жанасады (орысшадан аударған –
С.Қ.)» [5,47] – деген жолдар тарихи
деректілігімен құнды.
Тарихи баяндамасында Тынышбаев –
публицист қазақ халқы үшін ең маңызды мәселе,
сөз жоқ, жер дауы екенін: «Жер мәселесі –
қазақтар үшін, сөз жоқ, ең маңыздысы», - деп
жеткізіп, Алаш жерінің талан-таражға түсіп
жатқандығы туралы шындықты құрылтайға
қатысушылар алдына жайып салады. Орыс
тіліне жетік публицист стиліне тұщына қану
үшін қазақшаға аудармай үзінді келтірейік: «Лет
20 тому назад местные администраторы-
генералы, по выражению Я.Я.Полферова,
«кликнули клич», и доклады о колонизация
киргизских (казахских – С.Қ.) степей стали
поступать один за другим. По ходатайству
губернаторов переселенцам предостовляли
всякого рода льготы, чтобы только они
понаехали и заняли богатый, сказочный край;
и вскоре переселенческие обозы в
безчисленном количестве потянулись по
степным дорогам, разыскивая удобные места
для поселений. С проведением Сибирской
железной дороги волна переселенного
движения увиличилась. Правительство
отбирает все новые и новые участки, туземное
населения фактически лишается удобных
земель, годных для пастбищ и земледелия.
Киргизы жмутся друг и другу; из-за земель
происходят «споры», драки и убийства.
Киргизов обвиняют, что они от сктоводства не
переходят к земледелию, но в предоставляемых
в их распоряжение голых степях и песках не
могут жить не только люди, но и звери. Теперь
районы пастбищ сильно сократились, благодаря
чему киргизы уже принуждены оставить
привычку частых передвижений для
поправления скоты. Леса, под защитой которых
зимою паслись стада на подножном корму, уже
отняты. Собирать сенные запасы на зиму
неоткуда. Снежные бураны в степи, гололедица
и падеж скота стали учащаться, с статистика
прогрессивного падения скотоводческого
хозяйства киргизов прямо-таки невероятна.
Земледелием заниматься больше почти негде.
Отсюда понятно, почему теперь киргизский
народ идет таким быстрым темпом по
АЛАШТАНУ
2014 №4 (25)
55
наклонный поголовного обнищания и
принужден повторить в скором времени
историю повсеместных голодовок и
вымирания не менее несчастных соседей –
башкир.
...Вот в общих и кратких чертах политика
правительства, приведшая весь, киргизский
народ в состояние поголовного бесправного
степного пролетариата!» [5,50-51].
ХХ ғасыр басында жер үшін күрес не
себепті «қазақтың өлі я тірі болу мәселесіне»
айналғанына М.Тынышбаев – публицист
баяндамасында толық жауап беріліп
тұрғандықтан да одан мейлінше молырақ үзінді
келтіруге тырыстық. Автордың мәселесі құрғақ
баяндалмай, деректерге жан бітіре сөйлеуі,
мәселенің мәнісін терең зерттеп, жан-жақты аша
білуі, сезім қылын шертетін сөздерді ұтымды
пайдаланып, авторлық позициясын айқын
білдіруімен бірге өз ойын көпшілік пікіріне
айналдыра алу қабілеті көсемсөз өнерінің хас
шебері екенін тапжылтпай танытады. Ең
бастысы, тұла бойында тұнған талантын туған
елінің қамы үшін еңсере пайдаланып, «басқа
пәле-тілден» деп тосылып қалмай, батыл ойын
ортаға салуға саналы түрде баруы көсемдік
табиғатын тапжылтпай танытады.
Жиырмасыншы жүзжылдық елең-
алаңында Алаш публицистері жер мәселесін
қоғам талқысына салудың бар мүмкіндігін сарқа
пайдаланғанына кәрі тарих куә. Ел сөзін сөйлеп,
ұлт сойылын соғатын баспасөз, қазіргі тілмен
айтқанда, бұқаралық ақпарат құралы әлі шыға
қоймаған заманда ол оңай болмағанын бүгінде
екінің бірі біле бермейді. Қалың елі қазағына
сөзін жеткізер ақпарат құралы жоқ деп қол
қусырып қарап отырмай, қазақ зиялысы шарқ
ұрып жол іздеп, түрлі амал-әрекет қамында
болғаны ұлт тарихында бағаланбақ тұрмақ,
айтылмай келеді. Абай ақынның әйгілі «Қара
сөздері» сондай ізденістің жемісі екеніне
ешқандай шүбәміз жоқ. Ұлт ұстазы «Бірінші
сөзінде»: «... енді қалған өмірімізді қайтіп, не
қылып өткіземіз?» деп өзіне-өзі сұрақ қойып,
оған мынадай жауап берген жоқ па еді: «Ақыры
ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға
жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек
қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса,
жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім
өзімдікі дедім де, ақыры осыған байландым, енді
мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» [15,3-4]. Осы
жолдарды оқып отырғанда, егер Абай
заманында «Айқап» не «Қазақ» басылымы
шығып тұрған болса, осы сөздер сөзсіз
солардың бетінен ойып тұрып орын алып,
бұдан да басқа қаншама публицистикалық
құнды мұра еншілейтін едік-ау деген ой туғанын
жасыра алмаймыз. Бұдан мынадай түйін түюге
болады: Абай «Қара сөздері» жалпы ұлттық
баспасөзі пайда бола қоймаған қазақ қоғамы
үшін ой салудың дара амалы деп қарастыруға
зерттеушілер баса назар аударса дейміз.
Жоғарыда әңгіме өзегі болған арыз-
талаптар, жеке кісілердің шағым хаттары мен
түрлі жиындарда көпшілік талқысына салынған
баяндама, ой толғаулар «...кезінде әлуметке керек
іске мұрындық болып істеу ыждаһатымен
айтылған» (А.Байтұрсынов) [16,223] көсемсөз
үлгісі деп қарастырған тарихи әділеттік болар еді.
Осы орайда, тәуелсіз еліміздің мемлекеттік
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қолымыз
жетіп жатқан мұрағат материалдарының ішінен
мына бір дерек сонылығымен назарымызды
өзіне аудартады. Алаш қайраткерлері отарлық
езгіден қазақ халқын азат ету үшін, соның
аясында жылдан-жылға күрделене түскен жер
мәселесін шешу мақсатында 1905-1906
жылдардың өзінде саяси партия құрып күресу
талпынысын жасағанын мұрағат материалдары
рстайды. Татардың «Әл-ғаср-ул-жадид»
басылымының 1906 жылғы бірінші санында
жарық көрген «Орал қаласында» атты мақаланы
«Алаш қозғалысы құжаттар мен материалдар
жинағын» құрастырушылар алғаш рет татар
тілінен қазақшаға аударып, жариялаған. «Орал
қаласында тұрушы қазақ халқының қадірменді
адамдары өзара бас қосып, бірнеше жиналыстар
өткізіп, көп пікірлесіп, бүкіл Руссия халқы
мүддесін
қорғаған
«Конституциялық
демократиялық партия» секілді ұйым құруға
шешім қабылдады» [5,55] - деп басталатын
мақалада
ол
ұйымның
«Қазақ
констититуциялық демократиялық партиясы»
деп аталғаны туралы ақпарат беріліп, оқырманға
партия бағдарламасы ұсынылады. Бағдарлама:
«І. Азаматтардың негізгі еркіндіктері», «ІІ.
АЛАШТАНУ
2014 №4 (25)
56
Патшалық қалпы», «ІІІ. Халықтың өзін-өзі
билеуі», «ІV. Сот», «V. Дін», «VІ. Жер», «VІІ.
Алым-салықтар», «VІІІ. Жұмысшылар», «ІХ.
Мемлекеттер» атты 9 бөлімнен және «Партия
жарғысынан» тұрады.
Мақалада «Қазақ конституциялық
демократиялық партиясының мүшелері
мыналар» деген қорытынды жасалып, төмендегі
кісілердің аттары көрсетіледі: «Сұлтан Бақытжан
Қаратаев, Ғабидолла Бердиев, Мірәлі
Бақтыгереев, Ихсан Тоқбердиев, Халел
Досмұхамедов, Нұрәлі Ипмағамбетов,
Мұхамедәлі
Мұқанов,
Ғадолкәрім
Рахымбердиев, Ізбасаров Үмітәлі Дүйсембин»
[5,61].
Осы орайда, мақала мәтінін жариялаған
жинақтың
«Ескертпелер»
бөлімінде
құрастырушылар келтірген мына мәліметтер де
қызығушылығымызды
арттырды:
«Конституциялық-демократиялық (кадеттер)
партиясы («Народная свобода» партиясы деп те
аталған) 1905 жылдың қазанында құрылып, 1917
жылға дейін Ресей империясындағы ең негізгі
партиялардың бірі болған. Партияның көрнекті
өкілдері П.Н.Милюков, А.И.Шингаров,
В.Д.Набоков т.б. «Речь» газеті мен «Вестник
партии народной свободы» журналын шығарып
тұрған, - дей келіп, құрастырушылар төмендегі
құнды деректерді ғылыми айналымға енгізді. –
1905 жылы желтоқсанда Қазақстанның
либералды-демократиялық қозғалысының
өкілдері Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, Ж.Ақбаев,
А.Байтұрсынов және т.б. Орал қаласында өткен
бес облыстық делегаттық сьезінде «Қазақ
конституциялық-демократиялық партиясын
құру» әрекетін жасайды. Ә.Бөкейханов 1906
жылы қаңтар айындағы Бүкілресейлік сьезде
кадет партиясының ОК-нің мүшелігіне
сайланған. Конституциялық-демократиялық
шеңберде қазақ ұлтына автономия алуды үміт
артқан Ә.Бөкейханов кадет партиясы мен қазақ
интеллигенция өкілдерінің саяси-идеялық
алшақтығын түсінгеннен кейін 1917 ж. ақпан
төңкерісінен кейін партия қатарынан шыққан
[5,494].
Алаш арыстары Ә.Бөкейхановтың «Қазақ»
газетінде жарияланған «Мен кадет партиясынан
неге шықтым?» деген мақаласына жүгінетін
болсақ, оның кадет партиясы мүшелігінен бас
тартуына түрткі болған үш себептің бірі жер
мәселесі екендігіне көз жеткіземіз: «Кадет
партиясы жер адамға меншікті болып берілсе
мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып,
жалаңаш шыға келеді» [14,268], - деген жолдар
– соған нақты дәлел. Мақаланы оқи отырып,
кадет партиясы жер туралы мұндай шешімге
кейіннен келгенін, ал басында басқаша болғанын
бағамдау қиын емес. Алаш көсемінің: «...жол
айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан
соң қазаққа Алаш партиясын ашуға тырыстым.
Мұны мен июльдегі жалпықазақ сьезінде айтқан
едім», - деп жазуы соны меңзейді. Олай десек,
Алаш арысының кадет партиясына мүше
болуының және «Қазақ коституциялық-
демократиялық
партиясын»
құруға
талаптануының басты себебінің бірі қазақ жерін
қайткенде де отарлық озбырлықтан қорғап қалу
мақсатынан туындағаны талас туғызбауы тиіс.
Жоғарыда тілге тиек еткен татардың «Әл-ғаср-
уа-жәдид» басылымында жарық көрген «Орал
қаласында» атты мақалада жария етілген «Қазақ
коституциялық-демократиялық партиясы»
бағдарламасы сөзіміздің жаны бар екенін
айғақтай түседі. Аталған бағдарламаның «Жер»
деп аталатын алтыншы бөлімінде төмендегідей
талаптар алға тартылады:
«Қазақ халқының жері мен суы мәңгілік
өздерінікі және оған ешкімнің ортақтығы жоқ
делініп негізгі заңға жазылсын.
Қазақтардың жері қазына жері және ол
жерге мұжықтары орналассын деген заңдар
бұзылып, жоқ қылынсын.
Қазақтардың жерін өздерінің рұқсатынсыз
орыстар мәңгілік ала алмайтындай болсын.
Орыс мұжықтарының жері өздерінің отырған
жерлерінде кеңейтілсін [5,58-59].
Алаш публицистерінің жер мәселесіне
байланысты көпшілік талқысына салып,
пікірталас барысында іріктеліп, сұрыпталған ой-
тұжырымдары осы талаптармен түйінделеді
десек, қателікке жол бермейміз.
Рас, қазақтың ұлан-байтақ даласын сақтап
қалу жолын іздегенде Алаш публицистерінің
арасында пікір қиғаштығына ұрынған кездері де
жоқ емес. Дәл осы мәселеде Алаштың көзінің
ағы мен қарасындай болған қос басылым –
АЛАШТАНУ
2014 №4 (25)
57
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасында
пікірталас көрігі қызғанын жасыруға болмайды.
Екеуі екі жолды нұсқап, насихат еткеніне
«Айқап» пен «Қазақ» материалдары жинағына
енген жарияланымдар арқылы көз жеткізу қиын
емес. Оны «Ұлттық сана ұйтқысы» атты
монографиямыздың «Айқап» пен «Қазақ» неге
айтысқан?» бөлімінде егжей-тегжейлі талдап,
мейлінше толық ашып, тиісті бағасын
бергендіктен, бұл жерде зерттелінген жайтқа
қайта соғуды артық санап, айтылаған еңбегімізге
сілтеме жасаумен шектелеміз [17,114-137].
Бұл ретте мына мәселеге айрықша мән
берген дұрыс. Кеңес дәуірінде кейбір
зерттеушілер «Айқап» пен «Қазақ» арасындағы
жер туралы пікірталасты олардың таптық
мүддені көздеген ұстанымдарының салдары деп
қарастырғанын естен шығармауға болмады.
«Жер мәселесі жөнінде «Айқап» журналының
маңында болғандар татарлардың әсерімен жерге
отырықшы болуды қуаттады. «Қазақ» газеті
маңында болғандар қала болмауды қуаттады.
Асылында, бұл екі түрлі пікір, екі түрлі ұсыныс
қазақ арасындағы негізгі екі таптық пікірі, мүддесі
еді. Мұның біріншісі – қазақтың кедейлері мен
жарлы-жақыбайларының пікір, мүддесі еді де,
екіншісі, қазақтың ірі байларының пікір, мүддесі
еді» [18,20], - деген ғылыми тұжырым – соның
нақты дәлелі.
Осы орайда, шындықтан ауылы алыс
мұндай жаңсақ көзқарас қайдан туғанының
төркінін дөп басып танып алмай, кеңес кезіндегі
зерттеушілерді беталды қаралаудан аулақ болған
абзал деген ойымызды ортаға салғанды жөн
көреміз. Біздіңше, жоғарыда келтірген ғылыми
тұжырымды айтқанда зерттеуші мынадай мақсат
көздеген болуы тиіс. Елуінші жылдардың
басында кеңестік тоталитарлық қоғамды билеп-
төстеген үстемшіл орталықтың өктем саясаты
жер үрлеген өрттей өршіп тұрған уақытта
«алашордашыл, байшыл, ұлтшыл» деген «айып»
арқалап, қуғын-сүргін жалынында қақталған
«Қазақ» газетін ақтап алу мүмкін еместігін жете
түсінген ғалым еріксіз басқаша амал-әрекетке
барған. Ол кезінде көздің ағы мен қарасындай
болған Алаштың бір газет, бір журналының
алғашқысын қорғап қалу мүмкін еместігіне көзі
жеткеннен кейін, тым болмаса, екіншісін аман
сақтау жолын іздеген. Сол мақсатын жүзеге
асыру үшін екі басылым арасындағы пікірталасқа
жүгінген, ол ойы жемісін де бермей қалмаған.
Нәтижесінде,
«Айқап»
журналы
«ақталып», кеңес дәуірі кезінде қазақ баспасөзі
тарихынан сылынып алынып тасталынбай,
ғылыми айналымда болғанына кәрі тарих куә.
«Айқап» журналы Алаш арыстары есімдерін
атауға қатаң тиым садынған кездің өзінде азды-
көпті зерттеліп, тіпті ғылыми диссертациялық
жұмыс обьектісі болғаны – соның нақты дәлелі.
Ендеше, осының өзі кезінде ғылымның үлкен
жеңісі, қазақ журналистикасы ғылымының
айтулы жетістігі болған деп жоғары бағалауға
әбден лайық. Алаш азаматтары ақталғанға дейін
ол журнал Алаш рухын кейінгі буын ұрпаққа
жалғастырып келген бірден-бір аспаны алтын
көпір болса, дау жоқ, ол – зерттеуші Б.Кенжебаев
еңбегінің жемісі. Сол үшін де қаламгерге
халқының алғыстан басқа айтары болмасқа тиіс.
Алаш азаматтары түгел ақталып, олардың
қаймана қазақ қамын жеп жазған асыл мұралары
шаң қапқан мұрағат қоймаларынан қотарылып
алынып, жинақ болып жарық көріп, ұрпақ көз
қуанышы, жан қуатына айнала бастаған бүгінгі
нұрлы заманда тарихи шындық салтанат құру
керек. Ол «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті
арасындағы жер мәселесі туралы пікірталасқа да
қатысты. Екі басылым жарияланымдары мен
мұрағат материалдарына жүгінетін болсақ, бұл
екуінің төңірегіндегілердің жер туралы
көзқарастарында
ешқандай
таптық
ұстанымдарының табы байқалмайды. Басқаша
айтқанда, «Айқап» қазақтың кедейлері мен
жарлы-жақыбайларының, ал «Қазақ» ірі
байлардың мүддесін көздемегені айдан анық.
Екеуінің де «бас жазушыларының» ойлаған
мақсаттары бір болды. Ол қайткенде де қазақ
жерін отаршыл күштің талан-таражынан қорғап
қалу қамы болатын. Бірақ, оған қол жеткізу үшін
екі жолды таңдапты. «Айқап» журналы қалам
қайраткерлері (М.Сералин, Ж.Сейдалин,
Б.Қаратаев т.б.) патшалық Ресей үкіметінің қазақ
даласын отарлау саясаты мен толассыз қоныс
аударушылар легінен екпінінен қорқып, қазақ
жерін сақтап қалудың бірден-бір дұрыс жолы
келімсектер сияқты 15 десятина жер кестіріп
алып, отырықшылдық тұрмысқа көшу деп санап,
АЛАШТАНУ
2014 №4 (25)
58
соны уағыздап, бұл істе өздері де үлгі көрсетті.
Ал «Қазақ» газеті төңірегінде топтасқан
Алаш азаматтары бұл мәселеге басқаша қарады.
Олар отырықшы болуға бір жола қарсы шығып,
таптық мақсат көздеген жоқ. Орталық
әкімшіліктің айлакерлікпен ойлап тауып,
әдіскерлікпен қазақ даласына енгізген отырықшы
норманың отаршыл мазмұнын ашып көрсетіп,
аңқау елді арбап-алдап, қақпанға түсіруді
көздеген құйтұрқы саясатты әшкерлеуге күш
салады.
«Айқап» пен «Қазақ» арасындағы жер
туралы пікірталаста антогонистік қайшылық жоқ
екенін архивтен алынған мына материал да
айғақтайды. «Айқап» журналының жер мәселесі
туралы ұстанымын қалыптастыруда ерекше
ықпал еткен ірі қоғам қайраткері Бақытжан
Қаратаевтың 1910 жылдың 30-қыркүйегінде
Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхановқа жазған
хатының көшірмесі табылды. Ол Жетісу облысы
басқармасының аудармашысы Барлыбек
Сыртановтан 1910 жылы тінту кезінде тартып
алынған құжаттар арасында сақталған. Орыс
тілінде жазылған хат: «Сүйікті Әлихан! Орал
қаласында сенімен жолыға алмай қалғаныма
қатты өкінемін. Сөйтсем, сен мұнда екі рет
болыпсың, екеуінде де мен қырға шығып
кетіппін. Өте өкінішті (Аударған – С.Қ.) [19], -
деп басталады. Бұған қарап, екі қайраткер
арасында ешқандай басараздық жоқ, керісінше
ыстық достық ықылас бар екенін байқау қиын
емес.
Жер мәселесі туралы кеңес сұраған
хатында Б.Қаратаев жеке басының шаруасын
емес, қалың елі қазағының басындағы ауыр
жағдайды деректерге жүгіне отырып жария етеді:
«Қоныстандырушы мекеме Орал уезіне қарасты
жеті болыстан қоныс аударушылар үшін 47 жер
телімін алып үлгерді. Ол алынған жерлер – ең
жақсы қоныстар, олардың ішінде тұрғын үйлері
бар қыстаулар да бұзылып алынуда. Кей
қыстаулар бұйрықпен бұзылып жатса,
кейбіреулері төңірегіндегі егін егетін, шөп
шабатын жерлерді қоныс аударушыларға беріп
қойғандықтан қолайсыз күйге ұшырап, қирау
үстінде. Орал және Темір уездері қазақтары
қоныс аударушы мекеменің барлық талаптарына,
барлық зұлымдықтарына бас шұлғып көніп
отыр. Шағымданатын жан жоқ, шағымданған
күннің өзінде ол қанағаттандырылмайды. Ол аз
болса, қазақтың «бас адамдары» орыс үкіметі
өкілдерінің ұйғарымымен салтанатты түрде
сатылатын басқарма, ауыл басшысы, халық биі
секілді қызметтер үшін ешқашан бітпейтін
сайлаулардан қолдары босамайды. «Бас
адамдардың» жаны ашымай басқаруының
салдарынан сайлау қазақ халқының санасын,
жанын, өмірін жаулап алғаны соншалық, ұлттың
сақталуы, дін, жер мәселелері ойларына кіріп-
шығар емес. Есесіне, қоныстанушыларға
жерлеріміз бірінен кейін бірі кетуде, «бас
адамдарымыз» жерлерімізді тонаушыларды
көзсіз мақтап-мадақтап, жерді қорғап қалам
деушілерге кінә тағып, басшылыққа қарсы
шығушыларды ақымаққа санап, айыптаудан
жаңылар емес» [19], - деген жолдарды
тебіренбей оқу мүмкін емес. ХХ ғасыр
басындағы қазақ халқының басындағы ауыр
жағдайды жаны шырқырай шынай жеткізген
Қаратаев – публицистің хатын эпистолярлық
жанрда жазылған құнды публицистикалық мұра
деп қарастырған лазым. «Көсем сөз әлеуметке
басшылық
есебінде
айтылатын
сөз
болғандықтан жұрт ісіне мәні зор болады.
Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді,
теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады.
Солай болған соң көсем сөз жазып, әлеуметке
басшылық қылатын адам көпті көрген көсем,
білімді адам боларға керек» [16,224], - десек,
тілге тиек етіп отырған хат осы талаптарға толық
жауап береді.
Қаратаев – публицист өзінің көзі жетпеген
мәселесінің мән-жайын терең түсініп білу үшін
қазақ жеріне қоныс аударушыларды
орналастыруды тоқтату жолында күрес көрігін
қыздырған Алаш қайраткері Ә.Бөкейхановтан
кеңес сұрауы «әлеуметке дұрыс басшылық ету»
мақсатынан туындағаны айтпаса да түсінікті.
«Жан сырымды тек саған ғана жайып салып
отырмын. Өйткені, меніңше, тек сен ғана
халыққа жетекшілік етуге лайықтысың. Сен ғана
халық үшін адал еңбек еттім деп айтуға
құқылысың», - деген жолдар сол жайынан сыр
шертеді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының
көкейкесті мәселесін талқыға салатын хатында
АЛАШТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |