История государства №2, 2012 Бүркiтбай Ғелманұлы Аяған


история государства    №2, 2012



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата06.03.2017
өлшемі3,84 Mb.
#7948
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

история государства    №2, 2012
1930-1931  жылдары  «кулактық  жер 
аудару»  деген  желеумен  республикадан 
6765 адам күшпен қоныс аударылды. Оның 
есесіне көптеген шаруалар басқа жерлерден 
қазақ  жеріне  қуғындалып  келді.  Кеңес 
үкіметінің қуғындауды ұйымдастыру кезінде 
салынған  ГУЛАГ-тың,  ОГПУ  мен  НКВД-
ның мәліметтеріне қарағанда республикаға 
46091  отбасы  немесе  180  мыңнан  аса 
адам  қоныс  аударылған.  Ал,  1929-1933 
жылдардағы  қылмыстық  істен  9805 
қаралып, 22933 адамға шешім шығарылып, 
оның ішінде ауыр қылмысты деп атуға 3386 
адам  тіркелсе,  лагерлерге  қамауға  13151 
адам жіберілген [5, 9-10 Б.].
Қуғындау  «үштік»  арқылы  жүзеге 
асырылды.  Оған  партиялық  комитеттің 
бірінші  хатшысы,  атқару  комитетінің 
төрағасы 
және 
жергілікті 
ОГПУ 
бөлімшесінің  бастығы  енді.  Әр  жерлерде 
байлар  мен  орташалардың  тізімін  жасау 
үшін  жергілікті  ОГПУ  қызметкерлері 
айналысты. Оған қосымша ауыл аймақтың 
атқамінер  белсенділері  де  тізім  жасауға, 
көрсетуге кірісіп отырған [6, 210 Б.]. Демек, 
Кеңес Үкіметі халыққа қарсы қарулы әскери 
топтарды  пайдаланған.  Әдейлеп  жасалған 
қысымда  салықтың  түр-түрі  болды. 
Мысалы, ет, астық, мүлік деген сияқты. Бір 
сөзбен айтқанда, халықтың құқы аяқ астына 
тапталып,  тонаушылық  әрекеттер  көрініс 
берді.
Қазақ жерінде ашаршылық салдарынан 
жетім балалар да көбейіп кеткен. Мәселен, 
ол  кездегі  үкімет  адамдарының  есебі 
бойынша  1932  жылғы  мәліметтерінде 
Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылдың 
басынан  соңына  дейінгі  аралықта  жетім 
қалған  балалардың  саны  2000  мынан  9170 
адамға артқан. Сондай-ақ, жергілікті үкімет 
қызметкерлері  балалар  мекемесін  жөндеу 
және  жас  сәбилерді  жинақтау  мәселелерін 
күн  тәртібіне  қойып,  жиналыста  талқыла-
ған  [7].
Қазақ халқының тағдыры мен тарихына 
қатысты  отандық  тарихшылардан  басқа 
ресейлік  және  шетелдік  ғалымдардың  да 
еңбектері жарық көруде. Бірақ, бір ескеретін 
мәселе  бар.  Ол  шетелдік  ғалымдардың 
әрқилы  бағалаулары  мен  қорытындылары, 
ұстанымдарына сын көзбен қарау мәселесі. 
Қалай  дегенменде,  жат  жұрттықтар  қазақ 
елінің  тарихын  шынайы  жазып,  дұрыс 
баяндап  бере  алмайды.  Өйткені,  олардың 
дүние  танымы,  ұстанымы,  мақсаты  мен 
мүддесі басқаша және біздің елдегі мұрағат 
қорларында  сақталған  құжаттар  олардың 
қолдарында  жоқ.  Сондықтан,  шетелдіктер 
сырттай  болжамдар  мен  сипаттаулар  ғана 
жасай  алады.  Оның  өзін  біздің  ғалымдар 
сын  елегінен  өткізіп,  салыстырмалы  түрде 
пайдаланғаны жөн. Ал, олардың еңбектерін 
асыра мақтау немесе ақиқат деп тану дұрыс 
бола қоймайды.
Сол  үшін  еліміздегі  ғылыми-зерттеу 
жұмысымен 
аналысатын 
ғалымдар 
облыстық,  республикалық  мұрағаттардың 
материалдарын  әліде  жете  қарастырып, 
сараптаулар  мен  қорытындыларды  жеке-
жеке  облыстар  бойынша  және  республика 
көлемінде  зерттей  түсуі  қажет.  Оған 
қоса  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарындағы 
қасіретті оқиғаларға толы тарихтан мәлімет 
беретін  және  сол  уақытта  жазылған,  сирек 
кездесетін төте жазудағы кітаптар мен қол-
жазбалар,  қаулы,  қарарлар  бар.  Ел  ішінде 
азда болса көкірегі хат қариялар кездеседі. 
Солардың  балалық  шақтағы  көрген-
білгендерін,  естігендерін  жинақ  ретінде  әр 
облыстан  топтап  шығару  қажет.  Өйткені, 

-   98  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   99  -
история государства    №2, 2012
өткен тарихтың зұлмат оқиғалары мен ащы 
шындығы  болашақ  ұрпаққа  аманат  және 
тағылым болып қалуы тиіс.
Қазақстандық демограф Мақаш Тәтімов 
осы аталған нәубеттер мен соғыс қырғынына 
ұрынбағанда  қазақ  халқы  осы  күнде  30 
миллионға таяу өскен болар еді деп жазады 
[8, 66-74 Б.]. Иә, расында қазақ жұрты ондай 
апаттардан  аман  болғанда  халқымыздың 
саны артып, осы күнде айдарынан жел есіп 
тұрар еді. Дегенмен, тәуелсіздік жылдарында 
1  миллион  қандастарымыз  қайта  оралды. 
Оның  өзі  үлкен  жақсылық.  Себебі,  қазіргі 
жаһандық  жағдайда  ұлттың  ұлт  болып 
сақталуы  үшін  көп  мәселені  ескеру  қажет. 
Соның  ішінде  халық  саны  өсуі  керек.  Ал, 
халық  негізгі  екі  түрлі  жолменен  көбейе 
түседі.  Біріншіден,  жергілікті  жұрттың 
табиғи  өсіміне  жағдай  жасап,  мемлекет 
тарапынан  қамқорлықты  әліде  болса 
жақсартып, күшейте түсу қажет. Екіншіден, 
шет  мемлекеттерде  шашырап  жүрген 
қазақтардың  елімізге  келуіне,  тұрақтанып 
тұрып кетулері үшін көрсетілетін көмектер-
ді нақтылау және қадағалау керек. Сондай-
ақ,  оларды  ортаға  бейімдеу,  жұмыспен 
қамту  мәселелері  мемлекеттік  деңгейде 
жете бақылануы тиіс. 
Қазақстан  Республикасының  Консти-
туциясында көрсетілгендей еліміздің басты 
байлығы  –  халық  екені  баршаға  мәлім. 
Сондықтан  еліміз  болашақта  әлемдік 
қауымдастықтағы  өркениетті  елдердің 
қатарынан қалмай нық және мығым тұруы 
үшін халқымыздың саны өсуі керек. Яғни, 
қазақ  халқы  алдағы  уақытта  іргелі  елге 
айналып,  тәуелсіздігін  баянды  етуге  сәтті 
қадамдарды қазірден айқындай түсуі қажет.
 
ӘдЕБиЕттЕр тІЗІмІ
1 Жамбылов Д. Саясаттану. - Алматы: «Жеті жарғы», 2005. - 350 б.
2 Население Казахстана по Всесоюзной переписи населения 1939 года.  - Алматы: Издательство 
«Арыс», 2009. Т. 1. - 400 б.
3 Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі.  - Алматы, «Ғылым», 1998. Т. 1. 45 - 288 б.
4 Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. - Алматы, 1997. - 360 б.
5 Қозыбаев М.Қ., Алдажұманов Қ.С., Әбілқожин Ж.Б. Қазақстандағы күшпен колликтивтендіру. 
Қорлық пен зорлық. – Алматы, 1992.  - 316 б.
6 Верт Н. История Советского государства. 1900-1991: Пер. с фр. – 2-е изд. - Москва: ИНФРА-М: 
Издательство «Вес Мир», 2003. -  550 с.
7 ШҚО ҚЗТҚО. 578-қ., 1-т., 5-іс, 11-п.
8 Тәтімов М.Б. Зұлмат пен зардап. Ақиқат, 2009. - № 5. - 120 б.
рЕЗЮмЕ
Автор  статьи:  кандидат  исторических  наук,  старший  научный  сотрудник  Отдела 
источниковедения,  историографии  и  отечественной  истории
 
Института  истории  государства  КН 
МОН РК Енсенов Канат Алексеевич.
В данной статье рассматривается трагедия голода в Казахстане в 20-30 годах ХХ века и его 

-   98  -
-   99  -
история государства    №2, 2012
демографические последствия. Наряду с этим, статья содержит новые идеи относительно будущего 
казахского народа. 
SUMMARY
Author of the article: Yensenov Kanat Alekseyevich, candidate of historical sciences, senior research 
fellow  of the department of  Sources, historiography and national history of the Institute of State History of 
the Committie of Science of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan.
This  article  discusses  the  tragedy  of  famine  in  Kazakhstan  in  the  20-30s  of  XX  century  and  its 
demographic consequences. Along with this, the article provides new ideas about the future of the Kazakh 
people.

-   100  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   101  -
история государства    №2, 2012
М.  Шоқайдың  саяси  қызметімен, 
шығармашылығымен танысуға Кеңес өкіметі 
кезінде  жол  берілмеді.  Кеңес  өкіметінің 
қысымымен өмірінің соңғы 20 жылын елінен 
жырақта, Батыс Еуропада өткізген Мұстафа 
Шоқай  соңғы  демі  таусылғанша  елінің 
тағдырын  ойлаумен,  қазақ  халқының  және 
жалпы Түркістан халықтарының тәуелсіздігі 
үшін  күресіп  өткен  тұлға.  Кеңестік 
Түркістанды  ол  кезде  қазақ,  қырғыз,  өзбек, 
түркімен,  қарақалпақ,  ұйғыр  т.б.  халықтар 
мекендегені белгілі.
Тарихи  әділдік  үшін  айтқан  жөн, 
Мұстафа 
Шоқай 
Қазақстанда 
Кеңес 
өкіметінің  жүргізген  жұмыстарының  бәрін 
жоққа  шығармаған.  Бірақ  Кеңес  өкіметінің 
ол жақсылықты отар халықты мүсіркегеннен 
емес  өзіне  керек  болған  соң  істегенін 
жазады.
«Мұстафа  Шоқайдың  большевик  отар-
шылдарының  болмысын  барынша  терең 
танып,  отарлаушы  мемлекетке  тән  барлық 
белгілерді кеңестік Ресейдің бойынан тауып, 
сонымен  қатар,  оның  басқа  отаршылдық 
саясаттан  айырмашылығын  да  көрді.  Ол 
большевиктер  билігінің  саяси  бет-бейнесін 
аша  білді»  -  деп  көрсетеді  шоқайтанушы, 
саяси  ғылымдарының  докторы,  профессор 
Әбдіжәлел Бәкір [1, 12-14 Б.].
Ол  Францияда  тұрса  да  халқының 
ашаршылыққа  ұшырағанын  естіп,  оның 
себептері  мен  зардабын  анықтап,  Еуропа 
жұртшылығына жеткізуге ұмтылған.
М.  Шоқай  1933  жылдың  басында,  яғни 
ашаршылықтың нағыз өршіп тұрған кезінде 
Түркістан  өлкесінде  болып  қайтқан  бір 
шетелдіктің  көзімен  көріп,  естіп-біліп  куә 
болған оқиғасын «Бір «интуристің» Түркістан 
әсері»  деген  мақаласында  келтіреді.  Орыс 
және кейбір түркі тілін білетін шетелдік Кеңес 
елінің көп жерін аралған. Сондықтан бұл елге 
сырттан баратын былайғы жұрт аңғармайтын 
көптеген  мәселелерді  дәл  аңғарып,  дұрыс 
түсінген. М. Шоқай оның жолжазбасын «Жас 
С.Ж. Дүйсен
Қр БҒм ҒК мемлекет тарихы институты,
деректану, тарихнама және отан тарихы бөлімінің 
жетекші ғылыми қызметкері
мҰстаФа ШоҚаЙ тҮрКІстаНдаҒЫ 30 ЖЫЛдардаҒЫ
аШарШЫЛЫҚ тураЛЫ
аннотация
Автор  аталмыш    мақалада  Мұстафа  Шоқайдың  шетел  дереккөздерін  пайдаланып  Қа-
зақстан мен Түркістандағы ашаршылықтың себептерін, көлемін және зардаптарын көрсетуі 
сөз болады. Мақаланың авторы  М. Шоқайдың ашаршылықтың негізгі себебі-большевиктердің 
жергілікті  халықты  күштеп  ұжымдастырып,  отырықшылдандырудан  және  оладың  жерін 
тартып  алып  Ресейден  келген  қоныстанушыларға  беруі  деген  тұжыры-мын    қазақстандық 
тарихшы ғалымдардың деректерімен үйлесетін тарих шындық деген пайым жасайды.
түйінді  сөздер:  кеңестік  билік,  ашаршылық  саясаты,    большевиктердің  ұстанымы, 
жаппай ұжымдастыру саясаты, отырықшылдандыру, қоныстанушылар.
УДК 94 (574) (093) ''193''

-   100  -
-   101  -
история государства    №2, 2012
Түркістан»  журналының  44-ші  санында 
жариялай  отырып,  «түсінікті  себептерге 
байланысты  бұл  «интуристің»  атын  атай 
алмаймыз.  Сондай-ақ  оның  Түркістан  әсері 
хақында  бізге  әңгімелеп  бергендерінің 
де  бәрін  жариялауға  шарасызбыз»  -  деп 
ескертеді. 
Сонымен 
батысеуропалық 
азамат 
Түркістандағы  көргендерін  төмендегідей 
баяндайды.
«Менің  Түркістаннан  алған  әсерім:  бұл 
елді  аштық  жайлаған.  Қай  жағына  қарасаң 
да ашаршылықтың белгісі көзге ұрады. Орта 
Азия темір жолы бойында, Түрксіб бойында, 
станцияларда, ірі және шағын қалаларда - қай 
жерге  барсаңыз  да  алдыңыздан  аш  адамдар 
шығады.  Ашаршылыққа  душар  болғандар 
Түркістанның  жергілікті  халықтары.  Елдің 
әр  түкпірінде  -  Қазақстанда,  Қырғызстанда, 
Өзбекстанда 
және 
Түркіменстанда 
ашаршылықтың  себебі  туралы  жергілікті 
тұрғындардан сұраулар қойып жауап алдым. 
Үкімет  пен  партия  қызметкерлерінен 
ашаршылықтың себебін сұрасам, қашқалақтап 
өтірік  жауап  қайырады.  Олар:  «Түркістанда 
ашаршылық  ауық-ауық  болып  тұрады. 
Төңкерістен бұрын да ашаршылық болған» - 
дейді.  Бірақ  үкімет  пен  партияның  жауапты 
орындарында  отырмаған  қатардағы  адамдар 
ашаршылықтың  шын  сырын  бүркелемей 
ашық айтуға тырысады.
Өзбекстандағы  және  Түркістандағы 
ашаршылықтың басты себебі - дәнді дақылдар 
егетін жерлердің мақта егуге берілуінен еді. 
Өзбекстанда күріш жетпеуі қатты сезіледі.
«Ашаршылықты  тудырған  себептердің 
бірі  колхоздар  болып  табылатыны  ешкімге 
құпия  емес.  Алайда  үкімет  пен  партия 
ұйымдарының 
жауапты 
қызметкерлері 
ашаршылықтың 
себебін 
колхоздарға 
көз  бояп  кіріп  алған  қайдағы  бір  тап 
жауларынан  көреді.  Қарапайым  бұқара 
мен  қатардағы  қызметкерлер  істің  мәнін 
онша  көп  жасырмайды.  Олар  колхоздарды 
ашаршылықтың  қайнар  көзі  деп  есептейді. 
Самарқанда болғанымда бір белгілі коммунист 
маған  колхоздардың  Түркістанға  сәйкес 
келмейтінін,  Түркістан  халқы  Мәскеудің 
«жақсылығына» лағнат айтатынын білдірді» 
- деп баяндайды.
«Қазақстан 
мен 
Қырғызстандағы 
ашаршылықтың  басты  себебі  ретінде 
жергілікті  тұрғындар  колхоздармен  қатар 
күштеп 
отырықшыландыруды 
айтады. 
Қызмет  бабы  бойынша  қазақ  және  қырғыз 
тұрғындарымен  жақын  араласып  жүрген 
кейбір партия мүшелері отырықшылдандыру 
бұл халықтар үшін аса бір тиімсіз жағдайда 
жүргізіліп  жатқанын  жасырмайды.  Жаңадан 
отырықшыландырылатын шаруашылықтарға 
бөлінетін  жерлердің  көбі  көшпелі  және 
жартылай  көшпелі  жергілікті  шаруалардан 
тартып 
алынып, 
Ресейден 
келген 
келімсектерге үлестіріп беріліп қойған және 
үздіксіз  беріліп  жатыр  (астын  сызған  біз  - 
С.Д).  Орыс  шаруалары  қалаған  жерлеріне 
қазық  қағып  қоныстануда.  Үкімет  солар 
жағында.  Жаңадан  отырықшыланған  қазақ-
қырғыздарға  не  баспана  үшін  немесе  азық-
түлік  үшін  ешқандай  көмек  көрсетпейді. 
Көмек  көрсеткен  жағдайда,  ондай  көмек 
тым  мардымсыз.  Ақыры  отырықшылануға 
қажетті  ең  қарапайым  шарт-жағдайлардың 
өзін  әзірлей  алмай,  қайтадан  көшпелі  күйге 
түсуге  мәжбүр  болуда.  Солардың  арасында 
Әулиеата  аумағының  да  қазақтары  бар. 
Мұндағы бірталай отбасы өздеріне берілген 
жерлерді  тастап,  қайтадан  көшпелі  мал 
шаруашылығымен шұғылдануға өткен. Бірақ 
оларда  мал  дейтін  мал  да  қалмаған.  Көбі 

-   102  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   103  -
история государства    №2, 2012
ашаршалық азабын тартып өліп жатыр» - деп 
жазады шетелдік азамат [1, 327-328 Б.].
Қазіргі қазақстандық зерттеушілер патша 
өкіметінің қоныс аударту арқылы қазақтарды 
жерден  айыру  саясатын  большевиктер  де 
жалғастырғанын дәлелдеуде. И.Л. Ямзин мен 
В.П.  Вошинин  сияқты  кеңестік  ғалымдар 
1926  жылы  Ресейде  «Отарлау  және  қоныс 
аударудың  ілімі»  деген  еңбек  жазып,  оны 
жоғары оқу орындарында оқытқан.
Тарихшы  ғалым  Қанат  Еңсеновтың 
мұрағаттан  тапқан  деректері  бойынша 
1925  жылы  Қазақ  АКСР  Орталық  Атқару 
Комитетінің  Төралқасы  «Қазақ  АКСР-і 
жеріне көшіру мен қоныстандыруды тоқтату» 
жөнінде қаулы қабылдаған. Ал Қазақ еліндегі 
билікке келген соң Ф. Голощекин ол қаулының 
күшін  жойғызып,  1929  жылы  республика 
үкіметі  жанынан  қоныс  аударушылар 
басқармасын ашқызған [2, 195 Б.].
М.  Шоқай  қазақ  халқының  жерінен 
айрылғанын мынадай деректермен  дәлелдей 
түседі.  «1926  жылғы  санақ  бойынша 
Қазақстанда 6 миллион 503 мың адам тұрады. 
Осы санның мөлшермен жүзден отызы орыс 
және украин мұғажырлары (М. Шоқай қоныс 
аударушыларды  осылай  атайды  -  С.Д.).  540 
мың қала халқының көбі (мөлшермен жүзден 
53-і  орыстар).  Орыс  мұғажырлары  өлкенің 
ең  шұрайлы  жерлеріне  қоныстандырылған. 
Олардың  көпшілігі  Ақмола,  Қостанай 
аймақтары мен Семей, Жетісу және Сырдария 
аймақтарына  суармалы  егіс  алқаптарына 
орналастырылған» - деп кеңестік отаршылдық 
саясаттың бір қырын аша түседі.
М.  Шоқай  сол  кезде  тек  Қазақстан 
ғана  емес,  бүкіл  Кеңес  Одағы  бойынша  ең 
құнарлы  жерлер  саналатын  Қостанай  мен 
Ақмола  аймақтарында  орыс  мұғажырлары 
қалаған  жерлерін  иемденген.  Мұғажырлар 
Қостанайда  тұрғындардың  жүзден  62 
жарымын,  Ақмолада  жүзден  52  жарымын 
құрайды» - деп көрсеткен [1, 101 Б.].
Сөйтіп,  М.  Шоқай  Кеңес  өкіметі 
шаруаларды  күштеп  ұжымдастыру  арқылы 
жерден айырғанын, оларды жеке шаруашылық 
жүргізу  құқынан  айырып,  мемлекетке 
басыбайлы етіп қойғанын жазады.
Большевиктер  И.В.  Сталин  1929  жылы 
Сібірге  барған  сапарында  міндеттегендей 
Кеңес елін әлемдегі ең астықты елге айналдыра 
алмады.  Бір  кезде  астық  өндіруден  атағы 
шыққан  патшалы  Ресей  енді  большевиктер 
билігі  кезінде  аштық  апатына  ұшырауда. 
М.  Шоқай  «Бүгінгі  кеңестік  Ресей  «адам 
жегіштер» отанына айналды» - деп ресейлік 
большевиктер саясатын ашына сынайды. 
Большевиктердің  көшпелілерді  күштеп 
отырықшыландыру  және  ұжымдастыру 
саясаты  Түркістанның  жергілікті  халқының 
наразылығын  туғызып,  қарулы  күреске 
шығуға мәжбүрлегені тарихтан белгілі.
М.  Шоқай  «Атамекен  жағдайы»  деген 
мақаласында  Лондонда  шығатын  «Дейли 
экспресс»  газетінің  34.12.29.  санынан 
төмендегі телеграф хабарын келтіреді:
«Кеңестік  Түркістанның  Ауғанстан 
шекарасына  таяу  жерінде  Қызыл  Армия 
мен  жергілікті  шаруалар  арасында  қарулы 
қақтығыс туылды. Осы қақтығыста 2 мыңнан 
аса адам қаза тапты. Түркістан шаруаларының 
үкіметке  астық  тапсырудан  бас  тартуы 
соғыстың  туылуына  басты  себеп  болғанын 
көріп  отырмыз.  Ауғанстан  шекарасына 
жіберілген  қызыл  әскерлерді  шаруалар 
қару  кезеп  қарсы  алды.  Соғыс  тура  бір  күн 
жалғасты.  Шаруалар  тарапынан  көрсетілген 
қарсылықтың  күшті  болғаны  соншалық, 
үкімет  оларды  жаныштау  үшін  әскери 
самолеттерді  іске  қосып,  улы  газдармен 

-   102  -
-   103  -
история государства    №2, 2012
толтырылған бомбалар тастады.
Шаруалардың  бір  бөлігі  Ауғанстан 
аумағына  шегінді.  Соғыс  болған  жерге 
«ГПУ»  топтары  жіберілді.  Көтеріліс 
басшыларынан  14  адам  атып  өлтірілді. 
Шаруалардың  қолындағы  астық  тартып 
алынуда»  [3,  57-58  Б.].  Ұжымдастырумен 
бір  мезгілде  Қазақстанда  астық  дайындау 
науқаны  да  белсенді  түрде  жүргізілген. 
Колхоздарда  астықтың  барлық  қорлары, 
тіпті тұқым қорлары да тартып алынды. Мал 
шаруашылығымен  айналысатын  аудандарға 
астық  тапсыру  міндеті  жүктеліп,  қазақтар 
оны  орындау  үшін  малдарын  астыққа 
ӘдЕБиЕттЕр тІЗІмІ
1 Шоқай М. Таңдамалы шығармалар.  - Алматы: «Қайнар» баспасы. 2007. - Т. 1. - 352 б.
2 Шоқай М. Таңдамалы шығармалар. - Алматы: «Қайнар» баспасы. 2007. - Т. 2. - 392 б.
3 Еңсенов Қ. Қазақ зиялылары және Қазақстандағы көші қон мәселесі / Алаш мұраты және 
тәуелсіз Қазақстан. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Астана, 2011. - 311 б. 
4 Бұрханов К. Тарих шындығы және заманауи қоғам // Егемен Қазақстан. - 2012. - 10 мамыр.
5  Шаяхметов  Н.У.  Әлихан  Бөкейхановтың  еңбектеріндегі  дәстүрлі  қазақ  шаруашылығының 
мәселелері    /  Алаш  мұраты  және  тәуелсіз  Қазақстан.  Халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференция. - Астана, 2011. - 311 б.
рЕЗЮмЕ
Автор  статьи:  кандидат  педагогических  наук,  ведущий  научный  сотрудник  Отдела 
источниковедения,  историографии  и  отечественной  истории  Института  истории  государства  КН 
МОН РК Дуйсен Сейткали Жахияулы.
В статье анализируется статья М. Чокая о причинах и следствиях голода 30-х годов ХХ века в 
Туркестанском крае. 
SUMMARY
Author of the article: Duisen  Seitkali Zhakiyauly, candidate of pedagogical sciences, leading research 
fellow  of the department of  Sources, historiography and national history of the Institute of State History of 
the Committie of Science of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan.
This paper analyzes M. Chokay’s article about the causes and consequences of the famine in 30s of 
XX century in Turkestan.
айырбастаған. Одан бөлек ет, жүн дайындау 
науқаны  да  малды  жаппай  союға  соқтырды 
[4]. 
Қазақстандағы  сол  кездегі  большевик 
басшылардың  қазақ  даласының  табиғи-
климаттық  ерекшеліктері  мен  көшпелі 
шаруашылық  заңдылықтарын  есепке  алмай 
жүргізген  әпербақан  саясаты  қазақ  халқын 
аштыққа ұшыратты [5, 127-132 Б.].
Сонымен  М.  Шоқайдың  осы  мәселеге 
қатысты 
еңбектерінен 
түйетін 
ой, 
Қазақстандағы  30-шы  жылдардың  басында 
орын  алған  ашаршылық  большевиктердің 
отаршылдық  саясатының  тікелей  зардабы 
болғандығы.

-   104  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   105  -
история государства    №2, 2012
Крестьянские  выступления  или  бунты 
происходили  на  протяжении  всей  мировой 
истории.  Примером  тому  могут  служить 
крестьянские  войны  в  Китае,  «рисовые» 
бунты в Японии, крестьянские восстания в 
Западной Европе и др. Крестьян на подобные 
акты  протеста  толкали  самые  различные 
факторы: 
нерешенность 
земельного  
вопроса,  непосильные  налоги,  нищета, 
отсутствие  будущего.  Как  писал  Эрик 
Хобсбаум, крестьянское выступление – это 
протест,  это  выступление  не  против  того, 
что  крестьяне  бедны  и  угнетены,  а  против 
того, что они слишком бедны и угнетены [1, 
С. 192].
Как отмечал Джеймс Скотт - создатель 
моральной 
экономики 
крестьянства 
как  этики  выживания,  притязания  на 
крестьянские доходы  со стороны помещиков 
или  государства  никогда  не  признавались 
законными,  если  они  распространялись 
на  то,  что  считалось  минимальным 
зафиксированным уровнем существования. 
«Крестьян  побуждала  к  бунту  чаще 
недостаточность  того,  что  им  оставалось, 
чем величина того, что у них изымалось» - 
пишет Дж. Скотт [2, С. 209].
Канадский 
исследователь 
Линн 
Виола  утверждает,  что  протест  населения, 
какую  бы  форму  он  ни  принимал  - 
завуалированную  и  непрямую  либо  явно 
оппозиционную  и  насильственную,  -  был 
вызван 
обоснованным 
беспокойством 
крестьян за судьбы их семей, веры и общины. 
По  мнению  Л.  Виолы,  показателями 
политической подоплеки волнений периода 
коллективизации являлись два аспекта. Во-
первых - те требования, которые выдвигали 
участники  бунтов:  распустить  колхоз  или 
воспрепятствовать его организации, вернуть 
отобранное зерно и скот, освободить кулаков, 
защитить  церкви.  Во-вторых,  -  объекты 
нападений:  партработники,  деревенские 
активисты,  правительственные  здания  и 
Б.К. Альжаппарова

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет