Iv бөлім картографиялық бейнелеу тәсілдері


Локализдік диаграмма тәсілі



бет7/11
Дата12.02.2023
өлшемі2,54 Mb.
#67236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4.11 Локализдік диаграмма тәсілі
Локализдік диаграмма тәсілі арқылы құбылыстардың тегіс немесе аралық таралуын осы құбылыстарға арналған бақылау пунктерін алынған сипаттамаларды графиктер мен диаграммалар көмегімен орналастырамыз. Бұндай өзгеріс графиктеріне орташа айлық температура мен жауын-шашындар, метеостанциялардың локализдік өзен суларының ластануының диаграммаларын жатқыза аламыз. Картада әрдайым графиктерге тиесілі пункттерді белгілейді, сонымен қатар біз локализделінілген диаграммалардың белгіленген пунктерге ғана емес, бүкіл территорияға қатысты екенін аңғара аламыз.
Графикалық құралдар әртүрлі болып келеді. Мысалы желдің бағытын көрсететін диаграммалар, қисық және гистограммалар таралуы (айлық температуралар жүрісі), циклограммалар (жылдық орташа күннің сәуле шашуы), құрылымдық диаграммалар жәнне тағы да басқалары.

Сурет-4.10. Локализдік диаграмма
4.12. Нүктелік тәсіл
Бұл тәсіл құбылыстың мөлшерінің тек ол әр нүктенің өзіндік салмағына орай бейнеленетіне байланысты көрсетіледі және шашыранды таралатын құбылыстарды көрсетуге қолданылады (ауылдық мекендер, мал бастары, егіс көлемі) болады .Көп жағдайларда нүктелік тәсілмен ауылдардың тығыздығы (бір нүкте салмағына 1000 тұрғын сәйкес келеді) немесе егістік жерлер (бір нүкте- 500 га дән) сондай - ақ мал басы санының таралуы (бір нүкте – 200 бас ірі қара малға сәкес келеді) (4.11-сурет).
Графикалық құралдардың бейнеленуі тек кішкене дөңгелек нүктелер ғана емес, үшбұрыштар, төртбұрыштарды есепке алады. Ескеретін жәйт олардың өзіндік салмағына зиян келтірместей орналасқаны болғаны. Кей аймақтардың территорияларының үлкендігі немесе кішілігіне байланысты бір ғана нүкте 2-3 нүктенің салмағына теңесіп кетеді. Кішкене нүктелер - 200 га,орташа - 500га, үлкен - 1000га болып келеді. Сонымен қатар нүктелердің түске боялуы әртүрлі болуы мүмкін ,мысалы жасыл түст- бидай дәндері, сары түсті-жүгері, қызыл – күнбағысты бейнеленуі мүмкін. Және карталарда халықтардың ұлттық құрамын анықтау үшін де түстерге боялынады.

Сурет-4.11. Нүктелік әдіс


Нүктелік әдіс сандық анықтамаларға ыңғайлы және анық келеді. Нүктелік карталар құбылыстардың шынайы ерекшеліктеріне аса назар ұсына алады: олардың санын, локализациясын, жүйелемерін немесе құрамын, құрылымын (мысалы егістік жердің құрылымының әр түрлі мәдениетіне сәйкестендіру). Құбылыстардың тығыздығы бойынша орналасуы және сандық көрсеткіштерге ыңғайластырып картада нүктелер бір-бірін көлеңкелеп қалмауы үшін арнайы есептеулермен орналастырылады.




4.13. Ареалдар
Ареалдар аумақтылығы шектелген құбылыстардың таралу жайын көрсету үшін қолданылады, сонымен қатар бұл аумақ шекарасында картографияланатын құбылыс аулақтанған пунктерде және учаскелерде кез-келген үздіксіз немесе дисперсті құбылыстың таралу аймағын картада бөліп көрсету болып табылады. Көбінесе бұл әдіс жануарлар мен өсімдіктердің таралуын, пайдалы қазбалардың кен орындарын және т.б. көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет