«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнi мiндеттi негiзгi пәнге жатады.
Ықтималдықтар теориясы – бiртектi кездейсоқ құбылыстардың ықтималдық заңдылықтарын зерттейдi.
Ықтималдықтар теориясының тәсiлдерi жаратылыстану мен техниканың әртүрлi салаларында: сенiмдiлiк теориясында; көпшiлiкке қызмет көрсету теориясында; теориялық физикада; геодезияда; астрономияда; ату теориясында; бақылаудың қателiктерi теориясында; басқаруды автоматтандыру теориясында; байланыстың жалпы теориясында қолданылады.
Ықтималдықтар теориясы – өндiрiстi жоспарлау мен ұйымдастыруға, технологиялық процестердi талдауға, өнiм сапасын тексеруге қолданылатын математикалық және қолданбалы статистикада маңызды роль атқарады.
Математикалық статистика – белгiлi ықтималдық моделiнiң жекелей параметрлерi мен құрылымын, оның статистикалық мәлiметтерi бойынша сынақтап, әртүрлi болжамдарды тексеру тәсiлдерiн қарастырып, қажеттi статистикалық мәлiметтер беретiн эксперименттердi жоспарлау ережелерiн нұсқаумен айналысады.
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика ғылым мен техниканың әртүрлi салаларына тереңдей енiп, олардың кеңiнен дамуына ықпал етедi.
Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Пәндi оқытудың мақсаты:
ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың негiзгi ұғымдары мен заңдылықтарын және олардың түрлi салаларда қолданылуын зерттеу;
нақтылы есептердi шешу тәсiлдерi мен әдiстерiн меңгеру;
табиғи процестердiң математикалық модельдерi құра және құралған модельдi сынақтау тәсiлдерiн таңдай бiлу;
ғылыми және ақпаратты әдебиеттердi пайдалана бiлу;