Issn 2518-198х индексі 74623 Индекс 74623 Қ ар ағ анд ы уни вер си тетiнiң ÕÀÁÀÐØÛÑÛ


шоғы бар жігіттің шет қалуы мүмкін де емес еді. Сөз ыңғайында Аққыз əке кіндігінен жалғыз  екенін, біраяғы жерде, бір аяғы көрде



Pdf көрінісі
бет9/46
Дата12.10.2022
өлшемі5,53 Mb.
#42591
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Байланысты:
аааа сейдімбек

шоғы бар жігіттің шет қалуы мүмкін де емес еді. Сөз ыңғайында Аққыз əке кіндігінен жалғыз 
екенін, біраяғы жерде, бір аяғы көрде отырған сол əкенің қас-қабағына көп қарайлайтынын, 
əйтпесе елден ерек тірілік құруды əуезе көрмейтінін бір сыр қылып айтып өтті.
– Жігіттер, Қарағашқа келіп қалдық, — деді Наймантай қоңыр даусы онша көтермей, — бұл 
тұстан малды ауыл да қозы көш жерден аспас. Кешікпей-ақ, Қарағаштың қалың ағашы тымық 
түнде қарауыта мүлгіп, көрдей қараңғы қойнына мезгілсіз жүрген жолаушыларды сіңіре берді 
(«Аққыз»). Сонан соң айналасындағы аяқ жетер жерді шашырай шолып қайтысты. Осы 
мысалдардағы фразеологизмдерді стильдік бояуы, қолданылуы тұрғысынан ауызекі сөйлеу тілінің 
жəне қарапайым фразеологиялық тіркестер қатарына жатқызуға болады [2; 85]. 
Тұрақты тіркестер шығарма тіліне айрықша көрік, ұтымды мазмұн, ұлттық колорит береді. 
Халық тілінің бұл қат-қабатты қазынасына барлау жасап, көзін табу – жазушының шеберлігіне 
байланысты. Фразеологизмдердің көркем шығармада атқаратын функциясы – бейне жасау. 
Кейіпкерге тілдік сипаттама беруде, кейіпкерді мінездеу, белгілі бір жағдайға қорытынды жасау 
қызметінде жиі жұмсалады. Шығарма авторлары белгілі бір ұлт өкілі ретінде халықтың ғасырлар 
бойы ұлттың санасына жинақталған, сақталған тұрақты тіркестерді еркін игереді. Сол еркін игерілген 
дүниеден жазушының жеке тұлғасының дүниетанымына, психологиялық санасына сай, 
тілдегі сөздерді ойната отыру мəнеріне сай, өзіндік қалыптастырған стиліне сай авторлық 
фразеологизмдер туады. Фразеологизмдер жазушы дүниетанымы мен шеберілігінен шыңдалып 
шығатын асыл қазына. 
Ақселеу Сейдімбек фразеологиялық тіркестерді сөйлем ішінде қолданғанда, көбінесе бастапқы 
тұлғасын сақтайды. Мəселен, Таң атты. Түні бойы иненің үстінде жатқандай, кірпік ілмеген 
жігіт, мыж-мыж күйінде балконға шыққан («Аққыз»). Мұндағы «кірпік ілмеу» — ұйықтамау 
ұғымын береді. Кейіпкерлер тілінде кездесетін мысы басым, салы суға кеткен, сағы сынған, 
қуанышы қойнына сыймай, сағыныштан сарғайып, бауырын көтерді, ат үстінде ұйықтады, қаны 
қарайды, қаны басына шапты, шыбын жаны қалмады, өзегі талды, қысыр əңгімеге ілікті деген 
сияқты тіркестердің экспрессивтілігі жоғары. 


Ақселеу Сейдімбек шығармаларының… 
Серия «Филология». № 2(86)/2017 
11 
Шығарма идеясының айқындалуы, тілінің көркемділігі, үйлесімділігі мен əуезділігі, шеберлігі 
онда қолданыла білген бейнелі фразеологизмдерге де байланысты.
Тұрақты тіркестер авторлық өзгерістерге де ұшырайды. Жалпыхалықтық қордағы тұрақты 
тіркестердің мазмұны өзгеріп, кейде өңделіп те қолданылады. Бұл тілдегі сөз байлығын қолданудағы 
стилистикалық тəсілдерге байланысты. Əр қаламгер осындай тəсілдер арқылы тұрақты тіркестерді 
көркемдік, стильдік мақсатқа орай пайданылады. А.Сейдімбек шығармаларында салтанатты көтеріңкі 
күйді, алғыс жəне қарғыс мəнді, жоқтау жəне сықтауды, өкініш жəне қайғы т.б. түрлі 
фразеологизмдерді кездестіреміз [2; 94]. 
Сонымен, олардың көптігі сонша фразеологизмдерді тіпті топтастырып қарауымызға да болады. 
Мысалы: 
1. Көңіл-күйге қатысты фразеологизмдер: салы суға кетті, наза болды, қапа болды, жабырқау 
тартты, қабағы салық т.б. 
Жігіт егде əйелдің самбырлап сөйлеген əңгімесін зауқы соқпай тыңдап отыр еді, есіктен кірген 
қыз оны қуантып сала бердіЖалаң бас бала шықты да күлімсіреген қалпы бұған қарай жақындай 
түсті, міне, тура жанына келіп тұрды; тəңірім-ау, қайдан көрді бұл баланы... есіне түспей қапа 
болды («Аққыз»). 
Зауқы соқпай деген тұрақты тіркес еш нəрсені қаламады, ықыласы жоқ, ықыласы түспеді 
дегенді білдіреді. Қапа болды – уайымдады, ойы самарқауланды, уайымдады. 
2. Уақытқа байланысты тұрақты тіркестер: зауалды шақ, зауалды күн, қаралы күн т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет