Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы кезеңдері Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы. Жазба және археологиялық деректер мәліметтері. Түркілердің шығу тегі мәселесі. Мекендеген аумағы. Түркі қағанатының құрылуы мен саяси тарихы. Түргештердің шығу тегі мәселесі. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы. Талас өзені бойындағы тарихи шайқас (751 ж.). Жетісу аймағындағы билігінің күшеюі. Түркі-соғды мәдени синтезі. Қарлұқтардың шығу тегі мәселесі. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары. Рухани мәдениеті: ислам дінінің тарала бастауы.
ІХ-ХІІ ғғ.Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы. Оғыздардың этникалық тарихы мәселесі. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер. Қыпшақтар жайлы нарративті деректер мәліметтері мен қыпшақтардың шежірелік мәліметтері. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы. Қимақ, қыпшақ, кумандардың үштік этникалық триадасы. Қыпшақтардың қимақ, қидан, оғыз, хорезмшах, орыс княздықтарымен байланысы. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері. Этникалық тарихы мен тілі мәселесі (монғолдық және түріктік шығу тегі концепциясы).
Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. Көшпелілер («қала-дала» жүйесі) және отырықшылар: екі шаруашылық-мәдени типтерінің өзара қарым-қатынасы. Қалалар мен қоныстар – әскери-әкімшілік, мәдени, сауда мен қолөнер орталықтары ретінде. Ұлы жібек жолындағы Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері. Ақша айналымы.
Тіл, жазу және дін. Түркі тайпаларының исламға бет бұруы. Түркі-иран-араб мәдени синтезі. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Мақмұд Қашқари, Ахмет Яссауийлердің мұраларының әлем мәдениетінде алатын орны.
Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (XIII-XV ғғ.)
Алтын Орданың Ұлық Ұлысы тарихы. Шыңғыс хан және Монғол империясының құрылуы. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында. Бату ханның Шығыс Еуропаға жорығы. Алтын Орданың құрылуы. Ұлыстық жүйенің дамуы. Алтын Орда билеушілері. Өзбек ханның реформалары. Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдануы. Алтын Орданың Мамлюк мемлекетімен этносаяси және елшілік байланыстары. Темірдің Алтын Ордаға жорықтары. Алтын Орданың әлсіреуі және күйреуі. Ұлыстар арасындағы күрес. Шағатай мемлекетінің құрылуы.
XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Ақ Орда (XIII ғ. соңы – XV ғ. басы) жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш мемлекет. Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес. Орта Азиямен және Хорезммен байланыстары. Сырдарияның орта ағысы бойындағы өңірлер мен қалалар үшін Мәуереннахрлық билеушілермен күрестер.
Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы. Мұсылмандықтың таралуы. Темірдің Моғолстанға жорықтары. Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Темірге қарсы одағы. Моғолстанның Темірге тәуелділігі. Мухаммад хан тұсындағы биліктің нығаюы. Уәйіс хан және оның ұлдары Есенбұғы мен Жүністің таққа таласы. Ойраттардың Моғолстанға жорықтары. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.), немесе Әбілқайыр хан мемлекеті. Аумағы және этникалық құрамы. Әбілқайыр ханның билікке келуі. Дешті Қыпшақтағы билік үшін күресі. Әбілқайыр ханның Орта Азияға соғыс жорықтары. Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Әбілқайырдың ойраттардан жеңілуі (1457 ж.). Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1457 ж.). Хандықтың ыдырауы.
Ноғай ордасы (Маңғыт жұрты) – XIV ғ. соңы – XV ғ. Аумағы және этникалық құрамы. Ноғай Ордасының билеушілері. Би және мырза лауазымдары. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Ноғай Ордасындағы саяси дағдарыстар, мемлекеттің ыдырауы мен құлауы.
Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.