Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері


Сурет 5-9 сынып оқушыларының құқықтық тәрбиелілігінің мотивациялық компонентінің даму деңгейі



бет22/28
Дата14.08.2023
өлшемі225,66 Kb.
#105256
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
маханбетқұл

Сурет
5-9 сынып оқушыларының құқықтық тәрбиелілігінің мотивациялық компонентінің даму деңгейі
5-9 сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыс оларды қызықтыратындай, жүйелі, білімнің қажеттілігі мен өмірлік бағдарға сәйкес үйлесімді жүргізілу, дербес ерекшелігін ескеру, танымдық түйсігін жетілдіруде оның мотивтік амал-тәсілдерін аша түсу негізгі фактор болып табылады. Жүргізілген зерттеуіміздің келесі көрсеткіші олардағы мотивациялық компоненттің жағдайы мен оның даму деңгейін өсіруге бағытталған жұмыстар арқылы анықталды. Нәтижесі суретте 4 көрсетілді.


Сурет
5-9 сынып оқушыларының құқықтық тәрбиелілігінің мазмұндық компонентінің компонентінің даму көрсеткіштері

5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беруде мазмұндық компоненттің мазмұны үлкен. Бұл оқушылардың жетекші білімдерін және оқу-танымдық қызмет тәсілдерінің жүйесін қамтиды, әрекет тәсілдерін өз бетінше игеру біліктілігін айқындайды. Тәжірибелік-эксперимент жұмыс нәтижесі жоғары деңгей көрсеткіштері 18,3%-тен 35,1%-ке арттырып отыр. Ал когнитивті деңгей 12,7%-тен 6,7%-ке кеміген.





Сурет
5-9 сынып оқушыларының құқықтық тәрбиелілігінің рефлексиялық бағалау компонентінің даму деңгейі
Гимназия және орта мектепте жүргізілген зерттеулерде көрсеткіштердің тәжірибе барысында өзгергені байқалады. Бұл маңызды көрсеткіш, себебі егер жеке тұлға белгілі бір ерік күшін жұмсамаса, білімді және құқықтық әрекет тәсілдерін игеруге рефлексиялық-бағалау сипатында талдауға талаптанбаса, ерікті түрде әрекет етпесе, ілгерілеушіліктің, мақсатқа сай жұмыс істеп, нәтижеге жету мүмкін болмайды. Бұл компонент арқылы




Сурет
5-9 сынып оқушыларының құқықтық тәрбиелілігінің іс-әрекеттік компонентінің даму деңгейі

оқушы тапсырмаларды орындаудағы қиындықтарды жеңуге ерік күшін жұмсауға дайын тұрушылық және жаңа идеялар шығармашылықпен іске асырушылық жүзеге асады.


5-9 сынып оқушыларының құқықтық тәрбиелілігінің іс- әрекеттік компонентінің даму деңгейін анықтауға арналған жүйелі зерттеу жұмыстарының және оны дамытуға бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі суретте көрсетілді.
Тәжірибелік эксперименттік жұмыстардың нәтижесін талдай келе, 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру әрекетін, кешенді түрде: мектеп, қоғам, жанұя, қоғамдық мекемелер, ұйымдар, құқық қорғау органдары т.б. дәстүрлі емес тұрғыда тәрбиелеудің оңтайлы әдіс-тәсілдердін жеткілікті дәрежеде білмейтіндігі, оқушылармен жүргізілетін жұмыста құқықтық білім беруде ізденімпаздықпен жұмыс істеу білігінің жеткіліксіздігі, мұғалімнің бір сарынды тәрбиелеу шараларын өткізуі, ақпарат көздерінің жетіспеушілігі, құқықтық тәрбие беруге бағытталған жұмыстар дың жүйелілігінің болмауы себеп болып отыр.

Кесте 3 - Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың салыстырмалы нәтижесі.





Деңгейлер



Бақылау тобы

Эксперименттік топ

Экспериментке
дейін

Эксперименттен кейін

Экспериментке
дейін

Эксперименттен кейін

Жоғары

26%

29%

27%

32%

Орташа

47%

54%

49%

64%

Төменгі

27%

17%

24%

4%

Бұл жүйелі зерттеулер мәселені шешудің оңтайлы жолдары бар екенін, бұл бағытта дұрыс ұйымдастырылған жұмыстар арқылы оқушыны жан-жақты дамытуда құқықтық сана- сезімін қалыптастыруға болатынын, тиімді әдіс-тәсілдері мен құнды нұсқаулар беру арқылы, жұмыс мазмұнын түрлендіру, оны жетілдіруде дәйектілігін көрсетті.
Демек, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 5-9 сынып оқушыларының құқықтық тәрбие беру моделінің, оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің, деңгейлерінің дұрыстығын, оқушыларға құқықтық тәрбие беруді дамыту мақсатында жасалған әдістеменің тиімділігін дәлелдейді.
Зерттеу нәтижесі ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігін көрсетіп, құқықтық тәрбие беруге бағытталған жұмыстар арнайы жүргізілсе және құқықтық қалыптастыруда мотивациялық, мазмұндық, рефлексиялық- бағалау, іс- әрекеттік компонентерінің дамуы ескерілсе, онда 5-9 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру мүмкіндіктері туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет