Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 1.4 Mb.

бет1/13
Дата22.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1

ISSN 2308-0590

Индекс 74661

РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

Мағауин Мұхтар

Қазақстанның халық жазушысы



Ғарифолла Есім

 академик



Жанболатов Сұлтан

профессор (Қытай)



Мырзахметұлы Мекемтас

филология ғылымдарының докторы, профессор



Сыдықов Ерлан

     Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық

университетінің ректоры,

тарих ғылымдарының докторы, профессор



Қалижан Уәлихан

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер

институтының директоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор



Әбдіғазиұлы Балтабай

Түркі академиясының ғалым хатшысы,

 филология ғылымдарының докторы, профессор

Жұртбай Тұрсын

"Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының

директоры, филология ғылымдарының докторы,

профессор



Хакім Мерием

PhD, профессор (Түркия)



Жақып Бауыржан

"Қазақ энциклопедиясының" бас директоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Ескендіров Мейір

тарих ғылымдарының докторы, профессор



Еспенбетов Арап

филология ғылымдарының докторы, профессор



Рамазан Айгүл

 филология ғылымдарының докторы, профессор



Әубәкір Жандос

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік

тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-

мұражайының директоры



ШӘКӘРІМ

 ғылыми-танымдық журнал

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат

министрлігінде 2013 жылдың

10 қазанында қайта тіркеліп,

№13921-Ж куәлігі берілген.

2005 жылдан шыға бастады.



БАС РЕДАКТОР

Әмірбеков Шәріпбек

Ағабайұлы

Семей қаласының Шәкәрім

атындағы мемлекеттік

университетінің ректоры, саяси

ғылымдарының докторы

БАС РЕДАКТОРДЫҢ

ОРЫНБАСАРЫ

Смағұлова Ақмарал

Төлеуғазықызы

«Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу

орталығының директоры,

филология ғылымдарының

кандидаты

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

Қадыров Айбар Қабыкенұлы

филология ғылымдарының

кандидаты, доцент

© Семей қаласының Шәкәрім

атындағы мемлекеттік

университеті, 2014

© «Шәкәрімтану» ғылыми-

зерттеу орталығы, 2014



2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШӘКӘРІМТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ



Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал.

МАЗМҰНЫ

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

АСЫЛ СӨЗ

Құдайбердіұлы  Шәкәрім.

  .............................................................................................................................92



Төлебаева Құралай. Қалихан Алтынбаевтың айтыскерлік шеберлігі...................................................68

Жылқыбай  Гүлімжан,  Бейбітова  Гүлзира.  Ы.Мамановтың  қазақ  тіліндегі  шақ  категориясы

жөнінде.....................................................................................................................................................72



Адилова  Жанар.  Гендерная  проблематика  как  одна  из  актуальных  областей  лингвистических

исследований.............................................................................................................................................76



Мукатаева  Алмагуль,  Рахымбердиева  Айнур.  Формирование  творческой  самостоятельности

студентов как основа их профессионального становления.....................................................................81



Игілікқызы  Сымбат

Сирек  кітаптар  қоры  тағы  да  құнды  жәдігерлермен



толықты

...........................................................................................................................................................86

ШӘКӘРІМТАНУ

Момынова Бағдан. Абай және Шәкәрім: тілдік параллельдер................................................................7

Жақсыбаева Фарида. Шәкәрім шығармаларындағы прагматикалық ерекшеліктері басым тілдік

амалдар......................................................................................................................................................13



Секей Жанбота. Шәкәрім романтизімінің адамзаттық болмыспен біте қабысуы..............................19

Шаяхимов  Дәулет.  Шәкәрімнің  «Қалқаман-Мамыр»  поэмасындағы  көркем  образ  жасаудағы

шеберлігі...................................................................................................................................................23



Дүйсембекова Шолпан. Шәкәрім Құдайбердиевтің ағартушылық-педагогикалық көзқарасында еңбек

тәрбиесінің алатын орны........................................................................................................................29

 

УАҚЫТ  ТАҚЫРЫБЫ



АЛАШТАНУ

Аккулулы  Султанхан.  Алихан  Букейхан  –  первый  казахский  профессиональный  журналист  и

публицист....................................................................................................................................................33



Сақ Қайрат. «Қазақтың тірі я өлі болу мәселесі».....................................................................................48

Жакенов Дәулет. Қарқаралыда білім алған алаш арыстары.....................................................................65

Есім  Ғарифолла. Мәңгілік елдің жеті айқындамасы....................................................................................3

3

2014  №4  (25)

УАҚЫТ ТАҚЫРЫБЫ

(Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті студенттерімен

кездескенде сөйлеген сөзі)

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ЖЕТІ АЙҚЫНДАМАСЫ

Мәңгілік ел дегеніміз не? Қазақ тарихымен

байланыстырып айтатын болсақ, Біз ел болып

өмір  сүріп  жатырмыз  ба?!  Қазақ  болуымыз

мәңгілік  пе?  Демек,  қазақ  болуымыз  мәңгілік

десек мәңгілік ел деген идеяға келуіміз керек. Күн

астында  мәңгілік  ештеңе  жоқ.  Бәрі  өзгеріп

отырады. Не мәңгілік, өзгеріс мәңгілік. Мәңгілік-

осы дүниенің мәңгілік өзгеріп отыруын түсіну

деген  сөз.  Елбасымыз  айтады:  Мәңгілік  ел

идеясы-  біздің  еліміздің Ұлттық  идеясы-  деп.

Демек, Мәңгілік елдің айқындамасы болуы керек.

Астанадағы  Евразия  ұлттық  университетінің

философия кафедрасында елу шақты ғалым бар.

Біз  ақылдаса  келіп,  Мәңгілік  ел  идеясының

айқындамасы  болу  керек-  деп,  оны  былайша

шартты түрде жеті  айқындамаға  түзіп көрсеттік:

Біріншіден,  Мәңгілік  ел  идеясы  –

патриотизмнің, отансүйгіштіктің қайнар бұлағы

болуы үшін қазақ елінің азаматтары тегіс, әсіресе,

қазақтар бай, ауқатты болулары керек. Қалайда

дәулетті болу, басқаша мүмкін емес. «Бай, ауқатты

болу»  ұғымының  астарында  дүниеқоңыздық

емес,  «елге,  жерге,  табиғи  қазынаға  ие  болу»

сияқты  патриоттық  мәселелер  жатыр.  Себебі

Қазақ елінің азаматтары бай, ауқатты болмаса,

елімізді,  жерімізді  өзге  жұрттың  бай,  ауқатты

адамдары билеп- төстеп кетпек. Олай болғанда

біз  оларға  қызмет  жасаймыз.  Соларға  тәуелді

боламыз. Басқа елдерге тәуелді болмауды мұрат

тұтқан ата-бабаларымыз балаларына Назарбай,

Құнанбай,  Қабанбай,  Бөгенбай,  Наурызбай,

Олжабай деп ат қойған. Сол аттарды иеленген

адамдар  немесе  олдардың  ұрпақтары  осал

адамдар болды ма? Тағы да би, бек, мырза деп

қойған.  Мысалы  Мырзабек,  Рахымбек,

Жомартбек т.б. есімдер беріп, ұлдарының бай,

ауқатты болып ер, би, батыр атанып, атамекенге

ие болуын мақсат еткен. Қазақтар балаларына

атты қоя білген. Өкінішке қарай, Кеңес үкіметі

заманында  «бай»  деген  ұғым  мазақ  сөзге

айналған. Бұл қазақ халқының рухани әлеміне

жасалған  «идеологиялық  диверсия»  болатын.

Балаға атты да қалай  болса солай Колхозбек,

Совхозбек деп қоя салған. Ондай балалар есімі

күнде айтыла берген соң олар «колхоз», «совхоз»

болып  кетпей  ме?  Бұл  сол  кездегі  сананың

шатқаяқтап кетуі, далбаса сана. Ал қазақ елінің

азаматтары қалай, қай жолмен, қайтып бай әрі

ауқатты  болмақ?  Бай  –  қазіргі  лексикаға

салғанда,  бизнесмен,  қәсіпкер.  Елбасының

Қазақстан стратегиясындағы Үшінші бағытында

Ұлттық  экономикамыздағы  жетекші  күші  –

кәсіпкерлікті  жан-жақты  қолдау  керек  деп

көрсетілген. Кәсіпкерлікті дамыту – бай, ауқатты

адамдардың қатарын көбейту. Қазақтың «бай»

деген ұғымы – қазіргі орта бизнес субъектілеріне

тең  келетін  ұғым.  Атам  қазақ  байлықтың

дәулетке  айналуын  мақсат  тұтқан.  Дәулетке

айналмаған байлық халыққа залал келтірмек,

баянсыз байлық. Ал дәулетті жандар – жомарт,



Ғ. ЕСІМ, философия  ғылымдарының докторы, академик

Ғалым «Мәңгілік ел» идеясы бойынша қазақ елінің мәңгілік болуы үшін үлес қосатын жеті

айқындаманы сарапқа салады.

  Тірек сөздер: Елбасы, мәңгілік ел идеясы, қазақ елі, жеті айқындама.

ӘОЖ 1:323 (574)


4

УАҚЫТ  ТАҚЫРЫБЫ

2014  №4  (25)

олардың барар жері – жұмақ. Еуропада оларды

меценат  деп  атайды.  Қазақ  философиясында

«дәулет – байлықтан, игілік – биліктен, ізгілік –

Алла тағаладан» деген түсінік бар. Бұл біздің биік

ұстап  жүретін  қадырлы,  қасиетті  ұғымдар.

Өмірге керекті, санаға қонымды ұғымдар. Бұл

сөздерде ұлағат бар.

        Екіншіден, Қазақ елінің азаматтары,  елді

Мәңгілік елге айналдыру үшін іскер, креативті

болуы шарт. Іскерлік – адамның қасиеті және

қабілеті.  Басы-артық  қажетсіз  істермен

шұғылдану – социалистік қоғамнан қалған мұра.

Сондықтан  прагматизм  философиясы  қажет.

Іскерлік  балабақша,  орта  білім  меке¬мелері,

жоғары оқу орындарындағы білім стандарттары

арқылы 

негізделмек. 



Елбасы 

2050


стратегиясында  айтқан-дай,  өкінішке  қарай,

оқушылар, студенттер заманымызға аса қажеті

жоқ, тіптен мүлдем қажеті жоқ пәндерді оқумен

босқа уақытын өткізуде. Мұны Білім және ғылым

министрлігі назарына алғаны жөн. Шынында да

бүгінде орта  білім алып шыққан жастарымыз

кейде өз бетімен өмір сүріп кетуге қабылетсіз

болып  қалып  жатыр.  Бастауыш  сынып

бағдарламаларында тіпті үлкендердің өздерінің

шешуіне қиын соғатын тапсырмалар беріледі.

Тиісті адамдар балаларды ерте жастан оқытып,

оқу  жылын    көбейтуді  ойлағанды  қойып,

сапалылыққа көңіл бөлгені жөн болар. Әлі күнге

оқулықтар жоғары сапаға жеткен жоқ. Жоғары

оқу  орнына  қабылдау  сынақтарында  да

кемшіліктер көп. Қайта- қайта ойға қонымсыз

реформалар жасалады. Қаншама қаржы бөлініп

жатқанмен  жұмыс  әлсіз.  Тағы  бір  мысал,

қазақтың  тойға  жиналуын  алайық.  Қазақтар

тойға  сағат  5-ке  шақарылса  7-де  келеді.  Осы

кешігіп  жүретін  адамдар  іскер  адамдар  емес.

Себебі олар уақытты бағаламайтындар. Уақыт

аса  қымбат.  Егер  сіз  Германияда  болып,

шақырылған уақытта дәл бармасаңыз немістер

сіздің  бұл  қылығыңызы  түсінбейді,  сізбен

сөйлеспейді  де,  көрмей  кетеді.  Бұл  неміс

халқының уақытты бағалай білгені. Сонысымен

де Германия әлемдегі озық елдердің қатарында

тұр. 

Ал 


біз 

марғаулығымызбен,

енжарлығымызбен,  жалқаулығымызбен,

уақытты  бағалай  білмеуімізбен  артта  қалып

келеміз. Бұл ретте бізге  Елбасы үлгі, ол кісі бәріне

үлгереді. Бір секунд уақытын босқа жібермейді.

Самолет ішінде де мәселе шешіп, шет елдердегі

басшылар жиынында аз уақыт ішінде бірнеше

басшылармен  кездесіп,  көкейінде  жүрген

мәселелерді айтып үлгереді. Қазақ басты байлық

– денаулық дейді, Мен денсаулығы, бар мүшесі

аман  адамдардың  жұмыс  жоқ-  дегендерін

мүлдем түсінбеймін. Қол-аяғы аман, денсаулығы

жақсы жастар қалайша жұмыссыз жүреді.  Елде

жұмыс  жоқ    деп,  жұмыссыз  жүру  ешқандай

ақылға  симайтын  сылтау.  Біздің  елде  қаптап

келіп, жұмыс істеп жүрген шетелдік адамдар бар.

Ең болмағанда солар құрлы болмағаны ма? Бұл

әрине ешқандай іскерлікке, адами тіршілік жасап,

алға басуға, ілгерілеуге, талпынуға  жатпайтын

қасиет.  Елсіз  аралға  тап  болған  Робинзо

Крузоны  алайықшы,  жапанда  жалғыз  жүріп

байыды  ғой.  Тіршілік  үшін  қалай  талпынды.

Еңбекшілдіктің үлгісі осы емес пе.

      Үшіншіден, дәстүр және халық дәстүрінің

маңыздылығы.  Елбасы  стратегияда  дәстүрді

ұлттық код деп атаған. Дәстүр – ауқымды ұғым,

қоғам, тіл, тарих, мәдениет, дін және діл – оның

құрамдас бөліктері. Қазірде Мәңгілік ел және

патриотизмді  тәрбиелеуде  дәстүрмен  діннің

арақатынасы өзіне ерекше назар аудартып отыр.

Әлем  халықтарының  дәстүрлеріне  үңіліп

қарасақ үлгі тұтарлық ұлағаттар аз емес. Шығыс

елдерінің  бірталайын  аралап  көрдім.  Сонда

түйгенім, үлгілі салт-дәстүрі, тәртібі бар елдердің

экономикасы  да өркендеп, әлемге үлгі көрсете

бастаған. Осындай дәстүрге бай елдің бірі өз

еліміз. Біздегі үлкенді сыйлау, жесірін, жетімін

жатқа  телміртпеу,  біреудің  ала  жібін  аттамау,

жақыныңды жат қылмау, таспен атқанды аспен

ату, таза жолмен жүріп, еңбек ету, отаныңды,

туған жеріңді, ұлтыңды, тіліңді, діліңді, дініңді

сатпау,  ар  ұялар  іс  қылмау  тағы  басқа  толып

жатқан  ізгілік,  өнеге  жолын  айтуға  болады.

Дәстүр  дегеніміз-  ата-бабамыздың  бізге

қалдырып  кеткен  мол  мұрасы,  қазынасы,

қағидасы,  ережесі,  шексіз  байлығы.  Дәстүр

өзгереді. Оны өзгерту керек. Бірақ біз оның дәнін

білуіміз  керек,  нәрін  сақтап  қалуымыз  керек.

Мәселе  сол  дәнді  шашып  алмауымызда.  Біз

сонда қазақ боламыз.

       Төртіншіден, Мәңгілік ел болашағы тікелей

ел  өсіміне,  демографияға  қатысты,  бұл  да  –


5

УАҚЫТ  ТАҚЫРЫБЫ

2014  №4  (25)

арнайы әңгімені қажет етпек. Қазіргі әрбір жас

отбасы ата-дәстүріне лайық, кемінде бес ұл мен

қыз өсіріп, Қазақ  елінің патриот азаматтарын

тәрбиелеп жеткізеді деген қоғамда өміршең үміт

бар. Ұлаңғайыр жеріміздің мол байлығын еркін

меңгеріп,  халық  игілігіне  айландыру  үшін

халқымыздың саны өсуге тиіс. Кешегі аласапраң

кездерде  тоз-тоз  болып  кеткен  қазақтардың

атамекенге  оралуы  да  күн  тәртібіндегі  басты

мәселелердің бірі. Демография дегенде біздің

ерекше 


мән 

беріп 


жүрген 

басты


құндылықтардың бірі қазақ қызы дер едім. Иә,

басты  құндылығымыз  қазақ  қызы.  Қазақ

қызынан асқан құндылық жоқ. Қазақ қыз баланы

ерекше  құрметтеген  және  «қырық  жерден

тыйып,  арлы  болып  өсуіне  айырықша  көңіл

бөлген,  әдемі  болып  өсуіне  барынша  жағдай

жасаған. Қазақ қызының сылдырлаған шолпысы

мен үлпілдеген үкісі неге тұрады. Әсіресе әкелері

шекесінен шертпеген, «қыз бала-қонақ» деген.

Ол  тегін  емес.  Бүгінгі  қыз  бала  ертеңгі  ана.

Бәрімізде анадан туғанбыз. Аналарымыз кешегі

қыз.  Ол  отбасының  ұйтқысы.  Болашақ  келін,

болашақ ана. Кезінде аналар бір рулы елдің атын

шығарған,  ел  билеген.  Мысалы  Тұмар  ханым

(Томирис), Айша бибі, Домалақ ана, Айпара ана,

Айғаным ханым, Абақ керей, Жанбике, Мұрын,

Жеті-Момын  тағы  басқалар.  Кешегі  Отан

соғысында  Әлия  мен  Мәншүк  бастаған  қазақ

қыздары ерліктерімен әлемді өздеріне қаратқан.

Тағы да, өзіміздегі «Желтоқсанда» кей жігіттеріміз

бұғып қалғанда, ағаларымыздың біразы аузын

аша  алмай  тұрғанда  қазақ  қыздары  алдыңғы

сапта  жүргенін  әлі  ешкім  ұмыта  қойған  жоқ.

Бүгінде біздер қыз баланың ағасы жоқ- дейміз.

Неге?!.. Бір  мысал келтірсек, ертеректе, Кеңес

кезінде  Тәжік  еліне  сапарлап  бардық.  Қарсы

алушылар айтты: Сіздер ұлттық киіммен жүрген

тәжік  қыздарына  күлмеңдер.  қолынан  ұстап,

орынсыз  қалжың  айтпаңыздар.  Олай  болса

тәжік жігіттері сендерді ұрып тастайді. Оған біз

ештеңе істей алмаймыз- деп ескертті. Ол кездегі

ұлттық  киімдерін  төгілтіп,  шаштарын  өріп

жіберген әдемі тәжік қыздарыа орынсыз қылық

көрсетудің өзі мүмкін емес еді. Ал біз бүгінде

қыздарымызға аға бола алып алып жүрміз бе?

Ұрып таста демейміз. Көшедегі қыздарымызға

орынсыз  қылықтарын  түзетіп,  олай  жүрме

былай жүр, ана тіліңде сөйле деп айтамыз ба,

жәбір көріп жатқандарын байқасақ араша түсе

аламыз  ба?  Соған  көңіл  аудармайтын

азаматтарымыз да бар ғой. Ойланатын жағдай...

      Бесіншіден, Ел бірлігі – буындар арасындағы

Сабақтастықта. Ата буын, Орта буын, Немере

буын арасындағы сабақтастықта. Айталық, дәм

үстінде Атасы, Әкесі, Немересі бас қосты. Бірақ

олар, бір ұғымда, бір түсінікте, бір тілде сөйлесіп,

тілдесіп,  сұхбаттасып,  арман-қиялдарын,

мақсат-мүдделерін бір ортаға салып отыр ма?

Бір-бірін  түсіне  ме?  Мәселе  –  осында.

Құндылықтарымыз,  сабақтастығымыз  от

басында, бірге отырып шай ішкенде піседі. Отқа

қайнамаған  ас  піспейді.  Піспеген  ас  жеуге

келмейді. Бұл да солай. Ойланып қарайықшы,

елімізде  «қарттар  үйінің»,  «жетімдер  үйінің»

болуы  қандай  өкінішті...  Осындай  үйлер

өркениетке  қадам  басып  отырған    шығыс

елдерінде  жоқ.  Демек  әке  баланы,  бала  әкені

түсінбейді. Мүлдем силамайды. Оны көріп өскен

немеренің жағдайы не болады. Осыдан ерекше

ойланудың,  ұрпақ  тәрбиесіне  мейлінше  көңіл

бөлудің қажеттігі туындайды.   Сондықтан да

сабақтастық – Мәңгілік ел идеясының өзегі. Бұл

қағида.

              Алтыншыдан,  жаңаша,  инновациялық



ойлау  қажет.  Бұл  мәселенің  елімізде  өткелі

отырған  «ЭКСПО-2017»  көрмесіне  тікелей

қатысы бар. «Жасыл экономика – адамша өмір

сүру,  лас  технологиядан  арылып,  таза  табиғи

экологиялық  технологияға  өту.  Бұл  –  жаңаша

ойлау.  Экономиканы  ар-ұятпен  өлшеу».

«Шәкәрім  айтқан,  Ар-Білімі  –  оқу,  білім

стандарттарында жаңаша ойлаудың принципіне

айналса» инновациялық ойлауға жол ашылады.

Бүгінде өркениетке қадам бсамыз деген әр ел

осыған  барынша  назар  салып,  ғылымды  осы

жолға  бағыттап  отыр.  Біз  де  осы  мүддені

ұстануымыз керек. Бұл жолдағы игілікті жұмыс

жаңа жоғарыда айтқан әлемдік шараның біздің

елде  өткелі  жатқаны.  Иновациялық  ойлау

барынша  керек.

       Жетіншіден, Мәңгілік ел болу үшін, аса

қажетті  феномен  –  Жақсы  Қазақ  идеясы.  Бұл

идеяның  негізі  жоғарыда  келтірілген  алты

бағыттың жүзеге асуының жиынтығы. «Жақсы

Қазақ- бай. Дәулетті қазақ», «Жақсы Қазақ- іскер


6

УАҚЫТ  ТАҚЫРБЫ

2014  №4  (25)

Resume

Қазақ», «Жақсы Қазақ- өсімі бар, дәстүрге бай,

ұрпағының  сабақтастығы  жалғасып  жатқан

Қазақ. Жақсы қазақ құндылық деп қазақ қызын

құрмейттейтін  қазақ.    «Жақсы  Қазақ  –

инновациялық ойлайтын қазақ. Жақсы Қазақ

–  ел  имиджі.  Жақсы  Қазақ  атану  –

дәреже».«Егеменді елімізде жақсы қазақтар көп,

әсіресе, олардың саны жастар ішінде күннен-

күнге өсуде». Халқымыз «жас келсе – іске» деп,

жастардан әрқашан үміт күткен. Сол үміт бүгінгі

күнде ақталып келеді. Ол тәрбие, білім, ғылым,

әдебиет  пен өнер  сала¬ларында,  технология,

ел бас¬қа¬ру, мемлекет басқару ісінде. Жақсы

Қазақтардың көптігі- олардың қасиетті Қазақ

елінің  тәуелсіз  азаматтары,  патриоттары

екендігінің кепілі. «Жақсы Қазақ – абырой, атақ!

Қазақ елін мәңгілік ететін – Жақсы Қазақ!».

              Біз,  Астанадағы  Еуразия  ұлттық

университетінде  Мәңгілік  Ел  бағдарламасы

бойынша  «философия  және  мәдениет»

мамандарын даярлау оқу кестесіне жаңадан жеті

пәнді    енгіздік.  Олар  жоғарыда  атап  өткен

«Мәңгілік ел идеясының» жеті айқындамасына

сай,  олар: 1. Дәулет философиясы. 2.Іскерлік

және жаңа прагматизм философиясы. 3.Дәстүр

философиясы.  4.  Қазақ  қызы  және  тұрмыс

бейнесі.  5.Сабақтастық  философиясы.

6.Жаңаша, иновациялық ойлау философиясы. 7.

Жақсы қазақ философиясы.

      Бұл жеті айқындама «Мәңгілік ел» идеясын

жастарымыз жете түсіну үшін жасалып отырған

бағдарлама.  Осы  жеті  айқындама  (пәндерді)

қағиданы мүмкіндігінше жас ұрпақ санасына

жеткізе білсек, ұрпаққа ұлағат ұялатудың  бір

жолы  демекпін.



Резюме

В  статье  ученого  Г.Есима  отрожена  семь  определение  идеий  «Мәңгілік  ел»,  который

формулировали ученые кафедры философии Евразиского государственного университета имени

Л.Н.Гумилева в Астане.

In the article of scientist G.Esim "Mangilik el" seven determinations  of idea of eternity of the

Kazakh people are reflected, that set forth the scientific departments of philosophy of the Eurasian state

university of the name L.N.Gumilev in Astana.

7

ШӘКӘРІМТАНУ

2014  №4  (25)

АБАЙ ЖӘНЕ ШӘКӘРІМ: ТІЛДІК ПАРАЛЛЕЛЬДЕР

Абай қалыптастырған поэтикалық дәстүр

мен  Абайдың  көркем  тілі,  ең  бастысы,  ой

тереңдігі Шәкәрім шығармаларынан жалғастық

тапты, өйткені ол – Абайдың шәкірті.

Шәкәрім  туралы  соңғы  жылдары

әдебиетшілер  тарапынан  өндірімді  жұмыстар

атқарылды.  Сондықтан  біздің  мақсатымыз  –

Абай мен Шәкәрім шығармаларына тән ең басты,

айшықты тілдік ерекшеліктерді көрсетуге тырысу.

Шәкәрімнің  тілдік  модельдері  Абай

өлеңдеріне ұқсас. Өйткені Абай мен Шәкәрімнің

топырағы, тегі, өрісі бір; рухани әлемі тектес; олар

–  тоғысар  тұстары  көп  тұлғалар,  сондықтан

олардың тілінде әр деңгейлік ұқсастықтардың

болуы заңды, бірақ жеке-жеке тілдік тұлғалар

болғандықтан, олардың шығармаларында өзіндік

ерекшеліктердің болмауы мүмкін емес. Дегенмен,

ұстаз бен шәкірт арасындағы сабақтастық пен

жалғастықтың үзілмеуі табиғи заңдылық.

Сондықтан Шәкәрім тілін зерттегенде Абай

шығармалары тілінің ерекшеліктеріне соқпай өту

мүмкін емес. Шәкәрім туралы зерттеулер Абай

шығармашылығын зерделеген еңбектерге де өз

сәулесін  түсіреді.  Сөйтіп  қазақ  әдеби  тілі

тарихындағы Абай тілін зерттеу жалғаса бермек.

Өйткені,  Абай  ұлы  суреткер,  «Суреткер  тілін

танудың  біз  бармаған  қырлары  әлі  де  аз  емес

екенін айтамыз, ол қырлар (зерттеу аспектілері)

жеке  танымдық  ізденістермен  қатар,  көркем

тілдің  жалпы  теориялық  мәселелеріне  де

қатысты  болатынын  және  айтамыз.  Бұл  –

алдағы шаруалар, бізден кейінгі зерттеушілердің,

әсіресе жас талаптардың қолына алатын игілікті

ісі деп білеміз», - дейді белгілі ғалым Р.Сыздық.

Әрине,  «Абай  шығармаларының  тілі»  мен

«Абайдың сөз өрнегі» атты екі бірдей ғылыми

еңбектің авторы көп нәрсені айтты, көп дүниені

қамтыды, бірақ осы пікірімен Абай әлемінің, оның

тілдік қырларының шексіз көп екенін, тереңдігін,

сондықтан зерттеулерді тоқтатпауды меңзегені

сөзсіз.


Шынында  да  Абай  тілінің  әлі  танылып

бітпеген қырлары көп, олардың кейбірі Шәкәрім

мен  Абайдың  арасындағы  ұқсастықтар  мен

айырмашылықтарды  саралау  арқылы  ашыла

түседі. Бұл, әсіресе, Абайдан гөрі, біріншіден,

Шәкәрім  мұрасын  түгендеу  үшін,  екіншіден,

Абай  салған  тілдік-стильдік  ерекшеліктердің

әдеби тіл дамуы процесінде қалай өз жалғасын

тапқанын  нақтылай  түсу  үшін,  үшіншіден,

стильдік  тармақтардың  қалыптасуы  мен

дамуының эволюциясын таразылайтын әдеби

тіл тарихы үшін қажет.

Ең  бастысы,  Абайды  үлгі  тұтпайтын,

өзінің пірі санамайтын қазақта қалам иесі жоқ.

Ал Шәкәрім мен Абай шығармаларының тілдік-

стильдік ерекшеліктерін салыстыру Абай кімдерге

тікелей үлгі болды, Абайды үлгіге алу қашан

басталды  деген  сұрақтардың  жауабын  табуға

көмектеседі.

ӘОЖ 811.512.122




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал