Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата15.03.2017
өлшемі12,48 Mb.
#9521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

МАХАББАТ СЫРЫ

Балаңдау кезім, түн қатып,

Қақпаңды барып қағыппын.

Жүрегіме мұң батып,

Құлазып сонда жабықтым.

Санамда менің бойжеткен,

Емессің сен де бала тым.

Қиял тұлпарым, ой неткен!

Қияңды бойлап шабатын.

Ұяңмын ба, әлде, баламыз,

Айтуда қиын кез еді.

Әзілкеш едің қара қыз,

Жүрегің бәрін сезеді.

Түсінбестікке салынып,

Салғырттық қылдың өзің де.

Жүгіре бермей жалынып,

Ап қашсам еді кезінде.

 

Кездесуім мұң болып,



Жалғыздық батқан жаныма.

Жігерім бір күн құм болып,

Ұштың сен өзге бағына...

Ай өтті, міне жыл өтті,

Көктем де кетті көңілсіз.

Жұртыңды көзім күзетті,

Бәрі де бекер өзіңсіз.

Сүйіндік Бектұрсын Зәкіржанұлы  

1986 жылы Алматы облысы Райым-

бек ауданы Қақпақ ауылында дүниеге 

келген

ҚЫМЫЗЫ ҚАЙДА ҚАЗАҚТЫң?!.

Біз неге осы арақты көп ішеміз,

Арақ ішіп доспен сыр бөлісеміз.

Сырластық, сыйластықтың соңы жаңжал,

Бет жыртысып, абырой төгісеміз.

Атамыздың асы емес дейміз дағы,

Мысқыл айтып қоямыз кейде ызғарлы.

Осы араққа жігіттер былай тұрсын,

Қазақтың құмар болды кей қыздары.

Арақ үшін қаңғытып баласын да,

Зар жылатқан пенде бар анасын да.

О, қазағым, есің жи қымызды ізде,

Құмыраға қамалып қаласың ба?!

Бие байла, сүтті құй сабасына,

Әр қазақ қымыз құйсын баласына.

Ұлтымыздың ұжданын жығып тастап,

Мына арақ бас қоймасын табашыға.

Ұл-қызымыз қыдырып көше кетіп,

Стакан билік алса, кесе кетіп.

Өзегіміз өртеліп улы зәрден,

Араққа қор боламыз есе кетіп,

Сорымызды қайнатар еселетіп...



АШЫНАМЫН

Мен кейде ашынамын,

«Сабыр» деймін өзіме басыламын.

Кей жігіттер еңсесіз былжырайды,

Бейне бір пеш түбінде ашыған ұн.

Мен кейде ашынамын,

Ағыл-тегіл өзендей тасығамын.

Найзағай боп ойнауды да армандаймын,

Бұлт басады,

 

 



Ақыры басыламын.

Мен кейде ашынамын,

Темірдің сынығындай шашырадым.

Қоламтаны көрем де жуасимын,

Несіне жасырамын.

Мен кейде ашынамын,

Қазақтың сарқылмайтын жасы қалың.

...


Сабыр сақта, бәрі өтер,

Басыл, арын!..



48

БҰЛБҰЛЫМ


Бұлбұлым, тасиды сенімен тың нұрым,

Бір гүлім, өзіңмен ғана сырлымын.

Талпынып, тәйтәйлап,

«Әке!» деп айқайлап,

Кеудемнің асырдың сырлы үнін.

Құлыным, оянған үмітім – тұлымың,

Бір үнім, өзіңсің көктемім гүлі мың.

Сен барда сәнді,

Бақытты, мәнді,

Ертеңім менен бүгінім.

Қайырмасы:

Бұлбұлым – бал қаймағым,

Тәп-тәттім, маңдай бағым.

Өзіңсің базарым да,

Жырларым жазарым да,

Жарқыра шамдай, жаным.



АЛТЫН БЕСІК – АҚ  БОТА

Қызықтым, нарқын сездірдің тұнықтың,

Жылыттың, мейірлім сенен сыр ұқтым.

Күлкіңе бағынып,

Исіңе қанығып,

Өмір сүруге құнықтым.

АЛТЫН КҮЗ

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.

***


Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

БІЛІМ ҚОҢЫРАУЫ

Күз келіп сары бояумен

Тастапты жонын қыр сырлап.


49

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Естілді маған, ояу ем,

Қоңырау үні сыңғырлап.

Құстардай қайта оралар

Жарасып сазды бал әні.

Мектепке беттеп балалар

Асыға басып барады.

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Ағайынға қарап бала өсер, 

Қарағайға қарап тал өсер.

***


Тасты бассаң кетілер, 

Шымды бассаң жетілер.

***

Тісі шыққан балаға,



Шайнап берген ас болмас.

***


Орман аралаған үйші болар, 

Ел аралаған сыншы болар.

***

Жорғаның тері кеппес,



Еркенің көз жасы кеппес.

***


Тау кезеңсіз болмас, 

Өлке өзенсіз болмас.

***

Көлдің көркі құрақ,



Таудың көркі бұлақ.

***


Асыл тастан шығар,

Өнер жастан шығар. 

***

Ақыл көпке жеткізер,



Өнер көкке жеткізер.

50

АЛТЫН БЕСІК – ЖЕР ЖҮЗІ



-  Ділнәр,  қанша  жасыңнан  бастап 

күйсандықта ойнай бастадың?

-  Мені  әкем  бес  жасымнан  бастап 

күйсандықта, яғни фортепианода ойнауға 

үйретті. Әрине, ол кісі музыкант емес еді, 

сондықтан  өзі  үйреткен  жоқ;  Қытайдағы  

фортепианодан  сабақ  беретін  мықты  бір 

профессорға  шәкірттікке  берді.  Мен  сол 

профессордан екі жыл сабақ алдым. Жеті 

жасқа  толған  кезе,  яғни,  2005  жылы  ата-

анам  мені  Алматыға  әкеліп,  Күләш  Бай-

сейтова  атындағы  дарынды  балаларға 

арналған музыкалық мектеп- интернатына 

оқуға түсірді. Ол кезде жанұямыз Қытайда 

тұратын. Мен келгеннен кейін біраз жыл-

дан  соң  олар  да  көшіп  келді.  Оған  дейін 

мен  мектептің  жатақханасында  жатып 

Кішкентай қыздың 

Ділнәр Ділмұратқызы 1998 жылы 

тамыз айында Қытайдың Күйтін 

қаласында дүниеге келген. Күйсандық 

ойнаудың шебері...

оқыдым.  Бұл  менің  өнерде  де,  өмірде  де 

тез  жетілуіме үлкен ықпал етті. Егер сәл 

босаңси  қалсам  «Ата-анамды  алысқа  та-

стап не үшін келдім? Мақсатым тек қана 

оқу  емес  пе?!»,-  деп  өзіме  өзім  сұрақ 

қойып, жігерімді жанып жүретінмін. Сол 

ынта-ықласымның  арқасында  төртінші 

сыныпта  оқып  жүргенде  байқауда  алғаш 

бақ  сынауға  мүмкіндік  алып,  бәсеке  ба-

рысында  бірінші  орынды  жеңіп  алдым. 

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық кон-

серваториясында  ұйымдастырылған  бұл 

байқау «Piano forum Kazakhstan 2008» деп 

аталатын.  

- Ал Литва мемлекетінде өткен өнер 

байқауына  қатысу  мүмкіндігіне  қалай 

ие болдың?

үлкен арманы



51

-  Біздің  мектепте  жақсы  оқыған 

оқушыларды  іріктеп,  әркімнің  шама-

сына  қарай  мемлекет  ішіндегі  және 

халықаралық  байқауларға  қатыстырып 

отырады.  Менің  қазіргі  ұстазым  –  Шол-

пан Нариманқызы Қаражігіт. Өткен жылы 

апайымның  тағы  бір  шәкірті  осындай 

бәсекеге  қатысып,  бағын  сынаған  екен. 

Сәті  түсіп  биылғы  кезек  маған  келді. 

Мен  басында  осы  байқауға  қатысасың 

дегенде  толық  сеніңкіремедім.  Өйткені, 

Шолпан  апай  тек  үздік  шәкірттерін  ғана 

байқауға жіберетін. Кейін әкеме де Литва 

елінде  өтетін  конкурсқа  мені  дайындап 

жүргеннін айтқан екен. Содан кейін ғана 

шынайы  таңдаудың  маған  бұйырғанына 

толық көз жеткізіп, іштей қатты қуандым.



-  Ал  енді  ұстазыыңның  сол    үмітін 

ақтадым деп ойлайсың ба?

- Ұстазым менен бұдан да үлкен үміт 

күтетін шығар. Алла бұйыртса, ол кісінің 

және  ата-анамның  барлық  үмітін  ақтауға 

бар  күшімді  саламын.  Ал  осы  жолғы 

ұстазымның  үкілеп  жіберген  үмітін 

шамамның  жеткенінше  ақтадым  деп  ой-

лаймын.  Байқауға  он  екі  мемлекетің  жас 

музыканттары  қатысты.  Олардың  ара-

сында  біздің  топ  бойынша  жасы  ең  ең 

кішкенесі мен екенмін.  Соған қарамастан 

бас  жүлдеден  үмітімді  үзбей,  бар  күш-

жігерімді  бойыма  жиып  дайындалдым. 

Нәтижем  жаман  емес  деп  ойлаймын, 

екінші орынды еншілеп қайттым. Байқау 

Литваның Друскининкай қаласында, Шу-

ленс деген атақты композитордың атында 

жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі екен. 

«Музыкада  шекара  болмайды  -  2013» 

(Music wifhout limitis - 2013) деп аталатын 

бұл  байқау  бас-аяғы  бір  аптаға  созылды. 

Жүлде  қолыма  тиісімен  Алматыға  тез 

жетіп, қуанышымды ұстаздарыммен, ата-

анаммен бөлісуге қатты асықтым. 



-  Мүмкін,  бұл  сапарда  ата-анаңды 

қатты сағынған шығарсың?

Алматыдан 



шыққан 

ұшақ 


Украинаның  Киев  қаласына  жеткізіп  та-

стады. Киев арқылы Литваға ұштық. Осы 

аралықта  ғана  әкеммен  хабарласа  алма-

дым. Литваға барған бойда телефонымды 

қосып,  әкеммен  жиі  хабарласып  тұрдым. 

Жүлде  қолыма  тигенге  дейін  бойымнан 

еш  сағыныш  байқаған  жоқпын.  10-15 

күн сыртта жүру былай тұрсын, бұдан да 

кішкене  кезімде  ата-анамды  айлап,  жыл-

дап  көрмеуге  әбден  үйреніп  кеткенмін. 

Сондықтан  да  бұл  жолғы  асығуым 

сағыныш емес, қуаныш болғандығы анық.



  -  Қазақша  өте  жатық,  әдемі  

сөйлейді екенсің. Соған қарағанда, әдеби 

кітаптарды көп оқитын сияқтысың?

-  Иә,  «Өнер  алды  –  қызыл  тіл» 

деп  әкем  үнемі  айтып  отырады.  Бос 

уақытымда  әдеби  кітаптарды  оқумен 

қатар,  өзге  ұлт  тілдерін  де  үйреніп 

жүремін.  Қазіргі  таңда  қытай  тілінде, 

ұйғыр  тілінде,  орыс  тілінде  еркін 

сөйлеймін. Ағылшын тілін меңгеруім де 

жаман  емес.  Осы  жолы  тіл  жағындағы 

қабілетімді  де  сынап  қайтқандай  бол-

дым.  Көп  адамдар  шетелге  шыққанда 

тілден қиналдық деп жатады ғой. Бірақ 

маған тіл мәселесі еш кедергі келтірген 

жоқ.  Адамдармен  ағылшын,  орыс 

тілінде еркін  сөйлесіп жүре бердім. 

- Ол жақтың адамы еңбекқор бола-

ды деп естиміз. Дайындықтары қалай 

өтеді екен? 

- Ұстаздарымыз жалқаусыңдар десе 

бұрын  мен    ренжитінмін.  Күні  бойы 

төрт  сағат  дайындаламыз,    сонда  бұл 

қалай аз болады деп ойлайтынмын. Осы 

жолы  мен  бірінші  орын  алған  баланың 

дайындығын  өз  көзіммен  көріп,  қатты 

таң  қалдым.  Ол  күніне  мұғаліммен 

үш  сағат,  содан  кейін  жеке  өзі  төрт-

бес  сағат  дайындалады  екен.  Олармен 

салыстырғанда  біздің  дайындығымыз 

өте  төмен  десек  те  болғандай.  Осыны 

көргеннен  кейін  мен  де  бұдан  былай 

жаттығу уақытымды ұзарта түсуім керек 

деп шешім қабылдадым.  

-  Олардағы    өнерге  деген  құрмет 

туралы не айтар едің?

-  Біз  мамыр  айынан  бастап 

ұстазым  екеуіміз  осы  байқауға  арнайы 

дайындалдық.  Онда  барғаннан  кейін 

профессорлардың шеберлік сабақтарына 

қатыстық.  Оларда  өнерге  деген  құрмет 

те,  жауапкершілік  те  өте  жоғары 

көрінеді. Литваның бұрыңғы президенті 

пианист  екен.  Сол  кісі  өзі  келіп  бізге 

шеберлік  сабағын  өткізді.  Осы  орайда 

мен де ол кісіден сабақ алу мүмкіндігіне 

ие болдым. Сондағы байқағаным, ол кісі 

профессор, әрі бұрын президент болған 

адам  болса  да  сабақты  өте  қарапайым, 

кішіпейілдікпен жанын салып жүргізеді 

екен.  Кейін  жүлдегер  болғанымда  ди-

пломды  ол  кісі  маған  өз  қолымен  тап-

сырды. 


-  Шетелге шығып келгеннен кейін 

өзіңді қалай сезіндің?

-  Өте  керемет  көңіл-күйдемін. 

Негізі,  адам  сыртқа  жиі  шығып  тұрған 

жөн сияқты. Өйткені, мен осы сапардан 

оралғаннан бері өзімді әжептәуір есейіп 

қалған сияқты сезініп жүрмін...



Тұрсынбек КЕШУБАЙ.

Екі айда бір рет шығатын еларалық 

қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал

№ 5 (66) 2013 жыл, қыркүйек-қазан 

2002  жылдан шығады

Редакция алқасы :

Талғат Мамашев 

Қуат Бораш 

Әділбек Ыбырайымұлы

Сұлтан Жанболат (Қытай)

Хабсаттар Омарұлы (Моңғолия)

Марат Үкібаев (Өзбекстан)

Абдулқаюм Кесіжі (Германия) 

Тоқтарбай Дүсенбаев

Абдулуақап Қылыш (Түркия)



Бас редактор 

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ 



Бөлім редакторы 

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ 



Безендіруші

Асыл Қартабаева



Меншікті тілшілер:

Бекен ҚАЙРАТ (Астана)

Марат АРЫНОВ (Өзбекстан)

Меншік иесі :

«Алтын бесік-2» ЖШС,

Дүниежүзі қазақтарының 

қауымдастығы.

Журнал Қазақстан Республикасы 

Ақпарат министрлігінен Бұқаралық 

ақпарат құралын есепке қою туралы   

№ 4629 - Ж куәлігін алған. 

22.01.2004 ж.

Алғашқы есепке қою кезінде 

нөмірі мен мерзімі: 

№ 3209 - Ж.  25.04.2002 ж.

Жарияланған материалдардағы 

деректердің нақтылығына 

автор жауап береді.

Басуға 08.10.2013 ж. қол қойылды.

Таралымы  1000 дана 

Журнал ЖШС «Dostar media group»

баспаханасында басылды. 

РЕДАКЦИЯНЫҢ 

МЕКЕН - ЖАЙЫ :

050002 Алматы қаласы.

Ш.Уәлиханов көшесі, 43-а

Тел.факс (727) 273 19 50 

E - mail: altyn _besik @mail.ru 



Алтын Бесік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет