Истории и права


Омарбеков Т. 1929 - 1931 жылдардағы халық көтерілістері



бет11/14
Дата03.12.2023
өлшемі244 Kb.
#133420
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
МЕК бағдарламасы 2023-2024. оқу жылына арналған doc

Омарбеков Т. 1929 - 1931 жылдардағы халық көтерілістері – Алматы, 2018.

  • Омарбеков Т. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қасіреті. – Алматы, 1997.

  • Алдажуманов К.С., Алдажуманов Е.К. Депортация народов – преступление тоталитарного режима. – Алматы, 1997.

  • Алдажуманов К.С., Козыбаев М.К. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. –Алматы, 1997.

  • Гуревич Л.Я. Тоталитаризм против интеллигенции. – Алма-Ата, 1992.

  • Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. – Алматы, 1997.

  • Алаш және тәуелсіз Қазақстан: идеялар мен ұстанымдар сабақтастығы».–Алматы, 2008.

  • Койгелдиев М. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940-х годов –Алматы, 2009.

  • Красный террор: Политическая история Казахстана. –Алматы, 2008.

  • Қамзабекұлы Д. Алаштың рухани тұғыры. –Астана, 2008.

  • Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. – Алматы, 2004.



    5-БЛОК. Қазақстан әлемдік қауымдастықта
    (1991-2022 жж.)
    Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы
    Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы республикадағы қоғамдық-саяси жағдай. КСРО-ны реформалауға дайындық. Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілуі. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы (1991ж). Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың мемлекеттік стратегиясының белгіленуі. Қоғамды демократияландыру үдерісінің күшейтілуі. Дербес даму жолының анықталуы.
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы
    ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» еңбегі (1992). Мемлекеттік нышандардың қабылдануы және билік жүйесінің қалыптасуы. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы. Ұлттық қауіпсіздік жүйесінің және әскери қорғаныс доктринасының жасалуы. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі (1992 ж.). Патриотизмді дамытудағы мемлекеттік рәміздердің рөлі мен маңызы. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993ж.). Президенттік институттың енгізілуі. Президент жанындағы консультативті кеңесші орган - Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы. Қазақстан халқының тұрақтылығы мен біртұтастығы.
    Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясының Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануы (1995 ж.). Қос палаталы парламенттік жүйенің енгізілуі. Қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы. Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар (2007 ж.). ҚР Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы - «Қазақстан-2030:. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы», ҚР-ның ұзақ мерзімге арналған басым бағыттары (1997 ж). Астананың көшірілуі.
    «Жүз жылға татитын он жыл» - Н.Ә. Назарбаевтың 2001 ж. 16 желтоқсанда Астанада Тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі. «Қазақстан – 2050» Стратегиясының мақсаты мен маңызы (2012 ж.). «Қазақстан – қалыптасқан мемлекет» тұжырымдамасының жасалуы.
    Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының (2021 ж. 5 қаңтар) тарихи маңызы. Елді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясат. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі. Ең төменгі деңгейден бастап жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайту. Өңірлік саясатты жетілдіру. Президент жанындағы Жастар кеңесінің қызметі.
    Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауының мән-мағынасы. (2021ж. 1 қыркүйек). «Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы (2022 ж. 16 наурыз). Жаңа Қазақстанды құру және саяси жүйені түбегейлі реформалау. Әлеуметтік, әділ және демократиялық мемлекет құрудың басым бағыттары. Республиканың жаңа құрылысының басталуы. Демократиялық қайта құрулардың кеңеюі. Қазақстанда Парламенттің рөлінің артуы және еліміздің саяси жүйесіндегі өзгерістер. Саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету. Ауқымды жаңа қоғамдық институт – «Ұлттық Құрылтай» құру.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет