Қытайдың саяси жүйесі бойынша лекциялар Лекция кіріспе сөз. Жүйе және саяси жүйе ұғымдары



бет22/25
Дата16.10.2023
өлшемі197 Kb.
#115642
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Қытай саяси жүйесі қысқа Дәрістер

3. Бұқаралық ұйымдардағы саяси жүйе.
ҚХР алғаш бұқарылық ұйымдарды қайтадан құра бастағанда, Жұмысшалар ұйымының мәселелері жөнінде пікірталас орын алды. 1950 жылы 7 шілде күні Дэн Зэхүй деген адам «Орта оңтүстік Бас мұмысшылар ұйымын ұйымдастыру кеңейтілген жиналысында» баяндама жасап, «Жұмысшы ұйымдарының қызметкерлері, кәсіпорын әкімшілік басқарушы қызметкерлерімен, үкімет қызметкерлерімен міндеті негізінен бірдей болғанымен, олардың арасында айырмашылық болуы керек; жұмысшы ұйымдары мен кәсіп орынның әкімшілік қызметкерлері мен үкімет қызметкерлерімен болатын қатынасын дұрыс шешкенде ғана, жұмысшылар ұйымы жұмысшыларға қажет болады. Болмаса жұмысшалар ұйымы кәсіпорын жаққа басы байлы қолбала болып қалады, болсада болатын, болмасада болатын ұйымға айналады» деп қарайды. Бұл көзқарас үкіметте жұмысшылар ұйымына жауапты болған Ли Лисанның концепциясымен ұқсас.
1951 жылы сәуірде Гао Гаң «Үкімет басқаруындағы завоттардағы әкімшілік пен жұмысшылар ұйымы ұстанымының бірдейлігі» деген тақырыпта баяндама жасап, «Дэнның мақаласы жұмысшылар табының мемлекет билігіндегі басшылық орнын күңгірттендірген, үкіметтік кәсіпорындармен жекеменшік кәсіпорындарының айырмашылығын күңгірттендірген» деп жазғырады.
1951 жылдың соңында ашылған Бүкіл мемлекеттік бас жұмысшылар ұйымының кеңейтілген жиналысы, Ли Лисанның жұмысшылар ұйымы жөніндегі концепциясын айымтайды. «Ол экономикашылдық қателігін өткізді», «сотциал демократияшылдық тенденцияны дәріптеді» деп айптайды...
Қытайда бұрыннан «Қытай жаңа демократиялық жастар одағы» ұйымы жұмыс істейтін. ҚХР құрылғаннан кейін де ол бұқаралық жастар үйымы ретінде өз жұмысын жалғастырады. 1952 жылы 25 тамыздан 4-қыркүйеке дейін бірінші кезекті үшінші пленнумын ашып, Ху Яаобан бастаған 9 адамдыс Коммунистік Жастар одағы орталық комитетінің секратарына сайлады. 1953 жылы екінші реткі съезін ашып «Бүкіл елдегі жастармен ынтымақтасып Отанды құру ұлы жорықта қайсарлықпен алға басайық» деген қаулы қабылдайды. Осы кезде бүкіл қытай бойынша Комунистік жастар одағы мүшелерінің жалпы саны 9 мил., 380 мың негізгі саты ұйымдары құрылып үлгірген. 1957 жылы үшінші реткі жастар одағы құрылтай ашылып, бұрынғы атын «Қытай коммунистік жастар одағы» деп өзгертті. Сонымен бірге, «Бүкіл мемлекеттік жастар Бірлестігі», «Бүкіл мемлекеттік студенттер бірлестігі» құрылып қызмет жүргізді. Бұрынғы «Қытай бүкілмемлекеттік демократиялық әйелдер бірлестігі» 1957 жылы «Қытай бүкіл мемлекеттік әйелдер бірлестігі (中华全国妇女联合会)» болып құрылды. Бұрын Сун Чиңлиң құрған «Қытай әлеуметтік қамсыздандыру қоры (Фонты)», 1950 жылы тамызда «Қытай қамыздандыру қоғамы» болып құрылды. 1950 жылы 29 сәуірде «Қытай халықтық қауіптен құтқару бас қоғамы» құрылды. 1949 жылы қазанда құрылған жастар-өрендер отрияты, 1953 жылы маусымда «Қытай пионерлері» болып құрылды.
1950 жылы 13 сәуірде ҚХР орталық халық үкіметінің 7 жиналысы қабылдаған «ҚХР неке заңы» 30 сәуірде жарияланды. Бұл ҚХР-дың жариялаған ең алғашқы Неке заңы. Онда неке еркіндігі, ер-әйел теңдігі, бір ерге бір әйел, әйелдердің балалардың және қарттардың заңды құқығын қорғайтын баптар жазылған...
Қытай Хуацияо ассасиясы – Қытай диаспораларымен ұтымды жұмыс істейді...
Жоғарыдағы бұқаралық ұйымдардың барлығында Компартия ұйымдары, оның секратары жұмыс істейді. Іс жүзінде бұл ұйымдар тәуелсіз жұмыс істей алмайды. Жұмысшалрадың және басқадай топтағы адамдардыңзаңды құқытары партияның, мемлекеттің және ұлттың мүдесіне бағындырылып кете береді....
Қытай Компартиясының идеологиялық саладағы күрестері. Көбінесе жастар арқылы жүргізіліп отырады...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет