Issn 2518-198х индексі 74623 Индекс 74623 Қ ар ағ анд ы уни вер си тетiнiң ÕÀÁÀÐØÛÑÛ



Pdf көрінісі
бет7/46
Дата12.10.2022
өлшемі5,53 Mb.
#42591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
LITERATURY STUDY 
Kharitonova L.M., Bidanova A. The artist's identity: the problem of the study ................................... 43 
Toleubaeva K.A., Musieva D.B. The topic of history and destiny in the book of Tursyn Zhurtbaev 
«Talky» ......................................................................................................................................................... 49 
Okay A., Zhumabekov M.K., Demyanova Yu.A. On the issue of loci communes in folklore studies ... 56 
JOURNALISM 
Amangeldieva G.S., Zukhurnaeva M. Аbish Kekilbayev journalistic articles published in the media .... 61 
Shauenova G.A. Abai and the journalism of his time ........................................................................... 66 
 
INFORMATION ABOUT AUTHORS ................................................................................................ 71 



Вестник Карагандинского университета 
ТІЛ БІЛІМІ 
ЯЗЫКОЗНАНИЕ 
LINGUISTICS 
ƏОЖ 81-39 
Ш. Мажитаева, А.Ы. Сейтім, Н.Б. Жанузаков 
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан
(E-mail: S_mazhit@mail.ru) 
Ақселеу Сейдімбек шығармаларының тілдік ерекшеліктері 
Мақалада Ақселеу Сейдімбек шығармалары тілдік тұрғыдан талданып, оның сөздік қолданысы 
сараланды. Жазушының шығарма жазудағы ерекшелігі мен оның көркемдік стилі жан-жақты 
сипатталды. Қаламгердің сөз саптаулары мен олардың тілдік-эстетикалық бояуларының көрінісі 
талданды. Жазушы тілін зерттеу арқылы оның қазақ тілінің сөз қолданысы мен тіл байлығын дамыту 
жолдары анықталды. Автордың тілдік құрылым жүйесі лингвостилистикалық тұрғыдан зерттелді. 
Сонымен қатар шығарманы тілдік тұрғыдан талдау туралы зерттеулерге шолу жасалды.  
Кілт сөздер: сөз, тілдік талдау, жазушы, стиль, стилистика, сөздік қор, лексика-грамматикалық, автор 
тілі, морфология. 
Көркем əдебиет стиліне тəн ерекшеліктердің бірі тіл байлығы екендігі мəлім. Көркем шығармада 
қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана 
авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де тұрады. Ал кейіпкерлер əр жастағы, əр 
мамандықтағы, білімдері де əр түрлі деңгейдегі адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да 
əрбір нақтылы көркем шығармада кейіпкер сөзінің өзіне тəн əлеуметтік-психологиялық сипаттамасы 
болады. Кейіпкер тілінде кəсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де 
ұшырасып отырады. Көркем əдебиет стилінің екінші бір ерекшелігі – оның көп стильді болып 
келетіндігі.
Зерттеушілер жазушылар көркем шығармадағы жалпыхалықтық тілдің негізгі сөздік қорын, 
сөздік құрамын, тілдегі мақал-мəтелдерді, шешендік сөздерді, қанатты сөздерді қаншалықты қалай 
пайдаланды, оларды қаншалықты, қалай байытты, ұстартты, оның сол байыту, ұстартуы қаншалықты 
заңды, жарастықты соны тексереді. Өйткені тіл – көркем шығарманың негізгі элементтерінің бірі, 
жазушының негізгі құралы. Демек, адам ойын, сезімін, əсерін, ісін жазушы осы арқылы бейнелейді.
Қай сөздің қаншалықты көркемдік деңгейіне көтерілуі оның лексикалық мағынасы мен 
жазушының рухани өрісіне байланысты. Сондықтан əрбір жазушының өзіндік сөз қолданысы 
болады. Мəселен, Ақселеу Сейдімбек шығармалары тілінде əр түрлі сөз қолданыстарын байқай 
аламыз [1; 32]. 
Əдетте, кейбір жазушы шығармаларында «тіл» деген сөз «қызыл тіл» деп қолданылады. Ал, 
Ақселеу Сейдімбек «тіл» сөзін өз шығармасында былайша суреттейді:
Қара тіл, қанжар тұяқ, қанға тоймас, 
Қанша керіп тұрса да алмай қоймас. 
Шұбар тұяқ жиренді тауып салсаң, 
Ердің құнын берсең де басын жоймас. 
А. Сейдімбек шығармаларында одағай сөздерді көп кездестіреміз. Жазушы кейіпкердің тұлғасын 
ашу мақсатында оларды барынша мол қолданады.
 


Ақселеу Сейдімбек шығармаларының… 
Серия «Филология». № 2(86)/2017 

– Пай-пай, мына шұбар да мал деуге аузы бармайтын жануар екен! («Аққыз»). 
– Бəрекелді, бұған тең келер өзен болса, осынша жанды əуре-сарсаңға салып, қыруар күш, 
қаншама шығын жұмсап, былайша тырбанбас едік қой («Атамекен»). 
Ойбай-ау, мына сияқты мығым қос топшысы бар, мына сияқты жалпақ қанаттары бар 
бүркіт тегі осал бола ма, осал болып еңбегіңді еш қыла ма? («Ақиық») 
Сонымен қатар жазушы шығармаларында еліктеуіш жəне бейнелеуіш сөздерді пайдаланып, 
ойнақы өрнек, айшықты кестелер жасайды. 
Тек қана босағаға сүйелген жез леген қатқыл дауыстан шың-шың еткені болмаса, үй іші 
үрейлі, тым-тырыс меңіреулікте қарая үңірейіп тұра берді («Қыз ұнатқан»). 
Аз сəтте айыл-тартпаларын шірей тартысып, ақ бауыр сойылдарын ыңғай ұстасып, сарт-
сұрт атқа міністі («Аққыз»). 
Ақселеу өз шығармаларында фразеологизмдерді де ұтымды пайдалана білді.  Əдеттегідей, жер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет