Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата15.03.2017
өлшемі12,48 Mb.
#9521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қытай Көшбасшысы 

Абайдан үзінді келтірді   

Қазақстандағы 

ресми 

сапары 


барысында  Си  Цзиньпин  елордадағы  ең 

үлкен білім ордаларының бірі – Назарбаев 

университетінде  болып,  студенттер  мен 

оқытушылар  алдында  дәріс  оқыды.  Бұл 

дәрісінде Си Цзиньпин Қытай мен Орта-

лық  Азия  елдері  арасындағы  байланыс-

тарды нығайтуға қатысты өз ұсыныстарын 

да  ортаға  салды.  «Біріншіден,  сая-

си  деңгейдегі  диалогті  күшейтіп, 

экономикалық  алмасу  төңірегінде  үнемі 

кеңесіп  отырған  жөн.  Осы  салада  тиісті 

бағдарламаларды  қабылдап,  аймақтық 

интеграцияға  барынша  жол  ашу  қажет. 

Екіншіден,  Шанхай  ынтымақтастық 

ұйымы  аясында  бірыңғай  жол  желісін 

құру  жұмысын  күшейту  керек.  Қазіргі 

уақытта автожол тасымалдарының тиімді 

шарттары  бойынша  арнайы  келіссөздер 

жүргізіліп  келеді.  Осыны  тез  арада 

атқарып  шықсақ,  Тынық  мұхиттан 

бастап  Балтық  теңізіне  дейінгі  үлкен 

автомагистральді ашуға болады. Ал әрбір 

елдің трансшекаралық мәселелерін шешу 

арқылы  біз  шығыс,  батыс  пен  оңтүстік 

Азияны  қосатын  көлік  тасымалын 

жасай  аламыз.  Осының  өзі    жүк 

тасымалын оңтайландырып қана қоймай, 

азаматтардың барыс-келісін де жеңілдете 

алады.  Үшіншіден,  сауда  байланыстарын 

күшейту  керек.  Бүгінде  Жібек  жолының 

бойында 3 млрд-тан артық халық тұрады. 

Мұның бәрі – ауқымды нарық. Сондықтан 

біз  сауданы  барынша  жеңілдетіп,  қажет 

емес  кедергілерді  алып  тастауымыз 

керек.  Сол  арқылы  экономикалық 

операцияларды  жылдамдатқан  дұрыс»,  – 

деді ҚХР төрағасы. Осы орайда ол бүгінгі 

жастардың  Қазақстан-Қытай  достығын 

ары  қарай  дамыта  алатындығына  сенім 

білдірді. Бұл ретте Қытай басшысының өз 

әңгімесінде «Қазақ халқының ұлы ақыны 

әрі  ойшылы  Абай  айтқандай,  «дүние  – 

үлкен  көл,  заман  –  соққан  жел,  алдыңғы 

толқын – ағалар, кейінгі толқын – інілер, 

кезекпенен  өлінер,  баяғыдай  көрінер», 

-  деп  Абай  шығармасынан  үзінді  келтіре 

сөйлеуі ерекше  әсерлі шықты. Соған орай 

«Қазіргі жастар бір-бірін жақсы түсінеді. 

Себебі  олардың  мақсат-міндеттері  бір. 

Ақтөбе,  Қызылорда,  Оңтүстік  Қазақстан 

облыстарының  жерімен  өтеді.  Жал-

пы  ұзындығы  –  1  мың  477  шақырым. 

Жоба  аясында  «Бозой»  және  «Қараөзек» 

кенттерінде  екі  компрессорлық  стан-

са  салу  қарастырылған.  Оның  біріншісі 

іске  қосылысымен,  газ  құбырының 

қуаттылығы  жылына  6  миллиард  текше 

метрге дейін жетпек. Ұлттық компанияның 

дерегінше,  «бірінші  кезеңде  жаңа  маги-

стралмен  тасымалданатын  газ  елдің  ішкі 

тұтынысына  жұмсалады:  құбыр  бойында 

орын тепкен 500-ден астам елді мекен газ-

дандырылады». Құрылысты толық аяқтау 

және 10 миллиард текше метрлік жобалық 

қуаттылыққа шығу 2015 жылға жоспарла-

нуда. 


Осы газ құбырымен Қазақстан бірне-

ше мемлекеттік міндетті шешпек ниетте: 

біріншіден, қазақ газын елдің оңтүстігіне 

беру, 


екіншіден, 

республиканың 

магистралді  газ  құбырларын  бірыңғай 

газ тасымалдау жүйесіне біріктіру. Бұдан 

әрі бұл құбыр Қытайдың алып нарығына 

«көгілдір  отын»  экспорттауға  мүмкіндік 

береді. 

Іскерлік  кеңес  отырысының  ба-

рысында  «Самұрық-Қазына»  ұлттық 

әл-ауқат  қорының  басқарма  төрағасы 

Өмірзақ Шөкеев пен қытайлық «СИТИК» 

корпорациясының  директорлар  кеңесінің 



7

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

Біз екі ел жастары бүгінгі достығымызды 

жалғастырып,  оны  ары  қарай  нығайтуға 

өз үлестерін қосады деп сенеміз», – деді 

Си  Цзиньпин.  Ал  жастардың  бүгінгі 

байланысын  күшейту  үшін  Қытай 

Шанхай  ынтымақтастық  ұйымына  мүше 

мемлекеттердің  азаматтарына  30  мың 

үкіметтік  білім  беру  стипендияларын 

бөлетін болды. Оның 10 мыңы Конфуций 

институттарында 

жұмыс 


істейтін 

оқытушыларға арналған.        

Сондай-ақ,  Си  Цзиньпин  Назарбаев 

университетінің  200  оқытушысы  мен 

студенттерін  келесі  жылы  Қытайдағы 

жазғы лагерьлерге шақырды. 

Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаев 

та  Қытай  төрағасын  ерекше  ілтипатпен 

тыңдап,  дәріс  аяқталған  соң,  универси-

теттің құрметтi профессоры атағын салта-

натты түрде табыс етті.

Кездесу жемісі – 

достықтың жеңісі

Қытай  Халық  Республикасының 

төрағасы  Си  Цзиньпиннің  Қазақстанға 

мемлекеттік сапары аясында 20-дан астам 

келісімшартқа қол қойылды. Бұған дейінгі 

келісілген 20 ірі жобаның құны 30 млрд. 

доллар  болса,  жаңадан  қолға  алынған 

30  жобаға  тағы  30  млрд.  АҚШ  доллары 

құйылады. Мұның бәрі Қытайдың  Мем-

лекет  басшысының  Қазақстанға  ресми 

сапарының  барынша  жемісті  болып, 

достық  байланыстың  бұрыңғыдан  да 

нығая  түсуіне    кең  жол  ашқанын  айқын 

көрсетеді.  Ал  бұл  жетістік  өз  кезегінде 

Қытайдағы  ағайындардың  Қазақстанмен 

екі арадағы барыс-келісін бұрыңғыдан да 

көбейтіп,  жаңа  мүмкіндіктерге  жол  аша-

тыны  даусыз.  Енді  осы  байланыстардың 

негізгілеріне тоқталайық:

Бүгінгі  таңда  Қытайда  өз  ана  тілімен 

қатар  қытай  тілін  де  жетік  меңгерген 

және  өнеркәсіптің  түрлі  салалары  бой-

ынша  жоғары  мамандық  алған  қазақ  жа-

стары  барынша  көбейіп  келеді.  Қазірдің 

өзінде  олардың  біразы  Қытайдың  газ, 

мұнай  өндіретін  өндіріс  орындары 

мен  басқа  да  түрлі  компанияларының 

құрамында  Қазақстанға  келіп  жұмыс 

істеп  жүр.  Болашақта  олар  қазіргіден  де 

әлдеқайда  көбейеді.  Өйткені,  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  тілін 

білгеннен  кейін  олардың  Қазақстанға 

келіп    жұмыс  істеуі  барынша  тиімді  әрі 

оңай. Осыған байланысты екі елдің тиісті 

мекемелері Қазақстанға келетін мамандар 

мен  жұмыс  күші  туралы  келіскенде  осы 

мәселені ерекше назарда ұстағандары аб-

зал. 


Қазақстан  жері  өте  кең  –  егін  егіп, 

мал  өсіруге  барынша  ыңғайлы.  Бірақ 

біз    осы  мүмкіндікті  толық  пайдала-

на  алмай  отырмыз.  Ал  Қытайда  қазір 

ауылшаруашылығы  барынша  дамыған. 

Бұған  қажетті  түрлі  техника  да  жақсы 

жетілдірілген.  Бұл  игілікті  Қытайдағы 

қазақтар да ойдағыдай игерген. Сондықтан 

да  бұл  ағайындарымыз  Қазақтанға  келіп 

жұмыс  істесе  айтарлықтай  жетістіктерге 

жететіні  анық.  Қазірдің  өзінде  Шығыс 

Қазақстан  мен  Алматы  облыстарының 

ауылшаруашылығында  Қытайдан  кел-

ген  біраз  ағайындар  жақсы  істерімен 

көзге  түсіп  жүр.  Қытай  қазақтарының 

осы  мүмкіншіліктерін  болашақта  ба-

рынша  тиімді  пайдалануымыз  қажет. 

Яғни,  Қазақстан  олардың  атажұртқа 

келіп,  ауылшаруашылығы  өнімдерін 

өндірумен  айналысулары    үшін  қажетті 

жағдайлардың бәрін жасаса дейміз.

Қазір Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті 

дамыту  мәселесі  үзбей  айтылып  келеді. 

Бірақ  оның  бәрі  толық  жүзеге  аса  алмай 

отыр. Ал Қытай елінде шағын кәсіпкерлік  

айрықша  өркен  жайған.  Осыған  орай,  

Қытайдағы  ағайындардың  бұл  жөніндегі 

іс-тәжірибелерін  пайдалану    үнемі  на-

зарда  болғаны  жөн.  Яғни,  Қытайдағы 

іскер  қазақтардың  Қазақстанға  келіп 

жұмыс істеуіне қажетті қолдау мен көмек 

көрсетілгені жөн.

Қазақстан  мен  Қытайдың  Мемле-

кет  басшыларының    Астана  қаласында 

өткен  кездесуінде  екі  ел  арасындағы 

мәдени-гуманитарлық  қарым-қатынасқа 

да  айрықша  назар  аударылды.  Бұл  рет-

те  Қытайдағы  қазақтардың  мәдениеті 

мен  өнерінің,  әдебиетінің  айтарлықтай 

жоғары  дәрежеде  дамығанын  еске  сала-

мыз. Сондықтан да екі ел басшыларының 

кездесуінен 

кейін 

Қазақстанның 



Қытайдағы 

қазақтармен 

мәдени-

гуманитарлық  байланысы  қазіргіден  де 



жақсарып,  жаңа  деңгейге  көтерілуіне 

толық  мүмкіндік  бар.  Мұндай  жаңа 

бетбұрыс екі ел арасындағы оқу-білім са-

ласында да жүзеге асары анық. Қазіргі кез-

де  Қытайдағы  қазақ  жастарының  біразы 

Қазақстанға келіп дайындық бөлімдеріне 

түсіп,  жоғары  және  арнаулы  орта  оқу 

орындарында  білім  алуда.  Қазақстандық 

жастар  да  Қытайдың  түрлі  оқу  орында-

рына  түсуде.  Алдағы  уақытта  мұндай 

игі істер қазіргіден де қанатын кеңге жая 

береді деп ойлаймыз.

Әңгімемізді  қорытындылай  келе, 

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Нұрсұлтан 

Назарбаев 

пен 

Қытай 


Халық  Республикасының  Төрағасы  Си 

Цзиньпиннің      Астанадағы  кездесуінен 

кейін  екі  ел  арасындағы  іскерлік-

экономикалық, 

мәдени-гуманитарлық 

байланыс  бұрыңғыдан  да  нығайып,  екі 

жақтағы  ағайындардың  бір-бірлеріне 

барыс-келісі  қазіргіден  де  әлдеқайда 

жақсаратынына 

кәміл 


сенетінімізді 

білдіреміз. 

                  

    Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ



8

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


Тәуелсіздік  алғаннан  бергі    кезеңде  Қазақстан  Республи-

касы  шетелдердегі  қазақ  диаспорасымен  байланысты  жан-

жақты  дамытып,  жоғары  деңгейге  көтерді.    Мұның  айқын  бір 

көрінісі  –  сырт  жерлердегі  ағайындардың  кіші  құрылтайларын 

өткізіп  тұру.  Шетелдердегі    Қазақ  мәдени  орталықтары  мен 

Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  бірлесіп  өткізетін  мұндай  

құрылтайлардың  басты  мақсаты  –  қазақ  диаспорасының 

мәдени-рухани,  оқу-білім,  ана  тілі,  атажұртпен    байланыс  

салаларындағы  күрделі мәселелерін талқылап, оларды шешудің 

жолдарын  қарастыру.  Осындай  кіші  құрылтайлардың  бірі 

үстіміздегі жылдың шілде айының басында Моңғолияның аста-

насы  Ұланбатыр  қаласында  өтті.  Сөз  реті  келгенде,  Моңғолия 

қазақтарының мұндай бас қосуы үшінші рет ұйымдастырылғанын 

да айта кеткен жөн.

Кіші  құрылтайға  қатысатын  қазақстандық  делегацияны 

Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  төрағасының  бірінші 

орынбасары  Талғат  Мамашев    бастап  барды.  Делегацияның 

құрамында Парламент Мәжілісінің депутаты Әлихан Тойбаев, ҚР 

Президенті Әкімшілігінің жауапты қызметкері Нұрлан Оқаұлы, 

Ш.Уәлиханов  атындағы  Тарих  және  этнология  институтының 

директоры Хангелді Әбжанов, Еңбек және халықты әлеуметтік 

қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары 



«ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫ  

ЖӘНЕ МОҢҒОЛИЯ  ҚАЗАҚТАРЫ

Аслан  Қаржаубаев,  Қазақстан  дәрігерлерінің  білімін  жетілдіру 

институтының  профессоры  Мақсұт  Темірбаев,  Дүниежүзі 

қазақтары  қауымдастығы  ұйымдастыру  бөлімінің  меңгерушісі 

Ботагөз  Уатқан,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  әртістері  Майра 

Ілиясова,  Бағдат  Сәмединова,  белгілі  күйші  Еркін  Ерген  және 

Ернар Жұматаев бастаған «Динар» тобының әншілері болды. 

Кіші  құрылтайға  Ұланбатыр  мен  Дархан,  Эрдэнэт,  На-

лайх, Шарынгол қалалары мен Баян-Өлгий, Қобда сияқты алыс 

аймақтарда  тұратын  Моңғолиядағы    барлық  қазақ  қауымының 

өкілдері қатысты. 

Моңғолияда  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығының 

бөлімшесі  мен  «Арулар»,  «Жерлестер»  атты  Қазақ  мәдени 

қоғамдары  бар.  Кіші  Құрылтайды  өткізуге  бұл  ұйымдар  

айтарлықтай үлес қосты. 

Баян-Өлгий  аймақтық    Азаматтар  өкілдері  Хуралының 

төрағасы    Ләззатхан  Бұранұлы  мен  аймақ  әкімі  Дәрмен 

Құзыкейұлы  да  жиынның өтуіне белсене атсалысты.

Атажұрттан  алыста  жатқан  ағайындардың  басқосуын 

ұйымдастыруға Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігі де үлкен 

қолдау жасады. 

Кіші  Құрылтайға  «Самұрық  –  Қазына»  әл-аухат  қорының 

қаржылық  жағынан  демеушілік  жасағанын  да  ризашылықпен 

атап өткен жөн.

Кіші  құрылтайдың  салтанатты  ашылуы  қарсаңында 

Қазақстаннан  барған  делегацияны  Моңғолияның  Мәдениет, 

спорт  және  туризм  министрі  Ц.  Оюунгэрэл  арнайы  қабылдап, 

Қазақстанмен  мәдени-рухани  саладағы  байланысты  одан  әрі 

жақсарту  және  осы  мәселелерге  қатысты  жергілікті  қазақтарға 

қажетті қолдау мен көмек көрсету жөнінде мазмұнды пікір ал-

масу  өткізді.  Ц.  Оюунгэрэл  ханым  Моңғолия    қазақтарының 

мәдени-рухани жағдайларын  жетік біледі екен; тіпті, жақында 

ғана  қазақтар  ең  көп  тұратын  Баян-Өлгий  аймағына  арнайы 

іссапармен  барып  та  қайтыпты.  Осыған    орай    министр  Баян-

Өлгийдегі  қазақ  театрының  жағдайына  ерекше  алаңдаушылық 

білдірді.  Қазақстан  жағы  бұл  театрға  режиссер,  актер  сияқты 

қажетті мамандар дайындаудан қолдау көрсетсе, ұлттық музыка 

аспаптарын жасайтын мамандар жөнінен де көмек берсе деген 

ұсыныстар айтты. 

Сондай-ақ,  кездесу  барысында  моңғолиялық  қазақтарға 

қазақша кітаптар мен түрлі басылымдар жөнінен де көмек керек 

екендігі  ортаға  қойылды.  Министрліктің  Сыртқы  қатынастар 

басқармасын  қазақ  қызы  Ардақ  Сұлтан  басқарады  екен.  Ардақ 

қарындасымыз да екі ел арасындағы мәдени байланыстың нығая 

түсуіне шынайы жанашыр екендігін айқын аңғартты. 

Алқалы жиын, 

ортақ ойлар

Моңғолия  қазақтарының  кіші  құрылтайының  салта-

натты  ашылуы  Ұланбатыр  қаласындағы  Кәсіподақтардың 

орталық мәдениет үйінде өтті. Салтанатты кеште қазақстандық 



Кіші құрылтай, 

үлкен мақсат

9

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

делегацияның  басшысы  Талғат  Мамашев  арнайы  құттықтау 

лебізін білдірді. 

Салтанат  соңы  қазақстандық  өнер  шеберлерінің  үлкен 

концертімен жалғасты.     

Моңғолиядағы  кіші  құрылтайдың  бағдарламасы  бойын-

ша  өткізілген  ең  маңызды  іс-шаралардың  бірі  –  Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

– 

Елбасы 



Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы  –  қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жол-

дауына  арналған  дөңгелек  үстел  болды.  Дүниежүзі  қазақтары 

қауымдастығы Елбасының бұл Жолдауын әлемнің әр түкпірінде 

тұратын ағайындарға жеткізуді қолға алған болатын. Бұл жақсы 

дәстүр  Моңғолиядағы  кіші  құрылтайда  да  жалғасын  тапты. 

Елбасы  Жолдауына  арналған  басқосуды    сапалы  өткізу  үшін 

Қауымдастық  Стратегияны    моңғол  тіліне  аударып,  алдын  ала 

таратқан  еді.  Дөңгелек  үстелді  Ш.  Уәлиханов  атындағы  Тарих 

және  этнология  институтының  директоры  Хангелді  Әбжанов 

кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.



Хангелді  ӘБЖАНОВ,  Ш.  Уәлиханов 

атындағы  Тарих  және  этнология 

институтының 

директоры: 

Бүгінгі 


басқосуымыздың    басты  мақсаты  – 

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

–  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  туралы    өз 

пікірлерімізді ортаға салу.

Елбасы  Қазақстан  халқына  Жолдауын 

1997  жылдан  бері  жүзеге  асырып  келеді.  Бұл  Жолдаулардың 

ең  алғашқысы  Қазақстанды  дамытудың  2030  жылға  дейінгі  

бағдарламасына  арналған  болатын.  Ол  бағдарламаның  ұлттық 

қауіпсіздік,  кәсіби  үкімет,  денсаулық,  инфрақұрылым  сияқты 

жеті  басымдылығы  бар  еді.  Міне,  осының  бәрі  мерзімінен 

бұрын орындалды. Яғни, Қазақстан  тәуелсіздігік алғаннан бергі 

кезеңде тарихта болмаған үлкен  экономикалық серпін көрсетті. 

Мысалы,  осы  жиырма  жылда  әртүрлі  мемлекеттер  әр  қилы 

көрсеткіштерге  жетіпті.  Айталық,  осы  кезеңде  ішкі  жиынтық 

өнім  Оңтүстік  Кореяда  3  есе,  Малайзияда  2  есе,  Сингапурда  4 

есе өскен. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 16 есеге жеткен. Қазір 

Қазақстанда    жан  басына  шаққандағы  жиынтық  өнім  12  мың 

АҚШ  долларын  құрайды.  Кезінде  Қазақстанда  бұл  көрсеткіш 

700 доллардан басталған. 1997 жылғы бағдарлама бойынша 2030 

жылы Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылады 

деп көрсетілген болса, біз былтырдың өзінде 51-і орында тұрдық. 

Яғни  көздеген мақсатымызға әлдеқайда бұрын жеттік. Ал енді 

Елбасы өзінің жаңа стратегиялық бағдарламасында ең дамыған 

30  елдің  қатарына  қосылуды  алға  қойып  отыр.  Бұл  мақсат 

биігінен көрінуге Қазақстанның әлеуеті толық жетеді.

  «Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы  негізінен    үш  бөлім-

нен  тұрады.  Оның  біріншісі  «Қалыптасқан  Қазақстан 

– 

мемлекеттілігіміздің, 



ұлттық 

экономикамыздың, 

азаматтық  қоғамымыздың,  қоғамдық  келісіміміздің,  өңірлік 

көшбасшылығымыз  бен  халықаралық  беделіміздің  дағдарыста 

сыналуы»  деп  аталды.  Бұл  бөлімде  Елбасы  соңғы  15  жылда, 

яғни  2030  жылға  дейінгі  бағдарламаны    жүзеге  асыру  бары-

сында Қазақстанның қол жеткізген табысын жан-жақты талдап 

көрсеткен.  Ал Стратегияның «XXI ғасырдың он жаһандық сын-

қатері» атты екінші бөлімінде жалпы адамзаттың алдағы уақытта 

қандай  сын-тегеруіндермен  бетбе-бет  келуі  мүмкін  екендігі 

ортаға  қойылған.  Тәуелсіз  Қазақстан  осы  сын-тегеруіндерден 

қалай сүрінбей өте алады?.. Бұған бағдарламаның «Қазақстан – 

2050» Стратегиясы – тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа 

Қазақстан  үшін  жаңа  саяси  бағыт»  атты  үшінші  бөлімі  нақты 

жауап береді. Елбасы бұл бөлімде «Біздің басты мақсатымыз – 

2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру» деп атап 

көрсетеді. Сонымен бірге Елбасы Қазақстан  XXI ғасырдың орта-

сына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс 

екендігін  алға қойып, осыған орай ұлттың 2050 жылға дейінгі 

саяси бағытының жобасын ұсынады. 

Бүгінде  бұл  Стратегияны  жүзеге  асыру  басталып  та    кетті.   

Қазақстан өзінің алға қойған жоспарларын нақтылап, іске аспай 

жатқан ресурстарды, мүмкіншіліктерді тауып, әлемдік деңгейдегі 

жобаларды қолға алуда. Осы ретте,  Елбасының жүзеге асырған 

ұлы істерінің  ішінде тарихшы ретінде өзіме жақын аса маңызды 

екі мәселені  айрықша айтқым келеді; оның бірі – елорданы Алма-

тыдан бұрыңғы Целиноград, қазіргі Астанаға көшіруі; екіншісі – 

2004-2011 жылдары  жүзеге асқан «Мәдени мұра» бағдарламасы.   

Елорданы  ауыстырудың  нәтижесінде  солтүстік  өңірдегі 

демографиялық,  қоғамдық-саяси  ахуал  түбегейлі  өзгерді. 

Бұрыңғы Целиноградта қазақтың үлесі бар болған 18-ақ пайыз 


10

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


еді, қазір ол көрсеткіш 80 пайызға жетіп отыр. Солтүстік өңірдің 

қалаларында да қазақтар 10 пайыздан аспайтын, қазір олардың 

да  негізгі  дені  қазаққа  айналды.  Бұрын  бұл  аймақтарда  қазақ 

мектептері жоққа тән еді, енді бұл да мүлдем өзгерді. Қазір Аста-

на қаласында жыл сайын бірнеше  мектеп ашылады –   олардың 

да  бәрі  қазақша.  Міне,  елімізде  осындай  ұлы  өзгерістер  бо-

лып  жатыр.  Ғасыр  басында  Ахмет  Байтұрсынов  «Қазақ  -  жоқ 

іздеген  жұрт»,  –  деп  айтқан  екен.  Өйткені,  ол  кезде  қазақ  өз 

мемлекетін, өзінің тәуелсіздігін іздейтін еді. Ол заман өтті. Қазір 

біз өз мемлекетіміз, өз Отанымыз, жеріміз  бар деп айтатын күйге 

жеттік. Соған орай, біз енді өзімізді өзіміз іздеген жұртпыз. Яғни, 

қазақ  қазақты  іздейтін  болды.  Қазақ  қазақпен  табысатын  бол-

ды.  Бүгінгі басқосуымыз да соның  бір айғағы. Соған орай бұл 

дөңгелек үстеліміз  еркін сөз, еркін пікір алмасу бағытында өтсе 

дейміз. 

Хабсаттар  ОМАРҰЛЫ,  Моңғолиядағы 

Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы 

филиалының  жетекшісі:  Соңғы  бірнеше 

күнде Моңғолия  мен қара шаңырақ Қазақ 

елінің 

арасындағы 



әлеуметтік-

экономикалық,  мәдени-рухани  байланыста 

айтарлықтай уақиғағалар өтіп  жатыр. Яғни, 

Моңғолиядағы    бауырларына  ата  жұрттан 

ағайындар  келіп,  сәлем  беріп,  тұрмыс-

тіршіліктерімен танысып, көкейкесті мәселелерін тыңдап, бұдан 

әрі  жүзеге  асыратын  жұмыстардың  бағыт-бағдарды  анықтауда. 

Бұл ретте бүгінгі арнайы сөз болып отырған  «Қазақстан – 2050» 

стратегиясының  алар  орыны  ерекше.  Бұл  Стратегияның 

ойдағыдай жүзеге асуы Моңғолиядағы қазақтар үшін де айрықша 

маңызды.  Бүгінгі  таңда  Моңғолия  мен  Қазақстанның  достық 

байланысы  барынша  дамып,  биік  деңгейге  көтерілген. 

Экономикалық  қарым-қатынасымыз  да  уақыт  өткен  сайын 

нығайып  келеді. Яғни Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2050» 

Стратегиясы неғұрлым жоғарғы қарқынмен жүргізіліп, тез арада 

жүзеге  асатын  болса,  бұл  жағдай  Моңғолияға  да  өзінің  оң 

ықпалын тигізеді. Ал мұның өзі Моңғолиядағы қазақтардың да 

тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық өсіп-өркендеуіне жаңа жол ашады. 

Жолдауда  қазақ  халқының  ұлттық  мәдениетіне  айрықша  көңіл 

бөлінген.  Президент  бұл  Стратегияда  «Біз  өзіміздің  ұлттық 

мәдениетіміз  бен  дәстүрлерімізді  осы  әр  алуандығымен  және 

ұлылығымен  қосып  қорғауымыз  керек,  мәдени  игілігімізді 

бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек», - деп көрсеткен. Бұл 

–  жер  бетіндегі  бүкіл  қазақ  халқының  алдына  қойылған  ортақ  

міндет, ортақ мақсат. Яғни, өзін қазақпын деп есептейтін әрбір 

азамат қай елде, қандай жерде тұрса да ұлттық мәдениетіміз бен 

дәстүрлеріміздің  дамуына  үлес  қосуға  тиіс.  Моңғолия 

қазақтарының  мәдениеті  де  –  қазақ  халқының  біртұтас 

мәдениетінің  құрамдас  бір  бөлігі.  Соған  орай,  Моңғолиядағы 

қазақ  мәдениетін  де  бұрыңғыдан  жақсартып,  жаңа  деңгейге 

көтеруге күш салуымыз керек.

Бәкей  АҒЫПАРҰЛЫ,  Моңғолия 

Парламентінің  депутаты:  Сәлеметсіздер 

ме,  аса  қадірлі  қонақтар,  ағайындар! 

Сіздерге  ең  әуелі  бүгінгі  жаздың  жай-

дары  күнінің  жалынды  сәлемін  жолдап, 

барлықтарыңызға  аманшылық,  тыныштық, 

Алланың  нұры  жаусын  деген  тілек 

білдіремін!

Сондай-ақ, 

Ұланбатыр 

қаласына 

Моңғолия  қазақтарының  үшінші  кіші  құрылтайын  өткізуге 

қолдау  жасап,  Қазақстан  Республикасынан  делегация  құрамын 

бастап келген Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет