Сайрам (Испиджап) туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. Аталмыш бастау хатта қаланың орналасу ендігі Сайрам елі деп көрсетілген екен. Соған қарағанда бұл атау қаланың ықпал ету аймағын білдірсе керек. Көне түрік тілінде "Сайрам" тастақ сай деген ұғымды білдіреді. Ал Испиджаб "екі дария аралығы" деген сөздің баламасы екен. Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген атта-ры болған. Бірақ, тарихи жазбаларда да, кейінгі замандары да бұл атаулар сирек қолданылады.
Жібек жолының үстінде тұрған қаланың дамуына сауда мен кәсіпкерліктің ықпалы зор болды. Онда ірі бай, іскер адамдар тұрды. Қалада әкімшілік басқару жүйесінің құрылуы қаржыларды қорландыруға, қазынаны мақсатты бағыттарға жұмсауға, экономиканы жүйелі дамытуға, оған бай адамдарды тартуға мүмкіндік берді. Кейінгі кездері табылған деректерді негізге ала отырып, қазіргі тарихшылар Сайрам жерін осы ұланғайыр кеңістікті мекендеген тайпалардың еркін араласу аймағы, яғни экономикалық орталығы болды деген болжамдар айтуда.Сол заманда орын алған шапқыншылықтар Испиджаб әркениетіне ауыр соққы болып тиді. Шыңғыстың жер қайыстырған әскері Сайрам өңірін дауыл соққандай жапырып өтті. Сол трагедияның куәсі болған "Муджам-ал-булдан" атты географиялық сөздіктің авторы Яқұт Ханауи әр-Руми былай деп жазды: "Испиджаб, Тараз, Сауран, Усбаникент және Фараб жазмыштың тәлкегіне тап болды... сонан соң 616 жылы аспан мен жер жаралғаннан ешбір болмаған апатқа ұшырады. Олар осы қалада қалғандарды қырып-жойды. Тамаша баулар мен әсем қалаларда қираған қабырғалардан басқа және құрып кеткен халықтың сүрлеу-сорабынан басқа ештеңе қалған жоқ".
Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты