Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері



бет11/28
Дата14.08.2023
өлшемі225,66 Kb.
#105256
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Құқықтық оқыту – мұғалім мен оқушы арасындағы құқықтық білімді беруге және қабылдауға бағытталған мақсатты үдеріс, тұлғаның құқықтық санасының қалыптасуындағы дағды мен икемділіктің қалыптасуы, сондай-ақ мектеп оқушыларының құқықтық тәрбиенің мазмұнын анықтайтын жаңашыл демократиялық құқықтық құндылықтарды қабылдауды және таңдауды сезіну үшін құқықтық ойлауының, құқықтық қызығушылығының, жалпы дүниетанымының дамуы. Сондықтан құқықтық білім тұлға дамуы мен азаматтық қоғамның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ол сонымен бірге құқықтық әлеуметтену үдерісіне қажетті кезеңнің бірі, өйткені субъектінің қоғамдағы заңды, сауатты мінез-құлықты таңдауында маңызды орын алатын құқықтық ұстанымдары қалыптасады.
Бүгінде педагогикада құқықтық білім беруге байланысты іргелі зерттеулер көптеп кездеседі. Көптеген авторлар оқушыларға құқықтық тәрбие беруде құқықтық білім беру мен тәрбиені біріктіре қарастырады. Құқықтық білім беру жайындағы жалпы тәжірибе мен теорияны талдай келе, біз құқықтық білім берудің өзіндік маңыздылығы мен құқықтық тәрбиені құруды бөліп көрсетеміз. Оқушылардың құқықтық білімі – мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген орта білім беру мен адами құндылық бағдарының қалыптасу мақсатына бағытталған құқықтық тәрбиелеу мен оқыту, өмірлік іс-әрекет саласындағы құқықтық негіздерін қарастыру, дағды тәжірибе, әрекет тәсілдерін меңгерту.
Құқықтық тәрбие – оқушылардың құқықтық мақсатына бағытталған тұлғаға әсер ету үдерісі және оқушылардың еркін дамуы мен әлеуметтенуіне қажетті құнды бағыт пен сапа. Біз зерттеуімізде оқушылардың құқықтық білімін нақты үдеріс және оның құрылымы тұрғысынан қарастырамыз. Бірінші жағдайда біз оқушылардың құқықтық білімін өзіне 5 компонентті біріктіретін толыққанды дидактикалық жүйе ретінде қарастыруды ұсынған авторлардың көзқарасына сүйенеміз: құқық мұғалімі, оқушылар, оқу курстарының құқықтық мазмұны, әдістер, оқу формасы, мақсаты мен нәтижесі .
Көрсетілген жүйенің бірінші құрылымды компоненті - құқық мұғалімі болып табылады. Баланың тәрбиесі көбінесе, мұғалімнің құқықтық тәрбиелігі мен педагогикалық шеберлігіне де тәуелді болып келеді. Оқушылардың құқықтық тәрбиесінің маңызын құқықтық білімі терең, әрі оны жан-жақты меңгерген педагог қана шеше алады. Мұғалім оқушылардан құқықтық шынайылықты, көмекті, қамқорлықты, құқықтық сақтануды меңгерген тұлғаны көреді, ол әртүрлі өмірлік жағдайларда шынайы ұстаз бола алады. Педагог пен оқушы арасындағы әсер ету стилі маңызды орын алады. Ол оқушы мен мұғалімнің тең дәрежелі әріптес ретінде танылатын әсерлесуінің демократиялық стилі болып табылады. Олардың арасындағы айырмашылық оқушы құқықтық кеңістіктегі мәдениетті үйренсе, ал педагог оны үлгілейді. Мұғалім оқушыны өз әрекеттеріне талдау жасап, өз қателерін түсінуге, оны жөндеуге үйретеді.
Мұғалімнің құқықтық тәрбиелеуінің дұрыс іске асуы үшін мұғалім құқық негізі бойынша жаңашыл оқыту технологиясын; оқушылардың дара психологиялық және жас ерекшеліктеріне байланысты құқықтық түсініктерінің қалыптасуы мен заңдылықтарын; нақты бағыт бойынша әсерлі формасын және бірігіп жұмыс істеу әдістерін меңгеруі тиіс. Мұнда мұғалімнің сонымен қатар оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастырушылық әрекеті, басқа мұғалімдермен бірлесіп әрекет етуі, жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруге байланысты өз әрекеттерін реттей және бақылай алу қабілеттері маңызды орны алады. Бірақ біз мектеп үшін мұны жеткіліксіз деп санаймыз. Мұндағы ең үлкен қиындық құқықтық ақпараттың өзгермелігі және осымен байланысты мұғалімнен ақпараттық мультимедиялық технологияларды белсенді қолдануын талап етуі.
Бұл дидактикалық жүйенің екінші компоненті - оқушылар болып табылады. Оқушылардың құқықтық тәрбиесінің әсерлігі тұрғысынан оқу дағдылары мен ептіліктерін, біліктілігін, материалмен жұмыс істеудегі белсенділік пен дербестігін, ұжымдағы қызметтестік, тәрбиелік және ұйымдастырушылықты қалыптастыруы қажет. Оқушылардың жасына байланысты психофизикалық ерекшеліктерін, оның қызығушылығы мен қажеттілікке бағыттылығын, рухани ақыл-ойының дамуын ескеруіміз керек.
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру мәселесін зерттеуде нақты бағыт алған қоғамда және білім беру жүйесінде болып жатқан үдерістер мен өзгерістердің себептерін, факторын және шарттарын құра білумен байланысты ықпал ету мүмкіндігі ашылады.
Зерттеу жұмысымыздың бағытына қарай ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау нәтижесінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын, құқықтық мінез-құлқы мен тәртібін көрсете білуі мен оған құқықтық тәрбие беру кезіндегі тиімді әдіс-тәсілдерді қамтитын шарттардың арасында обьективті өзара тәуелділік анықталды.
Осыған орай зерттеу жұмысымызда жеткіншектерге (5-9 сынып) құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары, олардың мазмұны, оның қарастырып отырған мәселе үшін қаншалықты қажетті екендігі анықталады.
Сондықтан алдымен шарт дегеніміз не? екендігіне талдау жасасақ, ол белгілі бір жағдайдың туындауы, тіршілік жасау, оқу, еңбек ету, өзгерістер мен түрлендірулер үшін қажетті обьектілердің жиынтығы. Әрбір нысанның бір-бірімен тікелей және жанама байланыстары бар, олар белгілі бір шамамен сипатталатындықтан, жиынтық мөлшерде жеткілікті педагогикалық шарттарды құрайды. Шарттар өз кезегінде тарихи уақыт ішінде дамытылады, жүйеленеді, қалыптасады, педагогикада түсініктер мен бейнелер ретінде қоғамдық сана тұрғысынан қарастырылады. Шарт - бұл белгілі бір обьектінің қызмет етуінің негізі, оның обьективті және субьективті, қажетті және жеткілікті түрлері болады.
«Педагогикалық шарттар» түсінігі оқу-тәрбие үдерісінің барлық бағыттарының тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті обьективті және субьективті факторлардың жиынтығы болып табылады. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсатын, міндеттері мен қағидаларын тануға байланысты, соған сәйкес мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін анықтайды. Сонымен бірге шарттар тарихи қалыптасып, педагогикада бейнелер мен түсініктер түрінде қоғамдық сананың формасы ретінде қарастырылған.
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын жасауда төмендегілер ескерілуі қажет деп есептейміз:
1. Жеткіншектердің құқықтық нормаларды игеру үдерісінің басты мақсаты мен міндеттерінің айқын болуы;
2. Құқықтық нормаларды оқушылардың іс-әрекеттері тәжірибелеріне ендіріп, сана-сезіміне әсер ететін ұстанымға айналдыру;
3. Құқықтық заңдылықтарды өз өмірінде көргені, оқып білгендері, ата-анасының өмірлерінен түсініп, нәтижесінде мінез-құлықтары мен тіршіліктеріне тікелей ықпалдарын түсіну деңгейіне жеткізу.
Демек, жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары дегеніміз – құқық туралы білімді халық тағылымдары материалдары негізінде дамытудың қызметтік-мазмұндық сипаттамасы, оқушының құқық, құқықтық жүйе, оларды сақтау және сыйлау туралы білімін дамытудың және тәрбиелеудің құрылымдық-мазмұндық моделінің және жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің жүйесі әдістемесінің жасалуы.
Осыған орай біз зерттеу жұмысымыздың барысында үш педагогикалық шарттарды (педагогикалық-ұйымдастырушылық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік ) анықтап алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет