ПАЙДА БОЛДЫ. АРАБ ТІЛІНДЕ «АЗАР» ДЕГЕН СӨЗ «ҚИЫН» ДЕГЕН МАҒЫНА БЕРЕДІ. АРАБТАР «АЗАР» ДЕП ЛАҚТЫРЫЛҒАН ОЙЫН СҮЙЕГІНІҢ ЕКЕУІНДЕ ДЕ 6 ҰПАЙДАН ТҮСҮІН АЙТАДЫ ЕКЕН. КУБ ТҮРІНДЕГІ ОЙЫН ҚҰРАЛЫ ОЛ КЕЗДЕ ПІЛ СҮЙЕГІНЕН ЖАСАЛАТЫН БОЛҒАНДЫҚТАН «ОЙЫН СҮЙЕГІ» ДЕГЕН АТАУ СОЛ ЗАМАННАН ҚАЛЫПТАСЫП ҚАЛҒАН. ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫСТАР XVII ҒАСЫРДА БАСТАЛДЫ. ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕ АДАМДЫ ҚҰНЫҚТЫРАТЫН ӘР ТҮРЛІ ОЙЫНДАРДЫҢ КЕҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӘР ОЙЫНШЫ ӨЗІНІҢ ЖЕҢІЛМЕУ ЫҚТИМАЛДЫҚДЫҒЫН АЛДЫН АЛА АНЫҚТАУҒА ТЫРЫСТЫ. СОЛ КЕЗДЕГІ МАТЕМАТИКТЕР ДЕ БҰЛ МӘСЕЛЕГЕ НАЗАР АУДАРДЫП,БІРНЕШЕ РЕТ ҚАЙТАЛАНАТЫН КЕЗДЕЙСОҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАР АШУҒА ТАЛПЫНДЫ. БҰЛ МӘСЕЛЕГЕ АЛҒАШҚЫ БОЛЫП ЕҢБЕКТЕРІН ҰСЫНҒАН: ФРАНЦУЗ ОҚЫМЫСТЫСЫ БЛЕЗ ПАСКАЛЬ, ПЬЕР ФЕРМА, ГОЛЛАНДИЯЛЫҚ ХРИСТИАН ГЮЙГЕНС, ШВЕЦАРИЯЛЫҚ МАТЕМАТИК ЯКОВ БЕРНУЛЛИ БОЛДЫ. ФРАНЦУЗДЫҢ АТАҚТЫ МАТЕМАТИКТЕРІ ПЬЕР ФЕРМА МЕН БЛЕЗ ПАСКАЛЬДЫҢ АЗАРТТЫ ОЙЫНДАР ЖӨНІНДЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАДЫ. КЕЙІННЕН САҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНДА ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯ САЛАСЫНДА ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ ӨЗ ҚОЛДАНЫСЫН ТАПТЫ. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ МЕН ТЕХНИКАНЫҢ ДАМУЫ ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫНА ЖАҢА МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЙДЫ. ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫН БЕРНУЛЛИ, МУАВР, ГАУССЛАПЛАС, ПУАССОН ЕҢБЕКТЕРІ КӨП ӘСЕР ЕТТІ.
ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ҮЛКЕН ҚАДАМ ДЖЕЙМС БЕРНУЛЛИДІҢ (1654 - 1705) ЕҢБЕКТЕРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ. ОЛ ЫҚТИМАЛДЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ БІРІ – ҮЛКЕН САНДАР ЗАҢЫ ДЕП АТАЛАТЫН АЛҒАШҚЫ ДӘЛЕЛГЕ ИЕ.