2.3 Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруге бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері
Құқықтық тәрбие адамды азамат ретінде дамытудың маңызды факторы, құқықтық қоғамды құру және реттеу құралы болып табылады. Жалпы білім беретін мектепте жеткіншектердің құқықтық тәрбиесін зерттеу ерекше көкейкесті себептерді анықтайды:
- бұл теориялық ғана емес, практикалық сипатқа ие, ол мектептегі құқықтық білімнің сапасының индикаторы қызметін атқарады;
- құқықтық білім мен тәрбиенің бағытын анықтайды;
- қоғамның интеллектуалды элитасын толықтырады.
Жеткіншектердің тәрбиелiлiгiнiң көрiнiстерiнде өнегелiк қатынастарының қалыптасуының әркелкi жақтары көрініс табады: адамгершілік қағидаларды бiлу, оларды орындауға деген ұмтылыс пен күйзелiс, практикалық әрекеттердiң өнегелiгi.
Қоғамдағы құқық бұзушылықтың өскенін белгілі. Құқықтық мәдениеттің ерекшеліктері: құқықтық реттеу қоғамның дамуының белгілі бір сатысында пайда болды; әр мемлекетте өздерінің құқықтық мәдениеті дамыды; құқықтық мәдениет индивидпен, әлеуметтік топтың мемлекетпен өзара әрекеттестігін реттеудің арнаулы формасы, адамдардың интеллектуалды іс-әрекетінің белгілі бір өнімі.
Тәрбиені құқықтық нормаларға, құқықтық ағартушылыққа (сауаттылыққа) бағдарлау құқықтық тәрбиенің маңызды элементі болып табылады. Егер тұлға құқықтық өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға енсе, ол құқықтық мәдениетті реттеудің және дамытудың белсенді субьектісі болады.
Жауап берушілердің 45 пайызы құқық нормасына сай тәртіпті, мінез-құлықты анықтауда туғандарының көзқарасына сүйенетіндігін айтады. Зерттеу барысында жеткіншектердің құқықтық тәртібі мен мінез-құлқына адамның құқықтық нормаларды бұза отырып, өз басынан өткізетін санкциялардың ерекше ықпалы бар екендігі айқындалды. Жеткіншектердің 32 пайызы құқықтық нормалармен реттелетін істерді жасағанда құқықтық жарлықты бұзу нәтижесінде туындайтын материалдық шығындарды ескереді.
29 пайызы ғана құқық нормаларын ол туралы білімі болған соң ерекше көңіл бөлетінін көрсетеді. Бұл жеткіншектердің құқықтық сауаттылығы фрагменталды сипатта екенідігін көрсетеді. Кездейсоқ жолмен алынған білім заңдылықтардың талаптарын сақтауға ұстанымын дайындауға негіз болмайды. Отбасы, педагогтар бастауыш мектепте, орта буында жеткіншектерді жүйелі құқықтық оқытуды ойластырмайды, күнделікті өмірлік жағдайда құқық нормаларын сақтауға нұсқау бермейді. Адамгершілік және құқықтық тәрбиенің арасындағы өзара байланыстың болмауынан моралдық айыптаушылық, кінәлаушылық, қауіп-қатер жеткіншектердің төрттен бірінің құқықтық нормаларды сақтауға деген қажеттілігін тудырады. Қалғандарында құқықтық ғана емес, кейбір адамгершілік бағалаудың жағымсыз жақтарының нәтижесінде заңды міндетті сақтауға бағдардың қалыптаспағанын көрсетеді. Бұл жеткіншектерде адамгершіліктің құқықтық мәдениеттің негізі екендігі туралы түсінік қалыптаспағандығынан болады. Оларда ұят, ар, борыш, өзінің мінез-құлқына жауапкершілік сияқты моралдық реттеуіштер жасалмаған.
Сонымен бірге зерттеу барысында жеткіншектерге құқықтық білім мен тәрбие беру заң талаптарын үйрену үшін емес, алдымен өзінің ақпараттық алаңын кеңейту үшін керек екендігі де айқындалды. Құқықтық сауаттылыққа осы тұрғыдан қарау оны қалыптастыру үдерісін кешіктірді.
Зертте барысында айқындалған тағы да бір жағымсыз факторлардың бірі - жеткіншектерде құқықтық сауаттылықты мәдениетті адам ретінде қалыптастырумен байланыстырмауы. Мәдениет пен білім жеткіншектер санасында біртұтас жүйе ретінде байланыспайды. Құқықтық мәдениеттің дамуы, оның құқықтық тәрбиелілігі адамның заңды сақтауға талпынуымен сипатталады, бірақ респонденттердің 16 пайызы ғана осы ұстанымды қолдайды.
Жеткіншектердің бесеуінің біреуі құқықтық сауаттылықты құқықтық нормалардан бас тарту тәсілі деп түсінетіндігін де көрсетеді. Демек, бұл көптеген жеткіншектерде қоғамда әрекет ететін құқықтық заңдарды сыйлау, құрметтеу қалыптаспағанын көрсетеді. Жеткіншекті қорғайтын заңдар ғана қолданылады, нәтижесінде заңдарды үйрену адамды заңды сыйлаушы, құрметтеуші етпейді.
Зерттеу көпрсеткендей, жеткіншектердің 24 пайызы ғана қандай да бір құқық туралы білімнің қажеттілігін сезінеді. Сондықтан жартысы ондай білімсіз-ақ олар үнемі заңды сақтаймыз деп ойлайды.
Респондентттердің 9 пайызы ғана заң туралы білімнің болмауы құқықтық нормаларды бұзуға әкеледі деп есептейді. Бұл құқықтық сауаттылықтың құқықтық мәдениетті қалыптастыру факторы ретінде қарастырылмайтынын көрсетеді. Әрине, оны қалыптастыру білім көлемімен емес, құқықтық нормаға сәйкес келетін құндылықпен анықталады. Бірақ құқықтық актілер жөніндегі білімсіз, социумда, жеке индивидте де оның құндылығы туралы түсінік қалыптастыру мүмкін емес.
Мектепте құқықтық ағартушылықты жүзеге асыратын оқулықтарға, сонымен қатар құқық бойынша орта (толық) білім беру бағдарламаларына жасалған контент-талдау нәтижесі оқушыларға үйрену үшін ұсынылатын адамның барлық тіршілік саласындағы құқықтық ақпараттың нақты көлемі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Еңбек, отбасы, әкімшілік құқық нормаларын ашуға аз көңіл бөлінетінін көрсетеді.
Әрекет ететін құқықтық реттеу саласында қандай білім алғылары келетіні туралы көзқарастары да айқындалды. Бірінші орынға оқушылар «азамат құқығын» қояды, ол 43 пайызды құрайды. Азаматтың мемлекетпен кез келген әрекеттестігінің бірге жүретіні туралы өзінің міндеттеріне мән бермейтіні анықталады. Жеткіншектер өзінің тұлғалық қызығушылығын тиімді қанағаттандыруға жету үшін ғана заңды белсенді зерттеуге дайын екендігін көрсетеді.
Ата-аналардың 64 пайызы мектеп бірінші кезекте құқықтық тәрбиеге тартуы керек деп есептейді. Респонденттердің 47 пайызы отбасы құқықтық тәрбие нормасына бағдарын қалыптастыруға байланысты міндеттерді шешуге қатысуға дайын екендігін белгілейді. Бірақ әр уақытта құқық қорғау органдары мен педагогтардың қолдауын, көмегін қажет ететіндерін көрсетеді.
87 пайыз ата-ана жеткіншектің құқықты мектепте оқуы қажет деп есептейді. Бірақ ондай оқушылар бар болғаны 26 пайызды ғана құрайды. Ата-аналар мен жеткіншектердің құқықтық сауаттылықты бағалауының мәліметтері жеткіншектердің бағдарды білмейтінін көрсетеді. Зерттеу ата-аналардың балаларға құқықтық тәрбие беріп, құқықтық мәдениет, оған тартудың маңызы жөнінде сирек әңгімелесетінін көрсетеді. Олардың бұл құбылыс туралы түсініктері тиянақсыз, көмескі.
Құқық, құқықтық тәрбие, құқықтық мәдениет, құқықтық нормаларды сақтау, заңды құрметтеу туралы ата-аналармен жүргізілген интервью, сауалнама балалардың кездойсоқ қылмыс жасағында, жоғары құқықтық мәдениеті мен тәрбиесі қалыптасқан болуы керек деген ойда екендігін айқындайды. Кез келген ата-аналар заңдылық актілердің мәнін ашпайды, бірден қылмыс жасағанда қандай жаза қолданылатыны жөнінде сөз қозғайды.
Сонымен қатар ата-анасының құқықтық мәдениетке баласын тартқан, құқықтық тәрбие беруге талаптанған жағдаяттарда кездеседі. Тек эмоционалды әсер ететін мысалдарды келтіргенде ғана, олар балаларда тыйым салу сипатында ұстаным қалыптастыруға тырысады. Баланың болашағы үшін өзінің қорқынышы баланың өзінде заң алдындаңғы қорқынышты бекітеді.
22 пайыз ата-ана ғана құқықтық білімнің тұлғаның ешқашан заңды бұзбауына бағдар беруді қалыптастыруға әсерін көрсетеді. Оқушылар арасында осылай жауап бергендер 9 пайыз, ал педагогтар арсында 23 пайыз.
Зерттеу барысында ата-аналардың балаларының құқықтық білім алуына қызығушылық дәрежесі де анықталды. 61 пайызы бұл білімді мектепте алуын қалайды, ал қалғандары құқықтық мәдениет пен тәрбие адамға тек нақты өмірлік жағдаятта, құқық қорғау органдарымен істе ғана керек деп есептейді.
Мектептің жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудегі рөлін зерттеуде мұғалімдердің 95 пайызының оқушылардың құқықты ұғынуға қажеттілігі бар деп есептейтіні анықталды.
Оқушылардың арасында 26 пайызы осындай пікірді білдіреді. Мәдениеттің әр түрлі алған білімінен білім алушылардың бағдары мен ұстанымы қалыптасатынын білмейтін мұғалімдер де кездесетіні айқыналды. Сондықтан педагогтардың 72 пайызы осы курсты оқу оқушыға өзінің құқығын қорғауға және ол үшін күресуге қажет деп есептейді. Ал оқушылар арасында осындай пікір білдіретіндері 65 пайызды құрайды. Бұл педагогтар мен оқушылардың құқық және оның адамның мінез-құлқы мен тәртібіндегі рөлі туралы тар мағынасынада түсінетіндігін көрсетеді.
Жалпы алғанда мұғалімдер жеткіншектерге құқық нормаларын үйретуге жекелік қатынасын да білдіреді. Олар қоғамның емес өзінің жеке басының қызығушылығы үшін қажетті деп санайды. Осы тұрғыдан алғанда, білім беру жүйесінің идеологиясы жағынан емес, педагогтар құқықтық мәдениет құндылығын азамат ретінде өзінің жекелік ұстанымына қатысты анықтап отыр.
Бұл зерттеу барысында мұғалімдердің 21 пайызының құқықтық мәдениет нормаларын, құқықтық тәрбиені арнайы оқытудың қажеттілігі жоқ дей келе, әрбір пән мұғалімі ол туралы түсінік беріп отыруы қажет деп есептейді.
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ата-аналар мен мұғалімдердің белсенді қатынасу ұстанымдарын салыстыра отырып, олардың ұқсастықтарын байқауға болады. Біріншіден, оларда жеткіншектерде эаңдылықтар нормаларын сақтауға бағдар мен ұстанымды қалыптастыруға қажетті құқық бойынша білім жоқ; Екіншіден, құқықтық тәрбиеге беру мектеп пен отбасын заңды бұзғаны үшін мәжбүр болу сипатын білдіреді. Үшіншіден, құқық туралы құқықты бұзғаны үшін жазалаудың қауіп екендігін, тұлғаның заңды құрметтеп, сыйлауы жалпы және ішкі амандық, саулық жағдайына жету деп түсінбейтінін көрсетеді.
Мұғалімдердің 65 пайызы құқық бойынша білімді тұрақты толықтырып отыру оқушыларда қалыптаспаған деп ойлайды. 44 пайыз педагог отбасының барлық мүшесінің құқықтық мәдениетін көтеру жүйесін құру және жүзеге асыру қажет деп есептесе, мұғалімдердің 75 пайызы олардың құқықтық ақпаратқа сұранысы бар екенін көрсетеді. Демек, құқықтық тәрбие беру жүйесін бір мезгілде оқушымен де, мұғалімммен де, ата-анамен де жүргізуге дайындау керек. Қортындыда жеткіншектерге құқытық тәрбие берудің тиімді жолдары және оны дамыту туралы негізгі қортындылар беріледі.
Біз жоғарыдағы жалпылама мәліметтерге сүйене отырып, жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруде өзіміз жасаған моделдің компоненттерін басшылыққа алдық. Тәжірибелік-эксперимент барысында алдымен 5-9 сынып оқушыларының құқықтық тәрбиелілік деңгейін Мотивациялық Құқықтық тәрбиеге құндылық бағдарының болуы құқықтық тәрбие берудің әлеуметтік маңызын жете түсінуі
құқықтық тәрбиеге саналы қызығушылықтың болуы
құқықтық тәрбиенің маңызын түсінуі
Зерттеу міндеттеріне сәйкес, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүйесі № 5, 37 мектеп-гимназиялары, № 8, 26 жалпы орта білім беретін мектептерде 180 оқушы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар мынадай бағыттарда іске асырылды: 5-9 сынып оқушыларының оқу-тәрбие үдерісі, мектеп мұғалімдерінің құқықтық тәрбие беруге бағытталған педагогикалық іс-әрекеті. Эксперименттік жұмыстардың 5-9 сынып оқушыларының оқу-тәрбие үдерісі бағыты бойынша сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейі тексерілді. Анықтаушы эксперимент нәтижелері мынадай болды: 52% - оқушының құқықтық тәрбиелік деңгейі төмен; құқықтық білімі төменгі дәрежеде- 68%; қызығушылық көзқарас танытпайды - 61%; меңгерген біліміне баға бере алмайды - 51%. Сонымен қатар жалпы орта білім беретін мектептерде жүргізілген зерттеулеріміз төмендегідей нәтижелерді көрсетті (сурет 3).
Біз тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың салыстырмалы нәтижесін төмендей суретте бейнеледік (Сурет 2)
Сурет 2 – Жеткіншектердің құқықтық тәрбиелілігінің деңгейінің диаграммасы
Достарыңызбен бөлісу: |