Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата15.03.2017
өлшемі12,48 Mb.
#9521
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


Ыстық ықлас, 

достық байланыс

ҚЫТАЙ ТӨРАҒАСЫНЫҢ 

ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРЫ

Тәуелсіздік  алған  жиырма  жылдан  астам  уақыт  ішінде 

Қазақстан  Республикасы  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени-

рухани  салада  ұшан-теңіз  табыстарға  қол  жеткізді.    Соңғы 

уақытта дәл осындай тез қарқынмен  өркендеген елдер өте сирек. 

Әйтсе де, Қазақстан қол жеткізген бұл табыспен шектеліп қалмақ 

емес.  Енді  еліміз  ең  дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  жетуді 

межелеп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті - Елба-

сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – 

Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытты» атты Қазақстан 

халқына Жолдауында бұл мақсат жан-жақты көрсетілген. Осын-

дай    табыстардың  нәтижесінде  Қазақстан  Республикасының 

әлемдік қауымдастықтағы абырой-беделі биік деңгейге көтерілді. 

Мұндай жетістік сырт жерлердегі 5 миллионнан астам  қазақ диа-

спорасымен байланыс жасауға да оң ықпалын тигізуде. Бұл рет-

те, өзімізбен көрші Ресей, Қытайдан бастап барлық өркениетті 

мемлекеттер шетелдегі өз отандастарына мәдени-гуманитарлық 

қолдау жасауды тұрақты түрде жүзеге асыратынын  айта кеткен 

мемлекеттік сапармен келуі еді. 

Сөз реті келгенде, екі ел арасындағы мұндай жоғары дәрежелі 

кездесулер бұған дейін де  сан рет болғанын айта кеткеніміз жөн. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға ресми са-

пармен  әлденеше  рет  барды;  Бұл  ресми  сапарларында  Елбасы 

Қытайдағы қазақ ағайындармен әлденеше рет арнайы кездесті. 

жөн. 

Қазақстан  Республикасы  да  тәуелсіздік  алғаннан  кейін 



бұл  мәселеге  айрықша  көңіл  бөлді.  Соған  орай,  1992    жыл-

дан  бері  елімізде    екі  рет  «Шетелдердегі  отандастарды 

қолдаудың  Мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, алыстағы 

ағайындардың  атажұртқа  оралуын  жеңілдететін  «Халықтың 

көші-қоны туралы» Заң да  дүниеге келді.    

Соған  орай,  шетелдегі  қазақтардың  Қазақстанмен    қарым-

қатынасы, барыс-келісі барынша жақсарды.  Бұл - ең алдымен, 

қазақтар тұратын мемлекеттермен жан-жақты достық байланыс 

орната білуіміздің нәтижесі. Жақсы қарым-қатынас қалыптасқан 

осындай елдердің бірі – Қытай Халық Республикасы. Бұл елде 

бүгінгі  таңда  бір  жарым  миллионнан  астам  қазақтар  тұрады. 

Жасыратыны жоқ, өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап біраз 

уақыт  Қытай  мен  Қазақстан  арасындағы  байланыс  мүлдем 

үзіліп  қалған  еді.  Екі  елдегі  ағайын-туыстардың  бір-бірлерінің 

амандық-саулығын сұрап, хабарласуға да  мүмкіндіктері болма-

ды.


Қазір  ол  қиындықтардың  бәрі  артта  қалған.  Бүгінгі  таңда 

Қазақстандағы  қазақтар  Қытайдағы  туыстарына  барып, 

Қытайдағы  ағайындар  Қазақстанға келіп, қалаған уақыттарында 

хабарласып,  араласып  тұрады.  Әсіресе,  іскерлік  пен  бизнес 

жөніндегі  байланыс  ерекше  дамыған.  Оқу-білім  саласындағы 

қарым-қатынас та кеңейген. Тұрақты тұру үшін қоныс аударушы-

лар да баршылық. Мұның бәрі - жоғарыда айтқанымыздай,  екі ел 

арасындағы достық  байланыстың барынша нығаюының жемісі. 

Жақында  осындай  достықтың  жарқын  бір  көрінісі  тарихтан  өз 

орынын алды. Бұл – қыркүйек  айының басында Қытай Халық 

Республикасының  Төрағасы  Си  Цзиньпинның  Қазақстанға 


3

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

7 қыркүйек күні Қазақстанға үш күндік мемлекеттік сапар-

мен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзинь-

пинды  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  әуежайдан 

қарсы  алды.  Қытай  елінің  басшысы  кездесу    бағдарламасын 

Астанадағы  «Отан-Ана» монументіне гүл шоғын қойып, тағзым 

етуден бастады. Бұдан әрі Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзинь-

пин  Астанадағы  «Жасыл-сулы  бульварды»  аралап,  Есілдің  сол 

жағалауындағы  жаңа  кешендердің  бірінен  кешкі  елорданы 

қызықтады. Содан кейін Мемлекет басшылары Ақордада шағын 

құрамда  кездесті.  Кездесу  барысында  Нұрсұлтан  Назарбаев 

пен  Си  Цзиньпин  екі  ел  арасындағы  жан-жақты  стратегиялық 

серіктестікті одан әрі тереңдету перспективаларына назар аудар-

ды. 


Одан әрі кездесу екі жақтың ресми делегациясы мүшелерінің 

қатысуымен  кеңейтілген  құрамда  жалғасты.  Бұл  кездесуді 

ашқан  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  ҚХР  Төрағасы  Си  Цзинь-

пин сапарының маңызы зор екенін атап өтті. Ақордадағы кезде-

су кезінде Қытай Халық Республикасының төрағасы Қазақстан 

Президентіне  достық  ықыласы,  қонақжай  қабылдауы  үшін 

алғысын білдірді. 

Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қытай 

Халық  Республикасының  төрағасының  тарихи  сапарына  зор 

мән  беріліп  отырғандығын  айта  келіп:  «Мен  сізді  алда  келе 

жатқан  мереке  –  Қытай  Халық  Республикасының  құрылған 

күнімен  құттықтаймын!  Тәуелсіздігіміздің  алғашқы  күнінен 

бастап  Сіздің  еліңізбен  арада  дамып  келе  жатқан  тату  қарым-

қатынасымыз біз үшін басымдық болып саналады. Біздің сізбен 

жүргізген келіссөздеріміз елдеріміздің достығын, халықтарымыз 

арасындағы ынтымақтастық пен сенімді  жаңа биікке көтереріне 

сенемін!» деп  жылы ықлас білдірді.

Қытай  Халық  Республикасының  Төрағасы  Си  Цзиньпин: 

«Мен  бұл  сапарды  көптен  армандаған  едім,  бүгін  сол  арма-

ным  орындалды  деуге  болады.  Әуежайға  өзіңіз  келіп,  қарсы 

алғаныңызды мақтан етемін! Осы орайда, жылы қабылдауыңыз 

үшін  Сізге  ризашылығымды  білдіргім  келеді.  Сіздің  көрікті 

қалаңызды  бірге аралап көрдік. Біздер сондай-ақ ұлттық сипат 

пен нақыштағы заманауи ғимараттарды тамашаладық. Шынын-

да  да,  он  жылдан  сәл  астам  ғана  уақытта  дала  жауһарындай 

жаңа шаһар тұрғызылыпты! Мұның бәрі терең символдық мәнге 

ие,  өйткені  Астана  –  жас  республикаларыңыздың  дамуының 

көрінісі!»,- деп атап көрсетті. 

Ақордада өткен келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев 

пен Си Цзиньпин екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестікті 

одан әрі тереңдету перспективаларын қарастырды. Екі ел басшы-

лары  сауда-экономикалық,  инвестициялық,  агроөнеркәсіптік, 



Бірлескен келісім, берекелі міндет 

шекаралық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жанданды-

ру мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібі мен өңірлік 

қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқыға салды. 

Нұрсұлтан  Назарбаев  келіссөз  барысында  Си  Цзиньпиннің 

сапары  Қазақстан-Қытай  қарым-қатынастарын  жан-жақты 

стратегиялық  серіктестік  деңгейіне  көтеретініне  сенім 

білдірді.  «Қытаймен  ынтымақтастықты  дамыту  біздің  сыртқы 

саясатымыздың басымдығы екенін тағы бір рет айтқым келеді. 

Сіздің  сапарыңыз  -  екі  елдің  өзара  байланысын  жақсарту 

мен  тереңдетуді  мақсат  еткен  мемлекет  басшылары  тұрақты 

кездесулерінің дәстүрлі жалғасы»,- деді Қазақстан басшысы. 

Сондай-ақ,  Нұрсұлтан  Назарбаев  екі  елдің  үкіметтері, 

парламенттері,  саяси  партиялары  арасындағы  байланыстардың 

игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

«Екі елдің экономикалық ынтымақтастығы арқасында біз ке-

ремет табыстарға қол жеткіздік. Бүгінде екі ел арасындағы тау-

ар айналымы 26 миллиард долларды құрайды, бұл санды біз 40 

миллиард долларға жеткізу міндетін алға қойып отырмыз. Оған 

Сіздің сапарыңыз барысында қол қою үшін дайындаған бірқатар 

келісімдер септігін тигізетін болады»,- деді Нұрсұлтан Назарба-

ев.


Си  Цзиньпин  өз  кезегінде:  «Қытай  мен  Қазақстан  қарым-

қатынасы үшінші онжылдыққа аяқ басқан кезеңде Сізбен бірлесіп 

соңғы  жылдардағы  ынтымақтастық  байланыстардың  даму 

нәтижелерін  жинақтап,  әртүрлі  бағыттардағы  серіктестіктерді 

одан әрі жалғастыру үшін міндеттер мен жоспарлар белгілеуге 

күш-жігер жұмсауға әзірмін. Бұл біздің халықтарымыздың игілігі 

үшін жасалып жатқан стратегиялық серіктестігімізді анағұрлым 

биік деңгейде дамытуға септігін тигізеді»,- деп атап көрсетті.

Кеңейтілген  құрамдағы  кездесу  аяқталған  соң  бірнеше 

екіжақты  құжаттарға  қол  қойылды.  Соның  ішінде  Қазақстан 

мен  Қытай  Халық  Республикасы  арасындағы  стратегиялық 

серіктестікті  одан  әрі  жан-жақты  дамыту  туралы  Бірлескен 

декларацияға  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  пен 

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қол қойды. 

Бұдан  басқа,  ҚР  Үкіметі  мен  ҚХР  Үкіметі  арасындағы 

Дипломатиялық  өкілдіктер  ғимаратының  құрылысына  өзара 

жер  учаскелерін  беру  туралы  келісім,  Ғарыш  кеңістігін  зерт-

теу  және  бейбіт  мақсатта  пайдалану  туралы  ҚР  Үкіметі  мен 

ҚХР  Үкіметі  арасындағы  келісім,  Қорғас  өзеніндегі  бірлескен 

«Достық»  су  торабын  басқару  және  пайдалану  туралы  ҚР 

Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы келісім, Қазақстан-Қытай 

сауда-экономикалық  ынтымақтастығын  дамытудың  орта  және 

ұзақ мерзімді бағдарламасы (2020 жылға дейін), Қазақстан Рес-

публикасы  Индустрия  және  жаңа  технологиялар  министрлігі 

мен  Қытай  Халық  Республикасының  Энергетика  жөніндегі 

мемлекеттік  басқармасы  арасындағы  Көмірді  кешенді  өңдеу 

жобаларын  жүзеге  асыру  саласындағы  ынтымақтастық  туралы 

меморандум,  «Қазақстан  темір  жолы»  ҰК»  АҚ  пен  Ляньюнь-

ган  қаласы  Халық  үкіметі  арасындағы  ынтымақтастық  туралы 

келісімге екі елдің тиісті ведомстволар басшылары қол қойды.   

     

Келіссөз қорытындысы: 

серіктестік пен сенім

Кездесу  аяқталған  соң  келіссөздер  қорытындысы  бойын-

ша  Нұрсұлтан  Назарбаев  пен  Си  Цзиньпин  бірлескен  бри-

финг  өткізді.  Онда  Елбасы  бүгінгі  күні  Қазақстан  мен  Қытай 

арасындағы  қарым-қатынастарда  айтарлықтай  табыстарға  қол 

жеткізілгенін атап өтті.

«Біз  ортақ  шекараны  бекіттік,  сауда  айналымының  көлемін 

Қытайдың Мемлекет басшылары да Қазақстанға тұрақты келіп 

тұрады. Қытай елінің жаңа басшысының Қазақстанға келуі осы 

жақсы дәстүрдің жалғасы еді. 



4

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


ұлғайттық.  ҚХР-дың  Қазақстанға  салған 

инвестициясы  20  млрд.  долларға  жетті. 

Бұл ел біздің экономикамызға инвестиция 

салудан  барлық  шет  елдердің  арасында 

үшінші орында. Газ бен мұнай құбырлары 

құрылысын  қоса  алғанда,  мұнай-газ 

саласындағы  ынтымақтастық  қарқынды 

дамып  келеді.  «Достық  –  Алашаңқай» 

және  «Қорғас  –  Алтынкөл»  темір  жол 

өткелдерінің  ашылуы  біз  үшін  әлемдік 

нарыққа  қолжетімділік  аясын  кеңейте 

түсті,  теңізге  шығуға  мүмкіндігі  жоқ 

мемлекетіміз  үшін  мұның  маңызы  өте 

зор», – деді Қазақстан басшысы. Сондай-

ақ Қазақстан Президенті сапар барысында 

жалпы  құны  30  млрд.  долларға  жуық  22 

келісімге қол жеткізілгенін атап өтті.

«Біз  Қазақстанға  аса  қажетті  мұнай 

өңдейтін зауыт салу жөнінде уағдаластық. 

Үлгілі-тәжірибелік  шаруашылық  құру 

тады.  Біз  әлемдік  экономиканың  өзекті 

мәселелері  талқыланған  G20  саммитіне 

қатыстық. Барлық ел Қытайдың қарқынды 

дамуы  өзге  елдердің  тұрақтылығының 

кепілі  екендігін  бірауыздан  мақұлдады. 

Сондықтан Қытай Халық Республикасын 

дамытудың  қабылданған  стратегиялық 

жоспары  Қазақстан  экономикасының  да 

өсуіне  септігін  тигізетін  болады,  –  деді 

Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан  көшбасшысы  көрші  елдің 

«ізгі  ерік»  танытып  отырғанын  айтты: 

«ҚХР-дың  ізгі  еркі  –  оның  бізге  алып 

нарығын  ашуында.  Біз  енді  Тынық 

мұхитқа  шығамыз!  Тынық  мұхит  жақтан 

тауарлар  Қазақстан  арқылы  Еуропаға 

жетеді,  ал  бұл  –  қазіргі  тасымал  жолы-

нан  3,5  есе  қысқа.  Осының  барлығы  – 

екі  ел  арасындағы  ынтымақтастықтың 

жаңа кезеңі! Осы жоспарлардың барлығы 

нақты  бағыттары  қарастырылды.  Мен 

өзара  тауар  айналымының  көлемін  2015 

жылға қарай бірлескен күш-жігер жұмсау 

арқылы  40  миллиард  долларға  дейін 

ұлғайта алатынымызға сенімдімін», – деп 

атап өтті ҚХР Төрағасы.



Іскерлік кеңесі 

іске кірісті  

 

Екіжақты  кездесудің  ресми  бөлімі 



аяқталғаннан кейін Қазақстан Президенті 

Нұрсұлтан  Назарбаев  пен  ҚХР  Төрағасы 

Си  Цзиньпин  Қазақстан-Қытай  Іскерлік 

кеңесінің  құрылтай  отырысына  қатысты.  

Бұл  Кеңес  Қазақстан  мен  Қытай 

арасындағы  ынтымақтастықты    одан 

әрі  тереңдетуге  ерекше  үлес  қоспақ. 

жоспары  бойынша  аграрлық  саладағы 

ынтымақтастық  туралы  да  келісімге  қол 

жеткіздік.  Көлік  және  коммуникация  са-

ласында келешектегі нысандар құрылысы 

талқыланды.  Гуманитарлық  саладағы, 

атап айтқанда, біздің студенттерді ҚХР-да 

және  Қытай  студенттерін  біздің  универ-

ситеттерде оқытудың бірқатар бағыттары 

қарастырылды», – деді Нұрсұлтан Назар-

баев.

Осы жоспарлардың бәрі тату көршілік 



және  бір-бірінің  ісіне  араласпау  шарты-

мен  жүзеге  асырылатыны  атап  өтілді. 

Қазақстан  басшысы  Қазақстан  Қытайды 

өңірлік  қауіпсіздікке,  экстремизмге,  тер-

роризм  мен  сепаратизмге  қарсы  күрес 

мәселелері бойынша қолдайтынын да атап 

өтті.  Бұған  қоса,  Қазақстан  Президенті 

еліміздің  Ляньюньган  порты  арқылы 

Азия-Тынық  мұхиты  өңіріндегі  көлік 

инфрақұрылымына  шығуының  маңызды 

екеніне тоқталды.

«Осының  бәрі  елдеріміз  арасындағы 

ынтымақтастықтың  жаңа  кезеңін  таны-

тату  көршілік,  бауырлық,  тең  құқылық, 

бір-біріміздің  ішкі  ісімізге  араласпау 

жағдайында жүзеге асырылатын болады!» 

– деп түйді Нұрсұлтан Назарбаев.       

Қытай  Халық  Республикасының 

төрағасы  Си  Цзиньпин:  «Бүгін  біз 

Қазақстан  Президентімен  айтарлықтай 

нәтижелі  келіссөздер  өткіздік,  екіжақты 

ынтымақтастықты  нығайту  мәселелерін 

ашық  әрі  егжей-тегжейлі  талқыладық. 

Халықаралық  және  өңірлік  күн  тәртібін-

дегі көптеген өзекті мәселелерді де қарап, 

талқыланған  барлық  тақырып  бойынша 

кең  ауқымды  түсіністікке  қол  жеткіздік. 

Стратегиялық  серіктестікті  нығайту 

жөніндегі  Бірлескен  декларацияға  бірге 

қол  қойып,  алдағы  жылдардың  бағыт-

бағдарын белгіледік, сондай-ақ, елдеріміз 

арасындағы  тығыз  қарым-қатынасты 

жалғастыратын болып шештік. Бұған қоса, 

екі  ел  арасындағы  сауда-экономикалық 

ынтымақтастықты 

дамытудың 

орта 

және  ұзақ  мерзімді  бағдарламасында 



ауқымды  экономикалық  әрекеттестіктің 

Кеңестің  тұңғыш  отырысында  ең  алды-

мен  Қазақстан-Қытай  Іскерлік  кеңесінің 

құрылтайшылық отырысы өтіп, оның ая-

сында ҚР мен ҚХР мемлекеттік компания-

лары экономикалық әріптестікті тереңдету 

мүмкіндіктері талқыға салынды. 

Пленарлық 

сессияда 

мемлекет 

басшысы  сөз  сөйледі.  Қатысушыларға 

арнаған  сөзінде  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Қазақстанның  Қытайды  сенімді  серіктес 

және  тату  көрші  ретінде  жоғары 

бағалайтынын атап өтті. Елбасы қытайлық 

және басқа да барлық инвесторларға жан-

жақты  қолдау  көрсетіліп  отырғандығына 

тоқтала  келіп:  «Қазақстан-Қытай»  мұнай 

құбырының, 

«Сарыбұлақ-Зимұнай» 

және 

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» 



газ 

құбырларының 

құрылысы 

табысты 


инвестициялық  өзара  іс-қимылдың  тағы 

бір  мысалына  айналды.  Қазіргі  уақытта 

біз жаңа «Жібек жолын» жаңғыртудамыз. 

Бүкіл  еліміз  бойынша  «Батыс  Еуропа 

–  Батыс  Қытай»  магистральді  көлік 

дәлізін,  жаңа  автомобиль  жолдарын 



5

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

және  теміржолдарды,  теңіз  терминалы 

мен  логистикалық  орталықтарды  іске 

қосудамыз»,-  деп  атап  көрсетті.  Бұдан 

әрі  Елбасы:  «Ұлы  Жібек  жолының  тағы 

бір  көрінісі  –  ақпараттық  технологиялар 

саласындағы  транзиттік  әлеуетті  дамыту 

болып  табылады.  Азия  мен  Еуропа 

арасындағы 

телекоммуникациялық 

арналарға  деген  сұраныстың  өсіп 

отырғанын  ескере  келе,  Қазақстан 

ақпараттар ағыны үшін мейлінше қолайлы 

және  барынша  қысқа  бағытты  ұсынуға 

дайын! Елімізде бар дата-орталықтардың 

қуатын  тиімді  пайдалануды  бірлесіп 

ойластыруды ұсынамын», - деді. 

Ал    Іскерлік  кеңеске  Елбасы  қазақ-

қытай  бизнесінің  арасындағы  байланыс-

тарды  кеңейту  міндетін  жүктеді.  «Менің 

ойымша,  онда  елеулі  экономикалық 

әлеует бар. Бұл құрылым қызметтің ашық 

форматына  ие  болуға  және  екіжақты 

сауда-экономикалық қарым-қатынастарды 

тереңдету  бағытында  пәрменді  шаралар-

ды  қабылдауға  тиіс.  Сондай-ақ,  Кеңестің 

тиімді  жұмыс  істеуі  үшін  оның  аясында 

Астанада  тұрақты  жұмыс  істейтін  орга-

нын  құру  қажет  деп  есептеймін.  Бұған 

қоса,  екі  жақ  үшін  басым  бағыттарды 

нысанаға  алатын  салалық  жұмыс  топ-

тарын  ұйымдастырған  жөн»,  –  деді 

Нұрсұлтан Назарбаев. 

Мемлекет  басшысы  Іскерлік  кеңеске 

Қазақстанда  –  қытайлық,  ал  Қытайда  – 

қазақстандық  кәсіпкерлердің  құқықтары 

мен  мүдделерін  қорғау  туралы  тапсырма 

берді. 


Бұл    жиында  Елбасы  қазақ-қытай 

бірлескен 

басылымдарын 

жарыққа 


шығарып,    арнайы  телеарна  ашу 

мүмкіндігін де күн тәртібіне қойды.

«Көрмелерді,  сауда  жәрмеңкелерін, 

семинарларды,  конференциялар  мен  екі 

елдің  таныстырылымдарын  тұрақты 

түрде өткізіп тұру қажет, олар Қазақстан 

мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты 

жандандыруға  септігін  тигізеді.  Сондай-

ақ,  тиімді  пікір  және  іскерлік  ақпараттар 

алмасуды жолға қою мақсатында Іскерлік 

кеңеске  мерзімді  баспа  және  электронды 

басылымдар  шығаруды  қамтамасыз  ету 

ұсынылады»,–деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

«Қытай мен Қазақстан – жақын көрші, 

шешуші  стратегиялық  әріптестер,  –  деді 

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин. – Біздің сан 

алуан  салалардағы  ынтымақтастығымыз 

бұрын-соңды 

болмаған 

биіктерге 

жетті!  Мен  Қазақстан  Президентінің 

шақыруымен  келіп  отырмын.  Біз  бұл  са-

парды  бұрыннан  күттік.  Нұрсұлтан  На-

зарбаевпен  арамызда  өзара  түсіністік 

орнаған.  Мен  Президент  мырзаға 

екіжақты  қатынастарымыздың  дамуы-

на  зор  үлес  қосқаны  үшін  алғысымды 

білдіремін! Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Қытайдың  әртүрлі  буындағы  басшыла-

рымен  өте  тығыз  жеке  қатынастармен 

байланысқанын  білемін.  Олар  қазақ-

қытай  қарым-қатынастарының  бірлесе 

берік іргесін қалады.» 

Си 


Цзиньпин 

Қытай 


Халық 

Республикасының  жаңа Төрағасы ретінде 

«ХХІ  ғасырдың  үшінші  онжылдығында 

қазақ-қытай  қатынастарын  жаңа  ірі  ме-

желерге жеткізу міндетін» жүзеге асыруға 

күш салатынын хабарлады. 

«Қытай  -  Қазақстанның  аса  ірі  сауда 

әріптесі.  Қазақстан  ТМД-дағы  қытайлық 

инвестицияларды  ең  көп  тартқан  ел  бо-

лып  табылады.  Қазақстанмен  бірге  біз 

Қытай тарихындағы тұңғыш құрлықтағы 

мұнай  құбырын  және  жердегі  шебімізде 

бірінші  шекаралық  ынтымақтастықтың 

халықаралық  орталығын  салдық.  Қытай 

Қазақстанға,  тәуелсіздікке  қолы  жеткен-

нен  кейінгі  бірінші  ірі  ГЭС  тұрғызуға 

көмектесті. Шын мәнінде мұндай мысал-

дар өте көп», – деді Си Цзиньпин. 



Ынтымақтастық 

нығая түседі

Кеңес  отырысының  соңында    «Бей-

неу-Бозой-Шымкент» 

магистральді 

газ  құбырын  іске  қосу  салтанаты  өтті. 

Нұрсұлтан  Назарбаев  пен  Си  Цзинь-

пин  тікелей  телекөпір  арқылы  осы  газ 

құбырын  «көгілдір  отынмен»  толтыруды 

бастауға жол ашты. 

«Бозой-Шымкент»  құбырын  газ-

бен  толтыру  –  бірлескен  ірі  жобаның 

технологиялық  үдерістерінің  бірі  бо-

лып  табылады.  Бұдан  кейін  «Бо-

зой»  және  «Ақбұлақ»  газөлшеу  стан-

салары  қолданысқа  берілмек.  Бұл 

келешекте 

Қазақстанның 

оңтүстігін 

еліміздің  батыс  өңірлеріндегі  кен  орын-

дарынан  шығарылатын  табиғи  газбен 

қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді. 

Аталмыш  газ  құбыры  Маңғыстау, 



6

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


төрағасы  Чан  Чжэминь  Қазақ-қытай 

Іскерлік  кеңесінің  «Инвестициялық  кар-

тасын» жүзеге асыру туралы келісімге қол 

қойды. Міне, осыған орай жалпы құны 18 

миллиард доллардан асатын 21 бірлескен 

жобаға  мониторинг  жүргізіледі.  Бұл 

жобалардың  барлығы  2020  жылға  дейін 

іске асырылуға тиісті. 

Сондай-ақ,    «Павлодар»  Әлеуметтік-

кәсіпкерлік  корпорациясы  мен  Қытай 

Даму банкі арасында өзара түсіністік ту-

ралы меморандум, Индустрия және жаңа 

технологиялар  министрлігі  мен  «Қытай-

Агро  холдинг»  арасында  өзара  түсіністік 

туралы  меморандум,  «Біріккен  химия 

компаниясы»  мен  «Чайна  Хуанку  Конт-

кратинг Инжиниринг» корпорациясы ара-

сында  бірлескен  қызмет  туралы  келісім 

бекітілді. 

Осында жасалған мәмілелерге сәйкес, 

Қазақстан  мен  Қытай  Шыны  зауытын 

және  Көмірді  кешенді  өңдеу  кешенін  са-

латын болды. 

Қазақстан мен Қытай басшыларының 

кездесуінде  мұнай  өндіру  саласында 

бірлесіп  жұмыс  істеуге  айрықша  назар 

аударылды.  Соған  орай  бұл  салада  екі 

құжатқа  қол  қойылды:  оның  біріншісі  – 

«CNPC» мен «ҚазМұнайГаз» арасындағы 

ынтымақтасу  бағдарламасы.  Ал  екіншісі 

–  Қашаған  бойынша  мәміле.  Қашаған 

бойынша  –  барлық  бекіту  процедура-

лары  аяқталған  соң,  қытайлық  тарап 

8,33%  көлемінде  оның  акционері  бола-

ды. Осыған орай, биылғы жылдың өзінде 

Қашаған  кен  орнынан  1,5-3  миллион 

тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарланып 

отыр.    Сондай-ақ,  Қазақстан  мен  Қытай 

басшылары  елімізде  жаңа  мұнай  өңдеу 

зауытын салу туралы уағдаласқан. Әзірге 

елімізде  3  мұнай  өңдейтін  зауыт  бар. 

Оларды  жаңғыртуға  да  Қытай  тарапы  өз 

үлесін қосатын болады. 

Бұдан 


басқа, 

Іле 


өзенінде 

контрреттеуші  Кербұлақ  су  электрстан-

сасын  салу  жобасын  іске  асыру  келісімі 

рәсімделгенін ерекше атап өткен жөн. 

        



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет