Тақырыбы: §45 Түр түзілу.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға түрдің түзілуін түсіндіру,дағдысын эволюциялық бағыттарға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, нұсқаушы -ойға түсіруші.
Сабақтың көрнекілік құралдары: интерактивті тақта,суреттер, слайд.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. ІV. Бекіту. V.Үйге тапсырма беру. VI.Бағалау Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, құрал – жабдықтарын тексеру, көңіл –күйлерін сұрау.
2.Үй тапсырмасын тексеру. « Бейімділік. Бейімділіктің салыстырмалы сипаты ».
Үй тапсырмасын жарыс түрінде сұрау.Кім тапқыр??? Ойыны шарттары: Қорғаныш реңнің түрлерін суреттегі мысалдар бойынша ажырату.
Тентекқұс
Ызылдауық шыбын
Бұзаубас
Кім жылдам??? Оқушылар белсене қатысуы керек. Берілген пайымдаулардан дұрыс,бұрысын анықта. (дұрыс “+”, бұрыс “-”)
1. Табиғатта тіршілік жағдайларына нағыз бейімделген формалар жоқ. +
2. Мимикрия – бөлшектену реңі. -
3.Бейімділік - тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың және тіршілік үшін күрестің нәтижесінде қалыптасады.+
4. Қауіп төндіруші рең – жануарлардың немесе жәндіктердің тіршілігін сақтап қалуын қамтамасыз ететін дене жамылғыларының кез – келген реңі.-
5. Бейімділік – салыстырмалы сипатта болатын эволюциялық әрекеттің
уақытша көрінісі. +
Биологиялық диктант. 1 .Тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақты жағдайларында тірі қалуды жоғарлататын ерекшеліктерін, икемдену қасиетін ...(бейімділік)деп атайды.
2. Қорғансыз ағзалардың екінші бір едәуір қорғанышы бар түрге ұқсас болып келуі ...(еліктеуші) реңі.
3. Қорғаныш реңді ... (5)түрге ажыратады.
4.Жануарлардың дене пішіні мен реңі айналасындағы ортаның түсіне сәйкес келуі ...(жасырушы) рең.
5.Жағымсыз иіс бөлетін және шағатын жәндіктерге тән рең ....(Сақтандырушы)